Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Арапайым несиелеу Жобалық несиелеу




БАНК
БАНК

Жоба
Арнайы компания
Несие бойынша жауапкершілік
Жобаны ұйымдастырушы фирма
Жоба
Жобаны ұйымдастырушы фирма
несие несие

 

 

 
 
Несие бойынша жауапкершілік

 


18-сурет. Банктен қарыз алушыға ақшалай қаражаттың

қозғалысы

 

Жобалық несиелеудің тағы да бір ерекшелігі, мұнда ірі компанияның меншікті капиталынан жоғары мөлшерде капитал тартуға мүмкіндік туындайды. Ал ұсақ компаниялар үшін капиталдан жоғары мөлшерде несие алуға мүмкіндік шектелген.

Жобалық несиелеуде жобаны іске асырудан туындайтын тәуекелдің жартысын жобаның басқа да қатысушыларына бөлуге мүмкіндік бар. Ал қарапайым несиелеуде мұндай тәуекелдің барлығы бір қатысушының басында болады.

Жобаның құрылтайшылары мұндай несиелеу барысында алған несие бойынша қарызды өзінің балансында көрсетпейді, ол тек қана арнайы компанияның балансында есепке алынады. Нәтижесінде мұндай несие құрылтайшының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал етпейді.

Сонымен, жобалық несиелеудің басқа несие нысандарынан айырмашылығы мынадай:

пайыз бен негізгі қарызды қайтару негізіне жобаны іске асырудан түсетін табыстар жатады;

жоба бойынша тәуекел оған қатысушы тұлғалар арасында бөлінеді;

заемдық капиталдың бірнеше көзін бірдей пайдалану мүмкіндігі бар;

жобаны қаржыландыруға байланысты заемдық қаражаттар арнайы құрылған компанияға беріледі;

жобалық несиелеу құны өте жоғары.

Жоғарыда аталып отырған жобалық несиелеудің өзіне тән ерекшеліктері оған қатысушыларда жобаны инвестициялау алдындағы сатыға көңіл бөлуді, яғни инвестициялық жобаны іске асыруға мүмкіндік беретін іскерлік-жоспардың сапалы дайындалуына мән беруді талап етеді. Бұл өз кезегінде жобалық несилеуді жүзеге асыруға және жобаға қатысуға байланысты шешім қабылдауға мүмкіндік жасайды.

Жобалық несиелеудің өзіне тән объектісіне инвестициялық жоба жатады. Инвестициялық жобаға түсінік бермес бұрын жоба сөзінің мәніне тоқталайық.

Жоба - бұл белгілі бір бастапқы мәліметтері бар және нәтиженің (мақсаттың) болуын талап ететін және оны шешу тәсілдеріне негізделетін міндеттерді білдіреді.

Жобалардың келесідей түрлері болады: тұрғын үй немесе құрылыс объектісін салу, инвестициялау портфелін қалыптастыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламалары, кәсіпорынды қайта құру, жаңа ұйым құру, жаңа техника және технологиялар жасау, кинофильмдер шығару, аймақты дамыту және т.б.

Егерде жобаны іске асыру нәтижесі заттай объектілер (ғимарат, құрылғы, өндірістік кешен) болып табылса, онда жобаның анықтамасы келесідей түрде нақтылана түседі.

Жобазаттай объектілерді және технологиялық процестерді іске асыруға қажетті материалдық, қаржылай, еңбек және басқа да ресурстар қамтитын техникалық және ұйымдастыру құжаттарын, сондай-ақ олардың орындалуына байланысты басқару шешімдерін және шараларын жасайтын немесе жұмылдыратын, көздеген мақсаттар төңірегінде қалыптасқан жүйе.

Инвестициялық жобаға төмендегідей екі жақты түсінік беруге болады:

біріншіден, ол - белгілі бір мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін, қандай-да бір іс-әрекеттер кешенін қамтитын шаралар;

екіншіден, ол - қандай да бір іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті ұйымдастырушылық-құқықтық және есеп айырысу-қаржылық құжаттардың кешенін қамтитын жүйе.

Инвестициялық жобаалға қойған мақсатқа жету үшін қандай да бір жобаға капитал жұмсаумен байланысты жасалатын ұйымдастыру-экономикалық шешімдердің жүйесін білдіреді.

Соңғы анықтама жобалық несиелеуге сәйкес келетін анықтама. Жобалық несиелеу бойынша инвестициялау объектісіне мыналар жатады:

салынатын, қайта құрылатын немесе кеңейтілетін кәсіпорын, ғимарат, құрылғылар;

жұмыс жасап тұрған кәсіпорында жаңа бұйым түрлерін өндіру;

өндірістің қауіпсіздігін арттыру немесе қоршаған ортаны қорғау;

басқа да инвестициялар.

Инвестициялау объектілерді мынадай белгілеріне байланысты жіктейді:

а) жобаның көлеміне қарай:

шағын жобалар (10-15 млн долларға дейінгі мөлшерде капитал жұмсауды қажет ететін, еңбек шығыны – 40-50 адам-сағаттық жобалар);

ірі жобалар (капитал жұмсалымы – 1 млрд долллар және одан жоғары, еңбек сиымдылығы – 2 млн адам-сағат);

орта жобалар, яғни шағын және ірі жобалардың арасында болатын жобалар.

ә) іске асыру мерзіміне қарай:

қысқа мерзімді жоба (1 жылға дейін);

орта мерзімді жоба (1жылдан 5-7 жылға дейін);

ұзақ мерзімді жоба (5 жылдан жоғары).

б) тәуелсіздік дәрежесіне қарай:

әр түрлі жоба (бірдей іске асатын және соның ішінде біреуін таңдауды қажет ететін);

өзара байланысты жоба (бірі бірінсіз іске асырылмайтын жобалар);

өзара тәуелсіз жоба (бірінің жүзеге асуы екіншісіне қарама-қайшылық тудыратын және өзара байланыссыз жобалар).

Шағын жоба - өндірісті кеңейту және шығарылатын өнім түрлерін арттыру жоспарын білдіреді.

Ірі жоба – ішкі және сыртқы нарықтағы сұранысты қамтамасыз ету үшін қажетті өнеркәсіп өнімдерін шығару жоспары.

Орта жоба - өндірісті қайта құру немесе техникалық жағынан қайта қаруландыру жоспары.

Жобалық несиелеуде жобалық айналым деген сөз қолданылады. Дүниежүзілік банкте қабылданған тәжірибеде жобалық айналымның өзіне тән кезеңдері болады (19-сурет).

Нарықтық қатынастар жағдайындағы жобалық несиелеудің күрделі сатысына инвестициялау алдындағы кезең жатады. Инвестициялық жобаны несиелеу үшін, біріншіден, жобаның тұжырымын жасау қажет, екішіден, оның тиімділігі бағалау керек, үшіншіден инвестицияның техникалық-экономикалық негіздемесін жасау қажет, төртіншіден, сапалы бизнес-жоспарды даярлап, оны іске асыру мәселелерін қарастыру керек.

 

І. Инвестициялау алдындағы кезең
Инвестициялық мүмкіндікті талдау
Жобаны даярлау (ТЭН не бизнес-жоспар құру)
Техникалық-экономикалық және қаржылық тиімділігін бағалау
Жоба бойынша шешім қабылдау
 
ІІ. Инвестициялау кезеңі
Келіссөздер, контрактілер жасау
Жобалау
Құрылыс
Маркетинг
Оқыту
 
ІІІ. Жоба өнімін пайдалану кезеңі
Қабылдап алу және іске қосу
Құрал-жабдықты ауыстыру
Кеңею, жаңарту

 

19-сурет. Жобалық айналым кезеңі

 

Инвестициялық жобаларды қаржылық бағалау, жобаларды таңдауда және олардың негізін құруда басты рөл атқарады. Себебі, басқа жобаның талдауларында оң сипаттағы басқа талдаулардың бәрі оны іске асыруда мыналарды қамтамасыз етпесе қабылданбауы мүмкін:

- тауарларды немесе қызметтерді сатудан түскен табыс есебінен жобаға жұмсалған қаражат орнын толтырмаса;

- инвестицияның рентабелділігін қамтамасыз ететін пайда алу;

- инвестицияның белгілі-бір мезгілде өзін-өзі өтеуі.

Инвестициялық операциялардың мұндай нәтижелерінің нақтылығын анықтау, кез-келген жоба бойынша нақты активтерге қаражат жұмсаудың қаржылық және экономикалық параметрлерін бағалаудың басты міндеті болып табылады. Мұндай бағалауды іске асыру, біршама қиын, себебі, оған келесідей факторлар әсер етеді:

- біріншіден, инвестициялық шығындар бір-ақ рет немесе жобаның ұзақ уақыт жұмысы барысында бірнеше рет қайталануы мүмкін;

- екіншіден, инвестициялық жоба іске асырудан алынатын нәтиженің процесінің ұзақтығы (яғни, бір жылдан жоғары);

- үшіншіден, ұзақ уақыты операциялардың жүзеге асырылуы инвестицияның барлық аспектілерін бағалау барысында белгісіз жағдайларға, яғни тәуекел қателіктеріне әкелері сөзсіз.

Міне осы аталған факторлардың болуы, инвестициялық жобаны бағалаудың арнайы әдістерін жасау, соның негіздерінде инвестициялық жобаға ең төменгі мүмкіндіктердегі шешім қабылдаудың негізін жасауға мүмкіндік береді.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 119; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты