Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Банк өтімділігін басқару әдістері




Банк өтімділігін басқару банктік менеджменттің маңызды элементі болып табылады. Өтімділікті басқарудың негізгі мақсаты міндеттемелердің дер кезінде өтеу үшін қолма-қол қаражаттарға деген қажеттілікті әрқашан қанағаттандырып отыру. Жалпы банктің өтімділігін басқаруда өтімділік мынадай екі қызмет атқарады:

- несиеге деген сұранысты қанағаттандыру;

- салымшылардың депозиттерді алу сұранысын қанағаттандыру.

Қазақстандық банктер тәжірибесінде өтімді қаражаттардың ұсынысының негізгі көздеріне мыналар жатады:

- клиенттердің банктік және жинақ шоттарына түсетін қаражаттары;

- клиенттердің ссудалық қарыздарын қайтаруы;

- банкаралық несиелер;

- бағалы қағаздарды өтеу;

- сыйақы (мүдделендіруді) төлеу;

- банкаралық нарықтан ақшалар тарту;

- депозиттік емес банктік қызмет көрсетуден түсетін табыстар;

- банктің активтерін сату;

- өзге дебиторлық қарыздарды өтелуі.

Өтімді қаражаттардың негізгі пайдалану бағыттарына мыналар жатады:

- банктерге және өзге қаржы ұйымдарына несиелер беру;

- клиенттерге несиелер беру;

- бағалы қағаздарды сатып алу;

- өзге активтерді сатып алу.

Банктің төлемдік міндеттемелерінің негізгі бағыттарына мыналар жатады:

- заңды және жеке тұлғалар алдындағы депозиттік міндеттемелері;

- банкаралық несиелер;

- есептелген сыйақылар (мүдделендірулер);

- есеп айырысу қызметі бойынша міндеттемелер;

- бюджетке төленетін салықтар мен өзге де төлемдер;

- кредиторлық қарыздар.

Өтімді қаражаттар мен төлемдік міндеттемелер арасындағы айырма банктің ағымдағы өтімділік ұстанымын көрсетеді. Оның мәні теріс болса, онда ол банктегі өтімді қаражаттарының жеткіліксіздігін, ал оң болса, онда артық өтімділікті көрсетеді. Банктің күнделікті ағымдық өтімділігінің ұстанымын есептеу, оның өтімділігінің жағдайын анықтау және өтімділік тапшылығының болуын ескерту мақсатында жүзеге асады.

Банктік өтімділікті қамтамасыз етуді ішкі және сыртқы көздерге бөліп қарайды: ішкі көздер, яғни банк активтерін қолма-қол ақшаларға айналдыру және резерв (корршот және кассада қаражат ұстау арқылы) құру;

1) сыртқы көздер, яғни өтімді активтерді (бағалы қағаздар, депозиттік сертифкаттар және т.б.) сатып алу.

Коммерциялық банктердің өтімділігін түсіну үшін статикалық және динамикалық аспектілерді қарастыру қажет.

Статикалық аспект белгілі бір күнге банк өтімділігін сипаттайды және ол берілген нақты уақыт мерзімінде талап еткенге дейінгі міндеттемелерді өтеу үшін өтімділігі жоғары қаражаттар көлемінің жеткіліктілігімен байланысты. Бұл аспектіде банк өтімділігі оның қолма-қол және қолма-қолсыз ақша қаражаттарының жеткілікті мөлшері бола отырып, берілген нақты уақыт мерзімінде өз міндеттемелерін орындау қабілеті ретінде түсіндіріледі.

Динамикалық аспект күрделірек болып келеді. Ол банктің болашақтағы өтімділігін сақтау қабілетін қарастырады. Бұл аспектіде банк өтімділігі банктің өз меншік құнын экономикалық қатынастар объектісі ретінде сақтау қабілеті түсіндіріледі, ол арқылы банк өз міндеттемелерін уақытында және болашақта да өтеу қабілетін сақтайды.

Көптеген банкирлер қоғамның сенімі бұл банк үшін қымбат актив деп есептейді. Тұрақты табыстар бұл банктің өмір сүру қабілеттігінің кепілі болып табылады. Әрине, сенімді табыстар банкке өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді. Банк жүйесіне қоғамның сенім білдіруінің негізгі талаптарының бірі мынада: салымшылар өз ақша қаражаттарын қалаған және кез келген уақытта қайтарып ала алатындығына және де осы банкке өз ақша қаражаттарын сала отырып ешқандай тәуекелге ұшырамайтындығына сенімді болу қажет. Сол себептен, салымшылар қадағалау органдары, банк басқарушылары мен клиенттері сияқты банк активтерінің өтімділігіне қызығушылық тудырады.

Әлемдік банктік тәжірибеде банктің активін басқару бірқатар әдістер арқылы жүзеге асырылады. Дағдарыс жағдайында депозиттерді мерзімінен бұрын алу қаупі пайда болатындықтан, бұл жағдайда барлық депозиттер талап еткенге дейін депозиттер болуы мүмкін. Сондықтан, банктің бұл міндеттемелерді өтеуге дайын болуы және ол үшін бұл көлемге жеткілікті өтімділігі жоғары қаражаттардың болуы қажет. Ең бастысы ортақ қор құру қажет. Бұл қордан қаражаттар мынадай бағыттарда үлестіріледі: ең алдымен алғашқы резервтер (қолма-қол ақшалар, Ұлттық банктегі депозиттегі қаражаттар, резвертер), кейінен қысқа мерзімді өтімділігі жоғары бағалы қағаздар есебінен қосымша резервтер құралады. Ары қарай, қор қаражаттары қарыз алуға негізделген барлық өнімдерді қаржыландыруға жіберіледі, бұл жерде несие қоржыны өтімділікті қамтамасыз етудің әдісі болып табылмайды. Несиеге деген сұраныстарды қанағаттандырғаннан кейін қалған қаражаттар мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсалады. Олар, бір жағынан, табыс көзі болып табылса, екінші жағынан, өтеу мерзімінің қысқа болуына қарай қосымша резервтер қатарын толықтырады.

Ұзақ мерзімді болашақта бірегей резервтік қор әдісін қолданудың елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыру кезінде біршама кемшіліктері бар.

• біріншіден, банктің қаржылық тұрақтылығына ұзақ мерзімді перспективада жағымсыз әсер ететін табыстылықтың жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін өтімділігі жоғары қаражаттарды максимизациялауға бағыт жасайды;

• екіншіден, әртүрлі депозиттердің түрлерінің мерзімділігі ескерілмейді: талап еткенге дейінгі депозиттер есеп айырысу үшін арналған, ал жинақ және мерзімді депозиттер табыс алу үшін орналастырылады және біршама маңызды сақтау мерзімі бар;

• үшіншіден, бұл әдіс берілген қарыздардың қоржынынің өтімділігін есепке алмайды.

Бірегей резервтік қор әдісінің көмегімен өтімділікті басқару тәжірибесін талдау нәтижесінде келешек табыс теориясы жасалып шығарылады. Коммерциялық банк басқарушысы қаражаттардың орналасуына жауап береді. Қарастырылып жатқан әдіс негізінде барлық ресурстарды біріктіру идеясы жатыр. Сосын жинақ қаражаттар сай келетін активтердің (ссудалар, үкіметтің бағалы қағаздары, қассалық қолма-қолдылық және т.б.) кейбір түрлерінің арасында бөлінеді. Ортақ қаражат қоры әдісінің үлгісінде нақты активті операцияны жүзеге асыру үшін қаражаттардың, егер оларды орналастыру банктің алдына қойған мақсаттарында жетуге жағдай жасайтын болса, онда олардың қандай көздерден келіп түскені маңызды емес. Сызба түрінде бүл әдісті көруге болады (29-сурет).

 

Қаражаттардың көздері Қаражаттарды орналастыру

Талап ететін салымдар
Алғашқы резервтер

 
 
Екінші ретті резервтер


Мерзімді салымдар
Қаражаттардың ортақ қоры

       
 
   
 

 


 

       
   
 
 

 


29-сурет. Қаражаттардың орналастырудың жалпы қор үлгісі арқылы

активтерді басқару.

Берілген бұл әдіс банк басқармасынан өтімділік және табыстылық қағидаттарын бірдей сақтауды талап етеді. Сондықтан да қаражаттар осы қағидаттарға толық сәйкес келетін активтік операциялардың түрлеріне орналастырылады. Қаражаттарды орналастыру белгіленген бір артықшылықтарға сәйкес жүзеге асады. Олардың белгіленуі бұл оперативті бөлім басқармасына өтімділік және табыстылық сәйкестілік мәселесін шешуге көмек береді. Осы артықшылықтар банк қаражаттарында бар. Әрбір теңгенің қандай да бір үлесі бірінші немесе екінші ретті резервтерге орналасуды қажет етеді, табыс әкелетін ссуда немесе бағалы қағаздар үшін қолданылуы қажет екендігін анықтайды. Жер телімшелерін, ғимараттарға және басқа да жылжымайтын мүліктерге қаражаттарды инвестициялау мәселесі жеке қарастырылады. Қаражаттарды бірінші резервтер орналасу жүйесін анықтау кезінде ең бірінші мәселе бұл бірінші ретті резервтер түрінде бөлінетін олардың үлесін анықтау болып табылады. Активтердің бұл санаты функционалдық сипаттамаға ие және де ол коммерциялық банктердің баланстық есебінде көрсетілмейді. Сонда да банкирлер оларға көптеген мән береді және де бірінші ретті резервтерге алынатын салымдар мен несиеге деген сұраныстарды қанағаттандыруға төлемдер үшін қолданылатын активтерді қосады. Бұл банк өтімділігінің басты көзі болып табылады.

Қаражаттарды орналастыру кезінде екінші бір мәселе бұл белгілі бір табыс әкелетін "кассалық емес" өтімді активтерді жасау болып табылады.

Екінші ретті резервтердің негізгі қолданымы бұл бірінші ретті резервтерді толықтыру көзінің болуында. Соңғысы сияқты бұл бухгалтерлік емес, экономикалық категория және ол да банк балансында көрсетілмейді. Екінші ретті резервтерге бағалы қағаздар қоржынын құрайтын активтер және де кейбір жағдайларда ссудалық шоттағы қаражаттар жатады.

Қаражаттардың ортақ қоры әдісі бойынша қаражаттарды орналастырудың үшінші сатысы несие қоржынын құру. Банк бірінші және екінші реттегі резервтердің мөлшерін анықтағаннан соң, ол өз клиенттеріне ссуданы ұсына алады. Бұл табыс әкелетін банк қызметтерінің маңызды түрі. Займдар бұл банк активтерінің ең маңызды бөлігі, ал займдар бойынша табыстар банк табысының ең ірі құраушысы болып табылады. Займдық операциялар банк қызметінің ең тәуекелді түрі болып табылады.

Ең соңында құжаттарды алмастыру кезінде бағалы қағаздар қоржынынің құрамы анықталады.

Активтерді басқару бойынша қаражаттардың ортақ қор әдісін қолдану банкке активті операциялар санаттарын таңдауда үлкен мүмкіндіктер береді. Бұл әдіс ортақ қалыптасатын артықшылықтарды белгілейді. Бұл әдісте активтердің санттары бойынша қаражаттарды бөлу үшін нақты критерийлер жоқ және де бұл әдіс "өтімділік – табыстылық" дилеммасын шеше алмайды. Соңғысы банк басқармасының кәсіби белсенділігі мен интуициясына тәуелді болып келеді.

Банк қаражаттарын теңгерімді басқару әдісі бұл бос ақша қаражаттарын тарту көздерінің көп түрлілігіне негізделеді. Әрбір көздің өзіне тән өзгерімділігі, құны бар және оған белгілі бір талаптар қойылады. Сондықтан әрбір қаражат көзі жеке қарастырылады және оларды мерзіміне қарай активтермен сәйкестендіру қажет. Мысалы, талап ететін саламдар депозиттердің үлкен бөлігі бірінші және қосымша резервтерді толықтыруға, ал облигацияларды орналастырудан түсетін түсімдер ұзақ мерзімді несиелерді қаржыландыруға жұмсалады және т.с.с. (30-сурет).

 

Қаражаттардың көздері Қаражаттарды орналастыру

Алғашқы резервтер
Талап ететін салымдар


 


Жинақ салымдары  

 

 


30-сурет. Қорды басқарудың теңгерімділік әдісінің үлгісі

 

Коверсиондық әдісті тәжірибеде қор қаражаттарын теңгерімді басқару дәсі деп атауға болады. Осы әдіске сәйкес әр түрлі көздерден тартылған қаражаттарды орналастыру үшін пайдаланатын “табыстылық-өтімділік” орталары анықталады. Талап ететін салымдары өтімді активтермен жоғары деңгейде қамтамасыз етілуді талап етеді, сондықтан талап ететін салымдарының үлкен бөлігін алғашқы резервтерде орналастыруға тиіс. Ал, талап ететін салымдарының қалған бөлігі қосымша резервтерге бағытталады және аз бөлігі ғана қысқа мерзімді несиелерге беріледі. Мерзімді салымдардың басым бөлігін қосымша резервтерді қалыптастыруға, орта және ұзақ мерзімді ссудаларға, сондай-ақ ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға бағыттайды. Жинақ салымдарының басым бөлігін алғашқы және қосымша резервтерге, қалған бөлігін сондай-ақ несиелерге орналастыру қажет. Өзге қарыздарға бұл жерде банктердің Орталық банктен және өзге банктер мен қор нарығынан тартқан қаражаттары жатады. Оларды қосымша резвертерге, несиелерге, бағалы қағаздарға бағыттаған дұрыс.

«Қорды басқарудың теңгерімділік» әдісінің «қаражаттардың ортақ қоры» әдісінен артықшылығы есептеудің арқасында жоғары өтімді активтердің үлесін дәлірек анықтауға және олардың азаю есебінен қосымша ресурстарды жоғары өтімді активтерге салуға мүмкіндік береді.

Бұл әдістің басты артықшылығы банк табыстылығына жету болып табылады. Активті және пассивті операциялар арасындағы теңгерімділікті ұстау теориясында банктің өтімділігі жүз пайызды қамтамасыз етілер еді деген көзқарас бар. Бірақ, тәжірибе жүзінде оған олардың серпінін болжау қиын болып табылатын факторлар үлкен әсер етеді. Мысалы, клиенттерге несиелерді өз уақытында қайтару банктің қаражаттарына қайтару мүмкіндігіне байланысты емес, ол бірқатар тәуекелдерге байланысты. Соңғы он жылда өтімділікті басқаруда тәжірибе жүзінде барлық теориялар қолданылды деп айтуға болады.

Экономикалық тұрақтану, нарықтық қатынастардың тереңдеуі, несиелік операциялардың дамуы және қаржы құралдарының кең көлемінің пайда болуы жағдайында қаражаттарды сенімді және табысты орналастырудың мүмкіндіктері пайда болады. Сөйтіп, көптеген шетелдік банктер орын алмастыру, күтілетін табыс теорияларын, сонымен қатар банк қаражаттарының аталған әдісін қолданады.

Шетелдік тәжірибеде басқарушы мамандар өндірістік мәселесін шешу үшін сызықтық бағдарламалау деп аталатын ғылыми әдістерінің бірін қолданады. Бұл әдіс операциялардың табыстылық пен өтімділік жағынан шектеулерді ескеріп, пассивтерді басқарудағы проблемалы активтерді басқару мәселесімен байланыстырады. Сызықтық бағдарламалау бір ғана ықшамды шешімге әкелетін детерминдеу үлгісін ұйғарады, шектеулердің сипаты дәл анықталуы тиіс. Мақсатты қызметі үздіксіз және нақты анықталуы қажет, яғни шешімді анықтайтын әр айнымалы мақсатты қызметке және шектеулерді көрсететін теңдеуге өз үлесін қосуы керек. Сонда бағдарламаны бірнеше рет қосқанда да, ол бір ғана шешімді беруі тиіс, яғни іс жүзінде басшылар кейбір шектеулердің немесе бағаланатын әрекеттестіктердің өзгеруінің тиімділігін тексеру үшін бағдарламаны бірнеше рет жіберуі мүмкін.

Жоғарыдағы аталған өтімділікті басқару үлгілеріне қарағанда соңғы үлгі біздің тәжірибемізде қолданылмай отыр, себебі оған сәйкес дайындығы бар кеңесшілер немесе қызметшілер және ірі үлгілерді есептеуге қуаттылығы жететін есептеуіш жабдықтар болуы керек, ал мұның барлығы үлкен шығындармен байланысты.

Кейбір күтпеген жағдайларда өз өтімділігін қамтамасыз ете алмаған банктер төлем қабілетсіз болып табылуы мүмкін, және де нәтижесінде банкроттыққа ұшырауы мүмкін. Сол себептен, коммерциялық банктердің өтімділігін басқару мәселесінің қағидалық мәні бар және де ол әлемдік банк ісі тәжірибесінде бірінші орында.

Соңғы кездері банктердің активтері мен пассивтерін басқаруда өтімділікті басқаруға басты орын беріледі. Банктің сенімділігі мен тұрақтылығының негізгі белісіне оның клиенттердің алдындағы міндеттемесін бастапқы талабы бойынша қанағаттандыруы жатады.

Экономикалық айналымның кезеңдеріне байланыссыз өтімді қаражаттарға деген сұраныс пен ұсыныс сәйкес келмейді, яғни соның нәтижесінде банктерде өтімді қаражаттардың артықшылығы немесе тапшылығы байқалады. Өтімділікті артықшылығы немесе тапшылығы тұсында уақтылы арттық қаражаттарды орналастырмаса не кем қаражаттарды тартпаса банктің табысын жоғалтып тұрақсыздыққа ұшырауына жол береді. Сыртқы көздерден қаражаттар тартудың өзіндік шектеулер болуы мүмкін, атап айтсақ, банктің несиелік қабілеттігі, рейтингі, беделі, қаражаттарға деген қажеттілік көлемі, пайыздық мөлшерлемелердің деңгейі, және т.б.. Ал қаражаттарды орналастыруда да өтімділік пен табыстылық дилеммасы орын алады. Сөйтіп, банктер өтімділікті қолдау мақсатында қаражаттарының бір бөлігін өтімді активтерге орналастырса, екінші бөлігін пайда табу мақсатында табысты активтерге орналастыруға тырысады. Бұл жерде табысты активтерді қайтарудың тәуекелмен байланыстылығын ескерсек, онда оңтайлы шамадан артық өтімді активтерді ұстау өз кезегінде банктің табыстылығын азайтып, банктің құнына теріс әсер етеді. Бұл жерде банк балансына талдау жасау үрдісінде банк өтімділігі мен банктің капиталы өзара тығыз байланысты болатындығын байқау қиын емес. Баланста немесе пайда мен зиян есебінде көрсетілген зиян, бұл банктің активтері бойынша төлемеу тәуекелінің, пайыздық не нарықтық тәуекелдердің салдарын көрсетеді. Банктің өтімділігін тек қана тартылған қаражаттар есебінен қолдау теріс салдарларға әкеліп соғуы мүмкін. Біздің ойымызша, тек активтер немесе пассивтер есебінен өтімділікті қолдап отыру, банктің алдына қойған мақсатыны қол жеткізуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан да активтер мен пассивтерді теңгерімді басқару негізінде өтімділікті басқарудың біршама тиімді әдістердің бірі саналады. Мұндай әдіспен басқаруды ұйымдастыру қаражатты тартып және оны орналастыруға құзіретті банктің барлық бөлімшелерінің қызметін бақылауды жүзеге асыру, ақша қаражаттарының ағымдары туралы ақпараттар негізінде өтімділікті болжау, өтімді қаржаттарды басқарудың басымдықтарын анықтауға, табыстылық пен өтімділік тұрғысынан банктердің активтері мен пассивтерінің мерзімдері бойынша сәйкестігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Осы жерде банктердің балансның өтімділігін басқарудың қарапайым үлгісін жасау қажеттігі туындайтыны сөзсіз. Баланстың өтімілігін талдауда барлық активтерді екі топқа бөлеміз: өтімді және өтімсіз. Соған сәйкес банктің пассивтерінде екі топқа бөлу қажет: тұрақты және тұрақссыз. Бұл жерде банктің өтімді активтері мен тұрақсыз пассивтерін өзара салыстыру арқылы таза өтімді Гэп-ті анықтауға болады. Бұл әдістің мәні, яғни банктің балансының өтімді активтері мен тұрақсыз пассивтері арасындаға алшақтықты айқындау болып табылады.

Сонымен біздің ойымызша, ұсынылатын баланстың өтімділігінің қарапайым үлгісі төмендегі 31-суреттегідей беріледі.

Бұл жерде алшақтықтың оң болуы өтімді активтердің тұрақсыз пассивтерден жоғары болын көрсетеді. Немесе керісінше, тұрақсыз пассивтердің өтімді активтерден артық болуы да оң алшақтықты немесе артық ақшалай қаржаттардың болуын сипаттайды. Мұндай жағдайда банктер мынадай мәселелерді басынан кешеді: өтімді қаражаттар артық болса, онды пайдасы азайып, банктің құны төмендейді немесе өтімді қаражаттар жеткіліксіз болса, баланстың теңгерімсіздігін қалыпқа келтіру мақсатында сырттан қаражат тартуға байланысты қосымша шығындар шегеді.

       
 
    Өтімді активтер     Өтімсіз активтер
 
  Тұрақсыз пассивтер     Тұрақты пассивтер  

 

 


 

 

 

Таза өтімді активтер

 
 

 

 


31-сурет. Банк балансының өтімділігінің үлгісі

 

Ескертпе –автормен әзірленген.

 

 

Бұл жерде қарастырылатын өтімді активтер қадағалаушы ұйымдардың беретін жоғары активтерінен пайдалануға болады. Атап айтсақ, кассадағы қолма-қол ақша, ҚҰБ-ге шоттағы және резвертегі қаржаттар, «А» рейтингінен төмен емес банктердегі НОСТРО шотындағы қаржаттар және мемлекеттің бағалы қағаздары мен ҚИК-ның бағалы қағаздарына салынған қаражаттар және т.б. Ал, тұрақсыз пассивтерге талап етілетін шоттардағы, карт-шттағы қаражаттар, ЛОРО шотындағы қаржаттар, өзге де депозиттік шотта жататын мерзімі қысқа қаражаттар және т.б. жатады. Осындай әдіспен өтімді активтер мен тұрақсыз пассивтерді салыстыру арқылы баланс тегерімсіздігін айқындауға болады. Сонымен, біздің ойымызша бұл ұсынылып отырған «таза өтімді активтердің» үлгісі банк балансының активтері мен пассивтері арасындағы теңгерімсіздікті бағалауға мүмкіндік жасайды.

Отандық банктер тәжірибесінде бүгінгі күні өтімділікті басқару жоғарыда аталған бастапқы екі әдістің көмегімен іске асырылуда:

- жиынтық қор әдісі, яғни бұл әдіс басымдықтармен қолданылуда;

- конверсиондық әдіс, яғни бұл әдіс жекелеген жағдайларда ғана қолданылуда.

Жиынтық қор әдісі бұл банктің өтімді қаражаттарға деген жалпы қажеттілігін, банктің өзінде бар барлық өтеу көздерімен салыстыруды сипаттайды. Ол үшін банктің балансының өтімділігін бағалау көрсеткіштері қолданылады. Әр түрлі көздерден алынған банктің барлық қаражаты туралы ақпарат жинақталып, банктің өзінде бар жиынтық қор ретінде қарастырылады. Сөйтіп, өтімділікті қамтамасыз ету мақсатында алғашқы және қосымша резервтер құрылады.

Алғашқы резервтер құрамына жоғары өтімді қаражаттар: касса және ҚҰБ-гі шоттағы қаражаттар кірсе, ал қосымша резервтер құрамына да тез сатуға болатын банктің өтімді активтері, соның ішінде мемлекеттің қысқа және ұзақ мерзімді қаражаттары жатады. Егер де ұзақ валюталық ұстанымнан банк ұзақ мерзім ішінде табыс алатын болса, онда қосымша резервке шетел валюталары да жатуы мүмкін. Банктің күнделікті операциясына қажетті немесе өтімділік мәселесі туындай қалған кезде шешуге қажетті ақшалай резервінің болуы қажет.

Екінші әдіс, яғни конверсиялау әдіс банктің қаражаттарын көздеріне және бағыттарына қарай байланыстыруда қажет етеді. Бұл әдісті қолдану барысында, біріншіден, банктер қаражаттарды қалыптасу көздеріне қарай және оларды қайтарылу мерзімдеріне қарай орналастыруға тиіс, екіншіден, әрбір қаражат көзін тиісті қаржыландыру бағытына бөлуі қажет. Аталған әдістің жекелеген элементтері белгілі бір бағдарламалармен (ЕҚДБ-нің несиелік желісі, АДБ-нің ауылшаруашылық бағдарламалары) тартылған қаражаттарды орналастыру барысында қолданылады.

Отандық банктерді банк өтімділігін банктегі талдаушылық қызметі тікелей жауапты, олар өз кезегінде банктің қаражаттарды тарту және орналастыруына жауапты құрылымдық бөлімшелерінің қызметтерін бақылай отырып, олардың қызметтерін үйлестіреді. Демек талдаушылық қызмет қана банктің ағымдағы өтімділік жағдайын және пруденциалдық нормативтердің сақталуын бақылауға қажетті барлық ақпараттарды ала алады.

Банктің өтімділік жағдайын талдауға қажетті ақпараттары ішкі және сыртқы көздер жүйесінен тұрады. Сыртқы көздерден ақпарат алу, негізінен банктің бәсекелестері мен клиенттер нарығындағы және т.б. нарықтардағы жағдайлар туралы әр түрлі мәліметтерді жинақтауды білдіреді. Ішкі көздер жүйесі банктің қызметін байланысты жағдайлар туралы мәліметтерді қамтиды және ол кез келген уақытта банктің ағымдағы жағдай туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге тиіс. Банктің ағымдағы өтімділігін талдауға қажетті ішкі ақпараттарды анықтайтын құжаттарды берілу мерзімдеріне қарай, ақпараттарға қолжетімді жекелеген лауазымды және жауапты тұлғалар бере алады.

Банктің өтімділігін бағалау Қаржылық қадағалау агенттігінің өтімділікке және резвертерге қатысты қоятын талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Банк өтімділігін жеткілікті деңгейін сақтай отырып, оның активтерінің пайдалылығын арттыру үшін қайтару мерзімдеріне байланысты тартылған қаражаттар мен активті операциялардан алынатын табыстар салыстырылады. Өтімділікті бақылау шегінде мұндай салыстырулар банктің ағымдағы өтімділік ұстанымын анықтау жолымен жасалады.

Банктің жалпы өтімділік ұстанымы тартылған және орналастырылған қаражаттарды мерзімдеріне қарай салыстыру арқылы анықталады. Бұл жерде тартылған және орналастырылған қаражаттар түрлеріне қарай топтастырылады. Банктің қысқа мерзімді өтімділігі үш айға дейінгі мерзіммен, ал ұзақ мерзімді өтімділігі үш айдан жоғары мерзіммен анықталады. Болашақтағы төлемдік міндеттемелер мен әр күндегі талаптарды салыстыру нәтижесінде банк түсетін және шығатын, яғни сол күні төлеуге жататын ақша қаражатарының шекті қатынасын айқындайды. Егер банктен шығатын ақша қаражаты кіретін сомадан артық болса, онда банкте өтімділік жеткіліксіз болып табылады. Егер керісінше болса, онда өтімділік артық болады. Аталған жағдайларды талдаушылық бөлім қаражат тарту немесе орналастыру туралы шешім қабылдау үшін банктің тиісті бөлімшелерімен байланысады.

Банктің талдаушылық бөліміне өтімділікті басқару барысында мынадай қызметтер мен міндеттер жүктеледі:

- өтімділік жағдайына күнделікті мониторинг жасау және Казынашылық бөліміне жедел ақпарат беру;

- өтімділік коэффициенттердің орындалуына мониторинг жасау;

- банктің өтімділігін терең талдауға арналған коэффициенттер жүйесін есебінің жетілдірілген әдістерін жасау;

- өтімділіктің нашарлауын куәландыратын нақты немесе әлуиетті теріс үрдістерді айқындау;

- теріс үрдіс туғызатын факторларды талдау;

- өтімділікті басқару стратегиясын анықтауға арналған ұсыныстарды жасау;

- мөлшері мен мерзімдері бойынша теңгерімді активтер мен міндеттемелердің оңтайлы құрылымын анықтау;

- валюталық тәуекелді және пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісінен туындайтын тәуекелді талдау және бағалау.

Банктің ағымдағы өтімділігін басқаруға байланысты Қазынашылықтың қызметтері мыналар:

- белгі болған және болжанған талаптарды есепке ала отырып, күн сайынғы міндеттемелерді өтеуге қажетті қолма-қол ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету;

- артық ақша қаражат қорларын тәуекелдер бойынша стратегияда бекітілген өлшемдер шегінде орналастыру.

Банк өтімділігін басқаруды отандық банк тәжірибеиесінде активтер мен пассивтерді басқару комитеті жүзеге асырады.

Активтер мен пассивтерді басқару - дегеніміз банктің стратегиясы мен қаржылық менеджментінің стратегиясына жетуді қамтамасыз ететін баланс банктінің активтері мен пассивтерінің құрылымдарын қалыптастыру және реттеу процессін білдіреді. Банк активтер мен пассивтерін басқару базалық және күрделі болып келу мүмкін.

Банк активтер мен пассивтерін базалық басқару – капитал жеткіліктігіне, өтімділікке және активтер мен пассивтердің пайыз мөлшерлемелерінің және валюталардың бағамдарының өзгерісіне сезімталдығына қолжеткізуге арналған реттеуші ұйымдардың талаптарын білдіреді.

Банк активтер мен пассивтерін күрделі басқару – банк қызметінің барлық бағыттарында табыстылықты көздейтін, тәуекелді төмендетуге бағыталған банктің стратегиясын жасауды білдіреді.

Банктер тәжірибесінде активтер мен пассивтерді басқаруды активтер мен пассивтерді басқару жөніндегі Комитет жүзеге асырады (34-сурет).

 


34-сурет. Активтер мен пассивтерді басқару жөніндегі комитет

Комитет мынадай қызметтерді атқарады:

- Банк активтер мен пассивтерін басқару қызметін атқаратын әдістемелерді және регламенттерді даярлайды;

- Қаражаттарды тарту және орналастыру параметрлері туралы шешімдер қабылдау;

- Бекітілген стратегиялық жоспарларға банк балансы құрылымының сай келуін бақылау;

- Банктік тәуекелдерді басқаруға байланысты әдістемелерді жасау

- Банк балансының өтімділігне және өтімділік позициясын болжауға бақылау жасау, өтімді қаржаттарға деген қажеттілікті анықтау және балама қаржат көздерін таңдау;

- Қаражаттардың көздері және бағыттары бойынша қысқа мерзімді болжамдар жасау;

- Банктің баға саясатын жасау;

- Нарықтық пайыз мөлшерлемелерінің өзгерісінен туындайтын тәуекелге қатысты банк балансын бағалау;

- Банк жұмысының рентабельдігін талдау және мониторинг жүргізу;

- Қаражаттарды тартатын және орналастырумен айналысатын құрылымдық бөлімшелер арасындағы жұмысты үйлестіру;

- Банк капиталын басқару;

- Тәуекелдерге қатысты реттеуші ұйымдардың заңи және нормативтік актілерінің орындалуын бақылау.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 652; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты