Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы




Бет жағы: басым түсі күрең қоңыр-қызыл, басым бейне – тігінен. Орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында күрең-қызыл және қара сұр жолақтарда ақ түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны нотасының фрагменттері бейнеленген, онда номиналдың сандық белгілерінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында қоңыр түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлігінде – Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауының бейнесі. Банкнотаның төменгі бөлігінде ашық алақан бейнеленген. Төменгі сол жақта номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгісі орналасқан. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы төменгі сол жақта тігінен орналасқан, оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан.

 

 

Банкнота өлшемі 144х76 қағазда дайындалған.

 

Сырт жағы: басым түсі күрең қоңыр-қызыл, басым бейне – көлбеу. Негізгі бейне: Қазақстан картасының контуры, Алматы қаласында орналасқан Тәуелсіздік монументінің жоғарғы тұсы, «Қазақстан» қонақ үйі, артқы жағында таулар. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына шығарылған мерейтойлық жазуы бар 2001 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкнот

 

 

Көлемі 149 х 74 мм. Басым түстері - қоңыр және күлгін.

Жалпы таралымы – 1 000 000 дана.

 

Бет жағындағы негізгі бейне - философ, ойшыл, ғалым Әл-Фарабидің (870 -950) портреті. Банкноттың сол жақ жоғарғы бұрышына көкшіл бояумен мемлекеттік және орыс тілдерінде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 10 НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» деп жазылған. Портреттің төменгі оң жақ бұрышындағы 1998 жылғы үлгідегі банкноттарда қолданылған жасырын бейне мен күміс металл бояу түсі құбылып тұратын «Аспанда қалықтаған бүркіт пен күн» бейнесіне өзгертілген. Портреттің сол жағына машина арқылы оқуға болатын жіп орналастырылған және жарыққа тосып қарағанда көрінуі мүмкін.

Банкноттың сырт жағындағы негізгі бейне - Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі

2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы

Бет жағы: басым түсі қою және ақшыл жасыл, басым бейнесі – тігінен. Орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында қою жасыл және көк жолақтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, осы жерге номиналдың сандық белгісінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы жасыл түспен бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлікте Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкнотаның төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Төменгі сол жағында номиналдың мемлекеттік тілдегі әріппен белгісі орналасқан. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы төменде сол жағында тігінен орналасқан, оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан.

 

 

Банкнота өлшемі 139х73 қағазда дайындалған.

Сырт жағы: басым түсі қою және ақшыл жасыл, басым бейне – көлбеу. Негізгі бейне: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында Алматы қаласындағы Абай атындағы опера театры, артқы жағында тау өзені. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 73; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты