Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Леуметтік – тұрмыстық сервис сферасындағы еңбек ресурстарын жоспарлау




Еңбек ресурстары - халықтың еңбектік әлеуеті, ел (аймақ) халқының шаруашылық саласында жұмыс істеуге қажетті білім деңгейі бар, дене күші толысқан және дені сау бөлігі; елдің экономикалық әлеуетінің маңызды элементі. Еңбек ресурстарының өлшемі халықтың санына, оның өсіп өнуінің режіміне, демографиялық құрылымына байланысты барлықдемографиялық процестерінің қарқындылығына сәйкес болады. Қазақстанда оған I және II топтағы мүгедектерден басқа барлық еңбек жасындағы адамдар (16—63 жастағы ерлер, 16—58 жастағы әйелдер) және жеңілдік жағдайда жасы бойынша зейнетақы алатын зейнеткерлер, еңбек жасынан жоғары және төмен тұрған жұмыс істейтін адамдар жатады

Мысалы, АҚШ-та еңбекке қабілетті жастың ең төменгі шегі ұлдар мен қыздар үшін 14 жас, жоғарғы шегі ерлер үшін – 65 жас, әйелдер үшін – 63 жас деп белгіленген. Қазақстан Республикасында ерлер үшін еңбекке қабілетті жас 16-63 жас аралығын, әйелдер үшін 16-58 жас аралығын құрайды.

Еңбек ресурстарының құрамына мыналар кіреді:

· еңбекке қабілетті жастағы еңбекке қабілетті халық

· жұмыс істеуші жасөспірімдер (16 жасқа дейінгі);

· қоғамдық өндіріске қатысушы жұмыс жасынан үлкен халық.

Еңбек ресурстарының жас құрылымы келесі негізгі жас топтарын бөлуді ұйғарды: 16-29 жастағы; 30-56 жастағы тұлғалар; зейнеткерлік жас алдындағы тұлғалар (61-63 жастағы ерлер, 56-58 жастағы әйелдер); зейнетенрлік жастағы тұлғалар (63 жастан үлкен ерлер, 58 жастан үлкен әйелдер). Кейде жас құрылымын анықтау үшін 10 жылдық жас аралығы халық құрамында 20-49 жастағы тұлғалар мен ерлердің үлес салмағы қаншалықты көп болған сайын, еңбек белсенділігі соншалықты жоғары.

Еңбек ресурстарын жоспарлаумен қатар оларды пайдалану жоспарларын әзірлеудің де маңызы бар. Бұл жоспарлардың басты міндеті экономиканың жұмыс күшімен қамтамасыз етілу дәрежесін, оның тапшылығы мен молдығын анықтауболып табылады. Болжамдық есептер негізінде еңбек ресурстарын тиімді пайдалану және потенциалды еңбек ресурстары мен халық шаруашылығының оларға деген қажеттіліктерін тендестіруді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар әэірленеді.

Еңбек ресурстарын білім деңгейі сипаттау үшін келесі маңызды көрсеткіштер пайдаланылады:

· жалпы, арнайы және жоғары білімнің деңгейі;

· әлеуметтік топтар бойынша білім деңгейі.

Білім деңгейі бойынша жоғары, арнайы орта, орта және толық емес орта білімі бар еңбек ресурстары санының арасындағы ара-қатынас атқарылатын жұмыс немесе иеленетін лауазымына қарамастан анықталады.

Қызмет түрлері мен біліктілік деңгейі бойынша қызметкерлердің ара-қатынасы еңбек ресурстарының кәсіби-біліктілік құрылымын сипаттайды. Кәсіптер еңбектің сипаты және мазмұнымен, экономиканың жекелеген салаларының жұмыс істеу ерекшеліктері және жағдайларымен анықталады. Жалпы кәсіптер ішінен мамандықтар бөлінеді. Еңбектің күрделілігіне қарай біліктілігі жоғары, білікті және біліктілігі жоқ қызметкерлер бөлінеді.

Еңбек ресурстарының қызметкерлер санаттары бойынша ара-қатынасын анықтаған кездк жұмысшылар мен қызметкерлер, оның ішінде басшылар, мамандар және т.б. ескеріледі.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 113; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты