Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Мұнай өнімдерінің және мұнайдың тұтқырлығын анықтау




Тұтқырлық, тығыздық сияқты физикалық – химиялық параметрлердің бірі.Түрлері:динамикалық , кинематикалық , шартты.

Динамикалық тұтқырлық η-бұл қозғалыстағы жанама қысымның берілген температурадағы жылдамдық градиентіне қатынасы.(Па∙с)

Пуазейл формуласы: η = πρr4τ⁄8VL

Мұндағы, ρ – капиллярдан ағатын сұйықтың қысымы;

r – капилляр радиусы;

τ –cұйық ағатын уақыт;

V - капиллярдан ағатын сұйықтың көлемі;

L - капилляр ұзындығы;

Кинематикалық тұтқырлық – белгілі бір температурадағы динамикалық тұтқырлықтың тығыздыққа қатынасы.

 

ν = η ⁄ ρ

 

Өлшем бірлігі м2 ∕с.Көбіне мм 2 ∕с алынады.Бұл әдісте шыны капиллярлы вискозиметр қолданылады.

Шартты тұтқырлық – 20˚C шартты температурада 200 мл мұнай өнімінің ағуға кеткен уақыттың 20˚C температурадағы дистилденген судың осындай көлеміне қатынасы.

Вискозиметрдің сулы саны деп 20˚C температурадағы көлемі 200 мл суды айтады.Ол әрбір прибор үшін анықталады және оған тұрақты болады.Әдетте сулы сан 49-51c-қа тең болады.

Кинематикалық тұтқырлық (МЕСТ 33-82) дизелді отын мен шайырлы май сияқты мұнай өнімдерін анықтауға арналған.Динамикалық тұтқырлық сұйық мұнай өнімдерін анықтауға арналған,бұл тұтқырлық 1-ден 6∙10-3 Па∙с аралығында болады және оған автоматтық капеллярлы вискозиметр қолданылады(МЕСТ 7163-84).Табиғи битум,қатты мұнай және мұнай өнімінің динамикалық тұтқырлығын ротациялық вискозиметрмен анықталады.

Мұнай динамикалық тұтқырлығы бойынша 3 классқа бөлінеді:аз(5мПа∙с-тан аз),көтерілген(5-30мПа∙с),жоғары (30мПа∙с-тан жоғары).

Мотор отыны мен отынды газ құбыры мен котелді қондырғыларда айдау тұтқырлығына байланысты болады.Мысалы, тұтқырлығы 0,65 мм2 ∕с бензиннен двигател минутына 100 г,ал тұтқырлығы 1,0 мм2 ∕с бензиннен 95г құрайды. Техникалық талаптарда тауарлық отын мен майларда тұтқырлық шектеулі болады. Жүргек дизелді отындарда кинетикалық тұтқырлық 20˚C температурада 1,5- 6,0 мм2 ∕с болу керек. Температураны төмендеткенде мұнайдың, табиғи битумның, мұнай өнімінің қалдықтарының тұтқырлығы аномалды қасиет көрсетеді. Себебі,мұнай құрамында асфальт – шайырлы заттар және парафиндер кездеседі. Бұл компоненттер белгілі бір температурада дисперсті жүйелер құрады. Бұл ньютондық емес сұйықтың молекулалық құрылысын бұзу жинақтылық шарты деп аталады.

Кинематикалық тұтқырлықты мұнай фракциясы үшін орташа қайнау температурада Вальтер бойынша есептеуге болады:

lg ( ν+0,8)=2,96( 3,696-lgT)( l+ t кип⁄100) – 4,763,

Мұндағы, ν - кинематикалық тұтқырлық , мм 2 ∕с;

tкип- фракцияның орташа қайнау температурасы, ˚C;

T- тепература, К.

Кинематикалық тұтқырлық 20-50˚C –тағы фракция үшін тығыздық ρ420 = 0,77- 0,90 , күкіртті және жоғарғы күкіртті мұнай үшін есептелінетін формула:

ln(ν20 + 0,5) = 14,83 ρ420 – 12,035;

ln(ν20 + 0,35) = 17,25 ρ420 – 14,535

 

Шартты тұтқырлық 80-100˚C температурадағы тығыздығы ρ420 = 0,94- 0,99 ,тура жанғыш қалдықтарға есептелінетін формула:

 

ln ВУ 80 = 37,82 ρ420 – 34,06 ,

ln ВУ 100 = 33,68 ρ420 – 30,81

 

Мұнай өнімінің градусы шартты тұтқырлықты кинематикалық тұтқырлықпенде анықтаймыз:

ν =1-120 мм2 ∕с νt = 7,31ВУ t – 6,31 ∕ВУ t;

ν>120 мм2 ∕с νt = 7,4ВУ t не ВУ t = 0,135 ν

Майдың тұтқырлы-температуралық мәнін есептегенде тұтқырлықтың температуралық коэффициенті мен тұтқырлық индексі алынады.

 

 

Сурет 3-Вискозиметрлер

 

Содан кейін саусақпен колена басылып, висказиметр айналдырылады ең түтікшеге жіберіліп мұнай резиналы грушамен тығыздалынады.Висказиметрді түтікшеден алынып,тез қалпына келтіріледі.Коленаның сыртқы жағы мұнайдан тазартылып,оның түбіне резиналы трубка тағылады.Висказиметрді термостатқа оның капилярлы түтікшесі мұнай өнімінің кеңейген жерінен төмен болатындай етіп орнатыдады.Термостатта 15 минуттан кем емес тұрғаннан кейін кеңейген жерінің 1/3 бқлігіндегі биіктікте коленасына мұнайды (мұнай өнімі) тығыздалып саламыз.Колена атмосферамен байланыстырылып мұнай менискасының М1 белгісінен М2 белгісіне жеткенге дейін уақыты жазылады.Егер нәтижелер ұқсас болса ондай жаңдайда кениматикалық тұтқырлықтың арефметикалық ортасы табылады.

υ = Cτ,

С-висказиметр тұрақтысы, мм22;

τ - мұнай өнімінің висказиметрде ағу уақыты,с.

Зерттелінетін мұнай өнімінің динамикалық коефицентін η, мПа*с,мына формула арқылы есептейміз.

η=υρ,

υ - кинематикалық тұтқырлық, мм2/с;

ρ-тұтқырлығы анықталып жатқан кездегі температурадағы тығыздық,г/см

Кинематикалық тұтқырлықты анықтаған кездегі орташа температура аралықтары.

Температура өлшемі, 0С -60 ÷-30 -30÷15 15÷150
Жіберілетін аралық, % ±2,5 ±1,5 ±1,2

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 658; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты