Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Химиялық тазалау қызметтерінің технологиясы.




«Химияляқ тазалау қызметтері» туралы Қазақстан Республикасының стандарттарына сәйкес мынандай қауіпсіздік талаптары қойылады:

Химиялық тазалау машиналарын жөндеу және пайдалану,құрастыру кезде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жалпы қауіпсіздік талаптары-ГОСТ 12.2.084 бойынша;

Жұмыс ауасы аумағына қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар – ГОСТ 12.1.005 бойынша. Жұмыс ауасы аумағында хлорорганикалық еріткіш буларының ШРК деңгейі 10мг/м3 аспауы тиіс.

Химиялық тазалаудан өткен бұйымдара хлор органикалық еріткіштердің қалдық құрамы 6.2 ескерілген жұмыс ауаусы аумағында еріткіш буларының шекті рұқсат етілетін концентрациясынан аспауы тиіс.

Органикалық еріткіштер ортасында және арнайы химиялық препараттармен бала бақша балаларына арналған киімдерді және жұмсақ ойыншықтарды өңдеуге болмайды.

Химиялық тазалауды пайдаланылатын химиялық препараттар: күшейткіштер, дақ кетіргіштер, күйеге қарсы, антистатикалық және басқа құралдарда қолдану нұсқаулықтары және міндетті сертификаттауға жататын сәйкестік препараты болуы тиіс. Қазақстан Республикасының тұрғындарына тұрмыстық қызмет көрсетудегі материалдық қызмет көрсетулердің ішіндегі химтазалау, бояу және кір жуудың қызмет көрсетулері туралы, олардың стандартқа сәйкес қызмет етуі туралы, жаңа технологияны қолдану мақсатында қызметті жақсарту туралы, химтазалаудың қауіпсіздік талаптары, оның қоршаған ортаны қорғау талап міндеттер туралы айтылады. Әртүрлі материалдардан дайындалған киімдер, тоқыма галантерялары, кілем өнімдерімен жиһаз және автокөлік салондарын қаптайтын материалдар, мамықты-жүнді бұымдар, синтепонмен толықтырып тұратын өнімдер, балалардың жұмсақ ойыншықтары, бас киімдер, спецкиімдер, аяқ киімдермен сырт киімдерді осы химиялық тазалау арқылы өңдеуді. Олардың күрделі дақтары мен шаңдарын, әсіресе тері бұйымдарына тез жұғатын кірлерді бір күн ішінде тазалап беруді қамтамасыз етеді. Қызмет көрсету бағытындағы коммерциялық бөлшек сауда кәсіпорындары өзінің кәсіби мамандықтарына қарай жалпы қызмет көрсетудің көптеген түрлерімен шұғылданады. Мұндай қызмет көрсететін мекемелерге: қонақүйлер, банкілер, әуе жолы серіктестіктері, колледждер, ауруханалар, киноиеатрлар, теннис клубтары, ресторандар, өңдеу кәсіпорындары мен басқа да әртүрлі дербес қызмет көрсететін мекемелер: шашатараздар, косметикалық салондар, химиялық тазалау, киім тігу ательелері т.б жатады.

Қазіргі кезде саяси формацияматериализм идеялары тәуелді болмайтын, бұрынғы кәсіби деңгейді қалыптастыру қажет. Тұрмыстық және басқа да қызметтер халыққа қызмет көрсетуде құрал-жабдық, кәсіби деңгейде қызмет көрсетуді ұйымдастыру, мәдениет, сапа және қауіпсіздікті ұсыну технологиясы бойынша реттеу нақты жүйесіне ие болу керек. Тұрмыстық қызмет көрсету бұл біздің тұрғындардың тұрмыстық қызметті ұйымдыстыру жолы, кәсіби өнері, әдет, ал саяси, экономикалық, техногендік жерлерден сенімді қорғалу керек. Тұрмыстық қызмет көрсетуде шамамен 3000 техникалық процеспен, машинаның 1500 түрі мен әртүрлі қондырғылар қолданады. Қоныстағы техниканың шамамен 80%, егер бұзылып, пайдаланудан шықса, тұтынушыларға қауіпті жағдайларды туындатуы мүмкін. Мыс., химиялық тазарту кезінде қолданатын компоненттердің 236 улы болып келсе, шаштараз қызметі санитарлық эпидомологиялық тұрғыда қауіпті. Ал аяқ-киім жөндейтіндердің 40% тері аурумен (грибок) ауырады, яғни бұлар жұқпалы аурулардың негізгі тасымалдаушы көзі болып табылады.

Химиялық тазалаудан өткен бұйымдара хлор органикалық еріткіштердің қалдық құрамы 6.2 ескерілген жұмыс ауаусы аумағында еріткіш буларының шекті рұқсат етілетін концентрациясынан аспауы тиіс.

Органикалық еріткіштер ортасында және арнайы химиялық препараттармен бала бақша балаларына арналған киімдерді және жұмсақ ойыншықтарды өңдеуге болмайды.

Химиялық тазалауды пайдаланылатын химиялық препараттар: күшейткіштер, дақ кетіргіштер, күйеге қарсы, антистатикалық және басқа құралдарда қолдану нұсқаулықтары және міндетті сертификаттауға жататын сәйкестік препараты болуы тиіс.Сонымен қатар «Химиялық тазалау қызметтері» туралы Қазақстан Республикасының стандартында түрлі материалдардан жасалған киімдер мен бұйымдарға химиялық тазалау жүргізу қызметтеріне тапсырыс қабылдау тәртібін, сонымен бірге химиялық тазалаудың сапалылығы, қауіпсіздігіне, бақылау әдістеріне, тасымалдау мен сақтауға қойылатын талаптарды жүзеге асыруды химиялық тазалаудың тиімді жұмысы.Химиялық тазалау — мамандандырылған кәсіпорындарда киім-кешектердегі дақтарды кетіру мен жалпы кірден тазартудың күшті әрекетті органикалык ерітінділер қолданылатын әдісі. Мұндай ерітінділер қатарында хлорланғанкөмірсутектер (көпшілік жағдайда тетрахлорэтилен) пайдаланылады. Өте-мөте уытты болғандыктан, бұл ерітінділер химиялық тазалау кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін қауіпті.

Ерітінділердің зиянын азайту үшін жабдықтар тұмшаланғанымен, аппараттарды толтыру және жөндеу кезінде жұмыскерлердің денсаулығына нұқсан келтірмей қоймайды. Пайдаланылатын ерітінділер канцерогенді заттектер болғандықтан, химиялық тазалау кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін обыр ауруына душар болу қатері төнеді.[1

Ағын суларды тазалау – ағын суларды зиянды заттардан тазалау және жойып өңдейді. Ластану тазартылған ағын суларды күрделі өндіріске жіберіледі. Онда басқа өндіріс сияқты шикізат (ағын су) және дайын өнім (тазартылған су) бар. Ағын суларды тазалау әдістерін механикалық, химиялық, физико-химиялық және биологиялық деп бөледі. Олардың барлығы бірдей қолданылса онда ағын суларды тазалау және залалсыздандыру комбинирленген деп аталады. Осы немесе басқа әдістерді қолдану нақты жағдайда ластану сипатымен және қоспалардың зияндылығының дәрежесімен анықталады.

1. Су тазалаудың механикалық әдісі: сорып тастау және тұндыру ағын суларды гидроциклонда тазалау, сүзгілеу, микросүзгілеу.

Өндірістік ағын суларды тазалауда судан минералды және органикалық қоспаларды шығару үшін механикалық тазалау қолданылады. Механикалқ тазалаудың қолданылуы өндірістік ағын суларды дайындауда.

Механикалық тазалау жаңа станцияларында торда өткізуден, құм аулаудан, сорып тастаудан және сүзгілеуден тұрады. Бұл қондырғылардың түрлері және өлшемдері негізінен өндірістік ағын судың құрамына, қасиетіне және шығынына байланысты.

Механикалық тазалау алдын ала өндірістік ағын суларды тазалаудың бірінші сатысы болып табылады. Ол осы сулардан 90-95%-тен 20 мг/л тартылған заттарды алуға мүмкіндік береді.

2. Ағын суды тазалаудың химиялық әдістері тотығу, қалыптандыру, бейтараптау, тұндыру.

Химиялық әдісте ағын суға әртүрлі химиялық реагенттерді қосу арқылы жүргізіледі. Химиялық тазалауда ерімейтін қоспаларды 95% және еритінін 25% дейін азайтуға қол жеткізуге болады.

ФФФФФФ

165.Фотосуреттерді дайындау бойынша қызмет көрсету технологиясы

Фотобаспаларды шыны астына қойып жиектеу. Қағазда, матада, позитивті пленкада және т.б. орындалған фотобаспаларды шынының астында жиектеу, түзету, периметрі бойынша кесу үшін дайындау, тік бұрыштарды тексеру. Шыныны бланк және планшет, картон, қағаз, дермантин өлшемі бойынша кесу. Шыныны сүрту. Планшетті, бланкіні жабыстыру. Фотобаспаны планшетке, бланкіге бекіту. Желім дайындау.

Портреттерді пленка бойынша монтаждау. Фотобаспаларды маскамен біріктіру және шаблон бойынша кесу. Бұрыштарын шабу, қалыптау және қырларын жиектеу. Салмаларды орнату, түзетілген блокты желімдеу. Кептіру, сыртқы бетін жылтырату.

Фотоавтоматтарда ақ-қара түсті суреттерді түсіру. Қызмет көрсетілетін фотоавтоматтарды жұмысқа дайындау. Жарық орнату, ерітінді дайындау. Сыналатын суреттер дайындау. Өңдеу режимдерін реттеу. Фотоавтоматтардың механизмдері мен оптикасын алдын ала тексеру.

Фотоавтоматтарда түрлі түсті суреттерді түсіру Қызмет көрсетілетін фотоавтоматтарды жұмысқа дайындау. Жарық орнату. Өңдеу режимдерін реттеу. Сыналатын суреттер дайындау. Ерітінді дайындау. Фотоавтоматтардың механизмдерін тексеру.

Виньетка тақталарын рәсімдеуші. Тақта планшеттерін дайындау. Фото суреттерді іріктеу, трафарет бойынша кесу. Фото суреттерді, жазуларды орналастыру және тақта алаңы бойынша рәсімдеу. Тақтаны монтаждау. Монтаж элементтерінің жабыстыру. Қарапайым қаріптік және графикалық жұмыстарды жүргізу

Альбомдарға арналған тақтаны рәсімдеу. Альбом тақталарына арналаған планшеттер дайындау. Альбомдарды рәсімдеу үшін материалдарды іріктеу және таратып бөлу. Фотомонтаждарды жасау. Монтаж элементтерін жабыстыру. Күрделі қаріптік және графикалық жұмыстарды жүргізу.

Әр түрлі тәсілдермен түрлі шәкілді жөнделген аппараттарда ақ-қара техникалық фото баспаларды, шыныда, металда, қағазда жазбалар мен басқа да суреттеді орындау. Жуғыш құрылғыларды жұмысқа дайындау. Толық жуылуын тексеру. Рентген пленкасын фото өңдеу. Ақ-қара негативтер мен позитивтерді өңдеу үшін дайын рецепттер бойынша ерітінділер жасау. Жуу және өңделетін пластиналардың бетіне эмульсия қабатын жағу. Айқындау, белгілеу және бояу ванналарының белгіленген режимдерін сақтау. Сыртқы түрі бойынша басу сапасын айқындау. Фото қағаз немесе баспа ақаулары бар баспаларды өңдеу. Рентген пленкасын өңдеу үшін ерітінділер дайындау. Рентгенге түсіруге арналған кассеталарды дайындау және зарядтау. Баспаларды кептіру, орау, кесу, сәтендеу және жабыстыру. Жартылай автоматта және қолмен фото қағаздардың орамаларын кесу.

Стационарлық қондырғыларда әр түрлі тәсілдермен ақ-қара техникалық фото баспаларды, құжаттарға, схемалар мен суреттерге арналған түсірілімдерді орындау. Басу, айқындау және эмульсия қабатын бояулармен бояу режимдерін белгілеу. Нитробоялар мен басқа да бояғыштардың түрлі түстерін жасау. Белгіленген эталон бойынша бірнеше фото баспалардың негативінен проекциялық басу. Рентген пленкасының қалыңдығына қарай оны айқындау және белгілеу уақытын айқындау. Микрофотометрдің көмегімен негативтің қараю тығыздығын айқындау. Ақ-қара негативтер мен позитивтерді өңдеу үшін ерітінділер жасау. Фото баспаларды жалтырату.

Әр түрлі әдістермен ақ-қара көркем және түсті техникалық фотобаспаларды орындау. Рецепттер бойынша өңдеуші ерітінділерді жасау. Ақ-қара негативтер мен позитивтерге өң беру, бояу, күшейту және азайту. Ақ-қара негативтер мен позитивтерді техникалық ретушьтеу. Түсті негативтер мен диапозитивтерді айқындау. Арнайы жабдықтарда аса үлкейткіштерді (фото рең беру) жасау. Проекциялық аппаратуралар мен байланыс станоктарын реттеу. Негативтен ақ-қара контратип жасау. қасиеті.
Әр түрлі тәсілдермен түсті көркем фотобаспаларды орындау. Түсті негативтер мен позитивтерді айқындау. Проекциялық басу кезінде түсті негативтерді өңдеуде кеткен ақауларды түзету. Негативтен түсті репродукциялық контратип жасау. көшірме жұмыстарды орындау. Ауқымды, қосарлы баспа, басқа сюжеттерді біріктіру және қоса басу, аса үлкейту. Фотобаспа кезінде түсті түзеу. Түсті негативті және позитивті фото материалдарды өңдеуге арналған ерітінділер жасау. Рецепттер бойынша өңдеуші ерітінділер жасау. Түсті негатив пен позитивті күшейту және азайту.
Павильонда құжаттарға фото түсіру. Штрихты жазық түпнұсқалардан репродукциялау. Әр түрлі жүйелердің кассеталары мен фотоаппараттарын негативті материалдармен зарядтау. Ақ-қара негативті фото материалдарды айқындау, белгілеу, жуу және кептіру. Айқындайтын және белгілейтін ерітінділер жасау. құжаттарға арналған суреттерді ретушьтеу және фотоға басу. Тапсырыстар бойынша негативтерді бөлшектеу
Бір портретті, үлкен емес топты, балаларды павильонда және тұрақты түсіру алаңында ақ-қара фото материалдарға фотоға түсіру. Көшпелі жағдайларда жылжымайтын объектілерді технологиялық түсіру. Жазық және көлемді түпнұсқаларды ақ-қара бейнеде суретке түсіру.

ЭЭЭЭЭ

166.Экономикалық интеграцияның мәні мен формалары

Экономикалық интеграция (экономикалық бірігу):

· түрлі елдердің ұлттық шаруашылықтары арасындағы ынтымақтастық және олардың толық (немесе ішінара) бірегейлендірілуі;

· осы елдер арасындағы саудада кедергілерді жою;

· бір үлкен (ортақ) нарық құру мақсатымен жекелеген елдердің әрқайсысының нарықтарын жақындату, экономикалық объектілердің жуықтасуы, өзара астасуы (бірлесуге Дейін).

Экономикалық бірігу үдерісі түрлі деңгейлерде жүргізіледі. Деңгейлес (компания бәсекелестің компаниясын өзінің бақылауына алады немесе өндірістік үдерістің бірдей сатысындағы бірдей салада істейтін компанияларды қосып алады) және сатылaс экономикалық бірігу (компанияның қызметі ақырғы өнімді өндірудің технологиялық тізбегіндегі екі не одан көп буынды қамтиды; ол өнімді өндіру мен еткізудің барлық сатысын: шикізатты өндіруден көтерме немесе бөлшек саудаға дейін қамтуы мүмкін) түрлеріне бөлінеді. Экономикалық бірігу халықаралық сипатта болады және ұлттық шаруашылықтарды бірыңғай халық шаруашылығына бірігуге дейін жақындастыруды көздейді. Экономикалық бірігу - шаруашылық өмірдің интернационалдануының жоғары нысаны. Оның негізін капитал мен өндірістің интернационалдануы құрайды, ол әуелі микродеңгейде (фирмалар Мең банкілер деңгейінде) болады, сонан соң макродеңгейге (мемлекеттер деңгейіне) шығады. Сонда экономикалық бірігу халықаралық келісімдермен және шарттармен ресімделеді. Экономикалық бірігу өзінің жогары көрінісінде институттық сипат алады, яғни тұрақты эрекет ететін халықаралық органдар нысанында болады. Халықаралық интеграциялық бірлестіктердің басты нысандары: еркін сауда аймағы, кеден одағы ортақ нарық, экономикалық және валюталық одақтар — экономикалық бірігудің жоғары нысаны. Қазіргі кезде әлемде экономикалық бірігудің жоғары сатысында Еуропа одағы (ЕО) тұр, ол ортақ нарық сатысынан өтті. Еркін сауда аймағына НАФТА(Солтүстік-американ еркін сауда қауымдастығы) үлгі бола алады. Ресей, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан арасындағы Кеден одағы туралы келісім жасасылды.

Интеграциялық бірлестіктің мәні мен типтері

1.Экономикалық бірігу – бұл мемлекетаралық келісімдер формасын алатын шаруашылық механизмдерді жақындатуға әкелетін елдердің өзара ықпал ету процесі.

Қазіргі экономикалық сөздік анықтамасы бойынша, интеграция (латын тілінен «integer» — толық) – экономикалық тұлғалардың бірігуі,олардың өзара әрекеттесуінің тереңдеуі, өзара байланыстардың дамуы. Экономикалық интеграция жеке елдердің ұлттық шаруашылығы деңгейінде және де кәсіпорындар, фирмалар, корпорациялар, компаниялар арасында да жүреді. Экономикалық интеграция өндірістік–технологиялық байланыстарын кеңейту мен тереңдетуді, ресурстарды бірлесе пайдалану, капиталдар бірігуі, сол сияқты, бір-біріне қолайлы жағдай жасау арқылы экономикалық іс-әрекеттерге өзара «кедергілерді» жою бағыттарында айқын көрінеді.

Біріншіден, бұлэволюциялық жол.Біртіндеп, интеграция кезеңдерін аттамай, өндірушілер үшін де, тұтынушылар үшін де серіктестерді таңдау еркіндігін беріп, әкімшілік шектеулер мен тосқауылдарды алып тастау үшін жағдай жасап, сауда-экономикалық ынтымақтастық бірқалыпты (тұрақты) әрекет ететін нарықтық орта құру қажет.

Екіншіден, бұл интеграциялық міндеттемелерді біртіндеп, кезеңді түрде шешу. Ол үшін мүше-елдердің ассоциациялары көмегімен еркін сауда аймағы, кедендік одақ, капитал, тауар мен қызмет, еңбектің орта нарығын және біртұтас экономикалық кеңестіктің негізін қалау қажет.

Үшіншіден, бұл біртекті экономикалық орта құру, нарықтық қайта құрудың қарқыны мен деңгейін жақындастыру қажеттілігі.

Төртіншіден, интеграциялық процестің барлық мүшелерінің тең құқықтық серіктестігі, дискриминациясыз іс-әрекет етуі.

Элсворт М. Статлер, Конрад Хилтон, Э. Хендерсон (Шератон), Д. У. Мариотт, К.Уилсон(Холидей Иннз) сияқты қонақ үй көшбасшыларының тәжірибесі

1919 жылы 31-жасты Конрад Хилтон (Техас штаты) қалашығына келеді.. Хилтон жергілікті «Mobley» қонақүйінде тоқтаған болатын. Қонақүйдің кірі беріс холлында ол бөлмелер үшін таласып жатқан адамдарды көреді, сөйтіп, бұл оқиға оны қонақ үйді ашуға итермелейді. Ол «Mobley» қонақүйін сатып алады 1924 жылы Хилтон ең бірінші өзінің жеке шығармашылық қасиеті бар тұлғалар қызметінің қорытындысы. Жаңашылдық болып мыналар табылуы мүмкін: бұйым түрі, техника мен технология, ұйымдастырушылық нысан, тәжірибелік құрал, идея, қызмет түрі, материалды объект, өнертабыс, және т.б. қонақүйін салады. 1925 жылдың 2 тамызында иесінің атын иеленген бірінші қонақ үй – «Dallas Hilton» бой көтерді.Hilton қонақүйлерінің негізгі миссиясы - тиімді қолжетімді бағалар негізінде жоғары деңгейде сапалы қызмет көрсету.

Элсворт М. Статлер, Э. Хендерсон (Шератон), Д. У. Мариотт, К.Уилсон (Холидей Иннз) сияқты қонақ үй көшбасшыларының тәжірибесі 5 жұлдызды қонақ үйлер — ғимараиты қазіргі заманға талабына сай, көп қабатты.Міндетті түрде сыртқы және ішкі бөлімшелері қымбат соңғы үлгідегі құрылыс материалдарынан салынған.Кіре берісі есігінде міндетті түрде швейцар тұрады.Кіретін есікткрі бірнеше, территориясы қоршалған және өте жақсы күтілген ( төсеніштер, гүлдер,клумбалар және тағы басқа ), міндетті түрде туристердің және қонақ үйдің көліктері тұратын орын болады.Бір қабаты қызмет көрсетушілерге арналған орындардан, қызмет көрсетуге арналған құрал – жабдықтар ұратын бөлме кеңістіктері мен бөлмелерден тұрады.

Егер де қонақ үйдің қасында теңіз болса, онда бассейн қонақ үйдің қасынан салынады және теңізге шыға алады.Төбесі жабылған бассейн қорғалмалы қақпамен салынады.Бассейн жағалауында көптеген столдар, тербелмелі креслолар, жатқыштар және тағы басқа нәрселер барлығы тегін.Бұл жерде солярий ( ауа ваннасы ) болуы мүмкін.Массаж және тағы басқа қызмет көрсету түрлері бөлек ақылы түрде жүргізіледі.

Дүниежүзілік стандартқа сай, көп қабаттардың бірінде теннис корты, пинг – понг ойынына арналған корт салынады.Сонымен қатар, бильярд және гольф ойындарына арналған залдары бар.Міндетті түрде 2 кон церттік залдары, біреуі – холдың қасында орналасқан, барлығына да ашық.Бұл концерттік залы едәуір үлкен, бірақ саханасыз, түнгі бағдарламасыз, орындықсыз, тегін, ал екінші концерттік залы ақылы.Орталық холл өте үлкен ( ол бүкіл қонақ үйді көрсетеді ): қабырғаларының дизайны, жиһазы, жарықөпен қамтамасыз етілуі жақсы ойластырылған.

Қонақ үйдің тұрғындары үшін би кештері тегін, әрбір қабатта барлар тәулік бойы жұмыс істейді.Бөлменің электронды карточкалары беріледі, үлкен каридор, кіре – беріс және нөмерлер дыбыстартқыш жүйесімен жабдықталған.Бөлмелерде әдемі кілемдер мен төсек асты кілемшелері төселген.Ванна, душ, дәретхана бөлек; ( 3 орамал, бөлмеге киетін аяқ – киім, халат, тіс пастасы, сабынсу — бөлмеде міндетті түрде бар ).Нөмірлер қымбат жиһаздармен жабдықталған.Теле – бейне апаратуралары, кондиционер, тоңазытқыш, телефон, сейф – дүниежүзіндегі ең жақсы деген фирмалардың өнімдері осы қонақ үйлерде бар.Кезекшілік пен күзетші қонақ үйде тәулік бойы жұмыс істейді.Бөлмені жинау мен төсек орын ауыстыру күнделікті.Ал « люкс » нөмерлерінде бөлмені жинау және төсекорын ауыстыру қонақтың сұрауы бойынша жүргізіледі.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 165; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты