Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сервистік қызметтердің негізгі түрлерінің классификациялары мен сипаттамалары




Халықаралық клссификация бөлімі 3 секторды бөлуді қабылдады.

А) Біріншісі немесе алғашқысы (ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы,аңшылық,орманшылық). Мұнда қызметкер биотабиғи ресурстармен өзара қарым қатынаста болады.

Б)екіншісі(қайта өңдеуші,тамақ және жеңіл өнеркәсіп,сонымен қатар құрылыс индустриясы,су,электр,газ ресурстарын траспортировкасы)

В)үшіншісі(қызмет көрсету сферасы- экономикалық қызмет)мұнда жұмыскерлер адамдар мен өнеркәсіп коллективімен өзара қарым қатынаста болды.

Экономиканың үшінші секторы бір жағынан маңызды тарихқа ие, ал басқа жағынан бұл сектор бірінші және екінші сектор эффективті жоғарылауынан интенсивті дами бастады. Осылай демалысқа, саяхаттауға, санитариялық емделуге және т.б. деген мұқтждық пайда болды.

Мұқтаждық классификация. Мұқтаждықты келесідей үлкен топтарға бөлуге болады. Базалық мұқтаждық – бұл жаппай адамдарға тән барлық мұқтаждықтар. Базалық мұқтаждыққа биологиялық, материалдық, әлеуметтік, рухани мұқтаждықтар кіреді.

Биологиялық мұқтаждық – бұл организмніңөмірлік мұқтаждықтары, адам денесінің қалыпты функционалдығына барлық алғашқы мұқтаждықтар, денсаулық, физикалық даму мұқтаждықтар, табиғатпен қарым-қатнас, тамақтану мұқтаждықтары.

Материалдық мұқтаждық.

Материалдық мұқтаждық деп біз, әлеуметтік, рухани және биологиялық мұқтаждықтар қанағаттандыруды айталық. Бұл алуан түрлі мұқтаждықтардың арасынан маңызды үшке бөлінеді:

1. Тамақ

2. Мекен-жай

3. Киім

Айтып кеткен жөн материалдық мұқтаждық шекарасыз емес. Олар әрбір ел, әрбір орталық, әрбір жанұя үшін өлшеніп қойылған және де азық-түлік кәрзеңке, өмір сүру минимумы деген ұжымдарды білдіреді.

Әлеуметтік мұқтаждық.

Биологиялық және материалдық мұқтаждықтар сияқты әлеуметтік мұқтаждықтар өзін айқын білуге мүмкіндік бере бермейді. Ол өзімен-өзі пайда болып, адамды тез қанағаттануға ниеттендірілмейді. Бірақ, әлеуметтік қоғам адам өмірімен қоғамдағы ролі екінші орында деген қорытынды жасау кешірілмес қателік болар еді. Керісінше, әлеуметтік мұқтаждық иерархиясында анықтаушы роль ойнайды.

 

Қызмет көрсету саласы, халық шаруашылығы мен басқа секторларынан босаған еңбек ресурстарын абсорбциялау қызметін атқара отырып, және жұмыс орындары мен еңбек ресурстарын тұрақтандыруға ықпал жасай отырып, біздің еліміздің экономикасында дамушы роль атқарады.
Қазақстанда, қазіргі кезде, қызмет көрсету саласы өндірістік саланы өсу қарқыны және пайда болған жаңа қызмет түрлері бойынша, оның нарық пен тұтынушылардың қажеттіліктеріне бейімделуі бойынша басып озды.

Қазақстан Республикасындағы қызмет көрсету саласына дәстүрлі түрде мыналарды жатқызып келді: тұрғын үй және коммуналды шаруашылық; халыққа тұрмыстық қызмет көрсету; денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру; дене шынықтыру және спорт; білім беру; мәдениет және өнер; ғылым және ғылыми қызмет көрсету; несиелеу; сақтандыру; мемлекеттік басқару және қорғаныс; коммерциялық емес ұйымдар, үй шаруашылығына қызмет көрсету. Сауда, көлік, байланыс қызметтері, банктік қызметтер материалдық өндіріске жатқызылды. Дегенмен, шетелдік тәжірибеде, қызметтің бұл түрлері шүбәсіз қызмет көрсету саласына жатады. Бұл айырмашылық экономиканың екі секторының — біздің республика мен батыс елдерінің — өндірістік және қызмет көрсету салаларының өлшеусіздігіне әкеп соқтырды.
Алдыңғы қатардағы нақты өсім қарқыны, жалпы қызмет көрсету өндірісі бойынша орташа қарқынмен салыстырғанда, көлікте, байланыста, қонақүй және мейрамханалық бизнесте, сондай-ақ саудада байқалады.
Қызмет көрсету-бұл қызмет көрсетілместен бұрын оның сапалы және сапасыз екендігін білу мүмкін емес.

4) Өз сапасы бойынша өзгергіштік, олар қаншалықты көбінесе қызметкердің маман дәрежесіне оның жеке ерекшеліктері мен көңіл-күйіне тәуелді[3].

Қызмет көрсетудің тауардан негізгі және принципті айырмашылығы мынада тауар материалданған және өндірушіден шеттетілген еңбек нәтижесі тауарды тұтынушыға дейін жеткізу процесі процедураның стандартта жиынтығы арқылы жүзеге асырылады ( өнімді көтерме және жеке саудаға, беру және оны әрі қарай жатқызу, қызмет көрсетуді жасау кезінде «сақтау» және «сату» кездері болмайды).

Сервистің негізгі функциялары мыналар болып табылады:

А) жеке талғамдары мен сұраныстарына сәйкес материалдық және материалдық емес игіліктерді тұтынушыға дейін жеткізу;

Б) оларды тұтыну процесіне қызмет көрсету;

В) бос уақытты көбейтуге мүмкіндік туғызу және оны тиімді пайдалану;

Г) тұрмыс, демалыс және бос уақыт үшін жағдай жасау;

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 115; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты