Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Аккредитив ашуға өтініш № “___”_________200__ж.




(Эмитент банктің атауы)

 

______________________________ Клиент (кәсіпорынның атауы)   ____________________________________ Бенефициар (атауы, мекен-жайы, шоты)  
Акредитив ашуды сұраймыз 4. Қайтарылмайтын 5. Қайтарылатын 6. Расталмаған Құжатты аккредитив ______________________________ (аккредитив сомасы) ____________________________________ (аккредитивтің мерзімінің аяқталатын күні мен орыны) ____________________________________ Хабарлаушы банк (Бенефициар банкі)  
  ______________________________ (растаушы банк) ______________________________ (атқарушы банк)   Аккредитив орындалады: ТӨЛЕММЕН БӨЛІП ТӨЛЕУ АРҚЫЛЫ Мерзімі кешіктірілген аккредитивтің себептері______________  
Жартылай тиеу Қайта тиеу Рұқсат етілген Рұқсат етілген Рұқсат етілмеген Рұқсат етілмеген   Жөнелтілген күн______________ ______________________________ (Жөнелтілген тауарлардың сипаты)
  (Тасымалдауға қабылданған жүктер)  
  Тасымалдау үшін қажетті құжаттар: 1) Шот- фактура____________ 2) Әуе жүкқұжаты____________ 3) Авто жүкқұжаты____________ 4) Теміржол жүкқұжаты____________ 5) Теңіз жүкқұжаты____________ 6) Аралас жүкқұжаты____________   7) Қаптау парағы____________ 8) Сақтандыру полисі ____________ 9) Сапа сертификаты____________ 10) Шығу сертификаты____________ 11) Өзге құжаттар____________  
Арнайы нұсқаулық: ______________________________ (Эмитент банк) Құжаттарды тиеу құжаттарын жібергеннен бастап ____ күн ішінде тапсырылуы тиіс. Корреспондент банктің және өзге комиссияларды біздің шотымыздан шегеруіңізді сұраймыз № _______________
  Рұқсат белгілері ________________________ (Эмитент банк атауы)   Қолы Күні   Банк төрағасы___________   Бас бухгалтері___________
  Контракт № “___”_________200__ж Мәміле төлқұжаты “___”_________200__ж    

Қайтарылмайтын расталған аккредитив – эмитент банктің міндетемесіне қоса Растаушы банктің беретін міндеттемесін білдіреді. Мұндай аккредитивтің басты артықшылығы мұндай қосарлы кепілдендіру бар. Егер де эмитент банк бірінші классты банкке жатса, онда қосымша кепілдендіру қажет етілмейді. Ол өз кезегінде аккредитив бойынша шығынды азайтады. Кей жағдайларда мұндай аккредитивтің қосымша кепілдендірілуі бенефициардың қалауы бойынша іске асады.

Халықаралық банктік тәжірибиеде аккредитивтің автоматты түрде жаңартылатын, резервтік (стэнд-бай), аудармалы сияқты түрлері қолданылдады.

Аккредитивпен есеп айырысу формасы мына жағдайларда пайдаланылады:

· бірін бірі аз білетін немесе танымайтын серіктестер арасында келісімшарт жасалса;

· келісімшарт жасаушы тарап серіктесіне толық сенімсіз болса немесе серіктесінің елінде саяси не экономикалық тұрақсыздықтар орын алса.

Аккредитивтің қызмет ету мерзімі және есеп айырысу тәртібі төлеуші мен жабдықтаушының арасында жасалатын келісімшартта көрсетіледі, сондай-ақ онда мыналар көрсетіледі: эмитент-банктің атауы; аккредитив түрі және орындалу тәсілі; аккредитив ашылуы туралы жабдықтаушыға хабарлау тәсілі; аккредитив бойынша қаражатты алу үшін жабдықтаушының беретін құжаттарының толық тізімі мен нақты сипаттамасы; тауарларды жөнелткеннен кейінгі құжаттарды жіберу мерзімі, олардың рәсімделуіне қойылатын талаптар; басқа да құжаттар мен шарттар.

Аккредитив ашу туралы өтініште төлеуші мыналарды көрсетеді: аккредитив ашылатын келісімшарттың номері; аккредитив қызмет ету мерзімі (аккредитив жабылу күні мен айы); жабдықтаушының (эспортердың) атауы; орындаушы банктің атауы; аккредитив орындалу орны; аккредитив бойынша төлем төленетін құжаттардың толық және нақты атауы, олардың тапсырылу мерзімі мен рәсімделу тәртібі; аккредитив төленетін тауарлардың (қызметтердің) аты, тауарларды (қызметтерді) жөнелту мерзімі; аккредитив сомасы; аккредитивті іске асыру тәсілі.

Аккредитивтің артықшылықтары мынадай:

Сатушы (экспортер) үшін:

- аккредитивте көрсетілген барлық шарттар, яғни тауар көлеміне, сапасына, қаптау түріне, жеткізу мерзімі мен тәсіліне, тиеу орыны мен мерзіміне және т.б. қатысты шарттар толық орындалған жағдайда төлемнің жүзеге асырылатыны;

- тауар жартылай жөнелтілсе, онда нақты жөнелткен тауары үшін төлем алатындығына сенімділігі;

- мәміле жасалмаған жағдайда немесе аккредитивтің мерзімі аяқталған уақытта сатып алушының резервтеген сомасын қайтарып алытындығына сенімділігі.

Сатып алушы (импортер) үшін:

- төлемнің банкпен төленетіндігі;

- егер ұсынылған құжаттар аккредитивте көрсетілген шарттарға сәйкес келгенде ғана төлемнің жүзеге асатындығы;

- егер сатушы өндіруші емес делдал болса, онда өндірушінің атына аккредитивті аударып жіберу мүмкіндігіні болуы.

Аккредитив бойынша келісімшарт жасасу барысында төлемді жасауға байлансты аккредитивтің түріне мән беру қажет. Егер сіз құжаттарды банкке тапсырғаннан кейін төлемдерді алғыңыз келсе оны “ұсынуға байланысты төлем” (“by payment”) деген аккредитивті таңдағаныңыз дұрыс. Себебі, мұндай форма өте кең таралған және жылдам болып табылады. Бірақ та банктің 7 күн ішінде құжаттарды тексеруге содан соң барып төлемді жасауға құқылы екендігін естен шығармау керек.

Егер серіктесіңізге несиеге тауарыңызды бергіңіз келсе, онда Сізге төлемді кешіктіріп төлеумен байланысты (“by deferred payment”) аккредитив қажет болады. Төлемді кешіктіру уақыты тауарды жөнелткен күннен басталуы, құжаттарды банкке берген күннен басталуы немесе аккредитив ашқан күннен басталуы мүмкін. Бірақ мұндай жағдайда кешіктіріп төлеген күндер үшін комиссиондық ақыны Бенефиардың атына төленетіндігін есте сақтау қажет.

Сонымен қатар өзара келісімшарт жасаған кезде қай тараптың банктің шығыстарын өз мойынына алатындығын міндетті түрде көрсетуге тиіс.

Аккредитивтік есеп айырысуда пайдаланылатын құжаттарға мыналар жатады:

Шот-фактура, яғни экспортердың жөнелткен тауары не көрсеткен қызметі үшін импортердың төлемді талап етуге негіз болатын қаржылық құжат. Онда мынадай көрсеткіштер болады: жазылған күні, сатып алушы немесе импортердың аты-жөні және мекен-жайы, шот сомасы, тауардың сипаты, бір тауар бағасы, қосымша шығыстар, жөнелту шарты, төлеу шарты (аккредитив номері). Шот-фактураны міндетті түрде бенефициар толтырады және оны аккредитивті ашушыға (сатып алушыға) жібереді.

Сақтандыру полисі – сақтандырушы мен сақтанушының арасында сақтандыру шартының жасалғандығын куәландыратын құжат. Онда мынадай ақпараттар қамтылады: сақтандырушының атауы, мекен-жайы және қолы, сақтанушының атауы, мекен-жайы және қолы (әдетте сақтанушы ретінде сатушы болады), сақтандыру сомасы (сақтандыру сомасы СІР және СІҒ жеткізу шартына сәйкес тауар құнының 110 % құрайды), жөнелтілетін тауарлардың сипаты, тасымалдау түрі (көлік түрі, жөнелту уақыты, жөнелту орыны), сақтандырылатын тәуекел сипаты, сақтандыру сыйақысын төлеу орыны (қала немесе елдің, сақтандыру агентінің атауы).

Көлік жүкқұжаты – тауарды тасымалдаушыға берілетін құжат. Көлік құжатының көлік түріне қарай теңіз коносоменті, әуе жүкқұжаты, авто жүкқұжаты, теміржол жүкқұжаты, пошта қолхаты сияқты түрлері болады. Көлік түріне байланыссыз жүкқұжатында мынадай мәліметтер көрсетіледі: тасымалдаушының аты-жөні мәртебесі және қолы, жөнелтушінің аты-жөні және мекен-жайы, тауардың сипаты, салмағы, қаптау номері мен түрі, фрахтаны төлеу туралы белгісі, жөнелту орыны, жеткізу орыны, тиеу орыны, құжаттың толтырылған күні мен орыны.

Аккредитивтің басты артықшылығы, оны төлеуге бантің кепілінің болуы.

Сонымен қатар, бұл есеп айырысу формасында бірқатар кемшіліктерде бар:

- аккредитивпен есеп айырысудың өзге формаларға қарағанда өте қымбат, сатып алушының қаражаты аккредитивтің қызмет ету мерзімінің ішінде оның шаруашылық айналымынан шығарылып қалады;

- тауар айналымы бәсеңдейді, яғни жабдықтаушы аккредитивтің ашылғаны туралы хабар алғанша, өзінің дайын өнімін жөнелте алмайды және оның сақталуы да қосымша шығындарды қажет етеді.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 98; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты