Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Шойынды және шлакты жинау




 

 

Сұйық шойын құйғыш машинасы мен болат балқыту цехтарына шойын тасығыштармен тасымалданады. Сұйық шлак шлак тасығыштарда тасымалданады.

 

 

 

1 – жүріп тұратын арбаша; 2 – тіреуіш цапфа; 3 – ожау; 4 – мойынның тесігі; 5 – мойын; 6 – жақ; 7 – цапфа.

 

20-сурет Шойын тасығыш ожау.

 

 

Шойын тасығыш (20-сурет) алмұрт формалы ожауымен-3 платформаның-1 үстіне орнатылған ожау-3 болып келеді. Ожауды цапфаларымен-7 арбашының үстіне орнатады; ожау арбашаның үстіне төрт цапфалары-2 арқылы отырады. Ожау шамот кірпішімен иніштелінген, сиымдылықтары олардың 100 – 140 тоннаға жетеді. Оның мойынындағы-5 тесік-4 домна пешіне шығарылған шойынды қабылдауға және шойынды ожаумен құйып алуға арналған. Жақтарды құйғыш машинасында ожауды ең кейткенде тіреуіш үшін қолданады. Мұндай ожаулар шойынды болат балқыту цехының миксерлік бөлімшесін және домна цехының құйғыш машинасына тасмалдауға арналған.

Ожаулар миксер түрінде де болады.

Домна цехында қортылған шойынды үзіліссіз тасмалдап тұру үшін шойын тасығыш ожаулардың қажетті мөлшерде саны болуы керек.

Бүкіл шлак шойынмен бірге ағып шығатынын есепке ала отырып, шлак тасығыш ожаулар да болуға тиісті.

Шлак тасығыш дегеніміз-тірек сақинасына алмалы-салмалы шлак ожау-6 бекітілген, өздігінен жүретін темір жол арбашасы (21-сурет).

 

 

1 – арбаша; 2 – лафеттер; 3 – тісті секторлар; 4 – цапфалар; 5 – тірек сақина; 6 – алмалы-салмалы шлак ожауы; 7 – тірек сақинаны бұратын механизм.

 

21-сурет Шлак тасығыш.

 

 

Тірек сақина тісті сектоомен-3 екі цапфа-4 арқылы арбашаның-1 екі лафетіне-2 отырады; винтті немесе тісті механизм-7 тірек сақинаны ожауымен бірге цапфаның осі бойында бұрылуын, сонымен сұйық шойынның ожаудан төгілуін қамтамасыз етеді. Шлактық ожауды болаттан құяды, ожаулардың көлемі 11,16 және 16,5 м3 құрайды.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 71; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты