Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сервистік қызметтегі бәсекелестік




1. Сервистік қызметтегі бәсекелестік- шаруашылық субъектілердің күресі, нарық механизмнің элементі, капитал салымдарының тиімді жағдайлары үшін нарық субъектілердің күрес түрі. Бәсекелестік – нарық экономикадағы бақылау механизмі, себебі ол тұтынушылардың талаптарын сәйкесті түрде қанағаттандыруға өндірушілерді мәжбүрлейді.

Бәсекелестіктің бірнеше деңгейлерін ажыратады:

1. Функциялық, тұтынушылардың бірдей сұранымдарын қамти алатын басқа тауарлар болған кезде пайда болады. Мысалы, шайға функциялық бәсекелестікті кофе, шырын, лимонад құрайды.

2. Түрлісі, бір бірімен бәсекелестік болатын тауардың түрлеріне қатысты. Мысалы, шайға байланысты- көк шай, қара шай, каркаде және т.б. болады

3. Пәндік, бірдей тауарларды өндіретін және бірдей қызметтерді көрсететін фирмаларға қатысты. Мысалы, «Лисма», «Липтон», «Беседа», «ГринФилд» маркалары бірі біріне бәсекелес болады.

Бәсекелестіктің жағдайына байланысты нарықтың төрт түрі белгілі.

Сервистік бәсекелестік нарығы ұқсас тауар, қызметтерді сататын және сатып алатындардан тұрады. Сұраныс пен ұсыныстың әсерінен бағалар нақты тауарға және белгілі уақытта бірыңғайланады.

Бірде бір сатушы нарық бағасынан жоғары бағаны сұрай алмайды. Сатып алушы нарық бағасынан төмен бағамен де сатпайды, себебі нарық бағасымен тауарларын сата алады. Нарық жетілген сайын бір тауарға әр түрлі жерде оны сатып алушылар бір бағамен сатып ала алады.

Монополиялық бәсекелестік нарығыбағаның бірыңғай деңгейінде емес, ал оның кең көлемінде мәміле жасай алатын сатушылар мен сатып алушылардың көпшілігінен тұрады. Осындай кең көлемдегі бағалардың болуы сатушылар сатып алушыларға бір тауардың түрлі баламаларын, түрін ұсына алатындығына байланысты. Тауардың ерекшелігі ерекше сапа, пішіні, түсі, стилінде көріну мүмкін. Осы нарықтың негізгі белгісі болып тауардың, қызметтің фирмалық дифференциациясы, патент, лицензиямен, фирмалық марка, атаумен бекітілетін тауар немесе қызметтердің белгілі тұтынушы үшін арналуы табылады.

Олигополиялық нарықбір бірінің баға қалыптастастыру және маркетинг стратегияларына сезімтал бірнеше сатушылардан тұрады.

Бұл нарықтың түрінде:

· Бірнеше кәсіпорын барлық нарықты немесе оның көп бөлігін қамтиды (тауар бір түрлі және стандартталған немесе фирмалық маркамен ерекшеленген болу мүмкін)

· Кем дегенде бірнеше кәсіпорын үлкен үлес салмақтары бар (20% жоғары) және олар тауардың нарық бағасына әсер ете алады, бағаны талап етіп немесе сату көлемін өзгертіп немесе басқа баға қалыптастыру факторлары әсер ету арқылы.

· Кәсіпорындар бәсекелестерден өз тәуелділігін мойындайды және олардың жауаптарын ескеру керек

Таза бәсекелестік нарығы. Бұл нарық түрі бір шаруашылық субъектінің басымдығын белгілейді. Тауардың сатушысы нарықта біреуі және сол тауардың жақын ауыстырушылары жоқ. Бұл мемлекеттік ұйым, реттелетін монополия немесе жеке реттелмейтін монополия болуы мүмкін.

3. Әрбір фирманың қызмет етуінің жетістігі өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне тәуелді. Тауардың бәсекеге қабілеттілігі – көпжақты ұғым, оның нарықтың шарттарына, тұтынушылардың талаптарына тек ғана сапалық, техникалық, экономикалық, эстетикалық сипаттамалары бойынша емес, коммерциялық және тағы басқа сату шарттары бойынша сәйкестігі. Мысалы, тауардың бәсекеге қабілеттілігі деп:

1) Бәсекелес тауар- ұқсастарды кең ұсынылу жағдайында нарықта жетістігін белгілейтін, тауардың тұтынушылық және құндық сипаттамалардың кешені;

2) Басқа ұқсас тауарларға қарағанда тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесі мен деңгейі бойынша және сатып алу және пайдалану шығындары бойынша ерекшелігін көрсететін тауардың тұтынушылық қасиеттердің жиынтығы;

3) Басқа ұқсас тауарлармен салыстырғанда белгілі нарықтың белгілі уақыттағы талаптарына сапалық және құндық сипаттамаларының үздік сәйкес келуі арқасында тұтынушылар үшін өнімнің қабілеті;

4) Белгілі пәннің мүмкіндігі әлеуетті және/немесе нақты бәсекелестікті қамту мүмкіндігі.

Тауар бәсекеге қабілеттілігін құраушылары болып нақты нарықта жетістікке жету үшін қажетті белгілі экономикалық, техникалық және коммерциялық сипаттамаларының деңгейі болып келеді. Кейбір құраушыларды шартты түрде қатаң, кейбіреулерін жұмсақ деп қарастыруға болады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 91; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты