Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Диплом жұмысын қорғау мен бағалау тәртібі




Диплом жұмысын (жобасын) қорғау тәртібі білім саласындағы уәкілетті органмен бекітілген білім ұйымдарында білім алушылардың ағымдағы үлгерімін бақылау, мемлекеттік аралық және қорытынды аттестациялау Ережесімен айқындалады.

Диплом жұмысын (жобасын) қорғаубелгіленген мерзімде Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының (МАК) ашық отырысында университетте жүргізіледі.

Диплом жұмысын (жобасын) қорғау ашық нысанда кафедра оқытушылар мен студенттердің қатысуымен ұйымдастырылады. Қорғауға ғылыми жетекші шақырылуға тиіс, сонымен қоса дипломдық зерттеу жүргізілген ұйымның өкілі және өзге де мүдделі тұлғалар шақырылуы мүмкін.

Студент диплом жұмысын (жобасын) қорғауға тыңғылықты дайындалуы тиіс: баяндама (хабарлама) тезисін құрастыру, иллюстратциялық материалдарды (кесте, схема, диаграммажәне т.б.) дайындау; диплом жұмысының белгілі бір теориялық және тәжірибелік маңызын ашатын келтірілген ең маңызды ережелердің мазмұнын жеке параққа шығару.

Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының (МАК) алдында диплом жұмысын қорғауда студент диплом жұмысының мақсаты мен міндеттерін қысқа да нұсқа сипаттайды, маңызды ережелерін ережелерін негіздейді және хабарлайды және де өзінің қортындылары мен ұсыныстарын келтіреді. Баяндама (хабарлама) үшін студентке 15 минуттан артық емес уақыт беріледі.

Диплом қорғаушыға МАК төрағасы мен мүшелері сұрақтар қояды және диплом жұмысын қорғауға қатысушылардың кез келгені сұрақ қоюы мүмкін.

Диплом қорғаушыға қойылған сұрақтарға қысқа да нақты жауап беруі тиіс.

Қорғауға қатысқандар жұмыстың нәтижесін талқылауға араласуға құқығы бар.

Талқылап болғаннан кейін МАК хатшысы ғылыми жетекшінің пікірін және сын-пікірді есепке алады. МАК отырысында диплом жұмысының сипаты жөнінде ғылыми жетекшіге оның сұрауы бойынша және студент –диплом қорғаушыға сөз берілуі мүмкін.

Диплом қорғаушыға пікірде, сын-пікірде және/немесе баяндауындағы ескертпелерге жауап беру мүмкіндігі беріледі.

Диплом жұмысын( жобасын) бағалау балдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша МАК жабық отырысында анықталады және қорғаудың соңында сол күні аталған комиссияның төрағасы ашық түрде жариялайды.

Диплом жұмысын белгіленген мерзімде жазбаған және/немесе қорғамаған студент келесі оқу жылының соңында диплом жұмысын қорғау құқығын бере отырып университеттің студенттерінің қатарынан шығарылады.

Диплом жұмысы және Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының алдында оны қорғау диплом бере отырып сәйкесінше мамандық бойынша академиялық дәреже немесе біліктілік берудің міндетті шарты болып табылады.

 

Қосымша А

 

 

Кафедра меңгерушісі

«________________________»

з.ғ.к., доцент ТАЖ

№ және тобының атауы топ студентінің ТАЖ.

 

 

Өтініш

 

Маған №__ «Тақырыптың атауы» диплом жұмысының тақырыбын бекітіп және ғылыми жетекші ретінде лауазымы және ТАЖ тағайындауыңызды сұраймын

 

 

«____» ______________ 2015ж. ________________

(толтырылған ай-күні) (қолы)

 

Қосымша Б


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 106; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты