Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Р Ұлттық банкісінің ақша-несие саясаты




Ақша-несие саясаты– бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге және жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттің ақша-несие саясатын (АНС) жүргізуші болып табылады. Нақтырақ айтсақ ақша-несие саясатының бағдарламасын және қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ҚҰБ Басқармасы анықтайды, ал Директорлар кеңесі оны жүргізеді және өзге ресми мөлшерлемелерді белгілейді. Сонымен қатар АНС-ның жүзеге асырылуына ҚҰБ-нің ақша-несие саясаты жөніндегі Техникалық комитеті тікелей жауап береді. Техникалық комитет әр апта сайын АНС-на байланысты мәжіліс өткізеді және ұсыныстар жасайды. Оның құрамы 13 мүшеден: басшы, екі орынбасары, төрт департамент директорлары, төрт басқарма бастықтары, Төрағаның кеңесшісі және Қаржылық қадағалау агенттігінен бір өкіл кіреді.

АНС-ның мақсаты - инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету. 2004 жылдан бастап, ҚР Ұлттық банкінің қолданып отырған ақша-несие саясатының құралдары екі топқа бөлінеді.

· Тікелей құралдар (несие бағасы мен немесе сомасына тікелей бақылауға арналған):

- несиенің бағасын (Р - сыйақы мөлшерлемесін) не санын (Q) белгілеу немесе шектеу;

- коммерциялық банктердің балансына қатысты несиелік лимиттер белгілеу.

· Жанама құралдар (нарыққа ықпал ету арқылы ақшаға деген сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуге арналаған):

- ашық нарықтағы операциялар;

- міндетті резервтік талаптар;

- несиелеуге және вексельдерді қайта есепке алуға байланысты операциялар.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс-жүзінде қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу, қысқа мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.

2007 жылғы ҚР Ұлттық банкі мынадай операциялар бойынша ресми сыйақы мөлшерлемелерді белгіеді:

· ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;

· РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;

· банктерден таратын депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі.

Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі - ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс мен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді.

РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері – жылдық пайыздық мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде қолданылады. РЕПО-ның мақсатты мөлшерлесінен ауытқу жағдайында ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы мөлшерлемелерін реттеу арқылы сыйақы мөлшерлемелерінің елеулі ауытқуын болдырмау.

Банктерден таратын депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі - Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктердің уақытша бос қражаттарын тартуға байланысты қолданылады.

ҚҰБ-нің ресми сыйақы мөлшерлемелерін төмендегідей 1-кестемен беруге болады.

1-кесте. Ұлттық банктің ресми сыйақы мөлшерлемелері*

пайызбен, кезеңнің соңына

  Сыйақы мөлшерлемесінің түрлері 2000 ж 2001ж 2002ж 2003ж 2004ж 2005ж 2006ж 2007ж
1. Қайта қаржыландыру 9,0 7,5 7,0 7,0
2. Овернайт займдары бойынша 8,0 8,5 - - -
3. РЕПО операциясы бойынша, соның ішінде: овернайт 1 апта 2 апта Кері РЕПО операциясы бойынша 1 апта     - 6,5 5,5       5,5     5,5 5,5 5,5     4,5 4,5 4,5     4,25 4,25 4,25      

* Дерек көзі: Сандық мәліметтер ҚҰБ статистикалық бюллетенінен алынған.

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2007 жылдың екінші жартыжылдығында жағдайдың өзгерісіне және банктердегі өтімділіктің ғаламдық дағдарысқа негізделген өтімдлік тапшылығының туындауына әсер ете отырып, банктердің өтімділігіні қолдау арқылы қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде қадамдар жасады. Қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету пайдасына жасалған таңдау дұрыс болды және де көптеген орталық банктер, оның ішіне дамыған елдердің банктері осы жолды таңдады.

Банктерді теңгедегі қысқа мерзімді өтімділікпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2007 жылғы тамыздан бастап кері РЕПО операцияларын жүргізу көлемін ұлғайтты, шетел валютасын кепілге бере отырып, сондай-ақ банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі еркін айырбасталатын валютадағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтарды кепілге бере отырып валюталық СВОП операцияларын жүргізе бастады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзінің қысқа мерзімді ноталарын мерзімінен бұрын өтеу практикасын жаңартты.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қайта қаржыландыру заемдарының жаңа нысанын, атап айтқанда банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі ұлттық валютадағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтарды кепілге бере отырып қысқа мерзімді заемдар енгізді. Осы қайта қаржыландыру операциялары 7 күн мерзіммен жүргізілді.

2007 жылғы тамыз – желтоқсан аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 723,9 млрд. теңге көлемінде кері РЕПО операцияларын, 4043,1 млрд. теңге көлемінде валюталық СВОП операцияларын жүргізді. 2007 жылғы желтоқсанның аяғындағы жағдай бойынша банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алдындағы кері РЕПО операциялары бойынша өтелмеген берешегінің көлемі 4,0 млрд. теңгені, валюталық СВОП операциялары бойынша өтелмеген берешегінің көлемі 123,8 млрд. теңгені құрады.

2007 жылғы тамыздан бастап банктер тарапынан қысқа мерзімді ноталарға деген сұраныс біршама қысқарды, нәтижесінде айналыс мерзімі 28 күн болатын ноталар ғана шығарылды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің депозиттер тарту бойынша жүргізілген операцияларының көлемі аз болды. Бұл банктердің «бос» өтімділігінің болмауына байланысты болды.

Нәтижесінде айналыстағы ноталардың көлемі 228,9 млрд. теңгеге дейін (тұтастай алғанда 2007 жылы – 57,1% төмендеді), банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттерінің көлемі 9,9 млрд. теңгеге дейін (тұтастай алғанда 2007 жылы – 92,4% төмендеді) қысқарды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2007 жылғы тамыз-желтоқсанда ішкі валюта нарығында басым түрде шетел валютасын сатушы ретінде болды. Шетел валютасын нетто-сату көлемі 6,5 млрд. АҚШ долл. жетті.

Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігін 2007 жылғы тамыз-желтоқсанда 58,2 млрд. теңгеге толықтыру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі нарықтағы операцияларының нәтижесі болды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тамызда ең төменгі резервтік талаптар тетігі қайта қарады. Өзгерістер резервтік міндеттемелер базасын қысқартуға және резервтік активтер құрылымын ұлғайтуға арналды, бұл бағалау бойынша банктерге 150 млрд. теңгені қосымша босатуға мүмкіндік жасады. Бұл өзгерістер 2007 жылғы 9 қазаннан бастап күшіне енді.

Ақша ұсынысының өсу қарқынының айтарлықтай төмендеуі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2007 жылғы шараларының нәтижесі болды. 2007 жылы ақша базасы 1464,3 млрд. теңгеге дейін 2,5% (2006 жылы – 126,4% кеңейді) тарылды. 2007 жылғы қаңтар-қараша аралығында ақша массасы 4521,0 млрд. теңгеге дейін 22,9% (өткен жылдың қаңтар-қараша аралығында – 64,0%), айналыстағы қолма-қол ақша 686,1 млрд. теңгеге дейін 14,2% (27,4%) ұлғайды.

Ең төменгі резервтік талаптар. Ақшалай нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несиелер көлемін реттеуде, банктің өтімділік деңгейін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.

Резервтік талаптар ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік талаптар, бір жағынан, сақтандыру институттарының жоқ кезінде, коммерциялық банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация процесін реттеу қызметтерін атқарады.

Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген ²ҚР коммерциялық кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы² нұсқауға сәйкес, бастапқыда міндетті резерв нормасы депозиттік міндеттемелердің 18-20%åòòiåòòi мөлшерінде бекітілген болатын. Кейінен оның мөлшері 6%-ға дейін төмендеді.

Банктердің резервтерінің артық болуы, яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің альтернативтік тәртібіне өтуге, яғни бұл банктердің пруденциялдық нормативтерді орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінің төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің “Ең төменгі резервтік талаптар туралы” ережесіне сәйкес банктерді мүмкін және күтпеген шығындардан сақтау үшін екінші деңгейдегі банктер Ұлттық банк белгіленген резервтік талаптардың нормаларын орындауы міндетті.

Осыған байланысты 2004 жылдан бастап, банктер ай сайын резервтік талаптарды орындау туралы есеп береді. Ең төменгі резервтік талаптардың көлемі, банктің банктерден басқа заңды және жеке тұлғалардың алдындағы барлық депозиттік міндеттемелерінен белгіленген пайыз мөлшерінде анықталады.

2006 жылы ең төменгі резервтік талаптар бұрынғы 6% деңгейінде сақталғанына қарамастан, ең төменгі резервтік талаптарды есептеу базасы кеңейді және резервтік активтердің тізбесі қысқарды.

2006 жылың 12 шілде айынан бастап, міндетті резерв нормасын белгіленетін банктік міндеттемелер құрылымы төмендегідей түрлерге өзгертілді:

- банктердің ішкі міндеттемелері бойынша міндетті резерв нормасын 6% деңгейінде белгілеу. Мұндағы банктің ішкі міндеттемелері қайтару мерзіміне байланыссыз резиденттердің алдындағы банктің міндеттемелерінің сомасын сипаттайды.

- банктердің өзге де міндеттемелері бойынша міндетті резерв нормасы – 8%-ға белгіленді. Мұндағы банктің өзге де міндеттемелері бейрезидент алдындағы банктің міндеттемелері мен резиденттік белгісіне байланыссыз қарыздық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерінің сомасын білдіреді..

Ашық нарықтағы операцияларбұл Ұлттық банктің айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операциялары.

Бұл біршама ақша массасын, коммерциялық банктердің өтімділігі және несиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады. Оның негізгі мәні ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердің несиені эмиссиялауын шектеуді білдіреді. ҚР Ұлттық банкі нарықта бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып алушылардың резервтік шоттарынан тиісті соманы ұстап қалады. Сөйтіп, керісінше, банктерге несие беруді және ақша шығаруды ынталандыру мақсатында Ұлттық банк бағалы қағаздарды сатып алады да, тиісті соманы банктердің резервтік шотына қайта аударады.

Айналыстағы ақша массасына ықпал ету мақсатында ҚҰБ айналысқа өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығарады. Қысқа мерзімді ноталарды орналастыру ҚҰБ-мен қысқа мерзімді ноталамен операциялар жасау туралы келісімшарт жасаған және нақты ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқық беретін бағалы қағаздар нарығында,брокерлік және дилерлік қызметті жүргізуге арналған лицензиясы бар бар бағалы қағаздар нарығының қатысушылары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты бағыттарына және қаржы нарығының конънктурасына сәйкес және бекітілген қысқа мерзімді ноталарды шығару шарттарын сай аукционға қатысшылардыың өтініштерін қанағттандыруға құқылы.

Қазақстан Ұлттық банкісінің алғашқы агенттерімен келісім бойынша айналысқа шығарылған қысқа мерзімді ноталарды мерзімінен бұрын өтеуге немесе айналыстан толық не жартылай алуға құқығы бар.

Алғашқы агенттер аукционға қатысуға өтініш беру ұсынысын екі түрде жасайды: бәсекелестік және бәсекелестік емес.

Қазақстан Ұлттық банкі бәсеклестік емес сипаттағы өтінішті қанғаттандыруды, қаржы нарығының конънктурасына сәйкес аукционның шартын қабарлау арқылы алғашқы агенттерге және бейрезиденттерге қысқа мерзімді ноталарды сату көлемінің үлесін дербес түрде анықтайды

Аукционды өткізу барысында бастапқы кезекте аукционның шартында хабарланған шекте бәсекестік емес ұсыныстары бар өтініштерді қанағаттандырады.

Валюталық интервенциядеп ұлттық валюталық бағамына әсер ету мақсатында Ұлттық банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларға араласуын айтады.

Отандық банктік тәжірибемізде 1999 жылдың 4 сәуір айына дейін немесе еркін өзгермелі бағам режиміне өткенге дейін ҚР Ұлттық банкінің валюталық нарықтағы интервенциялау саясаты алтын валюта резевтері есебінен жүзеге асырылды. Еркін өзгермелі бағам режиміне өткенен кейін де Қазақстан Ұлттық банкі ұлттық валютаның айырбас бағамының алыпсатарлық өзгерістеріне жол бермеу мақсатында валюталық интервенциялауды қолданылып отырғаны жасырын емес. Соған байланысты аталған бағам режимін басқарылатын режим деп қарастырған дұрыс болады. Еркін өзгермелі бағамға өтуге біздің ұлттық валюта бағамының шетел валютасына қатысты тұрақсыздығы мүмкіндік бермейтіні сөзсіз.

Ұлттық банктің валюталық нарықтағы интервенциясы дербес түрде кез келген банктер және валюталық биржалар арқылы кез келген валюталық мәмілелер түрлерін пайдалану негізінде жүзеге асырылады.

Мұның салдарынан алтын-валюта резервінің құнсыздану қаупі туындады. Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында ҚР Ұлттық банкі ішкі валюта нарығында сатып алушы ретінде қатысып, алтын-валюта резервінің ұлғаюына септігін тигізді. Бұл жерде бір нәрсені естен шығармаған жөн, яғни ҚР Ұлттық банкі ішкі валюта нарығындағы сұраныстан артық шетел валютасын сатып алған кезде, айналысқа артық ақша эмиссияланады және ол ақшаның құнсыздануына жол береді. Осынадай теріс салдарларды болдырмау үшін ҚР Ұлттық банкі “стирилизациялау” құралын пайдаланып отыр. Яғни, айналысқа шығарылған артық ақша көлемінде өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығарып, артық ақшаны айналыстан алып отырды.

Теңгенің 2006 жылдың аяғында бір АҚШ доллары үшін 127 теңгені құраған номиналдық бағамы 2007 жылғы сәуірде бір доллар үшін 120,1 теңгеге дейін нығайды, ал 2007 жылғы маусымның аяғына дейін бір АҚШ доллар үшін 122,31 теңгені құрады және оны 2-суреттен көруге болады.

 

2-сурет. Ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты айырбас бағамы*

 

*Дереккөзі: ҚҰБ-нің есептік материалдары.

Теңгенің АҚШ долларына қатысты құнсыздануын біріншіден айналыстағы ақша массасының өсуімен, екіншіден мұнай өнімдеріне деген бағаның өсуінің нәтижесінде пайда болған инфляция орташа жылдық дейгейінің 2007 жылы 10,8 пайызға жоғарылауымен байланыстыруға болады. Шетел валютасына ұсыныстың қысқаруы жағдайында сұраныстың өсуі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта резервтері есебінен қаржыландырылды.

Әлемдік капитал нарықтарындағы оқиғалардан кейін банктерде шетел валютасындағы өтімділік тапшылықтарының пайда болуы халықта арасында валюта бағамының одан әрі серпініне қатысты дүрбелең туғызды. Тамызда айырбас бағамы айдың аяғында бір АҚШ доллары үшін 126,25 теңгеге дейін әлсіреді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында қабылдаған өктемдігі және банк жүйесіне деген сенімділікті қалпына келтіру жөніндегі шаралары теңгенің айырбас бағамын тұрақтандыруды қамтамасыз етті. 2007 жылғы қыркүйектің аяғында айырбас бағамы бір АҚШ доллары үшін 120,96 теңгені, ал 2007 жылғы желтоқсанның аяғында бір АҚШ доллары үшін 120,30 теңгені құрады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта резервтері 2007 жылғы тамыз – желтоқсан аралығындағы кезеңде 6,0 млрд. АҚШ долл. дейін төмендеп, желтоқсанның аяғында 17,4 млрд. АҚШ долл. құрады.

Орта мерзімді болашақта теңгенің АҚШ долларына қатысты нығаюын айқындайтын түбегейлі факторлардың болуын назарға ала отырып, теңге бағамының күрт ауытқуын болдырмау қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін маңызды фактор болып табылады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 406; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты