Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Театрлардың инфрақұрылымы




Қазақстан аумағында алғашқы театрлар XIX ғасырдың екінші жартысында құрыла бастады. Оралдағы көпестердің орыс труппасы (1859), Тараздағы гарнизон әскерлері мен офицерлер труппасы (1887), Семейдегі музыка мен драматургиялық өнер сүюшілер қоғамы (1890) қазақ әуесқой театрының дамуына бастама болды. Бұған XX ғасырдың басында пайда болған татардың көшпелі труппалары өз үлесін қосты.

 

Жыл сайын Қазақстанның драма театрларының бірі Араб Республикасының Мысыр елінде халықаралық эксперименталдық театрлар фестиваліне қатысып тұрады

театрлар – бұл әдебиет және өнер туындыларының сахналық қойылымдарын жүзеге асыратын (балаларға және жас өспірімдерге арналған опера және балет, музыкалық комедия, қуыршақ, пантомимо, әзіл-оспақ және музыкалық драманы қоса алғанда өзге де драмалық) ойын-сауық ұйымдары;

гастрольдер – спектакль артистерінің (ұжымының) немесе театр тобының оның тұрақты қызмет орнынан тыс басқа аудандарға, қалаларға, елдерге өнер көрсетулері;

3) көрермен – бұл белгілі уақыт кезеңінде, мысалы, жыл немесе белгілі мезгілде театрға (циркке) келуші адамдар жиынтығы;

4) қойылым – суретшімен, балетмейстермен бірігіп режиссер-қоюшы жүзеге асыратын спектакль (опералық, драмалық, балеттік), цирк және эстрадалық қойылым пайда болатын шығармашылық үдеріс;

5) спектакль – режиссер (балетмейстер және дирижер; режиссер және дирижер) ойына сәйкес және оның басшылығымен актерлердің, суретші-декораторлардың, композитерлер мен басқа да театр ұжымы мүшелерінің бірлескен күшімен пайда болатын театр өнерінің шығармасы;

7) цирк – материалдық базасы және цирк артистері ұжымы бар цирк және эстрадалық өнер саласында өз қызметін жүзеге асыратын мәдениет мекемесі;

8) цирктік қойылым - әртүрлі цирктік номерлерден құралған бағдарлама. Цирктік қойылымның негізін эксцентриктерден құрылған айла-әрекеттер және номерлер болып табылады.

Кәсіпқой театрлар санына опера және балет театры, музыкалық комедия (оператталар), драмалық, жас көрермендер, әзіл-оспақ, қуыршақ және басқа театрлар жатады. Халық театрлар кәсіпқой театрлар санына қосылмайды, олардың есебі бөлек жүргізіледі.

Цирк есебіне тұрақты (қысқы және жазғы), жылжымалы (шапито), сахнадағы цирк, хайануаттар циркі бойынша деректер кіреді.

Егер бір театр ғимараттарында (немесе цирк ғимараттарында) дерекциясы бір болып табылатын репертуарлары әртүрлі немесе әртүрлі тілдерде екі шығармашылық ұжым жұмыс жасаса, онда бұл екі труппа бір театр (цирк) болып саналады.

концерт – белгіленген, алдын ала құрылған бағдарламалар бойынша әртістердің көпшілікке шығуы;

3) концерттік ұйымдар – бұл әдебиет пен өнер туындыларын көпшілікке орындау және көркемөнер ұжымдары мен жеке орындаушыларды әйгілеу жағдайларын жасауға арналған іс-шаралар кешенін іске асыратын көріністік ұйымдар;

4) филармониялық концерттер – бұл симфониялық оркестрлердің, хор және хореографиялық ұжымдардың, халық аспаптары оркестрлері және үрмелі оркестрлер, опералық және камералық вокалист-солисттердің, балет әртістері, солисттер, көркем сөз шеберлері, камера-вокалдық және аспаптық ансамбльдермен топтары, би ансамбльдерінің концерттері, концерттік лекциялар және тағы басқалардың (ересектер мен балалар үшін бірдей) қойылымдары;

5) эстрадалық концерттер – бұл эстрадалық оркестрлер, вокалдық және вокалдық-аспаптық топтардың, қуыршақ топтарының, пантомималық ұжымдардың, көлеңке театрлардың және тағы басқалардың көрсетілімдері (ересектер мен балалар үшін бірдей).

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 138; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты