Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Банк менеджментінің сапасын бағалау




 

Сапалы да тиімді банктік менеджмент тек қана теріс ішкі және сыртқы факторларға қарсы тұрып қоймай, өз кезегінде оларды бейтараптандыру мақсатын жүзеге асыра алады. Сондықтан осындай менеджменттің банкте дұрыс ұйымдастырылуы оның тұрақтылығын нығайта түсіп, қызметінің тиімділігін арттырады. Осыған байланысты банктегі менеджмент қызметін бағалау мәселесі немесе қазіргі қолданылып жүрген банк қызметін бағалау көрсеткіштердің сәйкестігіне қатысты мәселесі туындайды. Ең бастысы банктік менеджменттің кейбір рейтингтік жүйелерде, соның ішінде САМЕL рейтингтік жүйесінде АҚШ-та банктердің жағдайын бағалауда пайдаланатыны белгілі.

Банк менеджменті бағаланатын көрсеткіштерді мынадай санаттарға бөлуге болады:

- сандық және сапалық (соның ішінде әлеуметтік);

- объективті және субъективті;

- формалдық және формалды емес.

Банктік менеджменттің сандық көрсеткіштері банктің мөлшерін, жүргізетін саясатын және мамандануын бағалауда ғана пайдаланады. Сандық көрсеткіштерге мыналар жатады:

- банк капиталының мөлшері;

- құрылтайшыларының саны;

- активтік және пассивтік операциялар көлемі;

- клиенттерді саны;

- экономика аясы мен жұмыс саласының саны;

- жұмыстың жағрафиясы;

- филиалдық торабының саны;

- корреспонденттік қатынастар жасайтын банктердің саны;

- банктік өнімдердің саны және т.б.

Банктік менеджменттің сапалық көрсеткіштерін мынадай топтарға бөлуге болады:

1. Несиелік мекемеге қатысты қойылатын кәсіби талаптар тұрғысынан банктік менеджменті бағалауға мүмкіндік беретін банктің жағдайы мен қызметін сипаттайтын көрсеткіштер:

- банк капиталының жеткіліктігі;

- банк активтерінің сапасы;

- банктің пайдалылығы;

- банк өтімділігі;

- банк операцияларын жүргізу және құжаттарды өңдеу жылдамдығы;

- ұсынатын банк өнімдерінің кешенділігі;

- ұсынатын банктік өнімдердің түрлері, сипаты, көлемі және сапасы жағынан клиенттердің сұранысын қанағаттандыру дәрежесі;

- тәуекелдерді басқару дәрежесі;

2. Кез келген кәсіпкерлік құрылымға нарық экономикасының тарапына қойылатын нормативтік талаптарға банк қызметкерлерінің сәйкес келуін бағалауға мүмкіндік беретін банктік менеджменттің көрсеткіштері:

- банк әкімшілігінің құрамы мен біліктілігі (тағайындалған лауазымды қызметі бойынша банк жүйесіндегі тәжірибесінің болуы, бірінің орын бірі алмастыруы, кадрлар резервінің болуы, басқару құрылымының жоғарыдан төменге дейін қадағалау немесе бақылаудың болуы және оның сапалығы және т.б.);

- банктің ішкі саясаты, соның ішінде кадр саясатына, ішкі бақылау және аудит ережелеріне сәйкес еңбек тәртібінің сақталуы;

- банк қызметіне байланысты реттеушілік нормалардың орыналуы, заңдардың, нұсқаулықтардың және заңдық күші бар кез келген актілердің сақталуы (банк жүйесінің әр түрлі деңгейіне арналған нормативтердің, шектеулердің және ұсыныстардың сақталуы, өткен уақыттарда банк тарапынан заң бұзушылық пен қаржылық қылмыстардың болмауы, ақпараттың ашықтылығы және т.б.)

- банк әкімшілігі мен қызметкерлерінің нарық коньюнктурасындағы алдағы уақыттарда мүмкін болар өзгерістерін көре білу және оған уақтылы дұрыс шаралармен жауап беру қабілеті (банктің қызметіне ықпал ететін инфляция, құлдырау, депрессия және т.с.с факторларға қарсы шара қолдануы)

3. Әлеуметтік көрсеткіштер, соның ішінде:

- қызметкерлердің еңбекке қатынасы;

- қызметкерлердің біліктілігі, жауапкершілігі мен еңбегіне сыйлық ақы төлеудың шекті қатынасы;

- директораттың әлеуметтік адекваттылығы (кәсіби дайындығы, шыншылдығы, міндеттемелерге менімділігі, контрактілерге дайындығы);

- әлеуметтік мәселелерді шешу дәрежесі.

Қай уақытта банктік менеджмент сапасыз болып табылса, оның арты банктік дағдарысқа ұласып, банктің зиян шегуіне, клиенттердің кетуіне әкеліп соғады. Мұндай менеджментті «мисменеджмент» немесе «нашар менеджмент» деп атайды. Мисменеджмент бұл кемшіліктері көп және заң бұзатын қызметкерлері бар және оларға бақылаудың болмауымен сипатталатын менеджменттің түрі. Мисменеджмент көп жағдайларда банктік менеджменттің бірқатар мектептерінің өкілдерінің басты көңіл аударатын объектісі ретінде қызмет етеді. Экономикадағы қаржы дағдарысы жағдайында мисменеджмент банктің дағдарысын одан әрі өршітіп, банктің құлдырауына тікелей сепебкер болады.

Мисменеджменттің мынадай түрлері болады:

- техникалық мисменеджмент;

- косметикалық менеджмент;

- дағдарыстық (авантюралық) менеджмент;

Техникалық мисменеджмент мынадай жағдайлардан байқалады;

- банк жаңадан құрылған, яғни енді ғана ұйымдастырлыған және агрессивтік саясат жүргізуі мүмкін, сонымен қатар оның жетекшісінің тәжірибесі жеткіліксіз;

- банк иелері және жетекшілері ауысады және ол оның саясатының өзгерісіне әкеледі;

- бұрынан банк жақсы басқарылып келгенмен, кейбір себептерге байланысты банктің жетекшілері нарықтағы мүмкін болатын коньюнктуралық өзгерістерді алдын ала көре білмейді.

Техникалық мисменеджмент бұл банктің дұрыс саясат жүргізбеуімен, ішкі бақылау және аудиттің жеткіліксіздігімен, жоспарлаудың әлсіздігмен және қызметкерлердің біліксіздігімен сипатталады. Техникалық мисменеджменттің теріс салдары болғанымен ол заңға сәйкес жүзеге асырыла береді, бірақ ондай менеджмент банк үшін қауіпті немесе тәуекелді болуы мүмкін.

Косметикалық менеджментте клиенттер тарапынан сенімді жоғалтпау және қолайсыз жағдайдан шығару жолын іздестіру және уақыт ұту мақсатында банк өзінің қызметіне байланысты орын алған өткен және ағымдағы зияндарын жасырады. Кометикалық мисменеджментің мақсаты – есептік құжаттарды банк қызметінің бірқатар көрсеткіштерін өзгеріссіз беру арқылы банкте қалыпты жағдайдың барлығын көрсету. Мұндай жасыруларды күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы резервтерді азайту, активерді қайта бағалау мақсатында банк активтерінің жіктелімі бойынша есеп берулерде пайдаланады. Косметикалық мисменеджмент бұл өзінше тәуекелді күшейтпейді, бірақ онымен күресу шарларын азайтады. Ол сонымен қатар банк клиенттері мен серіктестері үшін өте қауіпті жағдай туғызады.

Дағдарыстық менеджмент – бұл косметикалық мисменеджменттің банктің негізгі көрсеткіштерін жасыра алмай қалу жағдайына байланысты туындайтын менеджмент түрі. Мұндай менеджменттің мақсаты банктің қысқа мерзім ішінде өзінің жағдайын түзетуді көздейді. Мисменеджмент клиенттермен келісім бойынша нарықтық мөлшерлерммден жоғары пайызбен депозит тартып, келісімшарт бұзған қарыз алушылардан жоғары пайыз алу, салым иелеріне қаражаттарын қайтаруды кейінге қалдыру, валюта, бағалы қағаз, жер немесе жылжымайтын мүліктермен байлынысты алып сатарлық операцияларды бірден өсіру сияқты шараларды қамтиды.

Шын мәнісінде техникалық, косметикалық және дағдарыстық мисменеджмент қоғам үшін қауіпті, серіктестер мен клиенттерге, салымшыларға зиян әкелуі мүмкін болғанымен олардың көздеген мақсаттары бір болып келеді.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 145; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты