Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Еңбек қорғаудағы өртке қарсылық шаралары




 

Жадықтардағы өрттің шығуы көп жағдайда машина жұмыс істеп тұрғанда, оның электроқозғалтқышы, электрсымдары және электр бөліктері асқын жүктемеде болуына байланысты орын алады. Осының әсерінене олар жіберілетін шегіне асып қызып кетеді де тұтанады.

Ұнтақтау бөлімшесінің өртке қауіпсіздік категориясын, «Д» категориясына жатқызуға болады.

Өртене бастаған материалды оның жану қажетін ескеретін және өртке қарсы құрылғылардың көмегімен, құммен, сумен өшіреді.

Өрт қаупі болған жағдайда дер кезінде өртсөндіргіштерге хабар беру керек. Өртсөндіргіштер келгенше, өртті өз бетінше қолда бар, өртке қарсы құрал жабдықтармен оны сөндіре беру қажет. Оның басқа да жабдықтарға және ғимараттарға ауысуына жол бермеу керек.

Ұнтақтау бөлімшесіндегі өрттің болғанын білдіретін құралғы ретінде, қолмен іске асыратын құрал пайдаланылады, ол сәйкесті кнопканы басқан кезде дискретті сигналдар жібере бастайды.

Өрттің алдын алу үшін, алдынала жұмыстары жүргізіліп отырады. Жұмысқа қабылданушымен өрт қауіпсіздігі туралы нұсқау және оқыту жүргізіледі. Бірінші нұсқауды өртке қарсы топтағы немесе мекемеден өрт қауіпсіздігіне жауапты адам жүргізеді. Екінші нұсқауды жұмыс орнындағы аға шебер жүргізеді.

Жұмыс орны мен жабдықтардың-өртенуінің алдын алу үшін, оларды таза ұстап, өндіріс қалдықтары мен тез жанғыш сұйықтардан тазалап отыру керек.

Жұмыс орындарын, электр құрылғыларын және өрт сөндіру жабдықтарына өтетін жол ашық болу керек. Бөлімшеде өрт қалқаны орнатылуы қажет. Әр қалқанды ОП-5 және ОУ-8 өрт сөндіргіші, азбест немесе өртке төзімді материал салынған қапшық |2x2м|, балта, құрғақ құм салынған жәшік және жалпақ күрек болуы қажет.

Әр өрт қалқанының жанында әрбір жабдықтың жұмысшы адамдарының тізімі жазылып тұруы керек.

Электрқозғалқыштардағы, электр қондырғылардағы пайда болған өртті өшіру үшін ОУ-2, ОУ-5, ОУ-5, ОУ-8, ОУ-80 типті көмірқышқылды өртсөндіргіштер қолданылады. Ал, электрқондырғыштарына байланысты емес, яғни басқа жабдықтарда және ғимараттардағы өртті сумен, құммен, ОП-5 типті көбікті өртсөндіргішпен және ОП типті ұнтақты өрт сөндіргішпен өшіреді.

Жобаланатын ғимаратта келесі байланыс және дабылнама жүйелері қарастырылған:

- телефонды байланыс комбинаттың комутаторымен – 7 аппарат;

- қаламен байланыс – 4 аппарат;

- диспетчерлік байланыс комбинат директорымен, бас инженердің операторымен;

- жоғары дауысты байланыс, негізгі цехтармен.

 

 

Дабылдама жүйесі

 

Ұнтақтау бөлімшесінде дабылнаманың екі түрі орнатылған:

а) жабдықтың асқын жүктемелік режимде істеп тұрғанын білдіретін авариялық дыбысты және жарықты дабылнама.

б) негізгі жабдықтың іштен шығуы және тоқтауын білдіретін авариялық және жарықты дабылнама.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 87; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты