Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тұтыну несиесін беру




 

Қазіргі кезде екінші деңгейдегі банктердің жеке тұлғаларға беретін несиеліріне тұтыну және ипотекалық несиелер жатады.

Тұтыну несиесінің мынадай түрлері қолданылуда:

- автомобилдік несие;

- ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін несие;

- тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие;

- аса қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу және т.с.с) берілетін несие

Мұнда автомобильдік несие бойынша жаңа және жүрілген автомобильдерді банк несиесі көмегімен алуға болады.

Ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады:

· жиһаз;

· сантехника;

· аудио-видео-және тұрмыстық техникалар;

· компьютер және оргтехника;

· басқа да тұтыну тауарлары.

Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына: үйдің ішінде және сыртында құрылыс және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу жатады.

Мысалға 2006 жылғы Альянс банкінен автомобиль несиесін беру тәжірибесін қарастырайық.

Автомобиль несиесін беру шарттары мынадай:

Несие валютасы – теңге, АҚШ долларында, еуро.

Несие берілетін мерзім – валюта түріне қарамастан, 60 ай немесе 5 жыл.

Несиенің төменгі сомасы – 150000 теңге немесе басқа валютадағы баламасы.

Несиенің жоғарғы сомасы кепілдік нысанының құнына байлансты болады.

Алғашқы жарна:

- үшінші тұлғалардан сатып алынатын автомобиль үшін - 30 %.

- автосалонда сатып алынатын жаңа автомобиль үшін - 15%.

Кепілдікпен қамтамасыз ету:

- алғашқы жарна болған жағдайда – сатып алынатын автокөлік;

- алғашқы жарна болмаған жағдайда – жылжымайтын мүлік, мемлекеттік бағалы қағаздар, жинақ шотындағы қаражат, заңды тұлғаның кепілдігі және сатып алынатын көлік.

Кепілдікке қабылданатын автомобилді пайдалану мерзімі:

-ТМД, Оңтүстік Кореяның – көп дегенде 7 жыл;

- алыс шетелдің - көп дегенде 15жыл.

Банк комиссиялары:

- несие өтінішін қарастыру үшін – банк тарифіне сәйкес;

- несие беру үшін – теңгемен 0,3%, валютамен 0,9%

 

Сонымен қатар клиенттерге есептеу әдістемесі ыңғайлы болуы үшін төмендегідей кестеде автомобиль алуға арналған ай сайынғы төлемдерді төлеу мысалдарын көрсетуге болады.

 

Автомобиль құны, USD Алғашқы жарна Несие сомасы Ай сайынғы төлем, USD
6 ай 1 жыл 3 жыл 5 жыл
15 %, 737,54 381,6 145,25 98,89
30%, 610,86 317,56 123,05 85,11
15 %, 1475,07 763,19 290,51 197,78
30%, 1 221,71 635,12 246,10 170,23
  15 %, 2950,15 1526,38 581,02 395,96
30%, 2443,42 1270,23 492,20 340,45

Жеке тұлғаны тұтынушылық несиелеу үрдісі мынадай кезеңдерді қамтиды:

1-кезең. Қарыз алушымен сұхбаттасу және оның өтінішін қабылдау. Жеке тұлғамен сұхбаттасу және оған кеңес беруді банктің фронт-кеңсесінің қызметкері - несие менеджері жүзеге асырады. Алдын ала сұхпаттасу барысында несие менеджері клиенттің қандай мақсатқа несиені алуды қалайтынын, қандай сома сұрайтынын, қанша мерзімге алатынын және кепілге қандай мүлікті ұсынатындығы туралы ақпараттарды біледі. Банк тарапынан клиентке берілетін несиенің шарттарымен таныстырады.

Егер осындай сияқты шарттармен клиент келіскен жағдайда несие-менеджері клиент мынадай құжаттарды талап етеді:

- қарыз алуға сауалнама-өтініші;

- жеке куәлігінің көшірмесі.

- СТТН көшірмесі.

- Соңғы 6 немесе 12 айға бөлініп көрсетілген жалақы және басқа табыстары туралы жұмыстан берілетін анықтама.

- Жұмыс стажы туралы жұмыс орнынан анықтама.

- Үй кітабының көшірмесі;

- Кепілдік нысанына құқық беретін құжаттар;

- Кепілдік берушінің отбасылық жағдайын растайтын құжаттар (заңды некеде тұрса, неке тура куәліктің ноториальды түрде куәландырылған көшірмесі, некеде тұрмаса, онда кепілге қойылатын мүлікті сатып алу кезінде некеде тұрмағандығы туралы нотариалды түрде куәландырылған мәлімдемесі (түпнұсқасы), кепілдік берушінің жұбайының және басқа қосымша иегерлерінің нотариалды түрде куәландырылған келісімі (түпнұсқасы).


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 94; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты