Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Банктің бағалы қағаздармен операциялары




 

Банктердің инвестициялық операциясы бұл олардың бағалы қағаздармен жасалатын операцияларын сипаттайды.

Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жасалатын операцияларын мынадай үш топқа бөлуге болады:

- банктің эмитент ретіндегі операциялары;

- инвестор ретіндегі операциялары;

- делдал ретіндеге операциялары.

Коммерциялық банктер эмитент ретінде төмендегідей бағалы қағаздарды шығарады:

- акция,

- облигация;

- банктік сертификат;

- туынды бағалы қағаздар.

Акцияларды шығару арқылы банктер акционерлік қоғам ретінде құрылып, оның жарғылық капиталын қалыптастырады.

Облигация мен сертификаты шығару арқылы банктер қосымша қаражаттар тартады.

Банктің инвестор ретіндегі қызметінің нәтижесінде банктің бағалы қағаздар портфелі қалыптасады.

Ал, 2006-2008 жылғы 1 қаңтардағы екінші деңгейдегі банктердің инвестициялық қоржындарының құрылымы туралы 17-кестеден көруге болады.

 

17-кесте. ЕДБ-дің инвестициялық қоржындарының құрылымы

Бағалы қағаздар 01.01.2006ж 01.01.2007ж 01.01.2008ж.
млн. теңге үлесі, % млн.теңге үлесі, % млн. теңге үлесі, %
ҚР мемлекеттің бағалы қағаздары, оның ішінде: 217 198 33,56 477 762 38,54 296 720 38,52
ҚР еурооблигациялар 39 583 6,12 40 705 3,28 8 869 1,15
Қаржы Министрлігінің бағалы қағаздары 91 509 14,14 97 414 7,86 136 696 17,75
ҚҰБ-нің ноталары 83 511 12,90 338 211 27,28 148 957 19,34
Жергілікті атқарушы ұйымдардың бағалы қағаздары 2 594 0,40 1 431 0,12 2 198 0,28
Халықарлық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары 139 800 20,05 74 826 6,03 3 863 0,50
Шетелдік эмитенттердің мемлекеттік бағалы қағаздары 147 799 22,84 235 251 18,97 151 417 19,65
ҚР эмитентерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары, оның ішінде: 85 374 13,19 212 692 17,15 178 984 23,24
акциялар 3 712 0,57 32 363 2,61 39 349 5,11
облигациялар 81 661 12,62 180 329 14,54 139 417 18,10
Шетелдік эмитенттің мемлекеттік емес бағалы қағаздары, оның ішінде: 67 075 10,36 239 394 19,31 139 328 18,09
акциялар 0,00 0,00 1 043 0,14
облигациялар 67 075 10,36 239 394 19,31 138 285 17,95
Барлығы   647 245 100,0 1 239 924 100,0 770 094 100,0

Ескертпе – ҚҚА-нің мәліметтері негізінде автормен есептелген

 

Кестеден көріп отырғанымыздай, банктердің жиынтық инвестициялық қоржыны 2006 жылдың 1 қаңтарға 647 245 млн теңгені құраған. Қоржынның ең үлкен бөлігін 33,56% ҚР мемлекеттің бағалы қағаздары алады немесе оның көлемі 217 198 млн. теңгені құрайды. Осы көрсеткіш 2007 жылдың 1 қаңтарда 1 239 924 млн теңгені құрап, яғни 1,8 есе өскен. Бұл жерде өсу әсіресі мемелекеттің бағалы қағаздарының есебінен қамтамасыз етілгенін байқау қиын емес. Қоржынның ең үлкен бөлігін 38,54% ҚР мемлекеттің бағалы қағаздары алады немесе оның көлемі 477 762 млн. теңгені құрайды.

2008 жылдың 1 қаңтарына ЕДБ-дің жиынтық инвестициялық қоржыны 777 312 млн теңгені құрап, өткен жылға қарағанда 1,5 есеге кеміген. Қоржынның ең үлкен бөлігін 38,52% ҚР мемлекеттің бағалы қағаздары алады немесе оның көлемі 296 720 млн. теңгені құрайды.

Екінші орынды алатын ҚР мемлекеттік емес бағалы қағаздарының инвестициялық қоржындағы үлесі 2006 жылы 33,56 % немесе 217 198 млн. теңгеге, 2007 жылы 17,15 % немесе 212 692 млн. теңгеге, ал 2008 жылы 21,50 % немесе 178 984 млн. теңгеге тең.

Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарының үлесі 2006 жылы 20,05 % немесе 129 800 млн. теңгеге, 2007 жылы 6,03 % немесе 338 211 млн. теңгеге, ал 2008 жылы 0,50 % немесе 3 863 млн. теңгеге тең.

Шетелдік эмитенттердің мемлекеттік бағалы қағаздарының үлесі 2006 жылы 22,84 % немесе 147 799 млн. теңгеге, 2007 жылы 18,97 % немесе 235 251 млн. теңгеге, ал 2008 жылы 19,65 % немесе 151 417 млн. теңгеге құрайды. Шетелдік эмитентердің мемлекеттік емес бағалы қағаздарының үлесі 2006 жылы 10,36 % немесе 67 075 млн. теңгені, 2007 жылы 19,31 % немесе 239 394 млн. теңгені, ал 2008 жылы 18,09 % немесе 139 328 млн. теңгені құрайды.

Егер 2005 жылы мәліметтермен салыстыратын болсақ, мұнда бірінші жарты жылдықта 115 аукцион өткізіледі, яғни 20 аукцион көп, бірақ орналастыру көлемі 88,5 млрд теңге құрады.

Жалпы 2004 жылы алғашқы нарықта мемлекеттік бағалы қағаздар 142,4 млрд теңге сомасына орналастырылды. Осыған байланысты мемлекеттік бағалы қағаздар алғашқы орналастыру тиімділігі жоғарлады: 2005 жылы 179,0 млн теңге, ал 2006 жылы қазанда 787,2 млн теңге. 2006 жылы мемлекеттік бағалы қағаздар ораластырудың 80% Ұлттық Банк қысқа мерзімді ноталарында келеді, ал қалған 20% ҚР Министрлігінің міндеттемелері қамтиды.

Сөзсіз, инвесторлар арасында ең танымалы ҚҰБ ноталары болып табылады. Бұл бағалы қағаздарға сұраныс, басқа эмиссияны шектегенде, әрқашан 200-300% деңгейде, кейде ұсыныстан он рет жоғары болды.

Банктер қаражатарының бір бөлігін мемлекеттік емес бағалы қағаздарға орналастырады. Мемлекеттік емес бағалы қағаздарға корпоративтік бағалы қағаздарды жатқызамыз.

Бұл жерді банктер табыс алу мақсатында өзге эмитенттердің бағалы қағаздарына қаражаттарын салады. Әрине қаражат салуда мынадай факторларды ескереді:

- тәуекел деңгейі;

- өтімділік дәрежесі;

- табыстылық.

Тәуекел – бұл қор нарығындағы өзгерістердің әсерінен бағалы қағаздардың нарықтық құндарының төмендеу қауіпін сипаттайды.

Тәуекел деңгейіне қарай бағалы қағаздар тәуекелсіз және тәуекелді деп екіге бөлінеді. Тәуекелсіз бағалы қағаздарға тек қана мемлекеттің бағалы қағаздарын жатқызуға болады. Қалған бағалы қағаздардың барлығы тәуекелді бағалы қағаздарға жатады.

Мемлекеттің бағалы қағаздары – эмитенті мемлекет болып табылатын мемлекетттің ішкі қарызының формасын немесе борыштық бағалы қағаздарды білдіреді.

ҚР-да мемлекеттің бағалы қағаздарын мынадай мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер шығарады (18-кесте):

а) ҚР Үкімет немесе ҚР Қаржы министрлігінің айналысқа шығаратын казынашылық міндеттемелері,

ә) Қазақстан Ұлттық банкінің бағалы қағаздары, соның ішінде:

- Ұлттық банктің қысқа мерзімді нотасы;

- Ұлттық банктің арнайы валюталық нотасы;

б) Муниципалдық бағалы қағаздар – жергілікті билік органдарының жергілікті жерлерде әр түрлі шараларды қаржыландыру мақсатында шығаратын бағалы қағаздары.

Жалпы мемлекеттің бағалы қағаздарының сипаты 18-кестемен берілген.

18-кесте.

ҚР мемлекеттің бағалы қағаздары сипаты

Түрі Шығару мақсаты Орналастыру тәсілі Айналыс мерзімі Номинал құны
Ұлттық банктің қысқа мерзімді нотасы Айналыстағы ақша массасын реттеу Аукцион/сату 7 күнен 90 күнге дейін 100 теңге
Ұлттық банктің арнайы валюталық нотасы Еркін өзгермелі валюта бағамына өтуге байланысты жинақ зейнет ақы қорлардың активтерін қорғау Ноталар портфелін жинақ зейнет ақы қорларымен айырбастау 35 күн 100 АҚШ доллары
Арнайы валюталық мемлекеттік облигациялар (АВМЕКАМ) Жинақ зейнет ақы қорлардың активтерін қорғау мемлекеттік облигациялар портфелін жинақ зейнет ақы қорларымен айырбастау 5 жыл 100 АҚШ доллары
Мемлекеттің қысқа мерзімді қазынашылық валюталық міндеттемесі (МЕКАВМ) Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру Аукцион 3,6,9 және12 ай 100 АҚШ доллары
Мемлекеттің индексацияла-натын қазынашылық міндеттемесі (МЕИКАМ) Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру Аукцион 3 ай және одан жоғары 1000 теңге
Мемлекеттің орта мерзімді қазынашылық міндеттемесі (МЕОКАМ) Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру Аукцион 2 және 3 жыл 1000 теңге
Мемлекеттің қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемесі (МЕККАМ) Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру Аукцион 3,6,9 және 12 ай 100 теңге
Мемлекеттік ішкі займдық ұлттық жинақ облигациялар (ҰЖО) Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру Жазылу жолымен 364 күн 1000 теңге

 

Бүгінгі таңда ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігі мемлекеттің бағалы қағаздарға жұмсалып отырғаны жасырын емес. Себебі, мұндай бағалы қағаздарға салған активтер: біріншіден, өтімді, яғни банк ондағы қаражатты тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады, екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен тәуекел төмен немесе жоқ десе де болады.

Мемлекеттің бағалы қағаздары табыстылығына қарай үш түрге бөлінеді:

- Дисконттық, мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторларғы жеңілдікпен (номиналдық құнынан төменгі бағамен) сатылып, номиналдық құны бойынша өтеледі.

Дисконтты мемлекеттің бағалы қағаздарының жылдық тиімді табысы шегерім (дисконт) мөлшеріне байлынысты және оны төмендегідей формуламен есептеуге болады:

 

Т

Дт = _____________

[(N –P)/ P * 100 %]

 

мұндағы:

N – бір бағалы қағаздың атаулы құны;

Р – сатудың орташа өлшенген диконтталған құны;

Т – мемлекеттік бағалы қағаздың бір жыл ішіндегі айналымы.

 

- Купондық, яғни номиналдық құнына пайызбен бейнеленген табыс әкелетін бағалы қағаздар. Купон мерзіміне қарай жылына 2-4 ретке дейін төленеді.

- Аралас, яғни купон және дисконт түрінде қатар табыс әкелетін бағалы қағаз. Бұл жағдайда инвестор-банктің табысы екі көзден: дисконт түріндегі және купон мөлшерлемесі түріндегі табыстардан құралады.

Мысалғы, облигацияның ағымдағы бағасы 100 теңге, купон мөлшерлемесі – 10 %, онда облигацияның ағымдағы табысын төмендегідей түрде есептеуге болады.

 

Купон / баға * 100 = 10/100*100 = 10%

 

Егер облигация бағасы өсіп, 150 теңгені құраса, онда ағымдағы табыс:

10/150*100 = 6.66%

 

Демек, қандай да бір бағалы қағазды сатып алу барысында банк инвестор ретінде эмитенттің қызметіне байланысты туындайтын және оған қатыссыз болатын тәуекелге баратыны сөзсіз. Мұндай тәуекелді екі түрге бөледі:

- Жүйелік тәуекел, яғни эмитент компанияның қызметіне байланыссыз нарықтағы өзгерістерге тиесілі экономикалық факторларға негізделген тәуекел. Мұндай тәуекел диверсификациялауға жатпайды, сондықтан оны диверсификацияланбайтын тәуекел деп атайды.

- Жүйелік емес, яғни эмитенттердің қызметіне негізделген тәуекел. Мұндай тәуекелдерді инвестициялық қоржынды диверсификациялау арқылы немесе өзге эмиттенттердің бағалы қағаздарына қаражат салу арқылы қалыпқа келтіруге болады.

Тәукелдің алдын алу үшін банктер қор нарығына мынадай талдаулар жүргізеді:

- түпкілікті талдау;

- техникалық талдау.

Түпкілікті талдау эмитенттің табысын, сату көлемін, активі мен пассивін, меншікті капиталға қатысты пайдасын және менеджментінің деңгейін сипаттайтын көрсеткіштерге баға беруді білдіреді. Талдау көзіне эмиттентің пайда немесе зиян туралы есебі, балансы және өзге құжаттары жатады.

Техникалық талдау эмиттенттің бағалы қағазына деген сұраныс пен ұсынысты, олармен жасалған операциялар көлемі және бағамын бағалауды сипаттайды.

Сонымен қатар халықаралық банктік тәжірибеде банктер бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде бағалы қағаздардың рейтингіне мән беруге тиіс (15-кесте).

 

15-кесте

Ашық нарықтың бағалы қағаздары бойынша несиелік тәуекел рейтингі

Бағалы қағаздардың сапасы Рейтингтік белгілер  
Standard & Poor¢s Corporatіon Moody¢s Іnvestor Servіse
Жоғары сапалы/ инвестициялық тәуекелі төмен Жоғары рейтинг немесе сапасы жоғары Орташадан жоғары рейтинг   Ааа     Аа   А ААА     АА   А Көптеген банктер үшін мұндай инвестциялық сапа немесе инвестициялық рейтинг қолайлы
Орташа рейтинг Бірқатар алып-сатарлық элементтері бар орташа рейтинг Ваа     В ВВВ     В Алып-сатарлық сапасы бар бағалы қағаздар көптеген банктер үшін қолайсыз
Орташадан төменгі рейтинг Төменгі рейтинг (қайтарылмауы мүмкін) Алып-сатарлық рейтинг (жиі қайтарылмайды) Саа Са   С   ССС СС   С
Төменгі сапалы алып-сатарлық бағалы қағаздар (болашағы жоқ) Қатарылмайтындығы туралы белгісі бар немесе банкрот туралы жарияланған корпорациялардың шығарған бағалы қағаздары   Бағаланбайды   DDD   DD   D

 

Көптеген банктер осы рейтингтегі жоғары инвестициялық сапалы бағалы қағаздарды, соның ішінде ААА рейтингінен ВВВ рейтингіне дейін Moody¢s Іnvestor Servіse бағаны бойынша, немесе Ааа рейтингінен Ваа рейтингіне дейін Standard & Poor¢s Corporatіon бағаны бойынша сатып алуды дұрыс санайды.

Банк қаражатарының бір бөлігін мемлекеттік емес бағалы қағаздарға орналастырады. Мемлекеттік емес бағалы қағаздарға корпоративтік бағалы қағаздарды жатқызамыз.

Корпоративтік бағалы қағаздарды корпорациялар, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және өзге кәсіпорындар мен ұйымдар шығарады. Корпоративтік бағалы қағаздарға мыналар жатады: акциялар; облигациялар;ипотекалық куәліктер; фьючерс және опцион; депозитарлық қолхаттар.

Акция –бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.

Дивидент төлеу тәсілінің айырмашылығына байланысты акциялар жай және артықшылықты болып бөлінеді. Жай акция, оның иесіне акционерлік қоғамының табысына байланысты табыс әкеледі және қоғамды басқару ісіне немесе жалпы жиналысқа қатысуға құқық береді. Ал, артықшылықты акция, иесіне қоғамның табысына байланыссыз тұрақты табыс алуға құқық береді, бірақ басқару ісіне араласуға немесе акционерлер жинылысына қатысуға құқық бермейді. Артықшылықты акцияның келесі бір артықшылығы - қоғам борыштық тұрақсыздыққа ұшыраған жағдайда мүлікті жай акция иесінен бұрын алуға мүмкіндік беруі.

Акцияға инвестициялаудан банк дивидент түрінде табыс алады. Жай акция бойынша дивидент мөлшері белгіленбейді және оның көлемі акционерлік қоғамның пайдасын тікелей тәуелді болып табылады.

Ал артықшылықты акциялар бойынша дивидент мөлшері пайызбен белгіленеді. Сондықтан артықшылықты акция бойынша алатын дивидент түріндегі табысты (Д АА) мынадай формула көмегімен білуге болады:

 

 

Акция номиналы * Дивиденд мөлшері

Д АА = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾

 

1-есеп.Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы 5 млн теңгені құрасын. Оның шығарған акцияларының саны: 800 жай акциялар және 200 артықшылықты акциялар. Дивидендке бөлінетін пайда мөлшері 1 млн теңге. Артықшылықты акциялар бойынша дивидент мөлшері 50%. Егер акциялардың барлығының номиналдық құны бірдей болса, онда жай акциялар бойынша төленетін дивиденд мөлшері қандай болмақ? Ең бірінші мұнда акциялардың номинал құнын табу керек:

 

5 000 000

Акция номиналы = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾ = 5000 теңге

(800 + 200) дана

 

Акцияның номиналын пайдаланып артықшылықты акциялар бойынша төленетін жалпы табыс (ТАА) мөлшерін анықтаймыз:

ТАА = 200 дана х 5000 теңге х 0,5 = 500000 теңге

 

Осы жерде бір артықшылықты акция бойынша алатын дивиденд түріндегі табысты (Д АА) есептейік:

 

5000 теңге х 50%

Д АА = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾ = 2500 теңге

 

Заңға сәйкес артықшылықты акциялар бойынша дивиденд жай акциялардан бұрын төленді десек, онда жай акцияны ұстаушылардың арасында бөлінетін дивиденд мөлшері: 1 000000 –500000 = 500000 теңгені құрайды. Демек, бір жай акцияға төленетін дивиденд: 500000 /800 = 625 теңгеге тең.

 

Акцияның бағамы (АБ) акциядан түсетін дивидентке тура пропорционал және ссудалық пайызға кері пропорционал болып табылады:

 

Дивидент

А Б = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾ х 100

Ссудалық пайыз

 

Мұндағы ссудалық пайыз ретінде ҚР Ұлттық банкінің қайта қаржыландару мөлшерлемесін немесе коммерциялық банктердің депозит бойынша белгілейтін сыйақы мөлшерлемелерін пайдалануға болады.

Жалпы акцияға жұмсалатын қаражаттың тиімділігін банктер бағалау білуге тиіс. Ол үшін акцияға келетін дивиденттің (А д ) коэффициентін есептеу формуасын пайдаланады:

 

Төленетін дивиденттер

А д = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾ х 100

Айналыстағы жай акциялар саны

 

Қаншалықты бұл көрсеткіштің мәні жоғары болса, соғұрлым одан түсетін табыста жоғары.

Осы көрсеткішке қоса дивидентті төлеу коэффициентін (Дт) есептеу қажет.

 

1 жай акцияға төленетін дивидент

Дт = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾ х 100

1 акцияға келетін пайда

 

Акциялар шығару формасына қарай: құжатты (сертификатпен) түрде және құжатсыз (шоттағы бухгалтерлік жазулар арқылы) болып келеді.

Облигацияоның иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын және эмитенттің осы қаражат сомасы (номиналдық құны) мен пайызды қайтарып беру туралы міндеттемесін растайтын бағалы қағаз.

Қазақстандағы айналыста жүрген корпоративтік облигациялар табыстылығына қарай екі түрге бөлінеді:

- Купондық облигация - инвестор-банкке пайыз мөлшерлемесі формасында, яғни алты айда немесе жылына бір рет табыс әкелетін түрі;

- Дисконттық облигация - инвестор-банктің облигацияны шығарушыдан номиналдық құнынан төменгі бағада сатып алып, оны өзінің құнымен қайта сату арысындағы айырма түрінде банкке табыс әкелетін түрі.

Куподық облигация бойынша табысты (КТ) есептеу:

 

Купон

КТ = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾ х 100

Сатылу бағасы

 

Дисконттық облигация бойынша банктің табысын (ДТ) есептеу формуласы:

 

ДТ = Номиналдық құн – Сатылу бағасы

 

2-есеп. Айталық, банк, 91 күнге шығарылған 1000 теңгелік номинал құны дисконттық облигацияны 750 теңгеге сатып алсын делік. Мұндағы банктің табысы былай есептеледі:

10000 теңге –750 теңге = 250 теңге (дисконттық табыс мөлшері).

250 теңге : 750 теңге (басында салынған капитал) * 100 = 33,3% (салынған қаражаттан алатын табыс).

Банктің 91 күнге қаражат салғанын ескеріп, бір күндік табысты есептейтін болсақ, ол 33,3% : 91 күн = 0,3659% тең. Енді жылдық табысты анықтайық: 0,3659% * 364 күн = 133,19%.

 

Депозиттік және жинақ сертификаттарын банктердің өздері шығарады және оған инвестиция жұмсайды.

Банктік сертификаттар бағалы қағаз болып табылатындықтан, олар инвесторлар тартуға мүмкіндік береді. Шетел тәжірибесінде банктік сертификаттар мемлекеттің бағалы қағаздарынан кейін тұрақтылығы мен өтімділігі жағынан екінші орынды алады.

 

3-есеп. Коммерциялық банк номиналдық құны 1000 теңгелік, 6 айдан соң өтелетін және 10% дисконттық жылдық табысы бар депозиттік сертифкат сатып алған. 3 ай өткен соң банк, ол сертификатты сатады. Сату барысында 3 айлық депозиттік сертификаттың табысы 5 % дисконттық жылдық мөлшерлемені құрайды. Депозиттік сертификатты сатып алу және сату бағасын есептеу керек:

1) Сатып алу бағасы:

1000 – (1000 х 10% х 6) / (100% х 12) = 950 теңге.

1) Сату бағасы:

1000 - (1000 х 5% х 6) /(100% х 12) = 987 теңге.

 

Ипотекалық куәліктер – бұл ипотекалық несиенің қамтамасыз беру барысында кепілге алынған жылжымайтын мүлік құнымен бағаланатын, яғни базалық активі жылжымайтын мүлік болып табылатын туынды бағалы қағаз.

Қазақстанда мұндай бағалы қағаздарды Қазақстан Ипотекалық команиясы екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп шығарып отыр. Банктер мұндай қағаздарды сатып алуға ынталы, себебі олар өтімді және тұрақты, сондайақ табысты бағалы қағаздар түріне жатады.

Депозитарлық қолхат – депозитар банкте сақталған шетел компанияларының акцияларына шығарылған туынды бағалы қағаз.

Мұндай бағалы қағаз сертификат немес құжатсыз формада айналысқа шығарылады.

Шетел тәжірибесінде екі депозитарлық қолхат кеңінен қолданылады:

1. АДР – американдық депозитарлық қолқат, яғни тек америка қор нарығына айналысқа жіберілген.

2. ГДР - ғаламдық депозитарлық қолқат, онымен Еуропа қор нарығында және өзге елдерде операциялар жүзеге асыруға болады.

1927 жылы ағылшынның ұлттық компанияларының бағалы қағаздарын сыртқа шығаруға тиым салуымен байланысты, американдық инвесторлардың ондай бағалы қағаздарға деген сұранысының туындауының арқасында алғаш рет АДР пайда болды.

АДР – бұл АҚШ банктерінің бірінде қандай да бір шетелдік компаниялардың акцияларын иеленгендігін куәландыратын туынды бағалы қағаз. АДР арқылы шетелдік компаниялар американдық инвесторларға шыға алады. Ал американдық инвесторлар шетел қор нарықтарынан шетел компнаияларының акцияларын сатып алудың орнына АҚШ-та шығарылған АДР формасындағы субституттарға ие болады. АДР- дің базалық активіне тек акциялар жатады.

Шығару шартына қарай АДР екі түрге: демеушіленетін және демеушіленбейтін болып бөлінеді. Демеушіленбейтін АДР, компанияның акциясын көп бөлігін иеленетін ірі акционер немесе акционерлер тобының инициативасымен шығарылады. Демеушісіз АДР-дің артықшылғы – ол қарапайым, ал кемшілігі – онымен сауда тек биржадан тыс нарықта жасалады. Демеушіленетін АДРе эмитенттің инициативасы бойынша шығарылады. Демеушіленетін АДР-ге арналған төрт деңгейлі бағдарлама болады. Бірінші және екінші деңгейлік бағдарлама қайталама нарықта айналыста жүрген акцияларға қолқат шығаруды көздейді. Үшінші және төртінші деңгейлік бағдарламалар бастапқы шығарылатын акцияларға қолқат шығаруды сипаттайды.

2002 жылдың шілде айында ҚР қор нарығының кәсіби қатысушыларымен Қазақстандық депозитарлық қолқатының (ҚДҚ) шығарылу және айналыс ережесінің жобасы жасалған болатын. Осы ережеге сәйкес ҚДҚ-ның құжатсыз формада шығару көзделген. ҚДҚ-ның эмитенті ретінде кастодиан қызметіне арналаған лицензиясы бар екінші деңгейдегі банк бола алады. ҚДҚ-ның базалық активіне туынды немесе эмиссияланбайтын бағалы қағаздар жатады.

Қазіргі уақытта халықаралық қор нарығында 50 елдің, соның ішінде Қазақстанның барлығы шамамен 1100 депозитарлық қолқаттары айналыста жүр (16-кесте).

16-кесте.

2002 жылдың 30 маусымына берілген Германияның қор биржаларындағы Қазақстандық компаниялардың ГДР-нің бағасы мен котировкасы

код Ашы луы мах міn Жабылуы Өзгеріс   Көлемі ІSІN (ұлттық идентифика циялық номер)
KKGBy,BE 14,00 14,00 14,00 14,00 0,00 US4866E2028
KKGBy.F 14,00 14,05 14,00 14,05 +0,36 US4866E2028
KZT Ky. BE 5,50 5,50 5,50 5,50 0,00 US4866D2045
SYRGq.BE 5.00 5,00 5,00 5,00 0,00 US8257001078
SYRGq.F 5,00 5,00 5,00 5,00 0,00 US8257001078
RKA       87,78 +0,25    
KKGBy,BE – ЖАҚ “Казкоммерцбанк”, 30 акция = 1 ГДР;  
KZT Ky. BE – ЖАҚ “Қазақтелеком ”, 1 акция = 3 ГДР;  
SYRGq - АҚ “ШНОС”, 5 акция = 1 ГДР;  
RKA - Қазақстандық АДР бойынша REUTERS композиттік индексі;  
BE - Берлин қор биржасы  
F - Франктфурт қор биржасы  
                 

Көзі: REUTERS

 

Банктердің туынды бағалы қағаздармен операцияларына фьючерс және опционмен жасалатын операцияларды жатқызуға болады.

Фьючерс – мәмілеге қатысушы тараптардың келісім-шарт жасаған уақытта бекіткен бағасы бойынша алдағы уақытта немесе белгілі бір мерзімнен кейін биржалық активті сатып алу-сату туралы стандартты биржалық контрактіні білдіреді. Мұнда биржалық активке бағалы қағаздар, соның ішінде акциялар жатады.

Опцион – сатушының белгілеген күнінде немесе одан бұрын базалық активті сатып алуға (сатуға) құқық алатын немесе сыйақы төлеп қана мәміленің орындалуынан бас тартуға құқылы, біреуі осы котрактінің иесі (немесе сатып алушысы) болып табылатын екі қатысушысының арасында жасалатын келісім-шарт.

Опционның екі түрі болады: опцион “колл” және опцион “пут”. Опцион “колл” бағалы қағазды сатып алуға құқық берсе, ал, опцион “пут” оны сатуға құқық береді.

Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларда банктер делдал ретінде бола отырып, клиенттердің тапсырмалары бойынша оларды сату, қайта сату, сақтау, есепке алу, басқару және табыстарын алу сияқты операцияларды орындайды.

ҚР екінші деңгейдегі банктер бағалы қағаздар нарығында мынадай кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асырады:

- брокер қызметі

- дилер қызметі;

- депозитарий қызметі;

- кастодиандық қызмет;

- тізілім жүргізуші немесе тіркеуші қызметі;

- бағалы қағаздарды басқару.

Брокер қызметі – кленттің тапсырмасы бойынша және оның есебінен бағалы қағаздармен операциялар жүргізу.

Дилер қызметі - өзінің атынан және өзінің есебінен бағалы қағаздармен сауда-саттық операцияларын жүзеге асыру.

Депозитарий қызметі – бағалы қағаздардың иелерін құқықтарын есепке алу және растауға, бағалы қағаздармен мәміле жасауда техникалық жағынан қамтамасыз етумен байланысты банктердің қызметі.

Кастодиан қызметі – бағалы қағаздарды сақтаумен және олармен жасалатын мәмілеге бақылау жасаумен байланысты банктердің қызметі.

Бұл аталған кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға банктердің арнайы лицензиясы болуы тиіс.

Қазақстанда брокер-дилер қызметіне кешенді лицензия беріледі. Оның екі түрі бар:

- 1-санатты брокер-дилер қызметіне арналған, яғни номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шотын жүргізуге арналған;

- 2-санатты брокер-дилер қызметіне арналған, яғни клиенттердің шотын жүргізуге құқық бермейтін.

Сонымен қатар, банктер бағалы қағаздармен андеррайтинг қызметін жүзеге асырады. Андеррайтинг қызметі – эмитентпен келесім-шарт негізінде жаңа шығарылған бағалы қағаздарды орналастыруға байланысты брокер-дилер қызметін сипаттайды Бағалы қағаздар бизнесіндегі андеррайтинг – бұл бағалы қағаздарды сатудан ешқандай да төменгі ақшалай қаражаттың келіп түспейтіндегі туралы эмитентке кепілдік беруді білдіреді.

 

Бақылау сұрақтары

1) Банктік активтер деп нені түсінесіз?

2) Банк активтерінің құрылымы неден тұрады?

3) Банк несиелері қалай жіктеледі?

4) Банктің инвестициялық операциялары дегеніміз не?

5) Мелекеттің бағалы қағаздарының инвестициялау тиімділігі неде?

6) Мемлекеттік емес бағалы қағаздарға не жатады?


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 294; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты