Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жұмысшы күшін тиімді қолдану: қызметкерлерге сыйақы тағайындау мен персоналды ынталандыру




Оқытуды жоспарлау. Персоналды оқытуды жоспарлау ұйым ішінде және сырттай немесе білім алу, өз бетінше дайындалу арқылы болатынын ескерген іс – шаралардан тұрады.Ікерлік мансапты, қызметтік кәсіби жоғарылатуды жоспарлау. Ол жұмыскерді ұйымға қабылдаған уақыттан бастап, жұмыстан шығады-ау деген уақытқа дейін оның қызметі немесе жұмыс орнының жүйесі бойынша жоспарлы түрде көлденеңнен және тігінен жылжуын ұйымдастырудың қажеттілігінен тұрады.Персоналды қаржыландыруды жоспарлау. Персоналға жұмсалатын шығын ұйымның өнідірістік және әлеуметтік көрсеткіштерін жасау үшін негіз болып табылады. Нарықтық жағдайда алдыңғы қатарға персоналдың саны да емес, еңбекақы қоры да емес, орташа жалақы да емес, оның орнына өнім бірлігіне шаққандағы персоналға жұмсалатын шығындардың шамасы шығады. Персонал шығыны – еңбек кадрларының әркет етуіне байланысты барлық шығындарды қамтитын интегралдық көрсеткіш.Персонал шығындарын жоспарлау кезінде бірінші кезекте шығындардың келесі баптарын ескеру керек: негізгі және қосымша еңбекақы, әлеуметтік салықтарға бөлінетін қаржылар, іссапарлар мен қызметтік жол қатынасының шығыны; кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату шығындары; қоғамдық тамақтануға, тұрғын үй және тұрмыстық қызметке, мәдениет және дене шынықтыруға, денсаулық сақтау және демалыс, балалар мекемесімен қамтамасыз етуге, арнайы жұмыс киімін алуға байланысты қосымша төлем шығындары.Персонал санын мөлшерлеу және есепке алу. Жұмыс істейтіндердің санын мөлшерлеу персоналды басқарудың бүкіл жүйесінің арқа сүйер буына. Ұйымдардың жұмыс тәжірибесінде уақыт мөлшері көбірек пайдаланылады, себебі, жұмыс уақыты жұмсалған еңбек санының жалпыға бірдей өлшеуіші болып табылады. Сонымен қатар, жұмыс уақытының шығыны өнімділік мөлшері, қызмет көрсету мөлшері мен персонал санының мөлшерін есептеуде негіз ретінде алынады. Уақыт мөлшері деп сәйкес біліктілігі бар бір адам немесе жұмысшы тобының бірлік жұмыскердің жұмысты орындауға жұмсаған қоғамдық қажетті уақыт шығынын айтады.Персоналды басқару және оның жұмыс істеуіне қажетті жағдайларды жасау үшін керекті мәселелерді орындау қажет. Персоналды оқыту, персонал мотивациясы, қызметкерлер біліктілік дәрежесін бағалау – кадрлар потенциалының өсіруіне, ұйым алдында тұрған тапсырмалар мен міндеттерді орындауға деген күшті мотивациясы, жоғары мүмкіндіктері бар еңбек қорларын құруға әсерін тигізеді.

21.Жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу

Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamoжар саламын) — тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу.

Жарнама түрлі топтағы адамдарға көзделіп жасалған, яғни барлығын хабармен қамтуды мақсат етеді. Түрлі топтағыларға: рок-музыканы ұнататын жасөспірімдер мен классикалық, баяу әндерді таңдайтын қарт адамдар. Бұл кезде жарнама осындай топтағыларға арнайы жасалған қимыл болып саналады.

Қызмет атқарудың басым бөлімі – жарнама, мазмұны мен мақсаты жағынан сендіру, өзіне идея, тауар, қызмет көрсетуге жаңа пайдаланушыларды қаратуды нысан етеді. Алайда, белгілі жарнама таратушылар, мысалға құқық және заң жұмыстарын шешіп беру мақсатында жасалған хабарлама тек ақпарат беру орнында жүреді және ол ешқандай сендіру мақсатын көздемейді.

Материалдық тауарды жарнамалаудан қатар банк қызметтері, сұлулық салондары, машина сатумен айналысатын дүкендермен жарнамалық байланыс жүргізу өте маңызды. Барлық өсу дәрежесінде жарнама ой насихат шеңберінде қолданылады: эканомикалық, политикалық, экологиялық, діни және әлеуметтік.

Хабарландыру жарнама болу үшін, жарнама беруші өзін таныстыру шарт. Әрине, жарнама беруші өзінің атын аталғанын қалайды. Ондай жағдай болмағанда жарнаманың мән-мағынасы болмағанмен тең. Дәстүрлі БАҚ-тың (телевидение, радио, газет, журнал, маңдайшалар) – дан басқа жарнаманы тарату: пошта, метро, трамвай, адамдар көп жүретін жерлерде кездеседі. Және де бұл жарнамалаудың тиімді түрінің бірі.

Жарнама барлық жерде қолданылады. Онымен ұйым «бейнесін» қалыптастыру үшін қолданылады (абыройлы жарнама), маркалы тауарды ерекшелендіру мақсатында (марка жарнамасы), сату жайлы ақпарат тарату, қызмет көрсету (рубрикалық жарнама) төмен бағамен сату жайлы хабарландыру (төмен баға жарнамалары).

Таралу масштабына қарай: глобальді (бүкіл әлемдік), мульти – ұлттық, бүкіл ұлттық, аймақтық, қалалық, жергілікті.

Сезім мүшелеріне қарай сұрыпталу: визуальді, есту (ауызша), иіс сезу, дәм сезу, түйсік сезу және т.б.

Жарнама жасалу жолына қарай: өзіңдік немесе «үй жайындағы» реклама берушінің өзі жасаған; жарнама агентімен дайындалған: дайын (ескі жарнама рөліктерінің ойналуы).

Жарнама құралдарын 5 үлкен топқа бөлуге болады: баспасөз, телевидение, радио, жарнама, кино.

Жарнама тағы да көркемділік безендіру жағынан: қара – ақ, біртүсті, екі түсті, түрлі – түсті, мәтінді, суретті, фото, пайдаланылған және де затты жарнамалар: брелок, оттық, қалам, кәдесый, т.б. Сонымен қатар «тірі» жарнамалар да бар. Бұған модельдердің дүкендерде жүріп, атақты фирма киім үлгілерін көрсету жатады.

Жарнаманың негізгі функциялары:

-эканомикалық (утилитарлы) – бұл сауда көлемін көбейтіп, кірісті арттыру.

-ақпараттық шығарушылар – бұл белгілі бір тауарлар жайлы толық ақпарат беру.

-маркетингтік (коммерциялық) – тауардың сауда нарығында жылжуына себеп болады.

-қатынасты (идеологиялық) – бұқараға назар аудартады.

-тәрбиелі (ұйымдастырулы) – жарнаманың бұқара санасына әсер етуі.

-мәдениетті – эстетикалық қанағаттанушылықты толықтырады.

Жарнама мақсаты:

-сауда нарығын кеңейту

-бұқараға тауар жайлы хабарлау

-фирманың атағын, тауар белгісін қалыптастыру және ұйымдастыру

-тауардың пайдалылығы мен артықшылығын хабарлау

-қарсыластарға тойтарыс бере алу.

1. Жарнама саласындағы мемлекеттiк реттеу деп Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес белгiленетiн жарнама жасауды, таратуды және орналастыруды бақылау түсiнiледi.

Жарнама саласындағы мемлекеттiк реттеудi тиiстi уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.

2. Жарнама саласындағы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мақсаттары:

1) ұлттық мүдделердi қорғау;

2) жөнсiз жарнаманы, сондай-ақ қоғамдық құндылықтар мен жалпыға бiрдей қабылданған мораль және адамгершiлiк нормаларына қол сұғатын жарнаманы болғызбау және оларға жол бермеу;

3) жосықсыз бәсекеден қорғау болып табылады.

 

22.Жоғарғы санаттағы мейрамханалардың қызметінің сапасын басқару

 

Халықаралық стандарты ИСО 8402-94 бойынша қ ызмет көрсету сапасы- бұл қызмет көрсету ерекше процессіне тағайындалған және қызмет көрсету шарттарына негізделген тұтынушының талаптарын қанағаттандыру.

Қызмет көрсетудегі тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыра алатын негізгі талаптар

1) сенімділік

2) ізеттілік

3) Сенімділік (доверия)

 

4) коммуникативтілік

5) ықыласты қатынас

Сапалы қызмет көрсету бағдарламасы сенімділіктен басталу керек. Сенімділіктің негізі- қызмет көрсету персоналының біліктілігі. Персоналдың біліктілік деңгейінің жоқ болуы тұтынушылардың наразылығын тудырады және мейрамхананы үлкен шығынға ұшырауына себеп болады. Ал керісінше персоналдың ашық- жарқын қызмет көрсетуі тұтынушылардың көп болуына себеп болады.

 

Ізеттілік – тұтынушыға көмектесу қабілеттілігі және тапсырысты уақытында апару. Қызмет көрсету процессінде көптеген кездейсоқ жағдайлар, немесе тұтынушылардың арнайы ұсыныстары пайда болады. Сондай жағдайда мекемеге тиімді шешім табу керек. Қызмет көрсету шаруашлығында соның ішінде мейрамхана бизнесінде – мұндай кездейсоқ жағдайлар ылғи пайда болады, сондықтан оларды жою үшін алдын ала варианттарды қарастыру керек, сонымен қатар жұмыс істеудің өзіндік принціптерін дамыту керек.

 

Сенімділік (доверия). Сенімділік жағдайының пайда болуы үшін сыртқы белгілерге назар аудару қажет. Себебі тұтынушылар сыртқы көрініске әлде қайда көп сенім арттырады. Мейрамхана интерьерінің жақсы ұйымдастырылуы, оның тазалығы, персоналдың ұқыптылығы, яғни көзге көрінетін қызмет көрсету критерийі тұтынушының сенімін арттырып және дұрыс қорытынды жасауға әсер етеді.

Коммуникативтілік- персонал мен клиент арасындағы түсініспеушілікті болдырмайтын қызмет көрсету қабилеттілігі, өйткені қажетті ақпарат тұтынушыға керек кезде беріледі.

Ықыласты қатынас- индвидуалды қазмет. Мұндай қызметтің арнайы бағасы, сондай тұтынушылардың басқа адамдарға қарағанда арнайы талаптары бар екендігі туралы айтады. Тұтынушының кәсіпорынға адалдығын қамтамасыз ету үшін, оның бұл кәсіпорын үшін ерекше тұлға екенін көрсету керек.

23.Жеке тапсырыс бойынша жиһаз жасау мен жөндеу технологиясы

Жаңа жұмсақ жиһаз сатып алу үнемі ескісінің жағдайы туралы мәселені туындатады. Ескі жиһаздарды аз ғана ақшаға сатады, саяжайға апарады немесе мүлде лақтырып тастайды.

Алайда басқа балама нұсқа да бар. Ол – жұмсақ жиһазды қаптау және қайта жөндеу. Бұндай шешім жаңа жиһаз сатып ала алмайтын жанұя үшін өзекті. Ескі жұмсақ жиһазды қайта жөндеу интерьерді жаңалау мен отбасы шығынын азайту үшін ыңғайлы әрі тиімді шешім болып табылады.

Егер Сіз жиһаз жөндей алсаңыз немесе үйренуге дайын болсаңыз мұндай қызмет түрі кіші бизнесті ұйымдастыру үшін тамаша идея болып табылады. Жиһаз салонын ашу әркімнің қолынан келе бермейді. Ол ақшалай қаражат пен уақытты, шығын шығаруды қажет етеді. Ал өте қажетті болып табылатын жиһазды қаптау және қайта жөндеу бизнесін ашу үлкен қаражат қажет етпейді.

Ғимарат. Жұмсақ жиһазды қаптау мен қайта жөндеу жұмысын тапсырыс берушінің пәтерінде іске асыруға болады. Бірақ тапсырыстар көбейген кезде жеке шеберхана ашу туралы ойлануға тура келеді, ол үшін ғимаратты сатып алу немесе жалға алу қажет. Сонымен қатар, мұндай жағдайда жиһаздарды тасымалдау үшін жүк машинасы болуы тиіс, оны да сатып алуға немесе жалға алуға болады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 125; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты