Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Лшеу әдісімен механикалық қоспаларды анықтау




Приборлар мен реактивтер: конустық колба 500см3 , цилиндрлар көлемі 100 , 250 см3 , шыны воронкалар немесе шыны таяқшалар, елек диаметрі 01, бензин.

Анализге дайындық. Колбаның көлемінің ¾ бөлігіне дейін толтырылған мұнай өнімінің сынамасын5 мин аралығында шайқаймыз. Араластырылған сынаманың 100 см3 көлемін конустық колбаға құямыз және сол цилиндрмен 100-300 см3 көлем бензинді қосамыз. Алынған қоспаны шайқап араластырамыз.

Басқа конустық колбаға елек (торы 01) салынған воронканы қоямыз. Електі қарапайым фильтрлі қағазды бүктегендей орнатамыз. Дайындалған бензинді қоспаны електен өткіземіз. Фильтрлеудің соңында електі бензинмен шаямыз, содан соң електі воронкадан алып ауада 5 мин аралығында кептіреміз. 5 мин кейін кептірілген електі қараймыз. Егер корінерліктей тұнба жоқ болса, онда механикалық қоспалардың массалық үлесі МЕСТ21046 талаптарымен сәйкес келеді, сынама ластанбаған. Егер електе ластаушы заттар қалса және механикалық қоспалардың мөлшерін анықтау кезінде есептеу нәтижелері әртүрлі болса онда МЕСТ6370 талаптарымен анықталады.

 

Металлдардың коррозиялық тұрақтылығын сапалық және мөлшерлік бағалау және белгілі бір жағдайда қорғау құралдары үшін коррозиялық тұрақтылықтың шкалалар тізбегі белгіленген. Ең кеңінен қолданылатын әрі МЕСТ 5272—50 ұсынатын металлдардың коррозиялық тұрақтылығының онбаллды шкаласы болып табылады.

Металлдардың коррозиялық тұрақтылығының тұрпайы бағалануы кезінде тұрақтылық топтарын басшылыққа алу қажет, ал неғұрлым дәлірек бағалау кезінде – баллдармен.

Онбаллдық шкаламен өрнектелетін металл коррозиясының жылдамдығы, яғни коррозияның тереңдетілген көрсеткішітікелей өлшенеді немесе массаның шығын көрсеткішінен келесі формула бойынша есептеп шығарады:

П = К-m * 8,76 / ρМе ,

мұндағы П – тереңдетілген көрсеткіш (коррозияның енуі), мм / жыл; К-m - металлдың қалыпты коррозиясының масса шығыны көрсеткіші, г/ (м2*сағ); ρМе – металлдың тығыздығы г/см3.

Металлдардың коррозиялық тұрақтылығының онбаллдық шкаласы (МЕСТ 5272 - 50)

Тұрақтылық тобы Металл коррозиясының жылдамдығы Балл
Толық тұрақты ≥0,001
Өте тұрақты 0,001 – 0,005
0,005 – 0,01
Тұрақты   0,01 – 0,05
0,05 – 0,1
Тұрақтылығы нашар   0,1 – 0,5
0,5 – 1,0
Тұрақтылығы төмен   1,0 – 5,0
5,0 – 10,0
Тұрақты емес 10,0 ≤

 

Металл коррозиясы тұрақтылығының коррозиялық тұрақтылығының онбаллдық шкаласы әмбебап емес, өйткені көптеген техниканың салалары сәйкесінше жағдайда коррозиялық шектерге ие. Шектер өз кезегінде металл бұйымының қасиетіне сәйкес келеді. Химиялық өндірісте көбіне жиі алмастырылатын металл бұйымдарының (барботер, сифон және т.б) коррозия жылдамдығы 6 мм/жыл, бұл кезде бұл жылдамдық металл әуеөткізгіштер үшін 0,05 мм/жыл аспауы қажет.

Мыс пластинкасына мұнай өнімдерінің коррозиялық әсері.

 

Әдістің маңыздылығы мыс пластинкасын зерттелетін сынамада жоғары температурада ұстап оның сыртқы түрінің өзгеруін бақылау.

 

Құрал- жабдықтар мен реактивтер: жууға арналған еріткіш.Жуу үшін кез-келген көмірсутекті ертікіш құрамында күкірт кездеспейтін және 50°С температурада сынақтан өткізгенде мыс қараып кетпейтін көмірсутекті еріткіш пайдаланамыз. Детонацияға сынаған кезде пайдаланатын изооктан ерітіндісін еріткіш ретінде пайдаланған дұрыс. шыны пробиркалар диаметрі (17±1) мм, биіктігі (150±5) мм;М0 және M1 маркалы МЕСТ 859 талаптарына сай, өлшемі 40х10х2 мм, ұзындығы мен ені ±1 мм, қалыңдығы ±0,5 мм мыс пластинкасы. МЕСТ 6456 және МЕСТ 5009 талаптарына сәйкес келетін тегістегіш ұнтақты заттар.М14 және М10 маркалы МЕСТ 3647 талаптарына сай микроұнтақтар. Термометр LABTEX. Толуол, элтил спирті, фарфор ыдыстар, фильтр қағазы, мақта, никельді немесе темір қышқыштармен ұстағыштар.

 

Зерттеуге дайындық. Мыс пластинкасының бетін дайындау. Мыс пластинкасының алты қырындаөлшемі пластинкамен бірдей карборунды қағазбен ұзақ және ірі дақтардан тазартады. Сонғы тазалау үрдісін 65 мкм (240 меш) өлшемді карборунды қағазбен немесе матамен барлық дақтар мен жырықтарды өшіреміз. Күкірт мөлшері аз мұнай өнімімен (бензин) шаямыз.

Жаңадан тегістелген мыс пластинкасының бетін қолмен ұстауға, қол тигізуге рұқсат етілмейді. Сыналатын бензинді қағаз сүлгіден сүзіп, 10 см сынауыққа құйып, қысқаштың көмегімен сынаққа дайындалған пластинканы соның ішіне салып, сынауықты тығыгмен жабамыз.

 

Зерттеу барысы. Бензин мен мыс пластинка салынған сынауықты тікесінен қыздырылған су буына ұстаймыз.Ыдыстағы судың деңгейі сынауықтағы отын деігейінен 30 мм кем емес болу керек. Реактивті қозғалтқышқа арналған отынды 3 сағат ойы (100±1) °С, температурада ұстайды, ал қалған отындарды (50±2) °С тепратурада ұстайды. 3 сағат өткен соң пластинканы қысқашпен сынауықтан алып, фарфор ыдыста спирт толуолды қоспамен жуып, сорғыш қағазға қойып кептіреміз. Пластинканы қолмен ұстауға болмайтындығын естен шығармаймыз. Әрбір сыналатын сынаққа ең кемінде екі параллель анықтама жүргізіледі.кертірілген пластинканы жан-жағынан қарап, жаңадан тегістелген пластинкамен салыстырып, түсінде қзгеріс барын (немесе өзгеріс жоғын) жарықтың, дақтардың барын (немесе жоғын) қарап, нәтижесін жазып аламыз.Тегіс сарғыш түстің пайда олуы бастапқы жылтырауына еш өзгеріс енбесе, пластинканың түсі өзгерді деп есептемейміз. Егер бір анықтама ойынша пластинкада қара, қоныр, сұр-болат түсті жарық немесе дақ болса, отын сынақтан өтпеген болып есептелінеді. Өзге өзгерістер мен пластинканың түсі өзгермеген жағдайда отын сынақтан өткен болып есептелінеді.

 

Зерртеудің мәні. Нақты санына сәйкес дайындалған үлгіге мыс пластинканы салып, қыздырып, сыналатын материалға арналған уақыт аралығында ұстайды. Осы кезең аяқталғаннан кейін пластинканы алып, жуып, коррозия дәрежеснің эталонымен салыстырады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 118; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.004 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты