Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Дипломдық жұмыстың жалпы ережелері




Азақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Азақ Гуманитарлық-Заң Университеті

Ық жоғары мектебі

«БЕКІТЕМІН»

ЖМ директоры

З.ғ.д., профессор

____________У. Шапақ

Ж.

Дипломдық жұмысты (жобаны) рәсімдеу және қорғауға ұсыну бойынша Ереже

Астана

Дипломдық жұмысты (жобаны) рәсімдеу және қорғауға ұсыну бойынша Ереже Қазақ Гуманитарлық-Заң Университетінің Құқық жоғары мектебі бойынша 5В030100-Құқықтану, 5В030200-Халықаралық құқық, 5В030300-Құқық қорғау қызметі мамандықтарының студенттеріне арналған.

 

Құрастырған: з.ғ.к., доцент Наурызбай А.Ж. және құқықтану магистрі, аға оқытушы Танатарова З.Л.

Корректор з.ғ.к., доцент Жангуттинова Д.М.

 

Ереже Қазақ Гуманитарлық-Заң Университетінің құқық жоғары мектебінің Кеңесімен ұсынылады.

 

Хаттама № _____ от «____» ___________2014 ж.

 

Құқық жоғары мектебінің

Директор

з.ғ.д., профессор Шапақ У. «_____» _________2014 ж.

 

 


МАЗМҰНЫ

 

Жалпы ережелер
Дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдау және бекіту
Дипломдық жұмысқа ғылыми жетекшілікті жүргізу
Дипломдық жұмыстың (жобаның) мазмұнын (жоспарын) дайындау тәртібі
Ақпараттық қайнар көздерді таңдау және зерттеу
Тәжірибелік материалдарды жинау және талдау
Дипломдық жұмысты (жобаны) мазмұнына және оны ресімдеуге қойылатын талаптар
Дипломдық жұмыстың (жобаның) мәтінін ресімдеуге қойылатын талаптар
Дипломдық жұмыстың (жобаның) қорғау алдындағы нұсқасын ресімдеуге қойылатын талаптар
  Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау және бағалау тәртібі  

 

Дипломдық жұмыстың жалпы ережелері

Дипломдық жұмыс (жоба) мамандықтың оқу жоспарына сәйкес оқудың қорытынды кезеңіде орындалатын жазбаша бітіру жұмысы болып табылады.

Дипломдық жұмысты орындаудың мақсаты:

1) студенттердің оқу барысында алған теориялық және тәжірибелік, кәсіби білімдерін жүйелеу, бекіту және кеңейту; нақты ғылыми, техникалық, экономикалық және өндірістік міндеттерді шешуде қолдану;

2) өзіндік жұмысты жүргізу дағдыларын дамыту, ғылыми зерттеу және мәселелер мен сұрақтарды шешуде сараптау әдістемесін игеру;

3) студенттің дайындық, оның заманауи мәдениет, ғылым мен техниканың әр түрлі салаларында өз бетінше жұмыс істеуіне көмектесетін тәжірибелік дағдыларды, кәсіби құзырлықты меңгеру деңгейін анықтау болып табылады.

Дипломдық жұмыс (жоба) ғылыми жетекшінің жетекшілігімен орындалып, келесі талаптардың біріне жауап беруі тиіс:

- ғалымдар, сарапшылар, тәжірибелік мамандар, инженерлер, инженер-құрастырушылар жүргізген зерттеулер мен жобалық шешімдердің нәтижелерін зерттеу және жинақтау;

- зерттелетін нысан бойынша ғылыми-негізделген теориялық қорытындылар мен ұсыныстардың болуы;

- нақты міндеттерді, сұрақтар мен мәселелерді шешуге бағытталған ғылыми-негізделген нәтижелер болуы керек.

Дипломдық жұмыс (жоба) мамандық бойынша әдебиеттерді (оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар, ағымдық әдебиеттер, лекциялық курстар, соның ішінде шетел тілінде, нормативтік әдебиет және т.б.) тереңінен зерттеу негізінде орындалады

Дипломдық жобаның дипломдық жұмыстан ерекшелігі мынада: дипломдық жоба сала бойынша ғылыми және практикалық құндылығы бар ғылыми-шығармашылық жұмыс (бір тақырып бойынша жарияланған ғылыми еңбек сериясы ретінде, оқу фильмі немесе электрондық басылым ретінде) формасы ретінде орындалуы мүмкін. Дипломдық жоба ғылыми-шығармашылық жұмыс формасы ретінде студентпен орындалуы түлек шығарушы кафедраның шешімімен бекітіледі. Жұмыс көлемі мен күрделілігіне байланысты ғылыми-шығармашылық жұмыстың орындау түлек шығарушы кафедраның шешімімен екі студентке рұқсат етілуі мүмкін. Дипломдық жоба екі міндетті бөліктен тұрады: түсіндірме хат пен кестелік материал. Түсіндірме хат өз құрылымы мен рәсімделуі бойынша дипломдық жұмысқа ұқсас, одан азғана ерекшелігі бар. Дипломдық жобаның екінші міндетті бөлігі кестелік материал болып табылады; ол қағаз және машиналық вариантта, Power Point бағдарламасымен жасалған слайдтар түрінде болады. Бұл материалдар көрнектілік формасында студентпен негізгі нәтижелер мен ұсыныстар ретінде көрсетіледі. Түсіндірме хат көлемі бір интервал арқылы 10-20 бет терілген мәтіннен құралады. Студент өзі кестелік материал көлемін жеке таңдайды, дипломдық жоба қойылған міндеттерді шешу үшін жеткілікті болады.

Дипломдық жұмыстың (жобаның) өзектілігі оның қажеттілігін және автор алдында тұрған белгілі бір мәселені (міндеттер, сұрақтар) шешу маңыздылығын сипаттайды

Дипломдық жұмыстыңғылыми жаңалығыұқсас зерттеулердің болмауымен немесе жеткіліксіздігімен, тақырыптың жаңалығымен, әдістемелік шешімімен, міндеттер, мақсаттар, болжамдарды қою бірегейлігімен анықталады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 132; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты