Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ызметтер мен сервистің дамуының тарихи кезеңдері




Қызмет терминін ең алғаш рет француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832) саяси экономия бойынша трактат еңбегінде 1803 жылы енгізген. Оның ойынша, қызметті тек адам ғана емес, заттар да, табиғи күштер де көрсете алады. Кейіннен Сэйдің ізбасары французэкономисі Фрэдерик Бастиак(1801-1850) жеке кызметтер мен қызығушылықтардың үйлесімдігі, олардың рөліне басты назар аударады. Яғни, оның ойынша, нақты еңбек шығынын жұмсау нәтижесі емес, сонымен қатар, қызмет бұл біреу арқылы жүзеге асырылатын және келесі бір адамның оны тұтынуы болып табылыды. Бастияның пікірінше, Буржуазиялық қоғам бұл – өз қызметтерімен айырбастайтын әрбір топтардың ‘‘Үйлесімдігі қауымдастығы” болатын қоғам. 20 ғасырда қызмет көрсету түрлері кеңінен дами бастады, осыған қарай даму кезенін келесідей қарастырамыз:

1 кезенде: мамандар пайдалы қазбаларды өндіру, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылықтарын өндіруімен байланысты еместің барлығы қызметке жатқызылады.

2 кезенде: қызметтің қандай да бір ерекшеліктерінде арнайы белгілері қарастырылады. Осы кезде қызмет келесідей анықтамаға ие болды : Материалдық емес сипатқа ие болатын нәтиже яғни қызмет түрі.

3 кезенде: Қызметтің мәнін толық және нақты ашуға мүмкіндік береді және материалды талабы бар қызметтерді, қасиеттерін тереңірек салыстыру қажеттілігі туындады.

Сервистің қызмет көрсету ретінде қазіргі уақытта дамуы 3 себеппен байланысты:

1. Материалды өндіріс өнімінің күрделінуімен.

2. Бәсекелестік орта.

3. Фирманың өз пайдасын арттыру.

ТМД елдеріндегі сервистік қызмет табиғи климатқа байланысты. Табиғаты қатал климатты мекендерде суыққа төзімді тұрғын үйлер, тұрмыстық жылы киімдер, тағам түрлері, көлік – байланыс қатынастары ерекшеленді. Бұл жағдайдағы қиыншылық –тұтынушыларға сервистік қызметті ұсынғанда кездесетін қиындықтарды жеңу керек болды. Қанша көлемде, қандай тауар қалай және қайда, қанша уақытта жеткізіледі, оған қанша қаражат, күш қажет деген мәселелер бірінші кезекте туындады.

Ел ішінде жол қатынасыда қиын болды. Осыдан тұрғын үй мен ғимараттар салу да ауыртпалдық туғызды. Келесі, білім берудегі қызмет көрсету біздің елде атқарылуда. (бала бақша, мектеп, ООО, ЖОО). Бұларды мемлекеттік-құқықтық механизмдер реттеп отырады.

Бұлардан басқа, тарихи түрде дамып қалыптаса бастаған тігін тігу, дәрігерлік, шаш қию және т.б. қызметтер ұсынылады. Олар кейін, 20 ғ. басында бірігіп өзара көмек секілді қызмет атқарды. (кооперация, артель және т.б.). Бұл жалпы қызмет көрсету түрлерінің ел ішіндегі тарихи бастамасы еді.

Кеңес тұсында, барлық әрекеттер партияның қатал бақылауында болды. Елде жоспарлы экономика жағдайында, қорларды әр аймақтарға бір орталықтан бөліп таратуға байланысты әлеуметтік–мәдени саясат жүргізілді. Ал сервистік қызмет кенже қалып, оған аса назар аударылмады. Ол кездерде, 1970 жылдары денсаулық білім беру, салалары тегін атқарылды. Тұрғын үйлер де тегін берілді. Демалу жолдамалары да тегін таралып отырды. Әлеуметтік көмек те қарастырылды. Тұрғындардың қоғамдық қызмет көрсетуді тұтынуларына табыстары да жетіп отырды. Ауыл, қалаларда кинотеатр, театр, концерт залдары, мұражайлар, клубтар мәдени қызмет көрсететін инфрақұрылымдарға айналды. Халық не орта не жоғары білімге ие бола бастады. Халықтың тұтынушылығы мемлекет тарапынан реттеліп отырды. Тұрмыс жақсарып, сұраныс түрлері өсті. Ол кезде тауар тапшылығы да пайда болды.

Өткен ғасырдағы 80 жылдары парктер, спорт кешендері, кей театрлар мен ауруханалар ақылы қызметке көше бастады. Өзін-өзі қаржыландыратын , толықтай есеп айырылысу жүрді. Бюджеттік мекемелерде қызмет көрсету сапасы төмендеп, ақылы қызмет өсті. Оның бағасы көтеріле түсті.

 

Тұрғындарға сервистік қызмет мен қызмет жасау сапасын дамытудың пайдалылығын арттыруда кәсіпорын жұмыс тәжірибесінде ғылыми-техниканың жаңа жетістіктерін кеңінен қолдану керек. Ғылыми ізденістер болмаса, құрал-жабдықтар, еңбек құралдары кәсіпорын техникасын жақсарту сондай-ақ қызмет көрсету жаңа түрлері, қызмет көрсету формасын, әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарын табу мүмкін емес. Ғылыми техниканың дамып жатқанын өндіріс құралдардың, техологиялардың өзгеруімен және жылдан-жылға мінсіз дамуынан көруге болады. Жаңа технологияның қолданыста болуы қызмет көрсетудің жаңаруымен кеңеюіне, олардың сапасының көтерілуіне, тұрғындарға қызмет көрсету уақытының азаюына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ету жағдайына мүмкіндіктер туғызады. Техника және технология, кәсіпорын бір-бірімен тығыз байланысты. өндіріске жаңа техника енгізу технологиялық процеске өзгеріс әкеледі.

Қазіргі жағдайда экономиканың өзінше қызмет ететін саласы бола отырып халыққа сервистік қызмет ортақ мақсаттары бар бір типті сипаттағы кәсіпорындар мен ұйымдардың белгілі бір жиынтығы ретінде қызмет жасайды.

Бірақ, саланың даму қарқынына қарамастан бірқатар ұйымдастырушылық және салаішілік проблемалар шешілмей қалуда. СҚК-дің ары қарай дамуы тек халықтың өмір деңгейінің өсуімен және қазіргі қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық қайта құрулармен ғана емес, сондай – ақ тауар және қызметтер арасындағы халықтың төлем қабылетті сұранысының тиісті пропорциясын қамтамасыз етумен де байланысты болуда.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 86; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты