Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Бизнестегі қарым – қатынастың әлеуметтік психологиялық механизмдері




Бизнес этикасы - бұл қарым-қатынас түрiн жазатын тәртiп кодексi. Кәсiпкерлердiң өз мiндеттерiн осы немесе басқа салада орындаулары олардың көзқарасы бойынша ең жақсы болып көрсетiледi. Әдеп ортасында мораль тұр, немесе өнегелiк қарым-қатынас жүйесi, әрекет мотивтерi, сезiм және ақыл-ой.Бұл жүйелер адамдардың ұжымдағы қарым-қатынастарын және қылықтарын қарым- Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi.
Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады.
Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз.

Қазіргі іскер адамның іс-әрекетіндегі этикет. Бизнесмен, менеджерлерді әлеуметтік жоғары қауіптілігі бар сапалардың болмауына назар аударады. Ол сапаларға билікті шектен тыс қолдану, кадрларды дұрыс таңдамау, адал болмау, шынайылықтың жоқтығы жатады.

Психологиялық қорғаныс механизмдері.

Қиын сәттердегі қорғаныс механизмдерінің түрлерін Вирджиния Сатирдің көзқарасынан қарастыра кетсек, ол өзін-өзі бағалауы төмен және өзгеге керексіз болып қалудан қорқатын адамдарға тән қарым-қатынастың төрт тәсілін айқындады. Бірінші тәсіл – сені керексіз етпеу үшін басқа адамға жағу. Екінші тәсіл – күш иллюзиясын тудыру үшін басқаға кінә тағу (не болса да бәріне кінәлі басқа біреу). Үшінші тәсіл – қауіп шын мәнінде кінәрәтсіз екенін сөздер мен түсініктер арқылы көрсеткісі келіп, ойлау. Төртінші тәсіл – қауіпті көрсеткісі келмей, зейінін алаңдату.

Қарым-қатынас адамдар арасында бірлескен ic-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты — өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіншілік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-кepic секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұқбаттасушының жеке пікіpiн сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқалардың пiкірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай алу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 107; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты