Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Шихта беру трактысы, бункерлер эстакадасы, пешті тиеу




 

 

Шихта беру жүйесі домна пешінің бункер асты жайында орнатылады, олар толық автоматты түрде өлшеп алуды және шихталық материалдарды тиеуді, сонымен қатар агломерат пен коксты елеуді және ұсақтарын жібермеуді қамтамасыз етеді.

Домна пешін тиеудің технологиялық жүйесі мынадан тұрады:

- материалдар жұмсалынып тұратын бункерлер;

- агломерат пен кокстың електері;

- электрдірлі қорландырғыштар;

- жобылатын жапқышты өлшеуіш бункедлер;

- үстемелер конвейері;

- агломерат пен кокс ұсағы жинайтын жүйе;

- таразы тексеру жүйесі.

Домна пешіндегі кокс бункерлері тікелей скин шұңқырының үстіне орналасады да кокс өнімділігі 200 т/сағ-ға дейін жететін ВГД-1 елегімен жүзеге асарып тікелей кокстың өлшеуіш воронкасына беріледі. Алты (6) кокс елегі орнатылады. Коксты алу кокстың таразы воронкасына жиналады, ол тензометриялық датчиктермен жабдықталған. Кокс өлшегіш воронкадан белгіленген тиеп алу бағдарламасына сай скипке келіп тиелінеді. Өлшеуіш воронкның саны 4, әрқайсысы 20 м3 болады.

Ұсақ кокс електерден шығып төмендегі ұсақ кокс бункеріне (2х12м3) келіп түседі, ол жерден скиптік көтергіш жәрдемімен үстіндегі ұсақ кокс бункеріне тасымалданады. Домна пештері скипінің көлемі 1 м3 төрт көтергішпен жабдықталған. Үстінгі ұсақ кокс букеріне ВТД-1 електері орнатылады. Кокстың ұсағын елеп алып тұруға әр бір пешке екеуден қойылады. Әр пештегі ұсақ кокс бункерлерінің саны-төртеу: екуінің көлемі 115 м3 және екеуінікінің көлемі 62 м3.

Материалдарды алу былай жүреді:

- тікелй скиптік шұқырдың үстінде орналасқан орталық бунерден агломерат елегі арқылы бірден агломераттың өлшеуіш воронкасына;

- сол жақтағы екі үстеме бункелерінен электрдірілдеткіш қорландырғыш арқылы үстеменің конвейерімен өлшеуіш воронкасына, одан кейін үстеенің конвейерімен агломераттың сол жақтағы өлшеуіш воронкасына беріледі . Материал үстемелердің екі бункерінен екі елек арқылы тікелей сол жақтағы үстеме конвейеріне келіп түседі де сол жерде агломераттың сол жақтағы өлшеуіш воронкасында өлшенеді.

- Оң жақта үстемелерді алу қорландырғыш арқылы үстемелердің екі бункерінен үстемелердің өлшеуіш бункерлеріне беріледі. Олардан үстеме конвейерімен оң жақтағы агломераттың өлшеуіш воронкасына түседі. Материалдар үстеменің екі бункерінен қорландырғыштармен оң жақ үстеме конвейеріне беріледі, бұл оларды ол оң жақтағы агломераттың өлшнгіш воронкасына тиейді.

Аглоелендісі електер астынан көлемі 4,0 м3 елек астындағы бункерге түседі, одан ары тік ағылдар немесе таспалық конвейерлермен аглоелендісінің жинауыш конвейеріне беріледі, одан кейін конвейерлер жүйесімен аглоелендісінің көлемі 200 м3 жинауыш бункеріне тасымалданады.

Өлшеуіш воронкаға алынатын материалдардың саны мен тәртібі алудың сапалық бағдаламасымен анықталады. Әр пеште сапалық алудың үш бағдармасы болады. Коксты домна пешіне тиеу шихта компоненттерін аытоматты мөлшерлеудің САД – 7600 жүйесімен жүргізіледі.

Кокстың ылғалдылығы қиыспаушылығы ± 0,2% ВНС – 7206 жүйесімен жүзеге асырылады. Материалдарды автоматты мөлшерлеу мөлшерлеудің қателеріне қарай динамикалық түзету немесе онсыз жүзеге асырылады. Материалдардың түрін және мөлшерін алатын тапсырма тікелей домна пешінің пультіндегі автоматты мөлшерлеу жүйесіне енгізіледі. Өлшеуіш воронкасына алынған темірлі-кен материалы мен кокс бағдарлама бойынша жеке-жеке үлеспен скипке тиелінеді. Екі үлесі бір берісті құрайды.

Шихта скиптен қабылдауыш воронкасына түседі, одан кейін қабылдауыш воронканың ашық тұрған жапқышы арқылы бункерлердің біреуіне түседі. Қабылдауыш воронканың екінші жапқышы, сонымен бірге газды қиып тастайтын астыңғы клапан және толтырылатын бункердің шихталық сұқпасы жабдық тұрады. Бункердің толтырылуы жүріп жатқанда, бұрын басқа бункерге тиелінген шихта аштық тұрған шихталық сұқпа және төменгі қиғыш клапан арқылы шихтаның бір сырғытқылы таратқыш воронкасына, одан кейін сырғақтың бойымен пештің ішіне түседі. Бункер босағаннан кейін оның шихталық сұқпасы және төменгі газ қиғаш клапан жабылады, газ шығатын клапан ашылады, бункердегі қысым атмосфералықпен теңдеседі, содан кейін бұл бункердің газ қиғыш үстіңгі клапаны ашылады. Оң жақтағы бункердің толтырылуы аяқалғаннан кейін, оның үстіңгі газ кескіш клапаны және қабылдауыш воронканың жапқышы жабылыды, сонымен кеінші бункедің қабылдауыш жапқышының ашылуына рұқсат беріліді, одан кеін шихта екінші бункерге тиеліне бастайды. Бірінші бункердегі төкпе деңгейі белгілі мөлшерге жеткенде (зондтармен өлшенеді) толтыратын клапан ашылады, бункер ішіндегі қысым пештікімен теңдеседі, одан кейін төменгі газ кескіш клапан және шихталық жапқыш ашылады, шихта таратқыштың воронкасына түседі, одан кейін сырғақтың бойымен пешке түседі. Бункер босағаннан кейін оның шихталық сұқпалы және төменгі газ кескіш клапан жабылады, қысым атмосфералықпен теңдеседі де үстіңгі газ кескіш клапан ашылады. Одан кейін цикл қайталанады.

КТҚ (БЗУ)-Конуссыз тиеуіш қондырғының екі трактпен жұмыс істегендегі өнімділігі сағатына 11 әперіс, ал бір трактпен істегенде 8 беріліс.

Шихта таратқыштың материалдардың, пешке тиегенде, тиісті таралуын қамтамасыз ете отырып, әр түрлі тәртіпте жұмыс істеуге қаблеттілігі бар:

- воронканың және сырғақтың тұрақты жылдамдықта айналуымен айналдыра (сақиналық) тиеуді қамтамасыз етеді;

- воронка мен сырғақ бір жаққа айналғанда көп сақинаалы етіп тиеуді. Қабаттардың саны бағарламамен анықталады;

- тарамадандырып тиеу;

- шапшаң тиеу;

- станциялар бойынша тиеу;

Пеш нормада жұмыс істегенде алу бағдарламасы таратқыштың көрсетілген жұмыс тәртібінің кез келгенін қамтамасыз ете алады.

Материалдардың барлық пешке тиелінуі оны алудан бастап пешке төкенше толық автоматтандырылған.

Темірлі-кендік материалдардың қоры домна пештерінің жұмысын 16 сағатқа, ал кокстыкі 10 сағатқа жету керек. Темірлі-кен шикізаты мен кокс букерлерге конвейер жүйелерімен жеткізіледі.

Коксты домна пештерінің бункеріне тасымалдау коксты түсіретін құрылғы (КТҚ = КРУ) арқылы жүзеге асарылады.

Агломератты тасымалдау конвейерлермен шибер және автостелла арқылы домна пештерінің бункерлеріне жүргізіледі.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 92; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты