Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Туристік кластердің дамуы мен оның экономикалық маңыздылығы.




Қазіргі уақытта туризм әлемдік шаруашылықтағы неғұрлым қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі және ең табысты бизнестердің бірі болып табылады. Ол мемлекет экономикасы үшін маңызды болып табылады. Туризмнің негізгі үш оң әсерін байқауға болады: ол шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді, төлем балансы мен жиынтық экспорт сияқты маңызды экономикалық көрсеткіштерге жағымды әсерін тигізеді, халықтың жұмысбастылығын арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар туризм экономиканың 32 саласының дамуы мен елдің инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасайды. Сондықтан Қазақстандағы басымдықты кластерлердің бірі – туризм кластерінің дамуына баса көңіл аудару маңыздылығы сөзсіз.

Осыған байланысты Үкімет туристік кластерін құру және дамыту бойынша іс-шаралар қабылдауды Туризм және спорт министрлігінің алдына қойды. Үкімет туристік кластердің қүрылуының маңыздылығын ескеріп, Қазақстан аумағында туристік мүмкіндіктерге маркетингтік зерттеу жүргізу үшін 65 миллион теңге көлемінде қаржы бөлді. Туристік кластер дегеніміз — туризм инфрақұрылымындағы салалардыңжиынтығы. «кластер» ұғымы математика, астрономия және музыка салаларында қолданылатын, қазіргі кезде экономикалық әдебиетте де кең қолданысын тапты. «Кластер» термині (ағылшын тілінен «сіизіег» жиынтық) типтес нысандардың жиынтығы деген үғымды білдіреді. Мысалы, жұлдыздар жиынтығы, атом кластері. Экономика саласында кластер дегеніміз экономиканың бір саласына жататын, бір-біріне салалас жақындығы бар кәсіпорындар, ғылыми орталықтар, университеттер тобы. Бір кластерге кіретін кәсіпорындар мен үйымдар бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Туристік кластер — туризм индустриясы, онда негізгі қозғаушы күш — мемлекет тарапынан қолдауды қажет ететін туристік ұйымдар.

Туризм соңғы уақытта экономикалық және әлеуметтік құбылыс ретінде ауқымы айтарлықтай кеңейген қызмет түрі болып табылады. Қазіргі уақытта туризмнің экономикада тікелей немесе қосылған құнды құру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде, жеке табыста, мемлекеттік кірісте және т.с.с. әсер ету жолымен алып тұрған немесе алатын рөліне көп назар аударылуда.

Туризмнің негізгі атқаратын 4 мақсаты бар. Олар:

1) Сауықтыру (рекреациялық);

2) Танымдық (экскурсиялық, топтық серуен);

3) Іскерлік;

4) Ғылыми (зерттеу жұмыстары).

Бұл мақсаттарды қысқаша ашып, талдап өтекен жөн. Сауықтыру – еңбек ету процесіндегі жұмсалған күшті қалпына келтірумен байланысты ұйымдастырылатын туризм түрі. Танымдылық - туристердің белгілі-бір жердің табиғи ерекшеліктерін, тарихи-мәдени орындарымен, ұлттық-этногендік ерекшеліктерімен танылуын қамтамасыз ететін туризм түрі. Іскерлік – белгілі бір уақытқа, белгілі бір мәселелерді шешуге, әр түрлі конференциялардың өтуін қамтитын туризм. Ғылыми – белгілі бір жерді танып білу, зерттеу, оның табиғатын сипаттау, этнос жағдайын зетртеумен ұйымдастырылатын туризм.[2]

Туристік бизнес өте кең тараған бизнестердің бірі. Ол көптеген мемлекет - тердің басты табыс көзі болып табылады. Мысалы: Мысыр, Түркия, Тунис, Кипр, Иордания және тағы басқалар.

Туристік бизнесті ұйымдастыру алдымен туристік индустрияның дамуымен байланысты. Жалпы айтқанда туристік индустрия дегеніміз қонақ үйлер және басқа да орналастыру объектілерінің; көлік құралдарының; қоғамдық тамақтандыру объектілерінің; ойын – сауық орталықтарының; танымдық, когресстік, емдік, спорттық бағыттағы объектілердің; туроператорлық және турагенттік қызмет атқаратын ұйымдардың жиынтығы.

Туристік нарықтың ерекшеліктерін зерттей отырып, бәсекеге қабілетті туристік өнімді қалыптастыру нарықты талдау және болжаусыз (өндіруші, тұтынушы, бәсекелес, кең қоғамды); алдыға мақсат және тапсырма қоймай; стратегия және тактика құрмай; сұраныс пен шығынды қалыптастырмай; анализ және бақылау жасамай мүмкін емес.

Туризм индустриясында маркетингті эффектілі қолдану шарттары қазіргі кезде жақсы қалыптасқан,себебі:

− еркін нарықтық қарым-қатынас орнаған, яғни таңдау мүмкіндіктері мол (баға орнату, коммерциялық жұмыс жүргізу, серіктестік құру);

− фирманың мақсатын қоюда; стратегия, құрылымын анықтауда; қаражатты тиімді бөлуде ұйым басшыларының еркін жұмыс істеуі;

− туристік қызметтердің нарықта мол болуы; сатып алушылар нарығының болуы;

− тұтынушы үшін туристік ұйымдар арасындағы жетілген бәсекенің болуы . [ 5,64]

Қазақстан егемендік алғалы бері туризм дамуында жаңа мүмкіншіліктері пайда болды. Қазіргі күні республика шетелдік туристерді тарту үшін біраз әрекеттерді жасауда, бірақ жеткіліксіз жабдықталу, тозған материалды-техникалық база, төмен сервиз және көрсетілетін туристік қызметтің бағасы жоғары болуы потенциалды туристерді кері итереді. Туризм, өте мете халықаралық, бюджетке валюта кірісін көбейтеді, жұмыссыздықты азайтады, жұмыс орны нарығын кеңейтеді, халықтың табысын және өмір сүру денгейін жоғарлатады, сонымен бірге кез келген мемлекеттің тұрақты дамуына себеп болады.

 

ШШШШ


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 184; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты