Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жиһаз жөндеу шеберханасы




1. Жалпы ақпарат. Жаңа жұмсақ жиһаз сатып алу үнемі ескісінің жағдайы туралы мәселені туындатады. Ескі жиһаздарды аз ғана ақшаға сатады, саяжайға апарады немесе мүлде лақтырып тастайды.

Алайда басқа балама нұсқа да бар. Ол – жұмсақ жиһазды қаптау және қайта жөндеу. Бұндай шешім жаңа жиһаз сатып ала алмайтын жанұя үшін өзекті. Ескі жұмсақ жиһазды қайта жөндеу интерьерді жаңалау мен отбасы шығынын азайту үшін ыңғайлы әрі тиімді шешім болып табылады.

Егер Сіз жиһаз жөндей алсаңыз немесе үйренуге дайын болсаңыз мұндай қызмет түрі кіші бизнесті ұйымдастыру үшін тамаша идея болып табылады. Жиһаз салонын ашу әркімнің қолынан келе бермейді. Ол ақшалай қаражат пен уақытты, шығын шығаруды қажет етеді. Ал өте қажетті болып табылатын жиһазды қаптау және қайта жөндеу бизнесін ашу үлкен қаражат қажет етпейді.

2. Ғимарат. Жұмсақ жиһазды қаптау мен қайта жөндеу жұмысын тапсырыс берушінің пәтерінде іске асыруға болады. Бірақ тапсырыстар көбейген кезде жеке шеберхана ашу туралы ойлануға тура келеді, ол үшін ғимаратты сатып алу немесе жалға алу қажет. Сонымен қатар, мұндай жағдайда жиһаздарды тасымалдау үшін жүк машинасы болуы тиіс, оны да сатып алуға немесе жалға алуға болады. Технология. Кәсіпкердің ең басты артықшылығы өнімді сапалы жасап, белгіленген мерзімде аяқтау болуы керек. Жиһаз қаптаудың екі түрі бар: біріншісі – жұмсақ жиһазды клиенттің матасымен қаптау, екіншісі – өзіңіздікімен қаптау. Екінші тәсіл үнемді әрі пайдалы екенін айта кету керек. Яғни сіз матаны арзан бағамен көп қып сатып алып, клиенттерге оны бөлшек сауда бағасымен есептеп, қосымша пайда таба алатын боласыз. Жұмсақ жиһазды қайта жөндеу дегеніміз – негізінен оның қаптамасы мен поролонын ауыстыру. Сонымен қатар, кейде жөндеуге келмейтін бөлшектерді ауыстыратын жағдайлар да болады. Жалпы диванның немесе креслоның арқасының биіктігін қысқарту сияқты жұмыстарды жасағаннан кейін жиһаз жаңа және заманға сай түрге ие болады.

Клиентке ұсынылатын қызмет түрлері – жұмсақ жиһазды қайта жөндеу, корпусты жиһазды жөндеу, орындық жөндеу, қаптама тігу, механизмдерді жөндеу және оларды ауыстыру.

24.Жетекшінің кәсіби қарым – қатынасы

Жетекшінің уақытының тапшылығын жоюды көптеген құралдар арқылы шешуге болады. Оның бірі техникалық сипатқа ие:

- жұмыс күнінің нақты жоспары;

- әр іс-әрекет түріне кететін уақыттың сатандарты (құжаттармен жұмыс, телефонмен сөйлесу, отырыстар);

- күтпеген жұмыстарға уақытты қалдыру және т.б.

Жетекшіге уақытын үнемдеу үшін оның қоластындағылары табысты орындай алатын жұмыстарды орындаудың қажеті жоқ. Бірақ мұндай басқару тәсілінің жиі қолданылуы көптеген қиындықтар әкелуі мүмкін.
Біріншіден, кез-келген жетекші «өзіне қажетсінгенді» қалайды. Қоластындағылар үшін шешім қабылау арқылы жетекші өзін психологиялық түрде қажетті, ауыстырылмайтын адам ретінде сезінеді.
Екіншіден, кез-келген жетекші қоластындағыларға қандай да бір тапсырмаларды орындатқан кезде, қателіктер жіберіп қоймас үшін өзі орындаған үмітті деп есептейді.
Үшіншіден, көптеген жетекшілер ұжымда немесе бөлімшеде ол білмейтін жағдайлар болып жатыр деген оймен келісе алмайды.
Кез-келген жетекшінің жұмысы бастан асады. Бұл қалыпты құбылыс. Жауапкершілікті өзіне қалдыратын жетекшіге келесі сипаттар тән:

- ресми жұмыс күні аяқталғаннан кейін де жұмыс істейді;

- өз қызметкерлеріне қарағанда жұмыста ұзақ уақыт қалады

- нұсқау, хат, есеп және т.б. көп бөлігін өзі жазады;

- еңбек демалысы кезінде өзінің орынына қалдыратын адам таппайды.

Жетекшіге ұжымның барлық мүшелерін қанағаттандыратын жұмыс стилін қалыптастыру оңайға түспейді. Бағыныштыларына ықпал етудің кейбір амалдары алуан түрлі бағалануы мүмкін. Егер бір жетекші оларға сенім көрсету арқылы ықпал ететін болса, екіншісі «тиістісің», «міндеттісің» секілді қағиданы басшылыққа алады. Кейбір басшылар бағыныштыларына қатаң тәртіп орнатып, оларды өзінен «аулақ ұстайды» да, ұсақ-түйек мәселеге дейін өзі шешеді. Енді бір жетекшілердің есігі әрқашанда ашық, оған кез келген мәселе туралы пікірлесуге, ұсыныс айтуға болады. Бір директор күн сайын бригадаларды аралап отырады, ал екінші біреуімұны қажет санамайды.

Тұлғаның қалыптасуындағы маңызды факторлардың бірі – қарым-қатынас мәселесі болып табылады. «Қарым-қатынас» түсінігі мен тұлғаның қалыптасуындағы қарым-қатынастың алатын рөлі туралы идея кеңестік психологтар А.Н.Леонтьев, А.Б.Добрович, И.А.Зимняя, Г.В.Казнова, М.И.Лисина, А.В.Мудрик, Л.А.Поварницынаның және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Тұлғааралық қарым-қатынастың бірлігі мен қызметтік пайымы біркелкі түсінікті бермей, қарым-қатынастың қызмет түрі ретінде де қарастырылады. Себебі қарым-қатынас, біріншіден, бұл - қызметтің ерекше бір түрі (коммуникативтік қызмет), екіншіден, кез келген қызметті жүзеге асырудың шарты, үшіншіден, арнайы қойылған қызметтің нәтижесі болып табылады. Өзінің еңбектерінде М.Н.Ночевник «Адамның дамуын, жеке адамның тұлға болып қалыптасуын, оның қоғаммен байланысын басқа адамдармен қарым-қатынасынан тыс елестету мүмкін емес» деп атап көрсетсе, М.Жұмабаев «Педагогика» атты еңбегінде бұл мәселе жөнінде «Жеке адамның шын мәніндегі рухани байлығы оның іс жүзіндегі қарым-қатынастарының байлығына байланысты» деп жазған.

Тұлғааралық қарым-қатынас адамдар болмысының қажетті шарты болып табылады. Қарым-қатынассыз адамның жекелеген психикалық қызметтерінің, үдерістер мен ерекшеліктерінің, жеке тұлғаның және тұтас қоғамның толыққанды қалыптасуы мүмкін емес. Кейде «қарым-қатынас», «әлеуметтік қарым-қатынас», «тұлғааралық қарым-қатынас», «іскерлік қарым-қатынас» және «мәдени қарым-қатынас» түсініктері өзара байланысты болғанымен, бір-біріне тең келмейді, себебі олардың өзіндік өзгешеліктері болады.

Адамдар арасындағы қатынастардың қаншалықты айқын байқалуына байланысты қарым-қатынастар бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады:

Қоғамдық қатынастар анағұрлым айқын көрінетін әлеуметтік бағдарлы қарым-қатынастар (дәріс оқу, баяндама және т.б.);

Бірлескен іс-әрекеттерге байланысты қарым-қатынастар айқын байқалатын пәндік бағдарлы топтық қарым-қатынастар (бұған еңбек ету, оқу барысында қалыптасатын қарым-қатынастар жатады);

Тұлғааралық қарым-қатынастар, яғни бір адамның екінші адаммен қарым-қатынасы. Тұлғааралық қарым-қатынасқа адамзат аралық ақпарат алмасу жатады, бұл қарым-қатынастың бірінші коммуникативтік жағы ретінде сипатталады. Тұлғааралық қарым-қатынастың екінші жағы – қарым-қатынас жасаушылардың өзара әрекеттестігі – тек сөйлесу үдерісі арқылы ғана емес, істері мен әрекеттері арқылы да қарым-қатынас жасау. Қарым-қатынастың үшінші жағы қатынас жасаушылардың бірін-бірі қабылдауы болып табылады. Ал оқыту үдерісіндегі тұлғааралық қарым-қатынас дегеніміз– оқытушының ықпалымен студенттердің топтық іс-әрекетін реттеуші, вербалды, бейвербалды қарым-қатынасқа түсу ерекшелігі, оқыту үдерісіндегі шиеленістерді шешудің, мінез-құлықтың топтық нормаларын қалыптастырудың құралы және болашақ маман тұлғасының қалыптасуының бір факторы болып табылады.

 

 

25.Жеке тапсырыс бойынша киім тігу және жөндеу технологиясы

Жеке тапсырыс бойынша киім тігу және жөндеу технологиясы тұрмыстық қызмет көрсету комплекстік жұмысқа кіреді. Оған мынандай жұмыстар кіреді: жаңа модельдерді өндіру технологиясы; тапсырыс қабылдау ( модельді, материалды таңдау, өлшемдерді алу, өнім эскизінің паспортын рәсімдеу, квитанция); материалды тігу процесіне дайындау; киім тігу; жаңа өнімді тапсырыс берушіге тапсыру.

Жеке тапсырыс бойынша киім тігу және жөндеу технологиясының негізгі жұмысы- өнімді тапсырыс берушінің денесіне сай келетін өнімді жасау. Ол үшін тапсырыс берушіге алдын ала киіп көру (примерка) жасалу керек.

Өнімді өндіру процессінде бір реттік алдын ала киіп көру (примерка) әдісі көп қолданылады. Мұндай өндіру формасы өндіріс процессінің циклін қысқартады, еңбек өнімділігін кеңейтеді, үлкен бригадаларда жұмыс істеуге жағдай жасайды, өнімді өндіру уақытын және тапсырыс берушінің уақытын үнемдейді.

Өнімді жасау кезінде, тігіншілер бірыңғай конструкциялау әдісін қолданылады.

 

26.Жарнамаға қойылатын жалпы және арнайы талаптар


1. Жарнама тарату (орналастыру) нысанына немесе пайдаланылатын құралына қарамастан шынайы, оны ұсыну сәтiнде арнаулы білімсiз-ақ немесе арнаулы құралдарды қолданбай-ақ нақ сол күйiнде танылатын болуы тиiс.
2. Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде әрi жарнама берушiнiң ұйғарымы бойынша басқа да тiлдерде таратылады (орналастырылады).

3. Белгiленген тәртiппен тiркелген тауар белгiлерi және логотиптер түпнұсқа тiлiнде және (немесе) кез келген тiлде келтiрiлуi мүмкiн.

4. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасауға және сатуға тыйым салынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жарнамалауға жол берiлмейдi.
Егер, жарнама берушi жүзеге асыратын қызмет лицензиялауға жататын болса, онда тиiстi тауарды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жарнамалау кезiнде, сондай-ақ жарнама берушiнiң өзiн жарнамалау кезiнде лицензия нөмiрiн және лицензияны берген органның атауын көрсету қажет.

5. Жарнама Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, аумақтық тұтастығын бұзуды, ұлттық қауiпсiздiкке нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, жыныстық, таптық және рулық артықшылықты, қатыгездiктi, зорлық пен порнографияны насихаттауға немесе үгіттеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиясын құрайтын мәлiметтердi және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды таратуға пайдаланылмауға тиiс; азаматтарды зорлық-зомбылыққа, қатыгездiкке, агрессияға, үрей шақырмауға, сондай-ақ өзге де құқыққа қарсы iс-әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ұмтылдырмауға тиiс.

1. Жарнамаға қойылатын шектеулер Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi.

Жарнама түрлі топтағы адамдарға көзделіп жасалған, яғни барлығын хабармен қамтуды мақсат етеді. Түрлі топтағыларға: рок-музыканы ұнататын жасөспірімдер мен классикалық, баяу әндерді таңдайтын қарт адамдар. Бұл кезде жарнама осындай топтағыларға арнайы жасалған қимыл болып саналады.

Қызмет атқарудың басым бөлімі – жарнама, мазмұны мен мақсаты жағынан сендіру, өзіне идея, тауар, қызмет көрсетуге жаңа пайдаланушыларды қаратуды нысан етеді. Алайда, белгілі жарнама таратушылар, мысалға құқық және заң жұмыстарын шешіп беру мақсатында жасалған хабарлама тек ақпарат беру орнында жүреді және ол ешқандай сендіру мақсатын көздемейді.

Материалдық тауарды жарнамалаудан қатар банк қызметтері, сұлулық салондары, машина сатумен айналысатын дүкендермен жарнамалық байланыс жүргізу өте маңызды. Барлық өсу дәрежесінде жарнама ой насихат шеңберінде қолданылады: эканомикалық, политикалық, экологиялық, діни және әлеуметтік.

Хабарландыру жарнама болу үшін, жарнама беруші өзін таныстыру шарт. Әрине, жарнама беруші өзінің атын аталғанын қалайды. Ондай жағдай болмағанда жарнаманың мән-мағынасы болмағанмен тең. Дәстүрлі БАҚ-тың (телевидение, радио, газет, журнал, маңдайшалар) – дан басқа жарнаманы тарату: пошта, метро, трамвай, адамдар көп жүретін жерлерде кездеседі. Және де бұл жарнамалаудың тиімді түрінің бірі.

Жарнама барлық жерде қолданылады. Онымен ұйым «бейнесін» қалыптастыру үшін қолданылады (абыройлы жарнама), маркалы тауарды ерекшелендіру мақсатында (марка жарнамасы), сату жайлы ақпарат тарату, қызмет көрсету (рубрикалық жарнама) төмен бағамен сату жайлы хабарландыру (төмен баға жарнамалары).

Таралу масштабына қарай: глобальді (бүкіл әлемдік), мульти – ұлттық, бүкіл ұлттық, аймақтық, қалалық, жергілікті.

Сезім мүшелеріне қарай сұрыпталу: визуальді, есту (ауызша), иіс сезу, дәм сезу, түйсік сезу және т.б.

Жарнама жасалу жолына қарай: өзіңдік немесе «үй жайындағы» реклама берушінің өзі жасаған; жарнама агентімен дайындалған: дайын (ескі жарнама рөліктерінің ойналуы).

Жарнама құралдарын 5 үлкен топқа бөлуге болады: баспасөз, телевидение, радио, жарнама, кино.

Жарнама тағы да көркемділік безендіру жағынан: қара – ақ, біртүсті, екі түсті, түрлі – түсті, мәтінді, суретті, фото, пайдаланылған және де затты жарнамалар: брелок, оттық, қалам, кәдесый, т.б. Сонымен қатар «тірі» жарнамалар да бар. Бұған модельдердің дүкендерде жүріп, атақты фирма киім үлгілерін көрсету жатады.

Жарнаманың негізгі функциялары:

-эканомикалық (утилитарлы) – бұл сауда көлемін көбейтіп, кірісті арттыру.

-ақпараттық шығарушылар – бұл белгілі бір тауарлар жайлы толық ақпарат беру.

-маркетингтік (коммерциялық) – тауардың сауда нарығында жылжуына себеп болады.

-қатынасты (идеологиялық) – бұқараға назар аудартады.

-тәрбиелі (ұйымдастырулы) – жарнаманың бұқара санасына әсер етуі.

-мәдениетті – эстетикалық қанағаттанушылықты толықтырады.

Жарнама мақсаты:

-сауда нарығын кеңейту

-бұқараға тауар жайлы хабарлау

-фирманың атағын, тауар белгісін қалыптастыру және ұйымдастыру

-тауардың пайдалылығы мен артықшылығын хабарлау

-қарсыластарға тойтарыс бере алу.

27.Жаңа сервистік қызметтерді қалыптастыру мен жасау

Технологиялық жаңа өнім – бұл технологиялық сипаттамалары (функционалдық белгілері, конструкциялық орындалуы, қосымша операциялар, сондай-ақ қолданылатын материалдар мен компоненттер құрамы) немесе шамаланған пайдаланылуы негізіндегі жаңа, не осыған ұқсас бұрын шығарылған өнімдерден елеулі айырмашылығы бар өнім. Мұндай инновациялар негізіндегі жаңа технологияларда немесе бар технологиялардың жаңа пайдалануға сәйкес келуі немесе зерттеулер мен әзірлемелер нәтижесін пайдалануда негізделуі мүмкін.

Технологиялық жетілдірілген өнім – бұл, сапалық сипаттамаларды жақсартуға, ең жоғары тиімді компоненттерді немесе материалдарды, бір немесе одан көп техникалық қосалқы жүйелерді жартылай өзгертуді (кешенді өнім үшін) пайдалану арқылы өндірістің экономикалық тиімділігін арттыруға арналған қолда бар өнім.

 

Интернет арқылы қарым-қатынас жасау, оған қатысушы субъектілер үшін болашақта ұлттық шаруашылық пен халықаралық сауданы, өндірісті және ғылыми-техникалық байланыстарды дамытудағы маңызды міндеттерді жүзеге асыруға зор мүмкіндіктер береді. Қонақ үй сервистік қызметі – қызмет саласындағы жетекші сала. Қонақ үй нарықта жоғарғы деңгейлі бәсекелестікпен , негізгі және қосымша қызметтердің әр түрлілігімен , жоғарғы деңгейлі қызмет көрсетумен сипатталады. Ұйымдастыру мен басқару көз қарасымен қарағанда қонақ үй кешені өзімен бірге бір –бірімен байланысты түрлі қызметтерден тұратын күрделі жүйені ұсынады. Негізгі типтегі қызметтерге кіретіндер: нөмірлік қорды басқару қызметі; коммерция қызметі; әкімшілік қызмет; тамақтандыру қызметі; инженерлік – техникалық қызмет;қосымша қызметтер.

Қызметің негізгі функцияларына жататындар: нөмірлерді брондау; қонақтарды қабылдау,тіркеу мен орналастыру;ұсынылған қызметтер үшін төлемдерді қабылдау мен қонақтар шығар кезіндегі қажетті құжаттарды рәсімдеу; қонақтарға түрлі тұрмыстық қызметтерді көрсету; нөмірлерді санитарлық – гигиеналық жағдайда ұстау.

Әкімшілік қызмет түгелімен қонақ үй кешенін басқарумен байланысты, отельдің барлық қызметтерін үйлестіретін, кадрлармен қамтамасыздандыру мен қаржымен байланысты сұрақтардың шешімдерін,бақылау функцияларын және т.б. негізгі бизнес – процесстерін іске асырады. Әдетте бұл қызметтің құрамына директор мен отельдің топ – менеджері,бухгалтерия, қаржы қызметі,кадр бөлімі және т.б. кіреді. Ақпараттық жүйелер көз қарасымен қарағанда бұл қызмет өзімен бірге отнльдің барлық қызметтерін ақпараттық біріктіретін ұяшықты ұсынады. Бұл блоктың жұмысшыларының отнльді басқару жүйесінде жұмыс істейтін барлық ақпараттарға кіруге толығымен құқықтары бар.

Көмекші қызметтер қосымша ақылы қызмет көрсетуді ұсынады.Мұнда шаштараз,сауналар, бассейндер, спорт залдары және де т.б. кіргізілуі керек. Бұл қызметтер қабылдау мен орналастыру қвзметімен ақпараттық байланысқан,онда қосымша қызметтер көрсетілгені туралы ақпараттар түседі,оның бағасы қонақтардың шоттарын рәсімдеу кезінде ескеріледі. Қонақ үй кешенінің жұмысын тек қана қазіргі заманның компьютерлік технологияларын әлемдік талаптарға сай пайдалану арқылы максималды нәтижелігін ұйымдастыру.Брондау,қонақтарды тіркеу мен орналастыру, қонақтармен,турагенттермен,туроператорлармен есеп айрысу процесстерін кешендік автоматтандыру сауалы ресей қонақ үйлері үшін өте өзекті болып табылады.Қонақ үй кешендерін басқаруды автоматтандырумен бірнеше онжылдықтар бұрын, алғаш кәсіпорындарды басқару жүйелерін автоматтандыруды жасаған кезден бастап айналысқан. Онда әсіресе нақты қонақ үйдің тапсырыстарымен жеке ақпараттық жүйелер жасалынып, жүзеге асырылған. Мұндай түрдегі тапсырыстар қазіргі кезде де пайдаланылуда, бірақ тапсырыс жүйелерін жасау эканомика тұрғысынан өте тиімсіз.Сонымен қатар қазіргі кезде қонақ үй кешендерін басқарудың шетелдік және отандық жүйелерінің түрлері өте көп ,әрі олардың ішінен өзіңе сай келетін жүйені таңдап алуға да болады. Қажетті жағдайлар болған кезде нақты қонақ үйдің жұмыс ерекшеліктеріне байланысты қосымша жұмыстарды әр қашанда жасап алуға болады.

Қазіргі таңда сервис қызметі мемлекеттің экономикалық дамуына, жеке адамдардың қажеттілігін өтеудегі сонымен қатар мемлекеттің арасындағы әлеуметтік қатынастарды байытудағы рөлі мен мәнін бағалау мүмкін емес. Сервис индустриясы көптеген мемлекеттердің экономикасында негізгі орындардың бірін алады. Оның қазіргі таңдағы дамуы, нарық заманына қажетті жұмыс орнының пайда болуына үлкен ықпалын тигізуде.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 160; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты