Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жылғы үлгідегі номиналы 10000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы




 

Банкнота өлшемі 149х79 мм қағазда дайындалған.

 

Бет жағы: басым түсі күлгін-көк, басым бейне – тігінен. Орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында қою жасыл және қара көк жолақтарда ақ түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны нотасының фрагменттері бейнеленген, онда номиналдың сандық белгілерінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында күлгін көк түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлігінде – Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауының бейнесі. Банкнотаның төменгі бөлігінде ашық алақан бейнеленген. Төменгі сол жақта номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгісі орналасқан. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы төменгі оң жақта тігінен орналасқан, оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан.

Сырт жағы: басым түс күлгін-көк, басым бейне – көлбеу. Негізгі бейне: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында Қазақстан Республикасы Президентінің Ақорда резиденциясы, артқы жағында каньондар. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасағаны үшін жауапкершілікті ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 67; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты