Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Банктік топтардың қызметін жиынтық қадағалау




 

Өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап, индустриалды дамыған елдерде қаржы-өнеркісіптік топтардың құрыла бастағаны бәрімізге белгілі. Олардың қызметінің басты бағыттары экономиканың салалары мен нарықтың сегменттерін барынша қамтуды көздейді. Мұндай қаржы-өнеркәсіптік топтардың негізгі элементі өзге компаниялардың мүшелері бола отырып, оларды қаржыландыру мақсатында қаржы тартуды және қызмет көрсетуді жүзеге асыратын банктер болып табылады. Бұл жерде банктер бірнеше ірі клиенттердің қаржылық жағдайына тәуелділіктен туындайтын қосымша тәуекелдерге тап болады. Егерде қадағалау банктердің басқа компаниялармен байланысты туындайтын тәуекелдерін ескеретін болса, онда оны жиынтық қадағалау деп атайды.

Басқаша айтқанда, жиынтық (консолидированный) қадағалау – бұл банктік топтардың және банкпен аффилирленген тұлғалардың басында болатын немесе басынан кешетін барлық тәуекелдерді ескеретін қадағалаудың әдісі. Оның мақсаты – қадағалау органдарына банктік топтардың басында болатын тәуекелдерді бағалау жолымен банктердің депозиторларының мүдделерін қорғау қаржы конгломераттарының айқындығын арттыру, сондай-ақ қажет кезінде тиісті шара қолдануды талап ету болып табылады.

Жиынтық қадағалау бағдарламасын жүзеге асыру үшін біріншіден, аффилиирленген тұлғаларға анықтама беру; екіншіден, қадағалаушы органның екі құзіретке ие болуға тиіс: аффилиирленген тұлғалар туралы шынайы ақпараттар алуға құқылы және анықталған кемшіліктерді қалпына келтіруге байланысты шаралар қолдануға құқығының болуы.

“ҚР-ғы банктер және банк қызметі туралы” Қазақстан Республикасының заңына сәйкес аффилирленген тұлғаға мынадай анықтама берілген: “Тұлға мынадай жағдайларда банктің аффилирленген тұлғасы болып табылады, егер:

- ол банктің ірі қатысушысы болса;

- банк сол тұлғаның ірі қатысушысы болып табылса;

- сол тұлғаның ірі қатысушысы банктің ірі қатысушысы болып табылса”.

Сонымен қатар қазақстандық заңда мынадай анықтама беріледі: “Банктің ірі қатысушысы - бұл банктің дауысты акцияларының он немесе елу пайыздан астамын тікелей не жанама түрде иеленген, банктің қабылдаған шешімдеріне ықпал ету мүмкіндігі бар, ҚР резиденті не бейрезиденті саналатын жеке немесе заңды тұлға”.

Егер қадағалаушы орган банктің басқа компаниялармен байланысы негізінде туындайтын тәуекел дәрежесін бағалайтын болса, онда ол, аталған компаниялар туралы, яғни олардың қаржылық жағдайы, айналысатын кәсібі, сондай-ақ компания басқармасының және өзге жетекшілерінің өндірістік қызметке байланысты туындайтын тәуекелдерді қалай бақылайтыны туралы толық ақпараттар алуға тиіс.

Компаниялардың қызметін реттейтін елдердің заңдарында бас (ата) және еншілес компаниялар деген ұғымдар жиі кездеседі. Кейбір елдерде ата компания деп елу пайыздан астам акцияларды иеленетін компанияларды атайды. Сондай-ақ өзге елдердің заңдылықтарында “акцияны иелену” деген ұғымға қарағанда “бақылау” термині пайдаланылады.

Қазақстан тәжірибесінде еншілес банкке жарғылық капиталының елу пайыздан астамы бас банке тиесілі болып табылатын екінші деңгейдегі банкті жатқызады.

Банктік супервизорлар үшін кеңейтілген “бақылау” ұғымы пайдаланған қолайлы, себебі, кез келген компания, өзге компаниялардың бақылауында болса, ол компанияларды жарғылық капиталының қанша мөлшері тиесілі болуына қарамастан еншілес компания ретінде қарау шартты.

Банктік топтарға халықаралық талдау жүргізу нәтижесінде белгілі болғаны, олар өздерінің еншіліес компанияларының борыштық тұрақсыздыққа ұшырауына мүдделі болмайды, бұл дегеніміз өз кезегінде пайдасыз жұмыс жасайтын ондай компаниялардың ата компаниялардың беделіне нұсқан келтіретінін және банктердің депозиторлары мен кредиторларының оларға деген сенімдерінің төмендеуіне әкелетінін көрсетеді.

Жиынтық тәуекелді бағалаудан бұрын әрине банкпен тығыз қарым қатынастағы тұлғалардың және акционерлерінің тізімі нақтылануға тиіс.

Қазақстанда екінші деңгейдегі банктің ірі қатысушысы болу немесе банктік холдингті құру “ҚР банктер және банктік қызмет туралы” ҚР заңына және “екінші деңгейдегі банктің ірі қатысушысы немесе банктік холдинг мәртебесін алу туралы” ҚР Ұлттық банкісінің ережесіне сәйкес жүзеге асады. Ережеге сәйкес ондай мәртебені алуда мынадай құжаттарды тапсырады:

- сол банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу туралы өтініш берушінің жоғары ұйымының шешімінің көшірмесі;

- банктің акциясын сатып алу шарты мен тәртібі туралы мәліметтер, соның ішінде: қосымша бетпен расталған, мәртебені сатып алуға арналған ақша қаражатының көзі және сомасы;

- өтініш берушінің атынан тапсырма алған өкіл туралы мәліметтер, соның ішінде:

жеке тұлға үшін:

- Қазақстан Ұлттық банкісінің бекіткен формасында өтініш беруші туралы, яғни еңбек қызметі, сотталғандығы, банк қызметіне байланысты құқық бұзғандығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы туралы қысқаша мәліметтер;

заңды тұлға үшін:

- өтініш берушінің құрылтайшылық құжаттары;

- Қазақстан Ұлттық банкісінің бекіткен формасында өтніш берушінің жетекшілік қызметкерлерінің білімі, еңбек қызметі, банк қызметіне байланысты құқық бұзғандығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы туралы қысқаша мәліметтер;

- аудиторлық ұйыммен куәландырылған соңғы екі қваржылық жылдағы қаржылық есебі, сондай-ақ ірі қатысушыс мәртебесін беру туралы шешім шығарудан бұрынғы тоқсанға арналған қаржылық есебі;

- ірі қатысушы атағын алғаннан кейінгі уақытқа арналған қаржылық болжам (өтініш берушісінің есеп айырысу балансы, өзге заңды тұлғамен қосылу, банкті басқаруға немесе банктің қызметіне өзгерістер енгізу туралы жоспары мен ұсыныстары).

Жалпы жиынтық қадағалауға байланысты корпоративтік топтарды үш түрге бөлуге болады:

1) қарапайым банктік топ;

2) аралас қызметі бар банктік топ;

3) қарапайым қаржы конгломераты;

4) күрделі қаржы конгломераты.

Қарапайым банктік топқа банктік қызметпен айналысатын банктің бақылауында болатын компаниялар жатады (7-сурет).

 

 
 

 

 


 

 
 

 

 


7-сурет. Қарапайым банктік топ

 

Қарапайым банктік топтар негізінен белгілі бір кәсіпкерлік қызметпен айналысуға бағытталған еншілес үйымдарды ашу барысында пайда болады.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес банктік топтар банктерден және қаржылық қызметтер нарығында қызмет етуге бағытталған оның еншілес ұйымдарынан тұрады.

Сонымен қатар, банктік топтарды холдингтік компаниялар басқаруы мүмкін. Мұндағы холдингтік компаниялардың қызметтері еншілес ұйымдардың акцияларын иелену және меншікті инвестицияларын басқарумен сипатталады.

Аралас қызметі бар банктік топ банк қызметімен айналыспайтын компаниялар қызметіне бақылау жасайды (8-сурет).

Аралас қызметі бар банктік топқа өнеркәсіптік компаниялар және банктер бақылау жасайды.

 

 
 

 

 


 

 


9-сурет. Аралас қызметі бар банктік топ

 

Аралас қызметі бар банктік топқа өнеркәсіптік компаниялар және банктер бақылау жасайды.

Қарапайым қаржы конгломератындағы ұйымдар негізінен қаржылық қызмет атқарады және олар банктік, сақтандыру және бағалы қағаз нарығының басты қатысушы компаниялары болып табылады (10-сурет).

 

 

 
 

 

 


10-сурет. Қарапайым қаржы конгломераты

 

Күрделі қаржы конгломератында қаржы нарығының белсенді қатысушылары банктік емес ұйымдар не корпорациялар арқылы өздігінен бақыланады. (11-сурет). Мұндай ұйымдар банктік, бағалы қағазбен сауда және сақтандыру қызметін жүзеге асырады.

 

 

 
 

 

 


 

 
 

 

 


11-сурет. Күрделі қаржы конгломераты

 

Мұндағы, қаржы конгломераты деп қаржылық қызметпен айнылысатын, қызметі ортақ бақылауда болатын кез келген компанияны атауға болады.

Жиынтық тәуекелді жүзеге асыру үшін банктің аффилиирленген тұлғалардың барлығын анықтап, сондай-ақ олар туралы, яғни банктің қаржылық жағдайына қауіп туғызатын ақпараттар алу және кемшіліктерді қалпына келтіру шараларын қолдану қажет.

Банктің аффилирленген тұлғалары болып саналатындардың қызметіне жиынтық қадағалауды ұйымдастыру принциптері Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің жасаған Тиімді банктік қадағалаудың негізгі принциптерінде қарастырылған.

Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитеті әлемнің экономикалық жағынан дамыған елдерінің орталық банктерінің жетекшілерінің ұсынысы бойынша 1975 жылы құрылған. Бүгінгі күні Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитеті бұл банктерге және өзге несиелік ұйымдарға қадағалауды жүргізетін әлемнің барлық елдері кіретін дүниежүзілік ұйым болып табылады. Бұл комитеттің орталық ұйымының құрамына Бельгия, Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония, Люксембург, Нидерландия, Швеция, Щвейцария, Бірккен Хандық, АҚШ сияқты елдердің орталық банктері мен қадағалаушы органдарының жетекшілері кіреді. Комитеттің мәжілісі Швейцарияның Базель қаласында орналасқан Халықаралық есеп айырысу Банкінде өтеді.

1997 жылы қыркүйек айында Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитеті Тиімді банктік қадағалаудың негізгі принциптерін жасады. Тиімді банктік қадағалаудың негізгі принциптері 25, оларды бірнеше топқа топтастырып былай беруге болады:

- тиімді банктік қадағалауды жүргізудің ортақ шарттары;

- банкті және оның иелік ету құрылымын лицензиялау;

- пруденциалдық нормативтерге және өзге нормалар мен лимиттерге қойылатын талаптар;

- қашықтан банктік қадағалау әдістері;

- банктердің есебіне қойылатын талаптар;

- қадағалау органдарының құзіреті;

- банктердің халықаралық қызметі.

Банктік қадағалау – банктік заңдылықтардың орындалуын қамтамасыз ететін әртүрлі мемлекеттік органдардың қызметін сипаттайды.

Банктік қадағалау жүйесіне мыналар кіреді:

- қадағалауға жататын банктік мекемелердің түрлері;

- банктік операцияларды жүргізуге арналған лицензиялар беру процедурасы;

- бухгалтерлік есеп, банктік және статистикалық есеп стандарты;

- банктік қызметке берілген лицензияларды жоққа шығару немесе банктік операцияларды шектеу;

- аудиторлық тексерулердің міндеттілігі;

- банкті уақытша басқару әкімшілігін тағайындау;

- банкті төлем қабілетсіз деп жариялау.

Банктік қадағалауды ұйымдастыру құрылымы әр елде әр түрлі. Ұлыбритания, Италия, Нидерланды елдерінде коммерциялық банктердің қызметіне қадағалауды ұлттық орталық банктері жүргізеді.

Канада және Швейцарияда қадағалау органдары орталық банктен тыс қызмет етеді. Ал, Германия, АҚШ және Жапония елдерінде аралас жүйе, яғни қадағалауды орталық банктер мен бірге қадағалау жөніндегі мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 1995 жылы Базель комитетінің келісіміне қол қойған күннен бастап, жоғарды аталған принциптерді орындауға міндеттеме алғандықтан оларды орындауда. Бүгінгі күні Жиынтық қадағалау туралы заңының қабылданбай отыруына байланысты бірқатар принциптер ғана толық орындалмауда, ал қалған принциптерді орындап отыр десе болады.

Жиынтық қадағалау Қазақстандағы банктік топтардың қызметіне қадағалау жүргізуге толық мүмкіндік береді.

Айталық, 2005 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі ҚР агенттігі 9 банктік топтарға жиынтық қадағалауды жүргізеді (6-кесте).

 

6-кесте.

Қазақстандағы банктік топтар*

 

Бас банктің аттары Банктік топтардың қатысушыларының аттары
Қазкоммерцбанк АҚ “Қазкоммерцбанк Қырғызстан” ААҚ, КБ “Москоммерцбанк”, “Қазкоммерц Инвест” АҚ, “Қазкоммерцсекьюритиз”, “Kazkommerts Іnternatіonal BV”
“БанкТуранӘлем” АҚ “ТуранӘлем Секьюритиз” ЖШС, “БТА Лизинг” АҚ, “TuranAlemFіnance” B.V., “Қазақстан” МЖЗҚ, “Құрмет” МЖЗҚ, “Kazko Constructіon” LTD, “Force Technologі” ЖШС, “Real Estate” ЖШС
“Қазақстан Халық Жинақ банкі” АҚ “Казтелепорт” АҚ, “Халық-лизинг” АҚ, HSBK (Europe) B.V., РФ-ның Челябинск қаласындағы “Хлебный” АКБ, шетелдік сақтандыру компаниясы “Казинстрах” АҚ, Қазақстан Халық банкі МЖЗҚ
“БанкЦентркредит” АҚ “Капитал” МЖЗҚ АҚ, “Центр Лизинг” ЖШС, “Актас жол” ЖШС, “KІB Asset Menegement”
“Темірбанк” АҚ “Темір Capіtal BV”, “Темір Лизинг” АҚ
“Нұрбанк” АҚ “Нұр-Траст” ЗАИБЖҰ АҚ, “Нұр-Секьюритиз” АҚ, “Нұринвест” Лизинг компаниясы ЖШС, “Гранд-Ломбард” ЖШС, “Меркур-Ревард” СК АҚ, “Money experts” брокер-дилер
“Банк Каспийский” АҚ “Алматы Халықарылық Сақтандыру тобы СК” АҚ
“АБН АМРО Банк Казахстан” АҚ АБН АМРО “Asset Menegment” ЗАИБЖҰ АҚ, “АБН АМРО-КаспийМұнайГаз” ЖЗҚ
“Алматы сауда қаржы банкі” АҚ “АТФ Полис СК” АҚ, “ДКСЖ “АТФ LІFE” АҚ

* Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі ҚР агентігінің материалынан

Банктік топтардың қызметін реттеу мақсатында ҚР Ұлттық банкі олардың орындауына міндетті мынадай пруденциалдық нормативтер белгілейді:

- жарғылық капиталдың төменгі мөлшері;

- меншікті капиталдың жеткілікті коэффициенті;

- бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең төменгі мөлшері.

Банктік топтардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері 1,5 млрд. теңге көлемінде бектіліген.

Меншікті капиталдың жеткілікті коэффициенті бекітілмеген, сондай-ақ оған талап қойылмаған болса, онда ең төменгі меншікті капиталды анықтау үшін активтер мен шарты және мүмкін міндеттемелерді 0,2 көбейтеді.

Банктік топтың меншікті капиталы келесідей түрде есептеледі:

 

МК =НМК + (ҚНМК - ҚМКТ),

 

мұндағы,

МК – меншікті капитал;

НМК – банктің нақты меншікті капиталы;

ҚНМК – банктік топтың қатысушысының нақты меншікті капиталының мөлшері (банктен басқа);

ҚМКТ – банктік топтың қатысушысының меншікті капиталының ең төменгі мөлшері (банктен басқа).

 

Меншікті капитал жеткіліктігі банктік топтың меншікті капиталының тәуекел дәрежесіне қарай өлшенген активтер мен шартты және мүмкін міндеттемелерге қатынасы және үлесі былай есептеледі:

 

МК - Ү

К =

А – П

 

мұндағы,

К –меншік капиталының жеткіліктігі коэффициенті;

Ү - азшылық үлесі;

А - тәуекел дәрежесіне қарай өлшенген активтері мен шартты және мүмкін міндеттемелер;

П – меншікті капиталға кірмеген арнайы құрылған резервтер және жалпы құрылған резервтердің сомасы.

 

Меншікті капиталының жеткіліктігі коэффициенті 0,12 -ден кем болмауы тиіс.

Бір қарыз алушы деп банктік топтың қатысушысының алдында қандай да бір міндеттеме бойынша борышқор болып табылатын кез келген тұлға.Мұндағы банктік топтың бір немесе бірнеше борышқорларынан тұратын топтар үшін тәуекел мөлшері мынадай міндеттемелердің бірі болса ғана есептеледі:

- борышқорларының бірі акциялардың 25%-дан астамын иеленеді;

- борышқорлардың акцияларының 25%-дан астамын иеленетін және оған тікелей не жанама бақылау жасайтын тұлғалар.

- борышқордың бірі екінші біріне өзінің меншікті активтін пайдалануына беріп, немесе оның кепілшісі ретінде болып табылатын, сондай-ақ екіншісінің міндеттемесі үшін жауапты тұлға;

- борышқорлар банктік топтың қатысушы болып табылмайтын борышқор тұлғаға өздерінің меншікті активін беріп, немесе оның міндеттемесі үшін жоғары түлға алдында жауапты тұлға.

Банктік топтың бір қарыз алушысына келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері былай есептеледі:

Т

ЖТ =

МК

 

мұндағы,

ЖТ –бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері;

Т - бір қарыз алушыға келетін банктік топтың тәуекелдің мөлшері;

 

Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері аффилирленген тұлғаларға қатысты меншікті капиталдың 10%-нан және банктік топтың бір қарыз алушысына келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері әр қайсысы аспауға тиіс меншікті капиталдың 10%-нан аспаған жағдайда банктің топтың меншікті капиталының мөлшерінің сегіз есе көлемінен аспауы тиіс..

2004 жылдың 1 қаңтарын Қазақстандық бірқатар банктік топтардың пруденциалдық нормативтерінің есебі 7-кестеде көрсетіледі.

7-кесте.

ҚР-ғы банктік топтардың пруденциялдық топтардың есебі

 

  Банктік топтың аттары ЖК mіn (³ 1,5 млрд. тенге К ³ 0,12 (МК жетк.) ЖТ < 10% (байланысты қарыз алушы үшін) ЖТ < 25% (бір қарыз алушы үшін) ЖТ < 800% (МК-дың 10%-нан аспайтын тәуекел)
Қазкоммерцбанк АҚ 2 392 418 0,15 96,78
“БанкТуранӘлем” АҚ 2 3 410 908 0,14 0,13 24,71 164,5
“Қазақстан Халық Жинақ банкі” АҚ 9 896 800 0,15 6,46 15,81 99,46
“БанкЦентркредит” АҚ 5 063 339 0,15
“Темірбанк” АҚ 3 077 500 0,19
“Нұрбанк” АҚ 3 807 500 0,20 42,03
“АБН АМРО Банк Казахстан” АҚ 2 200 000 0,50 0,9 20,9

* Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі ҚР агентігінің материалынан

 

ҚР қаржылық қадағалау агенттігінің пайымдауынша банктік топтарға арналған пруденциялдық нормативтердің қолданыла бастаған уақытынан бастап, олардың еншілес ұйымдарының қаржылық-шаруашылық көрсеткіштері жақсарған.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 230; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты