Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Көтерме сауда кәсіпорындарының негізгі қызметтері мен міндеттері. Көтерме сауда қызметтері, әдістері мен формалары




Сауда қызметі – сатушы мен сатып алушының өзара қызметінің нәтижесі.

Сауда қызметі 2 ге бөлінеді:

1. Көтерме сауда қызметі

2. Бөлшек сауда қызметі

Көтерме сауда қызметі – тауарларды үлкен көлемде өндірушілерден сатып алып, оларды делдалдарға, қайта өңдеушілерге(өнеркәсіп), бөлшектік саудагерлерге, корпоративтік клиенттерге қайта сату. Көтерме сауда түрлері бір – бірінен ассортименттерінің кеңдігіне, тауарларды сақтау және жеткізу тәсілдеріне орай ажыратылады.

Көтерме сауда кәсіпорны 2 бөлінеді:

1. Тәуелсіз көтерме сауда кәсіпорны – тауарларды өндірушіден өз меншігіне сатып алып, оны ары қарай тұтынушыларға жеткізумен айналысатын ұйымдар. Өндіріс құралддарын сатып өткізетін тәуелсіз көтерме делдалдарды көбінесе дистрибьюторлар деп атаса, қызмет саласына байланысты, оларды көтермефирмалар немесе сауда үйлері деп те атайды. Мысалға, «Әсем - ай», «Қант орталығы» компаниялары бар өнімдерін дистрибьюторлар арқылы өткізеді.

 

2. Тәуелді көтерме сауда кәсіпорны – тауарға меншік құқығы жоқ, бірақ көрсеткен қызметі үшін сыйақы алатын ұйымдар немесе жеке тұлғалар. Оларға – өткізу агенттері, брокерлер, комиссионерлер сатып алатын кеңселер т.б. жатады.

Ол екіге бөлінеді:

· Тұтынушыларға толық циклді қызмет көрсететін кәсіпорындар

· Шектеулі циклмен қызмет көрсететін кәсіпорындар

Көтерме саудагерлерді мына жағдайда таңддау тиімді:

· Егер нарық шашыраңқы болса, әрбір географиялық аймақтағы өткізу көлемі тікелей өткізудегі шығындарды өтеуге жеткіліксіз болса;

· Көтерме саудагерлердің саны, өндірушінің аймақтық жиынтық қоймалары санынан коп болса;

· Бұйым өнеркәсіптің көптеген салаларындағы тұтынушыларға өткізілуі тиіс, олардың барлығын тәуелсіз көтерме делдалдар қызметін пайдаланған кезде ғана қамтуға болады;

· Тұтынушылар өнімді ұсақ партиямен сатып алатын болса.

Көтерме сауда — тауар айналысының алғашқы сатысы; өндіруші кәсіпорындардың тауарларды, өндіріс құралдарын, ірі топтамалармен сатуын қамтитын ішкі сауданың құрамдас бөлігі; тікелей өндірісте тұтынатын немесе бөлшек саудаға түсіретін тауарлардың ірі топтамаларымен сауда жасау; тауардың өндірушілерден бөлшек сауда орындарына немесе өндіріс құрал-жабдықтары бөлігінде өнімнің тұтынушы кәсіпорындарға жетуі. Көтерме саудаға а. ш. өнімдері мен шикізатын сатып алу да жатады. Ол өндіріс құрал-жабдықтарымен және тұтыну заттарымен көтерме сауда жасау түрлеріне бөлінеді. Кеңестік дәуірде тауарлардың көтерме сауда арқылы қозғалысы тауар қорларын өндіру мен бөлуге сәйкес жоспарланды. Өндіріс құрал-жабдықтарымен көтерме сауда жасау тұтыну тауарларымен көтерме сауда жасаудан ұйымдық тұрғыдан өзгеше болып, айналыстың ерекше саласын – материалдық-тех. жабдықтауды құрады. Өнеркәсіп орындары сауда жасаудан босатылып, бүкіл өнімін көтерме сауда ұйымдарына өткізді. Халық тұтынатын тауарлармен сауда жасау Сауда мин-нің қолына шоғырландырылды. Ал, тұтыну кооперациясының өз көтерме сауда жүйесі болды. Нарықтық экономика жағдайында көтерме сауда өнеркәсіп орындары, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен көтерме сауда кәсіпорындарының арасындағы және көтерме сауда кәсіпорындарының өз арасындағы делдалдық буынға айналды. Қазақстанда шикізат, материалдар, қарапайым жабдықтар көтерме сауда фирмалары арқылы сатылады. Ал, арнайы қызмет көрсетуді қажет ететін зауыт қондырғылары, технол. желілер өндіруші кәсіпорындар арасындағы тікелей байланыстар негізінде өткізіледі.

38.Көпмақсатты залдардың инфрақұрылымы

Нарықтық инфрақұрылым субъектілерінің қызметтік сипатына байланысты салаларына байланысты, регионалдық нарық түрлеріне байланысты.

Нарықтық инфрақұрылымның негізгі міндеттері:

1. еліміздегі нарықтық қарым – қатынастарды дамыту;

2. экономиканың жоспарланған өсу жолдарын қамтамасыз ету;

3. өндірістік үрдістің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

4. қаржы әдістерін жетілдіру;

Нарықтық инфрақұрылымның негізгі функциялары:

өндірістің дамуы, өндірісті кәсіптік көтермелеу, тауар жүрісін қамтамасыз ету, іскери қарым – қатынасқа қатысушыларды ақпараттық – коммерциялық қамтамасыз ету. Нарықтық инфрақұрылымының мәні үш бағытта қарастырылады: саяси, экономикалық, әлеуметтік.

Қазақстандағы нарықтық инфрақұрылымның даму кезендері: бастапқы кезең, жоспарлық даму кезеңі, нарықтық даму кезеңі.

Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, кейбір материалдық әдістер қолданылады. Ғылымда да, оқу пәнінде де методология бірдей.

Методология дегеніміз- ғылыми танудың формасы, әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.

Нарықтық инфрақұрылымның міндеті экономикалық құбылыстар мен процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасау, сөйтіп өндірістік қатынастардың мәнін ашу, басқалай көмекші жайлардан тазалау. Осындай талдаудың нәтижесі экономикалық категориялар болып табылады. Инфрақұрылым категориялар тарихи сипатта болады, яғни қоғамдық формацияның қалыптасуын, даму процесін анықтайды.

Экономикалық заңдар- адам қоғамы дамуының түрлі сатыларында өндіріс, бөлу, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларындағы қатынастарды анықтап, оны басқарып отыратын заңдар.

Экономикалық заңдардың 2 түрі бар:

3) жалпылама заңдар;

4) ерекше заңдар

Адамдардың арасындағы қоғамдық-экономикалық қатынастар 2-ге бөлінеді:

3) ұйымды-экономикалық қатынастар;

4) әлеуметті-экономикалық қатынастар.

Адам қоғамы өзінің дамуында әртүрлі экономикалық жүйелерді қолданады. Олардың негізгі нарықтық инфрақұрылымның мәселелерді шешуде өз әдістері бар. Нарықтық инфрақұрылымның 4 формасы бар:

1. Дәстүрлік жүйе.

2. Әкімшілік-әміршілік немесе командалық жүйе.

3. Нарықтық экономика.

4. Аралас экономика.

Екі инфрақұрылымдық салалардың (көлік және байланыс) бөлінуі ҚР – ның президенті Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан – 2030 ”бағдарламасындағы Қазақстан халқына жіберген үндеу материалдарындағы экономика бойынша ғылыми – техникалық прогрессті айқындаушы ретінде болады.

Экономикалық заңдардың сервис инфрақұрылымынада қолданылу: өндірістік негіздегі өндірушінің рөлі мен орны туралы заңы, ұсыныс заңы, сұраныс заңы, құн заңы.

Экономикалық орта және сервис инфрақұрылымы. Экономика дамуындағы эволюциялық деңгейі және бүкіл инфрақұрылым кешені.

Нарықтық инфрақұрылым кешенді жүйе. Нарықтық инфрақұрылым жүйелік зерттеудің тиімділігі. “жүйе” түсінігі, жүйе құрылымы, жүйе “кесіндісі”, жүйенің тепе – теңдігі мен тұрақтылығы. Нарықтық инфрақұрылым зерттеудегі есепке алынатын жүйенің қасиеттері: қозғалыстың толықтығы, үздіксіздігі, иерархиялығы, коммуникативтілігі, тарихилығы, толық байқалмайтындығы.

Нарықтық инфрақұрылымның жүйе астына нарықтық инфрақұрылым субъектісі қызметінің сипатына байланысты бөлінуі: институционалдық, өндірістік, әлеуметтік және экологиялық инфақұрылым.

Нарықтық инфрақұрылымда қоғамдық шаруашылықтың 2 формасы бар:

1. Натуралды шаруашылық- бұл адамдар өз қажеттіктерін қанағаттандыру үшін өнім жасайтын ұйымдасатын шаруашылық.

Бұл жүйе келесідей қасиеттерге ие:

а) тұйық шаруашылық;

ә) тікелей шаруашылық нысандары;

б) әмбебап еңбек.

Натуралды шаруашылыққа тән сипаттар:

А) ұйымдастыру-экономикалық қатынастар жүйесәнің тұйықтығы;

ә) Ерекшеленген түрлерге бөлуді жоққа шығаратын әмбебап қол еңбегі;

б) өндіріс пен тұтыну арасындағы тура экономикалық байланыстар.

Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық құрылыс қалыптасу кезеңінде туып, құл иеленуші мемлекеттерде үстемдік етті және феодалдық қоғамның басты қасиеттерінің бірін құрады.

2. Тауарлы шаруашылық - бұл пайдалы өнімдер рынокта сатылу үшін жасалатын ұйымдастыру-экономикалық қатынастар жүйесі.

Мұндай жүйе оның ерекшеліктерін сипаттайтын белгілерге ие болады:

А) ашық шаруашылық;

ә) еңбекті бөлу;

б)жанама шаруашылық байланыстар.

Тауарлы өндірістің пайда блуының негізгі 3 шарты бар:

А) қоғамдық еңбек бөлінісі:

ә) тауар өндірушілердің жеке меншігінің пайда болуы;

б) артық өнімнің пайда болуы.

Тауар өндірісінің 2 түрі бар:

А) жай тауар өндірісі;

ә) капиталистік тауар қндірісі.

Нарықтық инфрақұрылым экономика саласына байланысты бөлінуі: өнеркәсіп, ауыл шаруашылық инфрақұрылымы және т. б.

Нарықтық инфрақұрылымның аймақтық экономика құрылымын есепке алатын құрамы: облыстық, аудандық, қалалық инфрақұрылымы.

Көрсетілген әрбір жүйе астына кіретін кәсіпорынның жиынтығы

Аймақтық экономикасын басқару, яғни территорияда шаруашылықта ұйымдық – экономикалық жүйелеуді жүргізу мнфрақұрылымдық субъектілер қызметін болжайды: энерго – су – жылумен қамтамасыз ету кәсіпорындары, байланыс, сауда және т. б. кәсіпорындар.

Аймақтық инфрақұрылым жағдайында меншік қатынастары түрлі өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістер мемлекет иелігіне алу, жекешелендіру процестерімен байланысты. Мемлекет иелігінен алу-мемлекеттік меншікті өзгертуге байланысты мемлекеттің экономикадағы шектен тыс ролін жоюға бағытталған шарралар жиынтығы. Жекешелендіру-мемлекет қарамағындағы кәсіпорындарды жеке меншік компанияларға айналдыру.

 

39.Көлік қызметін көрсету технологиясы

Автокөліктер жүк тасымалының айтарлықтай бөлігін (90- жылдармен (10%)

салыстырғанда 2010 жылы 20,8%) және жолаушылар тасымалының 90 % қамтиды. Талдаушылардың божамы бойынша 2015 жылға қарай жүк тасымалындағы автокөліктердің үлесі 32% дейін көбейеді. Автокөліктер мен көлік жолдары Қазақстанның көптеген аймақтары үшін жалғыз қатынас жолы болып табылады.

Республикалық автокөліктер құралдары паркінде (әрі қарай-АКҚ) шамамен 3553,8 мың жеңіл, 414 мың жүк АКҚ және 98.4 мың автобустар есепке алынған. Тұрақты қатынас орнату үшін 110 халықаралық және 115 облысаралық жолаушылар маршруты бар. ҚР –дағы 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тіркелген жеңіл АКҚ саны 3553,8 мың бірлікке жетті.

5 жыл ішінде Қазақстандағы автокөлік құралдарының саны 2 есеге артты. 2006 жылдан 2011 жылға дейінгі уақытта автокөлік құралдарының саны 2131,9 мыңнан 4066,2 мың бірлікке дейін өсті. (Өсім 1934,30 мың бірлікке тең (90,73%).Көлік құралдарының санының өсуі техникалық қызмет көрсету орындарының салынуын талап етеді.

«Техникалық қызмет көрсету және автокөлік құралдарын жөндеу» саласының келешегі зор. Оған көптеген негіздер бар, оның ішінде- ел экономикасының дамуындағы автокөліктік құралдардың алатын айтарлықтай орын. 5 жыл ішінде (2006-2011) еліміздің автопаркі 2 есеге өсті. Экономикалық өсу еліміздегі автокөлік құралдарының да өсімін көрсетеді. Оған қоса, еліміздегі көптеген автокөліктердің (78,9%) пайдалану мерзімі 10 жылдан жоғары және оларға ұдайы жөндеу жұмыстары керек. 5 жыл ішінде (2006-2011 жж) жеке автокөлік құралдарын жөндеу және техникаық қызмет көрсетудің бағасы 63,1% өсті. Орташа өсім жылына 12,62% құрайды.

Автокөлік иелерінің абсолютті көпшілігі (83%) қарапайым ТЖО қызметін пайдалануды таңдайды. Көлік саласының даму деңгейі тікелей елдің қауіпсіздігі мен экономикасының бәсекеге қабілетті болуына әсер ететіндіктен, заманауи әлемде барлық елдің экономикасында көлік саласының маңызы артып келеді. Көлік саласы Қазақстанның ЖІӨ құрылымында салмақты үлес алатын маңызды секторы болып табылады. Республика территорясының үлкендігі, тығыздығының төмен болуы, соңғы жылдары қол жеткізген экономиканың қарқынды даму тасымалдаудың қажеттілігін арттыра түседі. Онымен қоса, шаруашылық арасындағы қатынас шеңберіндегі халық және жүк тасымалы экономикалық даму және аймақтардың өзара байланысы жыл өткен сайын қажетті қызмет болып саналуда. Экономкалық функциядан басқа, көлік социалдық та маңызды рөл атқарады: халықтың туыстық, достық қарым-қатынасын қамтып, демалыс, білім, мәдени даму және де әртүрі әлеуметтік мәселерді шешуге қатысады. Қазақстан негізгі әем нарықтарынан шет қаған. Осы себепті Қазақстан жоғары жүк сыйымдылығымен ерекшеленеді. Жүк тасымалының 80% астамы автокөлікпен тасымалданады. Елдер арасындағы қарым-қатынаста да көлік саласының алатын орны зор.

Техникалық қызмет көрсету (тқк) - техникалық құралды техникалық дұрыс жағдайда ұстау үшін жүргізілетін жоспарлы, еріксіз профилактикалық әрекеттер.

- Бірінші техникалық қызмет көрсету (тқк-1) - көлік құралдарын тораптарындағы ақауды кезінде орындау бақылау-диогностикалық, майлау, бекіту, реттеу және басқада жұмыстарды белгілі уақыт аралығында немесе белгілі жүрістен соң ақаулар мен істен шығуды анықтауға арналған техникалық қызмет.

- Екінші техникалық қызмет көрсету (тқк-2) - техникалық қызмет көрсету; бірінші техникалыққа ұқсас, бірақ біршама жұмысы күрделі, негізінен біріншіге қарағанда төрт есе сирек өткізіледі.

- Күнделікті техникалық қызмет көрсету (ктқ к ) - жол қауіпсіздігі және сыртқы қалпын сақтау, жанармайын қарау, майлау, салқындатқыш сұйықты толықтыру көлік құралдарының жалпы бақылау техникалық қызмет көрсету.

40.Көтерме және бөлшек саудадағы сервистік қызметтер технологиясы

Сауда тауарлар оралымының маңызды түрлерінің бірі ретінде тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасында, тауарлық ұсыныстар мен сатып алушылар сұраныстарының арасындағы делдалдық қызмет көрсетеді және ішкі базардағы халық тұтынатын тауралар оралымының барлық сатыларын қамтиды. Сауда жүйесін ұйымдастыру түрлеріне сәйкес халық тұтынатын тауарлар саудасы:көтерме саудажәне бөлшек сауда болып бөлінеді. Олар тұтыну заттарының тауарлық оралым жүйесінің бірлігімен өзара байланысты. Бірақ айта кету керек, көтерме және бөлшек сауда тауарлық оралым жүйесін тауралардың өндіріс саласынан тұтыну саласына қозғалу жүйесінің әртүрлі сатысында жүргізгендіктен, олардың көрсететін қызметтері, нақты мақсаттары мен міндеттері және тауар қозғалысын ұйымдастырудағы рөлі әр түрлі.

Көтерме сауда тауарларды ірі партиялармен өндірістік тұтынуға, өңдеуге немесе келешекте халыққа сату үшін үзіліссіз жеткізіп отыруды қамтамасыз етеді. Көтерме сауданың объективті қажеттілігі көп жағдайда өндірістік кәсіпорындарының тұтыну орындарынан алыс орналасуы, тауар өндірудің бір бағыттылығы мен мерзімділігінен туындайды, сондай-ақ еліміздің жекелеген аудандарының табиғи- климаттықжәне көліктік жағдайларына байланысты тауарлар өндіріс орындарынан тікелей тұтыну саласына түсуі мүмкін емес. Сондықтан көтерме сауда өндірілген халық тұтынатын тауарларды өндіріс орындарынан тұтыну аудандарына жеткізетін барлық күрделі жүйені ұйымдастыруға арналған.

Барлық кәсіпорындар бөлшек саудамен қалай шұғылданса, көтерме саудамен де солай шұғылдана алады және өздерінің сауда-қаржылық қызметтерін отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағыттауға міндетті.

Көтерме сауда, оның мәні мен мазмұны. Көтерме сауданың қызметі. Көтерме сауданың түрі. Нарықтық субъектілердің делдалдық қарым-қатынас арқылы дайындаушы мен тұтынушының арасындағы тікелей байланыс айырбас келісімдері, аукциондық саудалар, тауар биржасы, көтерме жәрмеңке. Тарату арнасы анықтамасы, оның мәні мен атқаратын қызметтері. Тарату арналары деңгейлері және оның құрылымы.

Тарату арна құрылымы. Делдалдар типтері мен санын анықтау. Өткізу стратегиялары: қарқынды, ірікті (селективті),эксклюзивті, олардың мәні, ұтымды жақтары мен кемшіліктері. Өткізу стратегияларына әсер ететін факторлар. Тік маркетинг жүйелері: түрлері, мақсаттары, ұйымдастыру ерекшеліктері. Өткізуді (таратуды) басқару.

Бөлшектей сауда түсінігі, оның қызметі және түрі: стационарлық, қозғалмалы, посылка алу. Қызмет көлемі, тауар ассортименті, сауда қызметкерлерінің сипаттамасы, бағаға қатысты, шоғырланған дүкендер бойынша бөлшек кәсіпорындарын жіктеу.

Ақпаратты тарату құралдары мақсатты аудиторияның жарнамаларының пайда болу жиілігінің әсер ету күштерінің ауқымына тәуелді: баспалық, байланыстық, экрандық, сыртқы жарнама, баспадағы жарнама, ақпарат құралдарының жарнамасы, көліктегі жарнама. Жарнамалық бағдарламаны бағалау.

Тауар қозғалысы түсінігі, оның мәні, мақсаттары. Тауар қоз-ғалысы арналары: тікелей, жанама, аралас, олардың салыстырмалы сипаттамалары. Арна ұзындығы мен ені. Тауар қозғалысы кешенінің элементтері мен шығын құрылымы.

Көтерме сауда, оның мәні мен мағынасы. Көтерме сауда атқаратын қызметтері. Көтерме сауда түрлері: тұтынушы мен өндіруші арасындағы тікелей байланыс, рынок субъектілерінің делдалдар арқылы байланыстары (бартер айырбасы, аукцион саудасы, тауар биржасы, көтерме жәрмеңкесі).

Нысаналы нарықты таңдау, тауар ассортиментін және қызмет кешенін құру, баға белгілеу, ынталандыру және кәсіпорынның орналасу жерін таңдау барысындағы көтерме саудагерлердің маркетинг шешімдері.

Бөлшек сауда ұғымы, оның атқаратын қызметтері және түрлері: тұрақты, жылжымалы, посылка арқылы. Бөлшек сауда ұйымдарын жіктеу: қызмет көлеміне қарай, тауар ассортиментіне қарай, сауда қызметінің түріне қарай, бағаға байланысты, дүкеннің шоғырлануы мен меншік түріне қарай.

Қызмет көрсету бағытындағы коммерциялық бөлшек сауда кәсіпорындары өзінің кәсіби мамандықтарына қарай жалпы қызмет көрсетудің көптеген түрлерімен шұғылданады. Мұндай қызмет көрсететін мекемелерге: қонақүйлер, банкілер, әуе жолы серіктестіктері, колледждер, ауруханалар, киноиеатрлар, теннис клубтары, ресторандар, өңдеу кәсіпорындары мен басқа да әртүрлі дербес қызмет көрсететін мекемелер: шашатараздар, косметикалық салондар, химиялық тазалау, киім тігу ательелері т.б жатады. Қызмет көрсету мекемелері халықтың хәл-ахуалыеың жақсаруына байлнысты бөлшек саудамен салыстырғанда, әлдеқайда қарқынды дамыды. Бұл жағдайда банкілер өз қызметтерін кеңінен тарату жолдарын іздестіре отырып, банкілік операцияларды автоматтандыру, төлемдерді телефон арқылы жүргізуді қолға алады


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 318; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты