Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Нтақты металлургия технологиясының тиімділігі




Ұнтақты металлургия әдісін бұйым дайындауда қолдану жоғары еңбек өнімділігіне жетуге және мемлекеттің халық шаруышылығында жабдықтарды едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді. Үнемдеуге жоғары беріктікті бұйымды алу, металлды рационалды пайдалану, оның шығындарын азайту, өнім сапасын арттыру, жаңа прогрессивті тетіктерді шығару арқылы жетеміз.

Егер қарапайым тетікті металл кесу білдектерінде дайындау металл шығынын 20...80%-ға дейін жеткізсе, онда ұнтақты металлургия әдісімен бұйымды алу келесімен ерекшеленеді, операция саны 3...5 болған жағдайда металл шығындары 5...10%-ды құрайды. Сонымен қатар, ұнтақты өнімдерді өндіру негізінен бір кәсіпорынға бейімделген, үлкен білдекті паркті және жұмысшылардың жоғары квалификациясын талап етпейді. Қарапайым құрамды тетікті ұнтақты металлургия әдісімен дайындау кесумен өңдеумен салыстырғанда металлдың меншікті шығынын 3...5 есеге, еңбек шығынын – 2...8 есеге, тетікті дайындаудың өз бағасын – 1,5...3 есеге қысқартуға және еңбек өнімділігін 1,5...2 есеге жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Машина жасау зауыттарында тетіктерді кесумен өңдеу кезінде пайда болатын жоңқа мен шлам түріндегі қалдықтар – машиналар мен құралдардың түрлі тетіктерін өндіру үшін жақсы шикізат болып табылады.

Негізінен жоңқаның брикеттер мен пакеттерге пресстелген, шамамен 50% ы болат балқыту өндірісінде қолданылады. Жоңқаның бір бөлігі ұнтаққа қайта өңделеді. Ұнтақты металлургия әдістерімен қалдықтардан дайындалған бұйымдар қарапайым технология бойынша алынған тетіктерге қарағанда жоғары беріктілікке ие.

Дайындамаларды әрлеп өңдеу нәтижесінде алынатын шлам ұнтақты металлургия үшін құнды шикізат болып саналады. Осылайша, шарикті мойынтірек өндірісінің тетіктерін ажарлау қалдықтары оларды құрғату мен елегеннен кейін, ауыр жүктемелер жағдайында жұмыс істейтін фрикционды дисктерді дайындауға арналған негізді құрайды. Мойынтіректі шариктерді егеу мен икемдеуден кейінгі қалдықтардан алынған ұнтақ жалпыға арналған құрылымдық тетіктерді дайындауда қолданылады.

Ұнтақты металлургия әдістерімен дайындалған көптеген бұйымдар дәстүрлі әдіспен алынған бұйымдарға қарағанда, аса жоғары сапаға ие. Осылайша, тез кесетін болат ұнтағынан жасалған құрал беріктігі құйылған болат құралының беріктігіне қарағанда 3...4 есеге көп.

Құйылған түсті металлдарды темір ұнтағы негізіндегі материалдарымен алмастыру аса тиімді болып келеді.

Осылайша, ұнтақты металлургия қарапайым да, ерекше де қасиеттері бар материалдар мен бұйымдарды дайындауға байланысты сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді. Ұнтақты металлургия тиімділігі бұйымда жаппай өндіру жағдайында жоғарылайды. Сондықтан, жаппай өндіруде ұнтақты металлургия әдісімен 1мың т тетікті дайындау кезінде 2000т-дан жоғары болат үнемделеді, 200-ден аса жұмысшы және 50-ден аса металл кесу білдектері босатылады. Өнім шығару көлемінің өсуімен ұнтақты тетіктерді дайындаудың өзіндік бағасы құйылған дайындамалардың өзіндік бағасына қарағанда төмендейді.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 98; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты