Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Инновациялық менеджмент инновациялық үрдістерді басқарудың құралы ретінде




Инновациялық менеджмент- инновациялық қызметтің басқару процесі. Жүйе құрылымында олар мына эллементерден тұрады: жүйенің кіруі мен шығуы, кері байланыс, фирманың сыртқы және микроортасы, жүйенің элементтері, яғни ғылыми қосталған ішкі жүйе, басқарылатын және басқарушы ішкі жүйе, қамтамалы және мақсаттық ішкі жүйе.

Инновациялық менеджмент жүйе түрінде формалды әрі формалды емес ережелерінен, принциптерінен, мөлшерлерінен, орнатулардан, құнды ақпараттардан тұратын және түрлі инновациялық қызметтерін реттейді.

Оның мағыналары:

1.Әлеуметтік - экономикалық институт- кәсіпкерлік қызметке және өмір салтқа, қоғам қызметінің инновациондық, инвестициялық, әлеуметтік – экономикалық, саяси сфераларының белсенді дамуына әсер етеді;

2.Менеджерлердің әлеуметтік тобына, қоғамдық және жеке кәсіпкерлік сферадағы басқару түрімен айналысатын бос емес кәсіпшіліктерді, сонымен қатар творчестволық, педагогикалық және ғылыми қызметтерге;

3.Ғылыми тәртібіне, өндірісті басқаруды техника- ұйымдық және әлеуметтік-экономикалық аспектілерін оқып және үйретеді.

Функционалдық инновация менеджменті өңдеу процесін, еңгізулерді, өндірістерді және жаңалықтарды сатуды нәтижелі басқаруға бағытталған.

«Инновация» терминi латын тілінен алынған, ол - «жаңару, өзгеру» дегендi бiлдiредi. Бұл түсінік XIX ғасырдағы зерттеулерде пайда болып, белгiлi бiр мәдениеттің кейбiр элементтердің бiрiнен екiншісіне енгiзу дсгендi бiлдiрдi. ХХ ғасырдың 30-жылдарында Еуропада ғылымның жаңа саласы, жаңашылдық ғылымы пайда болып, ал 50 жыдары педагогикалық инноватика қалыпасты. КСРО-да бұл термин ХХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап қолданыла бастады [1]

Инновациялық қызмет – жаңаға идеяларды түрлендіруге байланысты қызмет түрі немесе рынокқа енгізілген жетілдірілген өнім; практикалық қызметте пайдаланылған жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс; әлеуметтік қызметтерге жаңа тәсіл. Жиынтығында инновацияға әкелетін ғылыми-техникалық, ұйымдастырушылық, қаржылық және коммерциялық іс-шаралар кешенін болжайды.

Жаңашылдық – бұл ерекше сипаты болып қоғамға бұрынырақта белгісіз болған өнімдерді, қызметтерді тұрақты іздеу мен жасап шығару болып табылатын, шығармашылық қасиеті бар тұлғалар қызметінің қорытындысы. Жаңашылдық болып мыналар табылуы мүмкін: бұйым түрі, техника мен технология, ұйымдастырушылық нысан, тәжірибелік құрал, идея, қызмет түрі, материалды объект, өнертабыс, және т.б..

 

35.Инфрақұрылымдық кешеннің маңызды қасиеттері мен мақсатты функциялары

Сервис инфрақұрылымы - бұл мемлекеттік және жекеменшік шаруашылық субъектілерінің жинағы. Сонымен қатар, кешенді жүйе болып табылады. Яғни олар көп жақты қызмет түрлерінен қызмет атқарады. Олар: Сауда, банк, сақтандыру, аудиториялық және тағы басқа қызметтер. "Инфрақұрылым" термині қазіргі жүз жылдық басында, экономикалық талдаудың қарулы күштердiң қызметін дұрыс қамтамасыз ететiн объекттерін және ғимараттарын белгiлеу үшін қолданылған.

Нарықтық инфрақұрылымның міндеті экономикалық құбылыстар мен процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасау, сөйтіп өндірістік қатынастардың мәнін ашу, басқалай көмекші жайлардан тазалау. Осындай талдаудың нәтижесі экономикалық категориялар болып табылады. Инфрақұрылым категориялар тарихи сипатта болады, яғни қоғамдық формацияның қалыптасуын, даму процесін анықтайды. Нарықтық экономикаға инфрақұрылым қажет, ол өзара байланысты мамандандырылған ұйымдардың жүйесi, тауарлар, қызметтердiң өзара байланысты ағындарының, қазына, бағалы қағаздар және жұмыс күшінің жағдайы жайлы мәселелер жиынтығы. Мысалы, тауарлық нарықта сауда биржасы, көтерме және бөлшек сауда кәсiпорындары, делдалдық қызметпен шұғылданатын фирмалар және т.б жұмыс iстейдi. инфрақұрылымның негізгі мақсаты - халыққа қызмет керсету. Бұл 30-дай саланы құрайтын күрделі кешен. Олар халықтың қалыпты тұрмыс-жағдайын қамтамасыз етіп, мамандар даярлаумен, адамдарды әр түрлі аурулардан қорғап, олардың дұрыс дем алуын ұйымдастырумен айналысады. Нақты айтқанда кешен еңбек өнімділігі мен елдің еркендеуі үшін «жұмыс істейді».

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 147; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты