Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Шыбын жан ұшып бодауға




Қаққанда көктің қақпасын[256], –

 

дегені мен Болат Шарахымбайдың “Шыбын жанды шырқыратып жаныштайды бір ызғар”[257] деуі шыбын жан тіркесінің алғашқы мәндегі қолданысын сақтаудан, жанды көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат ұғымымен алмастыру арқылы жасалған. Ал, Асқар Егеубайдың “Аламан-аңызында”:

Шыбын жан ұшты айқайлап,

“Шыбын жан шырқап кетпеді”,

“Шыбын жан қайтсын шырқырап”[258] –

 

ат бәйгесіне қатысқан баланы жамандыққа қия алмаған серік бейнесінде көрінеді. Мұндай бейнелі қолданыс Ұлықбек Есдәулеттің:

 

“Шыбын жан, енді өксіген,

Несіне ашты маған жер-көк сырын”[259], –

 

дегенінде де бар. Бұл екі туындыда шыбын жан адамның ең жақын досы ретінде образ дәрежесіне көтерілген. Түрік халықтарында Тәңір де, ислам дініндегі Алла да өзге діндермен салыстырғанда, мәселен, будда, Христос образы сияқты толық антропоморфты күйде қабылданбайды. Фольклорлық сана бойынша Құдайды ешкім көрген жоқ, оның қандай екенін пайымдауға пенденің санасы жетпейді. Тәңірді осылай қабылдаған соң Аллаға мойынсұнудың да икемді келген тұсы – осы ерекшелік. Бірақ, «Тәңірдің көзі оң болсын», «Құдайдың құлағына шалынбасын» деген сөздер Құдай аспаннан бәрін біліп тұрады деген қорқыныштан туған. Моңғолда Тәңірдің денесі мүйізделген бұлт және ондаған мың көзі бар деп қабылданған. Ендеше қазақтардағы “Тәңірдің оң көзі” тіркесінің қалуы оның образында белгілі дәрежеде антропоморфизация жасала бастағанының көрінісі. Дегенмен бүгінгі заман адамы мифтік санадан ажырағандықтан:

 

Көп керек пе қазаққа

Оң болса деп сұраймын

Тым болмаса, о жақта

Көзі саған құдайдың![260]

 

О, Тәңірім,

Оң көзіңмен қарай гөр, – деп

Сыйынып сәбиі үшін құлайды Ана[261], –

 

деген қолданысындағы “құдайдың оң көзі” – метафора.

Азақ, жалпы әлемдік миф бойынша әлем үш – жоғары, жер үсті, жер асты әлемдерден тұрады деген түсініктің қалыптасқаны белгілі. Ал, оны көлбеу жазықта төрт бағытта тану дүниежүзі халықтарына ортақ емес (мәселен, Қытайда сегіз бағыт), бірақ қазақ-түрік халықтарына ортақ түсінік.

Содан “дүниенің төрт бұрышы “деген тұрақты тіркес те мифтік санаға тәуелді кезеңде пайда болды. Бүгінгі заман ақындарының шығармасында бұл тіркес те көркемдік сипат алып, метафораға айналған.

 

Дүниенің төрт бұрышын

Шарласам да –

Таба алман,

Сенсіз менің таңым қалай атады[262], –

 

деген Маржан Ершуованың «Астананың ақ самалы» өлеңіндегі фольклорлық дүниенің төрт бұрышы туралы түсінікке сай бүкіл әлемді білдірудегі тәсіл. Әлемді көлденеңінен осындай үлкен кеңістікті берумен бірге оны өз айналасына жинақтауда да оны көркемдік тәсілге айналдырып

Төрт құбылаң тең болып,

Төңірегіңе ел қонып[263], –

деген күйде шыққан. Демек, дүниенің төрт бұрышы туралы түсініктен кейін төрт құбыла мәні пайда болған. Жан-жағы деген мағынаны білдіретін бұл тіркесті ақындар жиі қолданады. Мәселен,

Төрт құбыласы тең қала”[264].

Дегенмен мұндай тіркес автор тарапынан жасалған шектеулі кеңістік емес. Ертегілерде «Бір бай болыпты, төрт құбыласы сай екен», – деп айту бар. Мұның өзі фольклорлық шығармадағы метафоралық қолданыс.

Дүниенің төрт бұрышы маңым боп,

Әрі қарай ой жетпейтін қарауға[265], –


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 122; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты