Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Бірінші бет




Бірінші бетдипломдық жұмыстың (жобаның) бірінші беттері болып табылады және құжатты өңдеу және іздеу үшін мәлімет беретін ақпарат көзі ретінде қызмет етеді.

Мұқабада келесі ақпараттар беріледі:

- Дипломдық жұмыс (жоба) орындалған мекеменің аты;

- Дипломдық жұмыс (жоба) орындалған кафедраның аты,;

-кафедра меңгерушісінің бекіткен қолы;

-жұмыс түрі – дипломдық жұмыс немесе дипломдық жоба;

- дипломдық жұмыстың (жобаның) аты «тақырыбында:» - деген бастаумен,

- мамандықтың шифрі және атауы,

- сол жақтан - «орындаған» сөзі, оң жақта қарсыда студенттің фамилиясы мен аты жөні жазылады,

- бір жол төменде «ғылыми жетекші»және оның фамилиясы мен аты жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы жазылады,

- қала, жыл.

Бірінші бет дипломдық жұмыстың беттерінің жалпы нумерациясын қамтиды. Бірінші бетке номер қойылмайды.

Дипломдық жұмысты жазу барысында студенттерге оны әрбір бөлімінде келесі ұлгі мазмұнды ұстанған жөн.

Дипломдық жұмысқа (жобаға) тапсырма.

Дипломдық жұмысқа (жобаға) тапсырмада бастапқы материалдар мен дерек көздерін сипаттау, студент әзірлейтін сұрақтар тізімі, ұсынылған әдебиеттер тізімі, графикалық материал тізімі, дипломдық жұмысты (жобаны) жазудың толық күнтізбелік кестесі болады. Дипломдық жұмысқа (жобаға) тапсырманы жұмыстың аяқталу мерзімін көрсетіп, кафедра меңгерушісі бекітеді және ол бірінші беттен кейін нөмірленбей дипломдық жұмысқа (жобаға) қоса тігіледі, бірақ беттердің жалпы санына кіреді.

Дипломдық жұмысқа (жобаға) тапсырмада студенттің өзі, ғылыми жетекші және көзделген жағдайда тапсырыс берушінің (жұмыс берушінің) өкілі қол қояды.

Мазмұны. Дипломдық жұмыстың (жобаның) мазмұнынакіріспе, барлық тараулар мен параграфтардың реттік сандары мен атаулары, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалардың атауы кіреді.

Мазмұнында дипломдық жұмыстың әрбір элементінің қарсысына ол басталатын беттің номері қойылады.

Кіріспе. Кіріспедедипломдық жұмыс (жоба) тақырыбының маңыздылығына негіздеме, ғылыми жаңалығы мен тәжірибелік маңызы, шешілетін ғылыми мәселенің қазіргі жағдайын бағалау, сонымен қатар дипломдық зерттеудің мақсаты, міндеттері, объектілері және нысаны қалыптастырылып, дипломдық жұмысты (жобаны) жазудың теориялық және әдіснамалық негізі мен тәжірибелік базасы (жалпыланған түрде: тиісті заңнамалық актілер, оқу әдебиеттері, монографиялар, ғылыми еңбектер, мерзімді басылымдер материалдары және т.б.) суреттелуі қажет.

Негізгі бөлім (бөлімдер мен параграфтар).Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлімінде зерттеудің нормативтік-құқықтық базасы, орындалған жұмыстың мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен негізгі нәтижелерін бейнелейтін мәліметтер беріледі. Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлімі, әдетте, тараулар мен тараушаларға (бөлімдер мен параграфтар) бөлінеді. Сонымен қатар жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша негізгі бөлімде дипломдық жұмысты орындаушы автордың немесе басқа да ғалымдардың (міндетті түрде аталмыш авторларға және ақпарат қайнар көздеріне сілтеме жасалуы тиіс) зерттеу сұрағын жетілдіруге бағытталған ұсыныстары талдануы мүмкін.

Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімінің мазмұны мамандықтың, зерттеу тақырыбының ерекшелігімен анықталынады және ғылыми жетекшімен келісілген түрде бекітіледі. Әдетте құрылымы 2-4 бөлімдерден тұрады. Әрбір бөлімдер мен параграфтар өзіндік тұжырымдар аяқталуы тиіс.

Ұсынылады: дипломдық жұмыстың 1- тарауы жұмыстың теориялық бөлімін ашуға арналады, 2-тарау салыстырмалы-тарихи, салыстырмалы талдау немесе мәселелер немесе сұрақтарды шешудің халықаралық тәжірибесі мазмұндалады, 3-тарауда өндірістік тәжірибеден өткен орыны бойынша жинақталған материалдар мен нәтижелердің талдауы және де зерттеліп отырған мәселе бойынша заңнамаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар көрініс табуы қажет.

Қорытындыда дипломдық зерттеу нәтижелері бойынша қысқаша теоретикалық және тәжірибелік қорытындыларды, қойылған міндеттерді шешу толықтығын бағалауды, талданатын зерттеу нысаны бойынша нақты ұсыныстарды қамтуы қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Аталмыш тізім «Қорытынды» бөлімінен кейін дипломдық жұмыстың сонында келтіріледі (Қосымша Г). Бұл тізімге тек шын мәнінде студентпен дипломдық жұмысты жазу барысында қолданылған қайнар көздер енуі тиіс. Сонымен қатар тізім пайдалану кезегі тәртібімен құрылады.

Қосымшалар. Қосымшаларға негізгі бөлімде көрініс таппаған дипломдық зерттеуді орындауға байланысты материалдар жатады. Дипломдық жұмыста (жобада) қабылданған шешімдерге, мәліметтердің нақтылығы мен объективтілігі үшін жауапкершілік студентке – дипломдық жұмыстың (жобаның) авторына жұктеледі.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 84; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты