Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ФРЖ пайда болуының құпиясы




Қазіргі уақыттағы ФРЖ құрылмай тұрып АҚШ-та екі рет ұлттық банк құруға талпыныс болды. Бірінші талпыныс Александр Гамильтонның есімімен байланысты. Ол 1791 жылы құрылып 1811 жылға дейін жұмыс атқарды. Екінші талпыныс 1816 жылы болды. Бұл банк 1812 жылы болған соғыстан кейінгі инфляцияны тұрақтандыру үшін конгрестің шешімімен құрылды.

Заң жүзіндегі тарихи мәліметтерге сүйенсек, сіз ФРЖ-ның құрылуы қарсаңында 1910 жылдың қараша айында Джекилл аралында болған құпия кездесу туралы біле алмайсыз. Бұл кездесу туралы мәліметті атақты «Форбс» журналының құрылтайшысы Берти Чарльз Форбс 1916 жылы букілімен бөлісті. Оның айтуынша: «Нью-Йоркті түн жамылып, теміржол вагонында кетіп бара жатқан ең басты банкирлерді көзіңізге елестетіп көріңіз. Қаладан жүздеген миль жерде олар қайыққа отырып, тек қызмет етуші адамдар бар аралға барады. Банкирлер аралда бір жеті тұрады. Бұны ұйымдастырушы Нельсон Олдридж болатын. Ол Генри Дэвисон, Фрэнк Вандерлип, Пауль Варбург және Пайэтт Эндрюді алдын ала ескертіп, сол жерге жету жолын көрсеткен. Бір жеті ішінде АҚШ-қа арналған ғылыми валюталық бағдарлама әзірленген болатын. Дәл осылай Джекилл аралында ФРЖ құрылған болатын.(№5)

1913 жылдың 23 желтоқсанында АҚШ президенті Вудро Вильсон Федеральдық Резервтік Жүйе туралы заңға қол қойды. Оның ең басты мақсаты: «Федеральдық резервтің банктерін құру, ақша жүйесін бір қалыпта ұстау, АҚШ-тың банктерін қадағалайтын жемісті бақылау орнату болды».

Осы заңды қабылдап АҚШ-тың билік басындағы адамдар Америка Құрама Штаттарының ақшасы мен несиесіне байланысты бар билікті Ротшильдтер отбасы басқарған бір топ банкирлер қолына берді. (№6)

Юстас Муллинстің «Федеральдық резервтік жүйенің құпиялары» атты еңбегінде ФРЖ-ның шығу тарихы мен мәнін түсіндіріп,оның әлемдегі құбылыстарға әсерін көрсетті.

Муллинс ФРЖ-ны өте жақсы түрде суреттейді. Оның еңбегіде ФРЖ-ның артында кім тұрғаны «Сұрақтар және жауаптар» атты бөлімінде анық жазылған:

«Сұрақ: Федеральдық резервтік бантердің акциялары кімнің қолында?

Жауап: Ешбір нәсілге де, дінге де немесе ұлтқа да мән бермейтін Әлемдік қалыпты басқарушы династиялық отбасылар, интернационалистер. Бұл Ротшильдтер, Варбургтер, Шиффтер, Рокфеллерлер, Гарримандар, Моргандар және тағы басқа элита есебінде әлемге әйгілі отбасылар немесе «қалың қалталылар».

Әрине бұл тізімде иудейлердің басым екені көрініп тұр. Бірақ Муллинс оған көп мән бермеген. (№7)

АҚШ-тың құл болғанын көрсету үшін мына мәліметтерге зер салайық. 1913 жы АҚШ-та орта айлық жалақы жылына 633 долларды құрады, және де АҚШ үкіметінде қарыз болмады. Алтын унциясы сол кезде 20,67 доллар тұрды. Алтынға қарағанда орта жалақы мөлшері 30,6 унцияны құрады. 2013 жылдың қараша айындағы мәліметтерге қарағанда орта жалақы мөлшері жылына 51,600 долларды құрады. Алтынға қатынасы 51,600/1237,3=41,7 унция. 100 жыл ішінде еңбек өнімділігінің орташа өсіміне қарамастан шын мәнісінде жалақы бірнеше пайызға ғана өсті. Толығымен қарағанда, алтынның бағасының өсуі ақша эмиссиясын қадағалау болмады. Соның нәтижесінде АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 1913 жылғы нөлден 2013 жылы 17,2 триллион долларға өсті. Қызық үшін мынаған назар аударайық, АҚШ-тың мемлекеттік қарызы: 2013 жыл 28 қараша, сағат 11:51:47 секунд кеткенде – 17,224,167,600,000 доллар, сағат 11:51:48 секунд кеткенде – 17,227,167,647,500 доллар.

 


 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 82; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты