Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Несиелік келісімшарт жасау және несие беру




Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісімшарт негізінде шешеді.

Несиелік келісімшартекі жақтың өзара міндеттемелерін және жауапкершіліктерін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі:

- несиелеу мақсаты және объектісі;

- несиенің мөлшері;

- несиені беру мерзімі және қайтару шарттары;

- несиені қамтамасыз ету формасы;

- несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі;

- несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі;

- несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі

Несиелік келісімшарттың мазмұнын келісуші жақтардың өздері анықтайды.

Несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірибесінде кепіл туралы келісім-шарттың орыны ерекше. Кепіл туралы шарт кепіл затына байланысты ажыратылады.

Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да мүліктер және мүліктік құқықтар жатады.

Материалдық-заттық мазмұнына қарай кепіл заттары мынадай топтарға бөлінеді:

1. Клиенттің мүліктерінің кепілі:

· тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі:

а) шикізаттар, материалдар, жартылай өнімдер кепілі;

ә) тауарлар және дайын өнімдер кепілі;

б) валюталық құндылықтар (нақты валюталар), алтыннан жасалған бұйымдар кепілі;

в) басқа да тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі;

· бағалы қағаздар (вексельдер) кепілі;

· сол банктегі депозиттер кепілі;

· жылжымайтын мүлік кепілі (ипотека).

2. Мүліктік құқықтар кепілі:

· жалгерлік құқық кепілі;

· авторлық құқық кепілі;

· жерге құқық кепілі.

Кепіл туралы келісім-шартта мынадай мәселелер қарастырылады:

· Келісім-шарт жасасушы тараптар туралы мәліметтер;

· Келісім-шарт заты;

· Кепіл берушінің құқықтары мен міндеттері;

· Кепіл ұстаушының құқықтары мен міндеттері;

· Талап ету құқықтары;

· Кепілге қойған мүлікті қайта рәсімдеу, басқа мүлік есебінен;

· Кепілге қойған мүліктің бузылуына байланысты тәуекел жағдайлары мен кепіл затын ауыстыру;

· Тараптардың жауапкершіліктері;

· Ерекше шарттар;

· Дауларды шешу;

· Басқа шарттар.

· Кепіл туралы келісімшарт жасасушылардың заңды мекен-жайы мен өзге де мәліметтері.

Бұл кезеңде ағымдық шот ашу, ссуданы беруді құжаттау тәртібін (қосымша құжаттар толтырылуы мүмкін), ссуданы беру тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды.

Несиенің көлеміне байланысты әр түрлі берілу тәсілдері болады. Біріншісі несие клиенттің шотына толығымен аударылып, қажет болған жағдайларда жұмсалынады. Екіншісі – несие алуға құқығы қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктің туындауына байланысты біртіндеп іске асады. Үшінші - белгілі бір соманы алуға клиенттің құқығы бола отырып, ол оны алудан бас тартады (мысалға, артық сыйақы төлегісі келмейді).

Несиенің мөлшері оны беру барысында несиелеу ережелеріне сәйкес анықталады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 136; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты