Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тарау. Банктік комиссионды-делдалдық операциясы




 

Траст операциялары

 

“Траст” ағылшын тілінен аударғанда “сенімдеген сөзді білдіреді. Траст бұл сеніммен басқаруға берілген мүлікке деген құқықты анықтайтын және меншікті иеленудің ерекше нысаны.

Траст операциясы -клиенттің сенімді тұлғасы ретінде оның мүлкін басқаруға және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банктің операциялары.

Траст операциясына қатысушыларға мыналар жатады:

Траст құрылтайшысы (немесе оның негізін қалаушы) – сенімді меншік иесіне сенім хат арқылы басқаруға беретін, мүліктің немесе мүліктік құқықтардың меншік иесі. Траст құрылтайшысы ретінде кез келген қолында мүлкі бар заңды немесе жеке тұлға бола алады.

2. Трастыны иемденуші (сеніп тапсырған тұлға) - траст келісім-шартындағы көрсетілген жағдайға сәйкес, мүлікті басқару құқығын өзіне қабылдайтын тұлға. Мұндағы мүлікке жылжитын және жылжымайтын мүліктер де жатады.

3. Бенефициар - траст келісім-шартын өзінің пайдасына жарататын кез келген заңды және жеке тұлға. Яғни ол, трастыны иемденушіге берілген мүліктен түсетін табысты алып отыруға құқылы тұлға.

Сонымен, банктің траст операциясы – бұл банктің өз клиентеріне (заңды және жеке тұлғаларына) көрсететін әр түрлі қызметі түріндегі сенім операцияларын білдіреді.

Траст қызметіне: біріншіден, жылжымайтын және жылжитын мүліктерді басқару; екіншіден, инвестициялық портфельді қалыптастыру және оны басқару; үшіншіден, құндылықтарды сақтауға қабылдау; қабілетсіз меншік иесінің мұраға қалдырған мүлкін басқару; төртіншіден, тұрақсыздыққа ұшыраған фирмаларға қатысты несие берушілердің қоятын талаптарын реттеу; бесіншіден, мұраға қалдыруға байланысты мүлікті басқару қызметтері жатады.

Коммерциялық банктің траст-бөлімінің атқаратын қызметі үлкен үш топқа бөлінеді:

I. клиенттердің мұраға қалған мүлкін иемдену;

II. сенім-хат бойынша операцияларды жүзеге асыру;

III. агенттік қызметтер.

Траст қызметі жеке тұлғаларға, сондай-ақ фирмаларға да көрсетіледі.

Жеке тұлғаларға көрсетілетін траст қызметі

Мұраға қалдырған мүлікті иемдену.Мұраға қалдырған мүлікті пайдаланудың басты міндеті - бұл сот шешімін алу үшін мұраға қалдырған мүлікті жинау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әкімшілік шығыстарды төлеу және қарыздары бойынша есептесу, салықты төлеу, қалған мүлікті жанұя мүшелері арасында бөле отырып, оларға жекелей қызмет көрсету болып табылады.

Келісім-шарт негізінде клиенттің мүлкін басқару.Бұл операциясенім білдірген тұлға мен сенім иесінің арасындағы мүлікті жауапкершілігі бар тұлғаға берумен байланысты жасалатын келісімнен туындайды.

Агенттік (делдалдық) қызметтер.

1. Активтерді сақтау:

· бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау;

· бағалы қағаздар бойынша табыс алу;

· бағалы қағаздар бойынша шотына түскен қаражаты туралы сенім білдірушіге уақтылы хабарлап отыру;

· бағалы қағаздарға айырбастау;

· мерзімі өткен облигациялар бойынша қарызды қайтару;

· активтердің жалпы құнын (табыстың жалпы сомасын) сақтап қалу мақсатында бағалы қағаздарды сатып алу және сату;

· мүлік куәлігі бойынша сомаларды алу;

· клиенттерге бағалы қағаздар жеткізіп беру;

· сейфтерді жалға беру.

2. Агенті немесе өкілі ретінде клиенттің активтерін басқару:

· бағалы қағаздарды сатып алу-сату;

· бағалы қағаздар қоржынындағы сақталған бағалы қағаздардың бағамдарын бақылап отыру және бағалы қағаздар қоржынын қалыптастыру;

· клиенттің тапсырмасы бойынша барлық табыстарды алу;

· сенім білдірушінің шоттарын төлеу;

· сақтандыру полисін рәсімдеу.

Клиент келісім-шартқа сәйкес немесе сенімхат негізінде коммерциялық банкке, өзінің атынан агенттік қызметті жүзеге асыруды тапсырады. Ол үшін банктің мынадай құқықтары болуға тиіс:

· клиент атынан келісім-шарт жасау;

· акциялар мен облигацияларды беру;

· ссуда алу;

· чек жазу;

· вексельді аударып жазу және т.б.

Траст-операциясын жасау үшін, ең бастысы, сенім білдірген банк пен ұйымның арасында жасалатын келісім-шарт болуы қажет. Осы келісім-шарт негізінде мынадай қызметтерді атқарады:

· бағалы қағаздарға деген меншік құқығын беру;

· бағалы қағаздарды ұстаушылар, эмитенттер және өзге де ұйымдар үшін шоттарды жүргізу;

· пайыздарды төлеу, қарыздарды өтеу және т.б.

· облигациялық займдар бойынша қарызды өтеу қорларын иемдену;

· мүлікті кепілдіктен босату;

· корпорациялардың (зейнетақы қорларының) және т.б. қорларын басқару;

· сенім-хатқа сәйкес бір бағалы қағазды алып, басқасын беру, яғни бағалы қағаздарды айырбастауға байланысты агенттік қызметті жүзеге асыру;

· акционерлік қоғамдардың акциялар бойынша дивиденттер төлеу.

Банктің траст қызметін көрсетудің басты шеңберін жеке тұлғалар, үкімет органдары, іскер кәсіпорындар үшін агенттік қызметті атқару құрайды.

Банк көрсеткен траст қызметі үшін комиссиондық сыйақы алады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 165; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты