Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Аккредитив




 

Аккредитивпен есеп айырысу жиі қолданылмайды, бірақ та ол нарық жағдайында біршама тұрақты есеп айырысу формасы.

Аккредитив - бұл сатып алушының тапсырмасы бойынша сатып алушының (аккредетив ашушының) банкісінің жабдықтаушының банкісіне аккредитивте көрсетілген құжаттарды жабдықтаушы (бнеефициар) бергеннен соң және аккредитивтің басқа да шарттарын орындаған жағдайда төлемді төлеуге берген шартты ақшалай міндеттемесі.

Егер де аккредитивті ашатын банк, клиенттің тапсырмасы бойынша қаражатты жабдықтаушының банкіне аударып қойса, онда аккредитивте көрсетілген барлық шарттардың орындалуы барысында төлемді жүзеге асыру үшін жабдықтаушының банкінде “Аккредитив” жеке баланстық шоты ашылады.

Аккредитив аша отырып, банк төлемді төлеуге кепілгер болып табылады. Бұл халықарылық банктің тәжірибедегі есеп айырысу формасының банктің кепілдігімен жасалатын жалғыз түрі. Қалған есеп айырысу формаларында банк клиенттің тапсырмасы бойынша және оның есебінен есеп айырысуға қатысады.

Жалпы аккредитивпен есеп айырысудың мынадай қатысушылары болады:

- Өтініш иесі (аппликант, бұйрық беруші, импортер, трассат, сатушы). Бұл қатысушы банкке аккредитив ашуды тапсырады.

- Бенефициар (экспортер, сатушы, трассант). Бұл қатысушының атына аккредитив ашылады.

- Эмитент банк, яғни клиенттің (өтініш берушінің) атынан аккредитив ашатын банк.

- Хабарлаушы банк, яғни хатпен немесе телекспен акрредитивтің ашылғандығын бенефициарға хабарлаушы банк. Оның басты міндеті хабарды жеткізбестен бұрын аккредитивтің шынайлығына көз жеткізуге тиіс.

- Растаушы банк, яғни эмитент банктің сұрауы бойынша аккредитивке өзінің кепіл-хатын қосатын банк. Растаушы банк егер де эмитент банк міндеттемесін орындай алмаған жағдайда аккредитив бойынша төлемді төлеуге келісім береді.

Аккредитивтің мынадай түрлері болады:

· құжатты аккредитив;

· өтелген және өтелмеген;

· қайтарылатын және қайтарылмайтын.

Құжатты аккредитив – бенефициардың төлемді алғанға дейін құжаттарды беруін сипаттайды. Бұл құжаттар аккредитивте көрсетілген тауарларды жөнелткендігін растайды. Төлемді алу үшін барлық құжаттар аккредитивте көрсетілген тізбекке сәйкес келуі қажет.

Өтелген (қаражат аударылған) -бұл эмитент-банктің міндеттемесінің іс-әрекетінің барлық мерзімі ішінде төлеушінің меншікті қаражаты немесе несиеге клиентіне берген қаражаты есебінен аударылған жабдықтаушының банкісінде ашқан аккредитиві. (28-суретте берілген).

 

Импортер
Экспортер
1

 
 


5

 

4 6 8 2

Импортер банкі
Экспортер банкі
3

 

28- сурет. Алдын-ала қаражатты аудару арқылы аккредитив формасымен есеп айырысудағы құжат айналымының сызбасы

1 - алдын-ала қаражатты аудару арқылы аккредитив формасын пайдалану барысында есеп айырысу туралы өзара контракт жасасу; 2 - банкке аккредитив ашуға өтінішін және оған қоса қаражатты аудару туралы төлем тапсырмасын беру, одан соң, ол соманы сатып алушының шотынан шегеру; 3 - қаражатты экспортердің банкіне аудару және оны “Аккредитив” шотына есептеу; 4 – экспортерге аккредитивтің ашылғаны туралы хабарлау; 5 - тауарды жабдықтау немесе қызмет көрсету; 6 – келісімшартқа сәйкес тауарды жөнелткені (қызметті көрсеткені) туралы есеп айырысу құжаттарын экспортердің банкіне жіберу және “Аккредитив” шотынан қаражатты шегеріп, оны жабдықтаушының шотына есептеу; 7 – есеп айырысу құжаттары сатып алушының банкіне жіберіліп, аккредитивті пайдаланғаны туралы хабардар етеді; 8 - құжаттарды сатып алушыға бере отырып, оған аккредитивті пайдаланғаны туралы хабарды жеткізеді.

Өтелмеген (кепілденген) -бұл банктердің өзара корреспонденттік қатынастар орнатуы негізінде жабдықтаушының банкіне сатып алушының банкісінің шотынан қаражатты шегеруге құқық беру арқылы ашқан аккредитивін сипаттайды. (келесі бетте 29- сурет).

Кепілденген аккредитивті эмитент-банк сатып алушымен келісім-шарт негізінде, сондай-ақ басқа банкпен арадағы корреспонденттік қарым қатынас жағдайына байланысты ашады. Ал енді, өтелмеген аккредитив бойынша есеп айырысу ерекшеліктерін қарастырып өтейік.

Әрбір аккредитив қайтарылатын немесе қайтарылмайтын болуға тиіс. Ондай анықтауыш белгі болмаған жағдайда, ол аккредитив қайтарылатын болып табылады.

 

Импортер
Экспортер
1

 
 


5

 

4 6 8 2

Импортер банкі
Экспортер банкі
3

77

 

29-сурет. Банктік кепілдемені пайдалану арқылы аккредитив формасымен есеп айырысудағы құжат айналымының сызбасы

1 – банк кепілдемесін беру арқылы аккредитив формасын пайдалану барысында есеп айырысу туралы өзара контракт жасасу; 2 – банк кепілдемесінің негізінде банкке аккредитив ашуға өтінішін жасау және аккредитивтің ашылуын “Банктің кепілдемесі және тапсырмалары” деген баланстан тыс шоты бойынша көрсету; 3 – аккредитив ашылғаны және аккредитивтің ашылуының баланстан тыс шотта көрсетілгені туралы хабарлау; 4 – жабдықтаушыға аккредитивтің ашылғаны туралы хабарлау; 5 тауарды жабдықтау немесе қызмет көрсету; 6 – келісім шартқа сәйкес тауарды жөнелткені (қызметті көрсеткені) туралы есеп айырысу құжаттарын жабдықтаушының банкіне жіберу және жабдықтаушының шотына қаражатты есептеу; 7 – есеп айырысу құжаттары сатып алушының банкіне жіберіліп, онда сатып алушының шотынан қаражат шегеріледі, шотында қаражаты болмаған жағдайда банк төлеушіге несие береді; 8 - құжаттарды сатып алушыға бере отырып, оның шотынан қаражатты шегергендігі туралы хабарды жеткізеді.

Қайтарылатын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз эмитент-банктің әмірімен өзгертілуі немесе күшін жоюы мүмкін. Бұл аккредитив сатып алушының мүддесін көздейді.

Қайтарылмайтын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз өзгере немесе күшін жоя алмайды. Себебі, мұндай аккредитив жабдықтаушының пайдасына ашылған болып табылады. Қайтарылмайтын аккредитив расталмаған және расталған болу мүмкін.

Қайтарылмайтын расталмаған аккредитив – эмитент банктің хабарлаушы банк арқылы хабарлайтын аккредитиві. Бұл жерде хабарлаушы банк эмитент банктің агенті ретінде қызмет етеді, бірақ ол аккредитив бойынша Бенефициар алдында ешқандайда жауапкершілік алмайды.

Аккредитивтік өтініштің үлгісі келесі бетте берілген.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 175; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты