Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Орытынды




 

1. Америка экономикасында шешілмейтін қарыз проблемасы орын алған, бұл тұрғындар мен компаниялардың банктер алдындағы және АҚШ-тың сыртқы әлем алдындағы қарыздары. Шын мәнісінде банктер тұрғындарға берген несиелерін қайтара алмағандықтан, банкроттыққа ұшырайды. Ал өздерінің салымдарын банкте сақтағандардың барлығы да, өз кезегінде олардан айырылады.

2.АҚШ басқа елдермен салыстырғанда шамадан тыс әлеуметтік міндеттемелер мен жалақыға кететін үлкен шығындарға ие. Бұның ақыры АҚШ экономикасындағы өнім өндіру саласының құлдырауына әкелуі мүмкін.

3. ФРЖ-нің артқа шегінуі екіталай. АҚШ конгресі ФРЖ-ні мемлекеттік мекеме қылуға әлі де тырысатыны сөзсіз. Не Америка техникалық дефолт жариялайды, не шарды одан әрі үретін болады.

Америка үкіметі пайда болған дағдарысты қалайша басатындығын қарап көрейік. Мәселені шешудің негізгі құралы ретінде қосымша ақша ынталандыру таңдалынды. АҚШ үкіметі жаңадан басып шығарылған долларларға АҚШ-тың коммерциялық банктерінен бағалы қағаздарды сатып ала бастады. Мемлекеттен алған ақшаларын банктер экономиканың жеке секторларын несиелендіруге жұмсады, алайда тұрғындар әлі күнге дейін жаңа қарыздар алуға асықпай, бұрынғысынша банктер алдындағы қарыздарын жауып жатыр. Нәтижесінде, тұрғындардың қарызы 2008 жылғы $14 трлн.-нан 2011 жылы $13,2 трлн.-ға дейін қысқарды. Американдық компаниялар да өздерінің қарыздарын өсіруге асығып жатқан жоқ. Осы аралықтағы олардың банктер алдындағы қарызы $11,42 трлн.-нан $11,5 трлн.-ға немесе тек $80 млрд.-ға дейін ғана өскен. Сондықтан да, АҚШ тұрғындар мен жеке секторлардың жалпы төлемқабілеттік сұранысы әлі күнге дейін төмендеп жатыр.

Бүгінгі қалыптасқан проблемадан шығу үшін тұрғындар өздерінің төлем қабілеттік сұранысын төмендетпей-ақ банктермен есеп айырыса алатындай етіп, оларға қосымша табыс көздерін ұсыну қажет. АҚШ үкіметі қосымша ақша шығару арқылы жеке компаниялардан және жеке адамдардан оларға тиесілі акцияларын сатып алу арқылы адамдарға қосымша табыс береді. Тұрғындар өздеріне тиесілі бағалы қағаздарды олардың өскен құны бойынша сата отырып, қосымша пайда табады. Бұл пайда олардың жеке тұтынуларына да және банктер алдындағы қарыздарын қайтаруға да жеткілікті болып табылады.

Сонымен қатар, АҚШ үкіметінің әлеуметтік міндеттемелері экономика үшін тағы да бір проблема болып табылмақ. 1970 жылдан бастап, америка үкіметі өзінің тұрғындарына зейнетақы, медицина мен білім беруді қамтамасыз ету, түрлі әлеуметтік төлемдер мен т.б. төлемдерді қоса алғанда әлеуметтік кепілдікті $40-$50 трлн. төлеуге сөз берген еді. Алайда қазіргі кезде Штат үкіметінің тауарлар мен қызметтерді уәде берген көлемде орналастыруға физикалық тұрғыдан алғанда күші жетпейді.

Осыған байланысты ерте ме кеш пе АҚШ үкіметі өзінің берген уәдесінен бас тартып, әлеуметтік бағдарламаларды қысқарта бастайды. Осындай шараны бүгінгі күні Греция, Испания, Ирландия, Исландия, Латвия және Литва мемлекеттері жасап жатыр. Ал Құрама Штатарының өзінде де Калифорния, Флорида және Висконсин сияқты штаттарының басшылықтары әлеуметтік міндеттемелерді төмендету немесе бас тарту бойынша қадамдарға біртіндеп барып жатыр.

Әлеуметтік міндеттемелерді қысқартудың ауыр және танымал емес жолының орнына АҚШ үкіметі басқа бір жолды таңдай алады: бұл инфляция жолы. Бұл үшін америка үкіметіне 5-7 жылдың ішінде доллардың сатып алу құнын 3-5 есеге төмендетуге тура келеді. Яғни өз мемлекеттерінің ішінде валютаны қайтадан инфляцияға ұшыратып отырады. Мұндай жағдайда бұрындары $100 тұрған зат қазір $300 тұратын болады. Сондықтан да, АҚШ үкіметі тұрғындар алдындағы міндеттемелерін бұрынғы көлемінде нақты жүзеге асырып отырады, бірақ енді тұрғындар осы сомаға 3-5 есе аз тауарлар мен қызметтер сатып алатын болады.

Қалай десек те, инфляция америка экономикасындағы барлық проблемаларды бірдей шешуге мүмкіндік беретін жалғыз құрал болып табылмақ. Тек қана инфляциялық жол мемлекеттің әлеуметтік міндеттерін жеткілікті деңгейге дейін төмендете немесе мүлдем құрта, жұмысшылардың нақты табыстарын төмендете және АҚШ мемлекетіне өндіріс ошақтарын қайтара алады. Сондай-ақ, инфляция экономиканың дамуына кедергі келтіріп отырған қарыздардан да құтылуға мүмкіндік береді. Ал бұл инфляцияның модераторы ФРЖ.

Иудейлер билік нәтижесінде құлдыққа салынған Американы жаулаған рухани қасірет әлдеқайда қорқынышты: мемлекет құрылуына негіз болған христиандық принциптерді халық соңына дейін жоғалтты. Қазір Америка халқы индивидтің қандай да болсын жамандығына төзімді аты жоқ массаға айналуда.

 

 

 

Қосымша


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 50; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты