Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тақырып. Банктің қаржылық қызметтері




Лизинг

Лизинг сөзі “to lease” ағылшын етістігінен аударғанда “жалға беру” дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден (аренда) айырмашылығы - жалға беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал, лизингте үш қатысушысы: лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.

Лизинг –бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісім-шартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал, несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.

Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.

1. Шұғыл лизинг - бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.

2. Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.

Осы лизингердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:

Ішкі лизинг – бұл, оның қатысушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.

Халықаралық лизинг – бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.

Сыртқы лизинг экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизингте шетел лизинг алушы болса, импорттық лизингте шетел лизинг беруші болып табылады.

Лизинг операцияларының техникасы 22-23 суреттерде әр түрлі сызба түрінде берілген.

Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін қаражаты жетпей қалатын жағдай да болуы мүмкін, онда ол ссуда алады. Мұндай операцияны қосымша қаражат тартатын лизингтік операция деп атайды.

Тәжірибе көрсеткендей, лизинг бойынша жасалатын мәмілелердің 85%-ға жуығы қаражат тарту лизингі операцияларының үлесіне тиеді. Лизингке беруші лизингке беретін активтер құнының 80%-дай мөлшерінде бір немесе бірнеше несие берушілерден ұзақ мерзімді несие алады. Мұнда лизингтік төлемдер мен құрал-жабдықтың өзі ссуданы қамтамасыз ету құралы болып табылады.

 

 

 

4 1 3

 

1) құрал-жабдыққа тапсырыс беру;

2) құрал-жабдық үшін төлем;

3) құрал-жабдықты жеткізу;

4) лизингтік төлемдер.

221-сурет. Лизинг сызбасы

 

 

1 7

2

4 6

 

23-сурет

 

1. Банк мен лизинг компаниясы арасында несиелік келісім шарт жасалып, несие беріледі;

2. Лизинг компаниясы алған несиені құрал-жабдық үшін жабдықтаушыға төлейді;

3. Жабдықтаушы лизинг компаниясына құрал-жабдығын сатады.

4. Лизинг компаниясы мен лизинг алушы кәсіпорын арасында лизингтік келісім шарт жасалады;

5. Жабдықтаушы құрал-жабдықпен жабдықтайды;

6. Лизингті алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер жүргізеді;

7. Лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін төлемдерін төлейді;

Мұндағы лизингтік төлемдердің жалпы сомасының есебі төмендегідей формуламен есептеледі:

 

ЛТ = АА + НТ + КТ + ҚТ + ҚҚС

 

мұндағы,

ЛТ – лизингтік төлемдердің жалпы сомасы;

АА – ағымдағы жылдағы амортизациялық аударымдар сомасы;

НТ – лизинг берушінің несиелік ресурсты пайдаланғаны үшін төлемі;

КТ - лизингтік келісім шарт бойынша мүлікті бергені үшін лизинг берушіге комиссиондық төлем;

ҚТ - көрсеткен қызметі үшін қосымша төлем;

ҚҚС – лизинг берушінің көрсеткен қызметі үшін лизингті алушының төлейтін қосылған құнға салынатын салық.

 

Амортизациялық аударымдар (АА) сомасының формуласы:

 

БҚ х На

АА = ¾¾¾¾¾ ,

 

мұндағы,

БҚ - мүліктің баланстық құны;

На - амортизациялау нормасы, (%).

 

Несиелік ресурс үшін төлем (НТ) формуласы:

 

НР х НС

НТ = ¾¾¾¾¾ ,

 

 

мұндағы,

НР – лизинг берушінің пайдаланған несиелік ресурсының шамасы;

НС – несие үшін сыйақы мөлшері.

 

Несиелік ресурс (НР) шамасының анықталуы формуласы:

Қб - Қа

НР = ¾¾¾¾¾ ,

мұндағы,

Қб – мүліктің жыл басындағы құны;

Қа - мүліктің жыл аяғындағы құны.

 

Комиссиондық төлемнің (КТ) мөлшерінің формуласы:

 

НР х Кс

КТ = ¾¾¾¾¾,

мұндағы,

Кс – комиссиондық сыйақы мөлшері.

 

Банктің қосымша көрсеткен қызметтері үшін төлемдер (ҚТ) есебі:

 

ҚТ = Ші + Шқ + Шж + Шб,

 

мұндағы,

Ші - банк жұмыскерлерінің іссапар шығыстары;

Шқ - көрсетілген қызмет үшін шығыстар;

Шж - банктің жарнамасына кеткен шығыстар;

Шб - басқа да шығыстар.

Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі - оның қарапайым ссудалардан келесідей артықшылықтарының болуына байланысты:

· Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ, ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік мәміле жасалған мерзім бойына лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды (нақтырақ айтқанда, несиелік тәуекел бұл сол құрал-жабдықты жалға алуды жалғастыратын басқа кәсіпорын іздестіруге кетеді);

· Лизинг 100 %-ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді;

· Кәсіпорынға мүлікті ссудаға сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебі, бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады.

· Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты, өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады;

· Несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенің мақсатты пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды.

Лизинг операцияларына тән кемшіліктер мыналар:

· жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан (әсіресе инфляциядан) ештеңе ұтпайды;

· ұйымдастырудың күрделілігі;

· лизинг құны ссудаға қарағанда жоғары, бірақ та ескірген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпау қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін комиссияны көбірек алуға тырысады.

Лизингтік контракт.Лизинг – бұл ұйымдастырылуы біршама күрделі операция. Көптеген мәмілелерде кемінде үш контракті жасалады: 1) лизинг беруші мен лизинг алушы арасында; 2) лизинг беруші мен жабдықтаушы арасында; 3) лизинг алушы мен банк арасында.

Әдетте, мәмілеге келу алдында клиентті толық қаржылық талдаудан өткізеді. Лизингте, ең маңыздысы, бұл контрактінің соңында құрал-жабдықтың белгілі бір қалдық құнынының қалуы. Ол үшін құрал-жабдықтың қалдық құнының сақтандыру жүйесі болуға тиіс. Лизингті алушы өзінің қаражаты есебінен лизинг затын әр түрлі тәуекел жағдайлардан (өрттен, ұрлықтан және т.б.) сақтандырады және лизинг берушіге сақтандыру полисінің куәландырылған көшірмесін береді.

Іс жүзінде кез келген лизингтік контракт мынадай элементтерді қамтуға тиіс:

1. Объектісі.

2. Жабдықтау мерзімі.

3. Лизингке алу мерзімі.

4. Лизингке берушінің меншіктік құқы.

5. Тәуекелдер, жауапкершілік, техникалық кепілхат.

6. Құрал-жабдықты пайдалану.

7. Күту, жөндеу және жаңарту.

8. Зиян, қолайсыз жағдайлар.

9. Сақтандыру.

10. Лизингтік төлемдер, комиссиялар

11. Төлемді кешіктіргені үшін пеня.

12. Сатып алу мүмкіндігі.

13. Келісім-шартты бұзу шарты.

14. Құрал-жабдықты қайтару.

15. Салықтар, баждар.

16. Жаңа міндеттемелердің пайда болуы.

17. Тараптардың қосымша құқықтары.

18. Даулар мен арбитраждарды қалыпқа келтіру.

19. Кешіктіру шарты (контракт кепілдеме алуына байланысты күшіне мінеді және т.б.)

20. Қажетті ақпаратты беру міндеттемесі (мысалы, баланс).

21. Тараптардың қолдары.

22. Тараптардың орналасқан жері.

23. Қосымша (материалдардың және т.б. сипаты).

24. Қалдық құнын кепілдеу.

25. Банктердің кепілдемесі.

Қазақстандағы лизинг өзінің алғашқы қадамдарын 1989 жылдан бастады. Еліміздегі лизинг мынадай жолдармен қалыптасқан:

1) аймақтық көтерме-делдалдық фирмалардың және “Қазконтракт” корпорациялардың жүргізілуіндегі жалға беруге байланысты кәсіпорындар және жұмыс істеп тұрған орындар және агроөнеркәсіп кешеніндегі облыстық және аудандық жабдықтау кәсіпорындары;

2) екінші деңгейдегі банктердің лизингтік операциялары;

3) жаңадан құрылған арнайы лизингтік фирмалар;

4) лизингтің халықаралық формалары - экспорттық, импорттық және басқа да шетелдік фирмалармен бірлескен кәсіпорындар және республика аумағындағы шетелдік лизингтік компаниялардың дамуы.

Келесі қадамы ретінде лизинг қызметіне байланысты қабылданған заңдар, айталық: “Қаржы лизингі туралы” ҚР заңының (5.07.2000) ұзақ мерзімді лизингтің дамуына ықпал еткендігін айтуға болады.

Лизинг берушілерге лизингтік төлемдердің қайтатындығына кепілдеме беру, лизинг жобаларына қатысушылар арасында тәуекелді бөлу арқылы әр түрлі кепіл заттарын, айталық, өтімділігі жоғары бағалы қағаздарын беру және сақтандыру жолымен, кей жағдайларда мемлекеттің кепілдемесімен жүзеге асырылуға тиіс.

Қаржы лизингі үлкен күрделі қаржы жұмсалымын талап ететіндіктен де, оларды банктермен ынтымақтаса отырып жүзеге асырады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 139; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты