Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Босану кезіндегі қол әдісі




Мамандық: жалпы медицина

Дисциплина: акушерлік және гинекология

Кафедра: акушерлік және гинекологии

Курс: 4

Блок № 4: Босану физиологиясы

Тақырып №3: Босануды жансыздандыру.

Босану кезіндегі қол әдісі

 

 

Құрастырушы:

м.ғ.к. __________ Уразова У.М

 

Ақтөбе – 2010.

Кафедра мәжілісінде талқыланды

«_____»_________________ 2010 ж.

Бекітілді

Кафедра мәжілісінде

Хаттама № _____

«____» ______________ 2010 ж.

 

Акушерлік және гинекология

кафедрасы жетекшісі___________________Тусупкалиев А.Б.

к.м.н., доцент

 

Тақырып: Босануды жансыздандыру.

Босану кезіндегі қол әдісі

Мақсаты: тәліпкерлерді босануды жансыздандыру тәсілдеріне үйрету;

босану кезіндегі қол әдісіне үйрету

Оқу шешімдері:

Студент білу керек: босану басталуын, босану физиологиясын, және механизмін, ауырсыну табиғатын, ауырсынуды басу түрлерін, тәсілдерін, босану кезіндегі акушерлік қол әдісін, қосымша зерттеу тәсілдері: гистерография, УДЗ, ұрықтың КТГ.

Студент орындай білу керек: босанушыдан анамнез жинау дағдылары, жалпы объективтік және арнайы акушерлік зерттеулер, бой өлшеу, дене салмағын өлшеу, ішінің пішінін анықтау, көлемін өлшеу, жатыр түбінің тұру биіктігін, үлкен жамбас өлшемдері, жамбастың шыға беріс өлшемдері, шынайы конъюгатаны өлшеу, білек көлемін өлшеу, Михаэлис ромбы өлшемдері, сыртқы акушерлік зерттелердің 4 тәсілі қолданып ұрықтың орналасуын, позициясын, түрін, келіп тұрған бөлігін анықтау, ұрықтың келіп тұрған бөлігінің кіші жамбас кіре беріс жазықтығына қатынасы, ұрықтың жүрек соғысын тыңдау, ішкі акушерлік зерттеулер, кіші жамбас тереңдігін анықтау, сегізкөз ойығының пішінін байқау, ұрықтың келіп тұрған бөлігінің өлшемдеріне баға беру, қосымша зерттеу әдістеріне баға беру (УДЗ), ұрыққа КТГ, жүктіліктің мерзімін, ұрықтың болжам салмағы мен босану күнін анықтау.

4. Негізгі сауалдар:

- босану физиологиясы

- босануды жүргізу

- босануды жансыздандыру

- босану кезіндегі акушерлік қол әдісі

- қынаптық зерттеу
- жүктіліктің мерзімін, ұрықтың болжам салмағы мен босану күнін анықтау.

5. Үйрету және оқыту тәсілдері: сабақ басында ассистент топты тексереді (жоқ студенттер бар ма? Не себептен жоқ?) сауалдар арқылы сабақ тақырыбын анықтайды

Ассистент тесттік тапсырмалар арқылы студенттердің бастапқы білім деңгейін анықтайды (15 мин), тест тексеру – 5 минут, бастапқы білім деңгейін тексеру тестінің қорытындысын жариялап, қателіктерді талқылайды – 15 минут.

Сосын ассистент босану физиологиясы, босану кезіндегі ауырсыну сезімі қалыптасуын, себептері және осы кездегі жансыздандыру, жалпы босануды жүргізуді, босану кезіндегі акушерлік қол әдісін айтып, сыртқы акушерлік зерттелердің 4 тәсілі қолданып ұрықтың орналасуын, позициясын, түрін, келіп тұрған бөлігін анықтауды талқылап, қосымша зерттеу әдістеріне баға беру (УДЗ), ұрықтың КТГ, гистерография - (60 мин).

Келесі қадам - ассистент топпен бірге - босанушыға кеңес - қарау дағдыларын, фантомда, сосын босанушыға курация кезінде: бой өлшеу, дене салмағын өлшеу, іш пішінін анықтап және сыртқы акушерлік зерттелердің 4 тәсілі қолданып ұрықтың орналасуын, позициясын, түрін, келіп тұрған бөлігін анықтау тәсілдерін орындайды. Арнайы акушерлік зерттеу тәсілдерін орындап, қайталап, бекітеді: іш көлемі, жатыр түбінің тұру биіктігі, жамбастың сыртқы өлшемдері, сыртқы конъюгата, оны өлшеу және шынайы конъюгатаны есептеу, диагоналдық конъюгата, оны өлшеу және шынайы, конъюгатаны есептеу, Соловьев индексі, Михаэлис ромбы; с о н ы м е н, босанушы курациясынан соң, алған мәліметтерді интерпретациялайды, талқылайды – 162 минут.

Содан соң оқу бөлмесінде тақырыпты қайталап, бекітеді: интерактивті оқыту тәсілі - «Ыстық картоп», алған білім деңгейінің қорытынды тексеруі жүргізіледі.

Топқа тапсырма беріледі (мысалы: босануды жансыздандыру тәсілдері), студенттер 2 топқа бөлінеді, 1 топ – сұрақ қояды, теннис добын келесі топ студентіне лақтырады, ол тез жауаптың өз вариантын айтып, келесі студентке «ыстық картопты» беру керек, алған студент тағы өз вариантын айтады, осылай 2-ші топ түгел жауаптарын береді. 1 топ жауаптарды жазып отырады. 5-10 минутта топ толық жауап болу үшін варианттарды барынша көп айтуы керек. Қайталанған жауаптар есепке алынбайды. Тапсырма орындалған соң, 1-ші топ оқытушымен бірге парақтағы жауаптарды дауыстап оқып, талқылайды. Жауаптарының әрбір варианты қарастырылады - 30 минут.

Сабақ соңында оқытушы қорытынды жасап, жалпы игерген білім деңгейін бағалайды (6 минут) топты келесі сабақ тақырыбымен таныстырып, тақырыптың әдістемелік нұсқауларын береді (6 минут).

6. Әдебит:

1. Акушерство: Оқулық + CD/Г.М.Савельева редакц.- М., 2008.- 651 б.

2. Радзинский В.Е. Акушерство. Бөлім 1: Физиологиялық акушерство. Оқулық- М., 2002. - 10 б.

3. Акушерство: Оқулық. -. Э.К.Айламазян.- 3 басылым.- С.-Пб., 2000.- 145б.

7.Бақылау:

1. Босану кезіндегі жансыздандыруға жүктілерді дайындау:

А) анамнезі, демалыс жолдарын, омыртқаларын қарау,

ұрық орналасуын, босану қарқынын анықтау, қауып

факторларын анықтау

В) анамнезі, демалыс жолдарын, омыртқаларын қарау,

қауып факторларын анықтау

С) анамнезі, демалыс жолдарын қарау, босану қарқынын

анықтау, қауып факторларын анықтау

D) анамнез жинау, демалыс жолдарын, омыртқаларын қарау,

Е) анамнез жинау, омыртқаларын қарау, ұрық орналасуын,

босану қарқынын анықтау

 

2. Эпидуралдық анестезия қандай жағдайда беріледі:

А) босану қарқындылығы жеткілікті, жатыр мойны ашылуы

4см

В) босану қарқындылығына байланыссыз, жатыр мойны

ашылуы - 4см болса

С) босанушы ауырсынуға шағымданса болғаны

D) босану қарқындылығы орташа, ұрық жүрек соғысы

күшейсе

Е) босану кезінде күшену әлсіздігі болса

 

3. Аталған тәсілдердің қайсысы қалыпты босану кезінде жүргізілмейді:

А) эндотрахеялық жансыздандыру

В) психопрофилактикалық дайындық

С) седативтік препараттар

Д) регионалдық анестезия

Е) ингаляциялық анестетиктер

 

4. Аталған асқынулардың қайсысы эпидуралдық анестезияда кездеспейді:

А) естен тану

В) ауырсыну синдромы, бас ауруы

С) тырысу

Д) аллергиялық реакция

Е) неврологиялық реакция

 

5. Эпидуралдық анестезияға қарсы көрсеткіш:

А) коагулопатия бұзылысы, созылмалы бел тұсын ауырсыну

В) бас ауруы, миопия жоғары дәрежелі

С) мигрень, артериалдық қан қысымы төмендігі

Д) шемен, бас ауруы, миопия жоғары дәрежелі

Е) шемен, жады бұзылыстары, мигрень

 

6. Шұғыл кесар тілігі кезінде берілетін анестезия түрі:

А) жалпы анестезия

В) перидуралдық анестезия

С) көк тамыр анестезиясы + перидуралдық анестезия

Д) көк тамыр анестезиясы + жергілікті анестезия

Е) дұрыс жауап жоқ

 

7. Жалпы анестезия асқынуларына аталғандардың біреуі

жатпайды, атаңыз:

А) аяқтарын баса алмай қалуы

В) интубация дұрыс болмауы

С) аспирация

Д) анафилаксия

Е) жүрек айну, құсу, тамақ ауруы

 

8. Аналгезия дегеніміз:

А) ауырсынуды сезінудің жойылуы

В) ауырсыну айқын еместігі

С) бұлшық еттердің жансыздығы

Д) тыныс бұзылысы жоқ, ауырсыну айқын емес

Е) тыныс бұзылысы жоқ, бұлшық еттер жансыздығы

 

9. Анестезия дегеніміз:

А) сезімталдықтың толық жойылуы

В) ауырсынуды сезінудің жойылуы

С) ауырсыну айқын еместігі

Д) бұлшық еттердің жансыздығы

Е) тыныс бұзылысы, ауырсыну сезімі жойылуы

 

10.Анестезиологиялық қамтуға қауып факторларына

аталғандардың біреуі енбейді:

А) бұрын басын өткен операциялар

В) айқын семіздік, мойын, бет анатомиялық аномалиясы

С) қысқа мойын

Д) бронхиалдық астма

Е) бұрын басын өткен анестезиологиялық асқынулар

 

Ақпарат блогы:

Босану кезінде негізгі ауырсыну жатыр мойнында, одан соң күшену кезінде – іштің алдыңғы қабырғасының бұлшық еттері, ұрықтың сегізкөз – жатырлық байламасына күш түсіруі, қан тамырлары қабырғаларының жаншылуы себептерінен болады. Жүктілер босану кезіндегі ауырсыну жөнінде әрқилы әңгіме естіп, үрейлене жүреді. Осы үрейді, қорқынышты, шынымен ауырсынуды азайту үшін, ең бастысы психопрофилактикалық дайындық болып табылады. .

Психопрофилактикалық дайындық мақсаты – босану кезіндегі ауырсыну сезіміне қатар жүретін психогендік факторларды азайту, немесе жою, босану процесіне позитивті көз қарас қалыптастыру.

Психопрофилактикалық дайындық жүктілік басынан әбден босануға дейн жүргізілуі тиіс, босану кезінде жалғастырылады. Психопрофилактикалық дайындық 5 – 6 сабақтан тұрады, ол кезде анатомиядан бастап босану процесі және босанудағы өзін билеуі толық түсіндіріледі.

Медикаментозды жансыздандыруға негізгі талап: ауырсынуды жақсы жою, ұрыққа және анасына теріс ықпалы болмауы немесе аз болуы, қарапайымдылығы және кең қолдануға жеткіліктілігі.

Жансыздандыру босану процесінің бірінші кезеңінде ретті толғақ болып, жатыр мойны 3 – 4 см ашылғанда басталады. Босанушы дені сау, босану процесі ретті болуы тиіс. Жансыздандырушы препараттарды бөлек және комбинирлеп жасауға болады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 168; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Босанудың II кезеңін жүргізу. | Блок 9. №1 тақырыбы. «Жатыр мойнының фонды және рак алды аурулары
lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты