Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Түсіндірме: ауытқулар бойынша




11. Қарыз алушының жіктелімі:

  Несиені берген күні Мониторинг жасаған күні
Несиенің жіктелімі    

Түсіндірме: ауытқулар бойынша

 

Анықталған қауіпті жағдайлар;

_____________________________

_____________________________

 

Қорытынды:

_____________________________

_____________________________

 

 

Банк филиалының бастығы

 

Несие бөлімінің бастығы

 

Несие менеджері

 

 

Сөздік

 

А

Аваль– вексель бойынша төлемді төлеуге міндеттеме алған тұлғаның атынан міндеттеме орындалмаға жағдайда вексельде көрсетілген соманы (толық не жартылай) төлеуге берілетін кепілдеме. Вексельді төлеуге кепілдеме беруші тұлғаны авальшы деп атайды.

Авторизация –банктік картаны пайдалану арқылы операцияны жүргізуге эмитент банктің беретін рұқсаты. Авторизациялау процедурасы аяқталған соң эмитент банк, банктік картаны (слип) пайдалану арқылы жасалған есеп айырысу және өзге құжаттарды төлеуге байланысты міндеттеме алады.

Агент банк- өзге тұлғаның атынын іс жүргізүге құзыретті банк. Агент-банк заңда қарастырылған барлық операцияларды орындай алады.

Акцепті несие - аудармалы вексельді (траттаны) акцептеу формасында банктерден, берілетін несие.

Акцепт- шаруашылық ішінде және халықаралық тауар айналымында тауарлар мен көрсетілген қызметтерді төлеуге кепіл беру немесе есеп айырысу құжаттарын төлеуге келісім беру.

Акцепті-рамбурсты несие- акцепт негізінде акцептеуші - банктің қаражатын орын толтыруға негізделген сыртқы сауданы несиелеу формасы.

Акцептеуші - төлем құжаттарын (вексель, чек, төлем талап-тапсырмасын) төлеуге келісім беретін заңды немесе жеке тұлға.

Аудармалы вексельдермен есеп айырысу барысында Акцептеуші ретінде төлем міндеттемесін өзіне қабылдайтын, немесе куәландыру трассат болады.

Акция – бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және басқару іісіне қатысуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.

Акционерлік банктің акциясы – банктің жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және дивиденд алуға және банкті басқару ісіне араласуға құқық беретін бағалы қағаз.

Активті депозиттік операциялар– банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент-банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.

Аллонж –вексельді үшінші бір тұлғаға аударып жазуға арналаған қосымша бет.

Айырбастау бағамы – шетел валютасына бейімделген сол елдің ақша бірлігінің бағасы. Айырбастау бағамының түрлері: өзгермелі (плавающий) – валютаны еркін сатып алу-сату нарығы жағдайындағы, нарықтық ауытқулардың нәтижесінде белгіленеді; Қазақстан Республикасында 1999 ж. 4 сәуірден бастап, еркін өзгермелі бағам енгізілді, номиналдық (номинальный) – екі валютаның құндарының қатынасы ретінде есептелетін бағам; тіркелген(фиксированный) – айырбас бағамы мемлекет тарапынан қатаң түрде белгіленген айырбастау қатынасы; нақты (реальный) – валюталардың тауарлы қатынасын көрсететін айырбастау бағамы, яғни әр түрлі валютада бейнеленген бір ғана тауардың бағасының қатынасы.

Аккредитив(лат. accredo – сенемін) – бұл сатып алушының тапсырмасы бойынша сатып алушының (аккредитив ашушының) банкiсiнiң жабдықтаушының банкiсiне, аккредитивте көрсетiлген құжаттарды жабдықтаушы бергеннен соң және аккредитивтiң басқа да шарттарын орындаған жағдайда төлемдi төлеуге берген шартты ақшалай мiндеттемесi.

Аккредитивтің түрлері: өтелген және өтелмеген (непокрытый); қайтарылмалы және қайтарылмайтын.

Ақша ұсынымы – барлық ақша қаражаттарын қоса есептегенде орталық банктің айналысқа шығарған елдің аумағындағы ақшалар санының жиынтығы.

Ақша базасы – орталық банктің бақылауында болатын елдегі ақша ұсынысының бір бөлігі.

Акцепт(лат. acceptus – қабылдау, келісу) – төлеуге келісім беру немесе төлемді кепілдеу. Акцепт инкассо, төлем талабы-тапсырмасы, аккредитив, аудармалы вексель сияқты есеп айырысу нысандарында қолданылады. Акцепт аталған есеп айырысу құжаттарында жазу нысанында «төлеуге келісім берілді» деп көрсетіледі. Акцепт толық немесе жартылай болуы мүмкін. Акцептің түрлері: теріс акцепт беруден бас тарту, яғни бекітілген мерзімде төлеуге келісім бермеуді білдіреді; оң акцепт – төлем құжаттарын төлеуге жазбаша келісім беру; алдын-ала – акцепт мерзімі ішінде, яғни төлем құжаттарын төлегенге дейін жасалады; кейінгі акцепт – төлемнен кейінгі келісім беру. Бұл жағдайда төлем құжаттары төлеушінің банкіне келіп түскен күні төленеді, бірақ акцепт құқығы төлеушіде сақталады, соның ішінде акцепт мерзімі ішінде акцепт бас тарту құқығы да толық сақталады. Бұл есеп айырысуды жеделдетеді.

Акционерлік банк – акционерлік қоғам сияқты ұйымдық-құқық нысанында құрылған банк. Акционерлік банк құру тәртібі мен оның қызмет ету механизімі «Акционерлік қоғам туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы заңдарымен және Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің нормативтік актілерімен бекітіледі.

Ақша– барлық тауарлардың құнын өлшейтін барлығына бірдей балама, ерекше тауар

Ақша массасы – 1) белгілі бір уақыт кезеңіндегі немесе белгілі бір күндегі айналыста жүрген ақшалардың саны; 2) айналысқа шығарылған ақша белгілерінің жиынтық саны, оларға: қолма-қол ақшалар, чектер, халық пен ұйымдардың банктердегі және басқа да несиелік мекемелердегі шоттарда сақталған ақшалай қаражаттары, сондай-ақ міндетті түрде төлеуге жататын ақшалай міндеттемелер жатады.

Ашық валюталық позиция – сол уақытта немесе алдағы уақыттарда жекелеген валюталарда қаражат алу талабы мен беру міндеттемесін бейнелейтін, сол валюталардағы сандық жағынан сәйкес келмейтін активтер мен міндеттемелердің (баланстан тыс талаптар мен міндеттемелерді есепке алғандағы) арасындағы шетел валютасындағы қаражаттар қалдықтарының айырмасы.

Ашық валюталық позиция қысқа және ұзын болып келеді.

Ақша мультипликаторы - ақша-несие жүйесіндегі салымдарды ұлғайту немесе қысқарту нәтижесінде қанша мөлшерде ақша ұсынысының көбеюін немесе азаюын көрсететін сандық коэффициент, мультипликатордың шамасы ақша-несие жүйесінде пайданылатынрезервтеу нормасына кері пропорциональ болып келеді. Ақша мультипликаторын сондай-ақ банктік деп атайды.

Ақша-несие саясаты-экономиканың тұрақты дамуына және ұлттық валютаны сатып-алу қабілетін күшейтуге бағытталған ақша айналысын және несиелік қатынастарды басқаруға байланысты мемлекеттік атынан Орталық банк пен Үкімет арқылы жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк ақша-несие саясатының негізгі құралдары: қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу; міндетті резерв нормасы; ашық нарықтағы операциялар; валюталық басқыншылық; тікелей сандық шектеулер.

Ақша-несие саясатының екі типі бар: экспанциялық (несие көлемін өсіру) және рестрикциялық(несие көлемін шектеу).

Ақшалай аударым – аудармада көрсетілген тұлғаға төлеуі тұралы аударушының жазбаша немесе телеграфтың үкімі. Ақшалай аударымдарды несиелік және пошта мекемелері жүзеге асырады.

Ақша механизмі – ақша жиынындағы өзгерістер арқылы экономикаға ықпал ету тәсілі.

Аудармалы вексель (тратта) – вексель берушінің (трассанттың) үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексельді алғашқы ұстаушыға (бенефициарға) вексельде көрсетілген соманы, төлеу мерзімі жеткен кезде не оның мәлімдеуіне қарай төлеуі туралы бұйрығы.Трассат тратта бойынша төлеуге келiсiмiн бергеннен бастап, борышқор болып табылады. Аудармалы вексель келесi бетiндегi индоссамент (басқа бiреуге аударуып жазу) көмегiмен айналыста жүре бередi. Аудару туралы қолдардың көбеюiне байланысты вексель айналысы ұлғая түседi және мұндағы әр индоссант вексель бойынша мiндеттемеге бiрлесiп жауап бередi.

Аударылмайтын депозиттік сертификаттар – салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке салымды алу мақсатында ұсынылады.

Аударылатын депозиттік сертификаттар (переводимые депозитные сертификаты)– басқа бір тұлғаларға қайталама нарықта сатып алу-сату арқылы қолдан қолға ауысады.

Алғашқы резервтер – бұл сұралатын салымдарды қайтаруға және несиеге деген өтінішті қанағаттандыру үшін тез арада пайдаланылатын өтімділігі жоғары активтер.

Арнайы провизиялар – бұл құны өзінің сатып алу құнынан екі есе төмен немесе қайтарылмай қалуы мүмкін нақты жіктелінген активтер бойынша шығындарды жабу үшін құрылған резервтік ақшалар.

Авизо –өзара есеп айрысулардағы өзгерістер туралы бір банктің екінші бір банке ресми түрдегі жазбаша хабарламасы. Авизоның екі түрі болады: кредиттік және дебеттік.

Дебеттік авизо (дебетовое авизо) – банктік шоттан қаражатты шегергені туралы хабарлама. Кредиттік авизо (кредитовое авизо) – банктік шотқа қаражат есептегені туралы хабарлама.

Алтын валюта резерві – халықаралық есеп айырысулар мен төлемдерді жүзеге асыру, төлем балансының тапшылығын қаржыландыру, ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын қамтамасыз мақсатында пайдаланылатын Орталық банктің алтын және шетел валютасында құратын ресми қоры.

Ақша ағымы– қаржылық жыл ішінде банктің табатын және төлейтін ақшалай қаражатар сомаларының арасындағы айырма.

Арнайы провизиялар – қайтарылмаған немесе құндарының төмендеуінен туындайтын нақты бір жіктелген активтер бойынша зиындарды жабуға арналған ақшалай резервтер.

Аннуитет -белгiлі бір уақыт ішінде бірдей мөлшерде төленетін мерзімді төлемдер.

Андеррайтер- алдын алы келісінген шартқа сәйкес, бағалы қағаздар нарығында эмитенттің бағалы қағаздарын (акциялары мен облигацияларын) орналастыруға кепіл беруші тұлға.

Ә

Әмбебап банк – экономиканың барлық саласына бірдей қызмет көрсетумен шұғылданатын несиелік ұйым.

Б

Банк активтері– пайда табу мақсатында банктік ресурстарды, әр түрлі активтер бойынша орналастырған қаражаттары.

Банктiк несие – бұл банктiк мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берiлетiн несие.

Банктік маркетинг банктік қызметтер рыногына бағытталған банк қызыметінің түрі, оларды басқару қызыметі мен тұжырымы, банк қызметтерінің ерекше ойлау философиясы.

Банктік инфрақұрылым - банктерді өміршеңдігі үшін оларды ақпараттық, әдістемелік, ғылыми жағынан, кадрлармен қамтамасыз ететін кәсіпорындар, агенттіктер байланыс және коммуникация, білім беру және ғылыми мекемелер жиынтығы.

Банк өтімділігі – бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттілігі.

Банктік құпия – банк клиенттерінің шоттары мен салымдары және банктің жасаған операциялары туралы айтуға болмайтын ақпараттар.

Банктік консорциум – бірлесіп несиелік операцияны жүргізуге және қарыз алушының төлем қабілетсіздігін туындайтын шығында азайту мақсатында уақытша біршама банктер арқылы ұйымдастырылған банктер тобы.

Банктік кепіл-хат – ақшалай формада орындалуға тиісті банк міндеттемесі.

Банктік қадағалау– банктік заңдылықтар орындалуын қамтамасыз ететін әр түрлі мемлекеттік органдардың қызметін сипаттайды.

Банк құжаттары – бухгалтерлік есеп және бақылауды жүргізу үшін банктер пайдаланатын ақшалай және есеп айырысу құжаттарының жиынтығы.

Банктік дағдарыс – экономикалық тұрақсыздық нәтижесінде банк жүйесінің күйреуі.

Банк құқығы – банк қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы.

Банкноталарды қолдан жасау- заңсыз пайда табу мақсатында банкноталардың түп нұсқасының бастапқы түрін өзгерту. Қолдан жасауға: үстіне жапсыру, сызу, сөзді немесе санды жазу т.с.с. жатады.

Банктің ірі қатысушысы – бұл банктің басты акцияларының он немесе елу пайыздан астамын тікелей не жанама түрде иеленген, банктің қабылдаған шешімдеріне ықпал ету мүмкіндігі бар, ҚР резиденті не бейрезиденті саналатын жеке немесе заңды тұлға.

Банктің меншікті қаражаттары – банктің экономикалық дербестігін және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар (капиталдар) мен бөлінбеген пайдасы.

Банк ресурстары – бұл пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.

Банктің меншікті капиталы– банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылы қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.

Банктік инвестиция – пайда табу мақсатында банктың ресурстарын орналастыруға бағытталған активтік операциялардың жиынтығы.

Банктің инвестициялық саясаты – банк қызметінің тұрақты жұмыс жасауын, нәтижелілігін немесе пайдалылығын, сондай-ақ өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялар портфельін басқару стратегияларын жасауға және іске асыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Банктің филиалы–филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілетін банктік операцияларды жүзеге асыруға құқылы және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, занды тулга болып табылмайтын банктік мекеме.

Банктің өкілдігі– банктік операцияларды жүзеге асырмайтын, яғни банктің тапсырмасымен және онын атынан әрекет ететін банктің орналасқан жерінен тыс орналасқан, занды тұлға болып табылмайтын банктің құрылымдық бөлімшесі.

Банктің инвестициялық қоржыны– банктердің пайда әкелетін бағалы қағаздарға салынған қаражаттарының жиынтығын білдіреді.

Банктің субординарлық қарызы– бастапқы қайтару мерзімі бес жылдан жоғары болып келетін, депозиттік міндеттеме болып табылмайтын, меншікті капиталға жататын карызы.

Банктің брокерлік қызметі – клиенттің тапсырмасы бойынша және оның есебінен бағалы қағаздармен операциялар жүргізу.

Банктің дилерлік қызметі– банктің өзінің атынан және өзінің есебінен бағалы қағаздармен сауда-саттық операцияларын жүзеге асыру.

Банктің бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивиденті төлегеннен және резервтік қорға аударғаннан кейін банктің иелігінде қалатын пайданың бөлігі.

Банкнота – Орталық банктің кепілдігімен айналысқа шығарылатын ақша белігілері.

Банктік тарифтер – инкассация және вексельді өтегені, есеп айрырысуларды жүзеге асырғаны, чектерді шығарғаны, несиелерді бергені және т.б. үшін банктердің көрсететін қызметіне қосатын үстемелері.

Банктік аударым – 1) халықаралық есеп айырысу нысаны; 2) банк клиентінің екінші бір тұлғаның есебіне белгілі бір қаражат сомасын аудару туралы тапсырмасы.

Банкомат – банктік карточка көмегімен және ондағы сақталған қаражат көлемінде, оның иесіне қолма-қол ақшаны алуға мүмкіндік беретін автоматандырылған құрылым.

«Банк-клиент» жүйесі – заңды немесе жеке тұлғаларға байланыс желісі арқылы қызмет көрсетуші банкке электрондық нысанда есеп айырысу құжаттары мен өзге ақпараттарды беруге мүмкіндік беретін бағдарламалы техникалық кешен.

Банктік менеджмент –алға қойған мақсатқа жету немесе пайда табу мақсатында банк қызметін ұйымдастыруға бағытталған басқарушылық іс-әрекеттердің жүйесі.

Банкаралық несие нарығы –банктерге және банктік емес ұйымдарғақысқа мерзімді банкаралық депозиттер мен несиелер нысаныда уақытша бос ақша қаражаттарды тартуға және орналастыруға арналған несие нарығының бір бөлігі.

Бэк-кеңсесі - Фронт-офис қызметтін қолдай отырып, клиенттерге құжаттық қызмет көрсетеін банк бөлімшесі.

Бенефициар –тапсырмада көрсетілген қолма-қол және қолма қолсыз ақшалай аударымдарды алушы тұлға.

Бенефициар банк –келісімшартқа сәйкесқаражаттыжөнелтушіден (төлеушіден) бенефициардың (жабдықтаушының) атына келіп түскен қаражатты қабылдаушы немесе қаражатты жөнелтушінің тапсырмасымен көрсетілген өзгеде іс-әрекетті жүзеге асыратын банк.

В

Валюта – бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралы СДР, еуро.

Валюталық бағам – бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнелейтін бағасы.

Валюталық саясат - валютаға, валюта бағасына, валюталық операцияларға әсер ету арқылы елдің ішінде және тысқары жерлерде жүргізілетін мемлеттің экономикалық саясаты мен сыртқы экономикалық саясатының құрамдас бөлігі.

Валюталық реттеу - валюта айналысын басқаруға, валюталық операцияларға бақылау жасауға, ұлттық валютаның бағасына ықпал етуге, шетел валютасын пайдалануды шектеуге байланысты мемлекет органдарының қызметі. ҚР-да валютаны реттеуді жүргізуге валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы ҚР-заңын жетекшілікке алады.

Валюталық операциялар - шетел валютасының сауда саттық жасау, шетел валютасын төлемі құралы ретінде пайдалану, ұлттық валютаны сыртқы экономалық қызметі жүзеге асыру барысында пайдалану шетелден валютаны әкелу және шетелге шығару валюталық құндылықтарды аударып жіберуімен байланысты операциялар.

Валюталық құндылықтар - халықаралық валюта- қаржы байланыстары арасында қолданылатын материалдық объектілер. Оларға мыналар жатады: шетел валютасы: шетел валютасындағы төлем құжаттары (вексельдер, чектер, аккредитивтер) қор құндылықтары (акциялар, облигациялар), табиғи асыл бағалы тастар (алмаз, рубин, изумруд, сапфир, александрид, жемчук), сондай-ақ қымбат бағалы металлдар (алтын, платина және платина тобындағы металлдар - палладий, иридий, осмий, родий, рутений).

Валюталау күні – ақшаны жөнелтушінің көрсетуімен төлем құжатында жазылатын бенефициардың ақшалай аударымды алатын күні.

Валюталық тепе-теңдік - бір валютаны екінші біріне айырбастау үшін қатаң, ресми түрде белгіленген қатынас.

Валюталық резервтерді диверсификациялау– бұл халықаралық есеп айырысуларды қамтамасыз ету, валюталық интервенция жүргізу және валюталық шығындарды сақтау мақсатында әр түрлі валюталарды қосу жолымен валюталық резервтердің құрылымын реттеуге бағытталған мемлекеттің және банктердің саясаты.

Валюталық шектеу – резиденттер мен бейрезиденттердің, валюталар және басқа валюталық құндылықтармен жасалатын операцияларын заңды түрде немесе әкімшілік түрде тыйым салу.

Валюталық биржа – шетел валютасымен валюталық операцияларды жүзеге асыратын, сұраныс пен ұсыныс негізінде ұлттық валютаға қатысты шетел валюталарының ағымдағы бағамын белгілейтін ұғым.

Валюталық бақылау - валюталық операцияларды жүзеге асыру барысында валюта заңдарының орындалуын қамтамасыз ету. Валюталық бақылаудың басты міндеті: жұмыс істейтін заңдылықтарға сәкес валюталық операциялардың жүргізілуін және оларға деген лицензиялар мен рұқсат қағаздарының болуын анықтау.

Валюталық декларация - тасымалданатын валюта туралы мәліметтерден тұратын, кеден орнына ұсынылатын, өтініш түріндегі құжат.

Валюталық қоржын - ұлттық және аймақтық валюталардың бағамдарын анықтауға арналған шетел валюталарын котировкалауда пайдаланылатын валюталар жиынтығы.

Валюталық бағамдау– заңды нормаларға және қалыптасқан тәжірибеге сәкес шетел валюталарының бағамдарын белгілеу. Валюталық бағмадау тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей котировкалау бойынша, шетел валютасының бағамы ұлттық валютамен бейнеленеді. Ал, жанама котировкалауда ұлттық валютаның бағамы шетел валютасына қатысты бейнеленеді (мысалы 1 АҚШ доллары =117,17 теңге).

Валюталық резервтер – халықаралық есеп айырысуларға арналған, Орталық банктегі және қаржы ұйымдарындағы немесе халықаралық қаржы-несие ұйымдарындағы шетел валютансындағы қаражаттар.

Валюталық бақылау – резиденттер мен бейрезиденттердің валюталық құндылықтармен жасалатын валюталық операциялардың, бекітілген заңдылықтар мен нормативтік актілерге сәйкес жүргізілуін тексеру мақсатында Орталық банк пен кеден ұйымдары тарапынан жүзеге асырылатын бақылау түрі.

Валюталық тәуекел - шетел валютасының бағамының өзгеруіне байланысты валюталық құныдылықтармен операциялар жасау барысында туындайтын қауіп.

Валюталық тәртіпті ырықтандыру– валюталық операциялар бойынша жасалатын валюталық шектеулерді алып тастау және валюталық нарық субъектілеріне еркіндік беру.

Вексель– белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борыш қордың қарыздық міндеттемесі.

Вексель дисконты– 1) қызмет ету мерзімі аяқталғанға дейін вексельді номиналдан төменгі бағамен сатып алу; 2) вексельдерді есепке алу барысында банктердің алатын есепке алу пайызы.

Вексель валютасы - вексель төлеуге берілетін валюта; халықаралық айналымда вексельге несие беруші елдің, борышқор елдің, сондай-ақ үшінші бір елдің валютасында вексельді төлеуге берілуі мүмкін.

Г

Гэп –берілген уақыт аралығында пайыздық мөлшерлемелер өзгерісіне сезімтал активтер мен пайыздық мөлшерлемелер өзгерісіне сезімтал пассивтер арасындағы айырма.

Д

Домицилиант – вексельде көрсетiлген төлемдi жүзеге асыратын, вексельде делдал ретiнде қатысатын банк.

Дебеттік карточка – карточкалық шот иесіне банкоматтан қолма-қол ақша алуға және карточкамен қызмет көрсететін сауда үйлерінде, мейрамханаларда және т.б. орындарда сатып алынған тауары мен қызметтері үшін есеп айрысуға мүмкіндік беретін төлем құралы.

Дебеттiк (төлем) карточка- банкте арнайы карточкалық шотынды қаражаты бар, клиент пен банк арасындағы өзара келiсiм-шартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшiн төлеуге арналған төлем құралы.

Дебеттік аударымдар– төлемді жасау үшін бенефициардың ақшаны жөнелтуші банкке төлем құжаттарын беру жолымен жүзеге асатын қолма-қол ақшасыз төлемдер.

Депозитарий қызметі – бағалы қағаздар иелерін құқықтарын есепке алу және растауға, бағалы қағаздармен мәміле жасауда техникалық жағынан қамтамасыз етумен байланысты банктердің қызметі.

Депозит – бұл клиенттердің (жеке және тұғалардың) банктегі белгілі шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Депозиттік сертификат – заңды тұлғаның банкке салған қаражатын куәландыратын және оған салым мерзімінің өтуіне қарай банктен немесе оның филиалдарынан салған салым сомасы мен сыйқы мөлшерлемесін алуға құқық беретін бағалы қағаз.

Депозитарлық қолхат – депозитар-банкте сақталатын, шетел компанияларының акцияларына шығарылған туынды бағалы қағаз.

Дивиденд – акционерлерге қолында бар акцияларының құндылықтарына қарай жылсайын төлеп отыратын және акционерлер (акция иелері) арасында бөлінетін акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігі.

Дисконт– төлеу мерзімі жеткенге дейін вексельді есепке алу және қайта есепке алу барысында алынатын пайыз.

Е

Еншілес банк –жарғылык капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке тиселі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға.

Есеп айырысу-кассалық бөлім –ҚРаумағында банктік операциялардың жекелеген түрлерін орындайтын, филиал немесе өкілеттік мәртебесі жок, заңды тұлга емес, ҚР Ұлттық банктің келісімі негізінде кұрылатын банктік аумақтық бөлімшесі.

Еркін өзгермелі бағам – бұл валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсыныс негізінде белгіленетін нарықтық бағамды білдіреді.

Ж

Жай вексель (соло) – вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе мәлімдеуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің міндеттемесін сипаттайтын вексель.

Жалпы провизия- арнайы провизия құруылуға міндетті активтерден басқа барлық активтері бойынша мүмкін болар зияндарды жабуға арналған ақшалай резервтер.

Жеке шот - жеке тұлғалар мен есеп айырысу үшін банкте немесе өзге несиелік мекемелерде ашылатын шот түрі.

Жинақ кассасы– жинақ салымдары түрінде халықтың ақшалай қаражаттарын тарататын және оларға пайыз төлейтін несиелік мекеме.

Жинақ сертификаты – жеке тұлғаның банкке салған қаражатын куәландыратын және оған салым мерзімінің өтуіне қарай банктен немесе оның филиалдарынан салған салым сомасы мен сиақы мөлшерлемесін алуға құқық беретін бағалы қағаз.

Жинақ банкі – халықтың жинағын тартумен айналысып, халыққа тұтыну және ипотекалық несие беретін несиелік мекеме.

И

Инфляция(латын. inflatio, аудармасы - “қабыну”, “iсiну”) - бұл бағаның өсуiнен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар және қызметтер сапасының төмендеуiнен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ ұлттық валютаның сатып алу қабiлетiнiң төмендеуi.

Инвестициялық банк - ірі жобаларға күрделі қаржы жұмсау, ұзақмерзімді несиелер беру және өндірістік корпорациялардың акцияларын сатып алу арқылы инвестициялық саясатты жүргізетін маманданған банк. Инвестициялық банктің ресурстары облигациялар шығару және меншікті акцияларын сату есебінен құрылады. Инвестициялық банктердің басты ерекшелігі олар халықтан салым салуға маманданбайды.

Инвестициялық қоржын пайдалы объектілерге капитал салумен байланысты активтік операциялар барысында банктің сатып алған бағалы қағаздарының жиынтығы. Инвестициялық қоржын корпорациялардың, компаниялардың бағалы қағаздарына салынған меншікті инвестицияларды және екінші реттегі резервтер ретінде мемлекеттің бағалы қағаздары түріндегі өтімді активтерден құрылуы мүмкін.

Индексациялау- ақшаның құнсыздануы нәтижесінде халықтың және кәсіпорынның шеккен зиядарының толық немесе жартылай орнын толтыру. Индексациялау зейнет ақы, степендия, еңбек ақы, және ең төменгі әлеуметтік кепілдемелерді қайта қарауда білдіреді.

Инкассатор - банктің кассасынан ақшаларды кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің кассаларына жеткізуші, сондай-ақ олардың кассаларындағы ақшалай түсімдерді жинап, банкке өткізуге құзіретті лауазымды тұлға.

Инкассо (лат. inkasso) - банк клиеттің тапсырмасы бойынша төлеушіден төлемді немесе төлемге беретін келісімді алуға міндеттеме алатын банктік операцияның түрі. Инкассо – қалааралық есеп айырысудың біршама тиімді формасы, өйткені ол жабдықтаушы мен төлеуші үшін қолайлы: жабдықтаушы үшін тиімділігі, төлеушіден ақшаны алып, оны жабдықтаушының шотына есепке алу міндетін банк өзіне алса, ал төлеуші үшін тиімділігі, ол төлемде өзі бақылау жасайтындықтан да, оның төлеуден толық немесе жартылай бас тарту мүмкіндігі бар.

Инкассалық өкім – заң актілерінде көзделген жағдайда ақшаны жөнелтушінің келісімінсіз,оның банктік шотынан ақшаны алу үшін пайдаланылатын төлем құжаты.

Инспекциялық (іштей) кадағалау –банктерді орналасқан жерінде тексеру аркылы олардын жағдайлары туралы нақты мәліметтер алуға мүмкіндік беретін банктердің кызметін реттеу әдісі.

Ипотека(грек. hypotheke – кепіл) ипотекалық сауда алу мақсатында жылжымайтын мүлікті, ең бастысы жерді және құрылысты кепілге қою. Ипотекада кепілге салынған мүлік несие берушінің қолына берілмей, борышқордың қолында қалады. Ипотека – деп, сондай-ақ ипотекалық несие бойынша қарызды және мүлік актісін түсінуге болады.

Ипотекалық несие - жылжымайтын мүлікке (жер, өндіріс және үй ғимараттары, құрылғыларға) банктерден берілетін ұзақ мерзімді займ.

Ипотекалық облигациялар – жылжымайтын мүліктермен қамтамасыз етіліп шығарылған ұзақ мерзімді құнды қағаздар.

Инсайдер – жалпы халыққа қолжетімсіз, ішкі қызметтік ақпартаттарды, құпиялы мәліметтерді білетін, компанияның ішінде жұмыс жасайтын немесе компанияның 10% дауысты акциясын иеленетін тұлға.

Индоссамент– бір тұлғадан (индоссанттан) екінші бір тұлғаға (индосатқа) беруге құқық беретін вексельдің, чектің, коносаменттің және өзге бағалы қағаздардың келесі бетінде көрсетілген аударып жазу туралы таңбасы.

Индоссант – вексельдің артқы бетінде аударып жазуды жүзеге асыратын және вексель бойынша төлемді алу құқығын өзге тұлғаға беруші тұлға.

Индоссат - аударып жазу арқылы вексельді алушы (ұстаушы) тұлға.

К

Кастодиан(ағылшын. custodian – сақтаушы) - клиенттің тапсырмасы бойынша құнды қағаздарын сенімгерлік сақтауға қабылдайтын банк, немесе қаржы агенті; сақтаушының қызметінде клиеттің құндылықтарымен сауда-саттық операцияларын жүргізу қарастырылмайды.

Кассалық операциялар - қолма-қол ақшаларды қабылдау, беру және қайта санаумен байлынысты банктердің, кәсіпорындардың және фирмалардың операциялары.

Кассалық мәміле - мәміле жасаған күні немесе бір аптадан аспайтын мерзім ішінде құнды қағаздар төленетін және сатып алушыға берілетін өзіндік ерекшелігі бар қор биржаларындағы құнды қағазбен жасалатын операция.

Комиссиондық сыйақы - 1) мәміленің сомасынан пайыз түрінде есптелетін, коммерциялық операцияны, мәмілені жүзеге асыруға байланысты делдал-агент ретінде атқарған жұмысы үшін төлемақы; 2) белгілі бір банктік операцияларды жүргізу барысында банктің алатын комисиондық қызмет көрсеткіне үшін клиенттен алатын төлемі.

Контокорренттік несие (итал. сonto corrent – ағымдық шот)- клиенттің барлық түсімдері мен төлемдері есепке алынатын банктегі бірыңғай есеп айырысу (контокоренттің) шоты бар, өзінің тұрақты клиенттеріне банктің беретін несиесі.

Кепiлденген чек - чек берушiнiң банкiндегi шотындағы қаражаттың көлемiне байланыссыз чекте көрсетiлген соманы төлеуге қызмет көрсетушi банктiң беретiн кепiлiн көрсететiн чек.

Корреспондеттік қатынас – банктік қызмет көрсетумен байланысты операцияларды жүзеге асыру мақсатынды банктер бір бірінде өзара корреспондеттік шот ашумен байланысты жасалған келісім-шарттық қатынасты сипаттайды.

Корреспондент банк- клиенттерге қызмет көрсетуге байланысты операциялар мен банкаралық операцияларды корреспонденттік келісім-шарт негізінде өзге банктің тапсырмасын орындаушы банк.

Корреспонденттiк шот – бұл коммерциялық банктердiң өзара есеп айырысуларды жүргiзуге арналған елдiң орталық банкiнде және банктердiң бiр-бiрiнде ашатын шоты.

Контокоррент (итал. соnto corrente- ағымдық шот) - 1) клиенттің барлық операциялық есепке алынатын біртұтас банктік активті-пассивтік шот. 2) Контокоррент салымдарды сақтау үшін, сондай-ақ клиенттің есеп айырысуы үшін, қызмет етумен қатар ағымдағы шот пен қарыз шотының біріккендігін, яғни дебеттік-кредиттік есеп айырысу шотын білдіреді.

Конверсиондық операциялар – қандай да бір елдің елдің қолма-қол және қолма-қолсыз ұлттық валюталарына қолма-қол және қолма-қолсыз шетел валюталарын сатып алу және сату мәмілелері.

Кредиттiк карточка– карточканы шығарушы мен карточка иесi арасындағы келiсiм шартқа сәйкес, несиелiк лимит көлемiнде тауарлар мен қызметтер үшiн төлемдi жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.

Кредиттік корпоративтік банктік карточка - клиентпен (заңды тұлғамен) жасалған келісім-шартқа сәйкес эмитенттің белгілеген пайдалану шегінде және эмитенттің берген несиелік желі мөлшерінде операцияларды жүзеге асыруға өкілетті заңды тұлғаларды, ұстаушыларға пайдалануға мүмкіндік беретін банктік карточкасы.

Кредитттік аударымдар– ақшаны жөнелтушінің төлем құжаттарын алушы банкке төлем тапсырмасын беру арқылы жасайтын қолма- қол ақшасыз төлемдері.

Күмәнді несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді.

Күндізгі қарыз (овердравфт) - банктік жұмыс күні ішінде екінші деңгейдегі банктердің ҚР Ұлттық банктегі корреспондентік шоттарында уақытша қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін несие.

Кук коэффициенті – банк капиталы мен оның баланстан тыс активтері арасындағы ең төменгі шекті қатынасын бейнелейді.

Кепіл-хат - қарыз алушы төлеуден бас тартқан жағдайда, үшінші бір жақтың қарызды өтеймін деген жазбаша міндеттемесін береді.

Корпоративті клиент – қызмет көрсетуде ерекше басымдықтарды иелентін және даму барысында ынтымақтасуға болатын банк клиенті.

Конгломерат –1) көп салада бірдей қызмет етін ұйым немесе банк; 2) банктік холдинг немесе холдингтік компания.

Коммерциялық вексель – тауарды несиеге сатып алу, сату мәмілісінің жасалуы барысында туындайтын қарыздық міндеттеме.

Клирингтік палата – аймақтық банктердің өкілдерінің клиринг операциясының бойынша нәтижелік баланс құра отырып, чектерді өзара есепке алу мақсатында алдын-ала келісілген уақытта күн сайын кездесетін орыны.

Қ

Қайтарылмалы аккредитив– қаражатты алушыға алдын ала ескертусіз және қаражатты алушы алдында эмитент-банк ешқандай да міндеттеме алмай-ақ эмитент-банк тарапынан өзгертілуі немесе қайтарылып алынуы мүмкін аккредитив түрі.

Қайтарылмайтын аккредитив– қаражатты алушының келісімінсіз эмитент-банк тарапынан қайтарып алынуы мүмкін емес аккредитив түрі.

Қазақстан ипотекалық компаниясы - 2001 жылы ақпанда ҚР Ұлттық банкiнiң ықпалымен құрылған елiмiздегi ипотекалық несиелеу жүйесiн дамыту және тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзiмдi қаржыландыру тұжырымдамасын iс жүзiне асыру мақсатында құрылған ұйым.

Қарыз (займ) – пайдаланғаны үшін сый ақы төлеу шартымен белгілі бір мерзімге, қайтарылатын негізде бір тұлғаның (банктің) екінші біріне берген ақшалай қаражаты.

Қарыз шоты- қарыздың берілуі мен қайтарылуы есепке алынатын шот. Қарыз шоты активтік шот болып табылады, себебі онда банктің ресурсының орналасуы көрсетеледі. Қарыз шотының дебеті бойынша- қарызды беру, кредиті бойынша өтеу жүзеге асады.

Қарыз алушы - алынған ақшалай қаражаттардың қайтарылуына, берілген несие үшін сый ақының төленетініне кепіл беретін, өзіне міндеттеме қабылдаған, қарызды алушы тұлға.

Қашықтан (сырттай) қадағалау –бұл банктердің қадағалау органдарына мәліметтер беру түрінде жүргізілетін пруденциялық қадағалау әдісі.

Қарызды қайта құрылымдау – қарыз туралы келісімшарттың қызмет ету мерзімі ішінде, оның мазмұнына (сыйақы мөлшерлемесін, қайтару көзін, қамтамасыз ету мүлкін, негізгі қарызды және сыйақыны қайтару кестесін және т.б.) өзгертулер енгізу.

Қысқа валюталық позиция –белгілі бір шетел валютасында бейнеленетін міндеттемелер (пассивтер) мен баланстан тыс міндеттемелердің сол шетел валютасындағы активтер мен баланстан тыс талаптардың артық болуына байланысты анықталатын ашық валюталық позицияның түрі.

Қолма-қолсыз ақшалар- чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегiмен пайдаланылатын клиенттердiң шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер).

Қосымша капиталдар– негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылатын қаражаттар.

Қоржынды инвестициялар - 1) құнды қағаздар қоржыны түрінде қалыптасқан қаржылық инвестициялар; 2) кәсіпорындарға бақылау жасауға олардың иелеріне мүмкіндік бермейтін шағын мөлшердегі инвестициялар.

Қолма қолсыз есеп айырысу– банктегі шотқа есептеу және төлеушінің шотынан алушының шотына аудару арқылы, қолма-қол ақшаның қатысуынсыз жүргізілетін ақшалай қаражаттардың қозғалысын сипаттайтын ақша айналысының нысаны.

Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесi– бұл қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларын, оларды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды, сол сияқты құжат айналымына байланысты есеп айырысу әдiстерi мен формаларының жиынтығы.

Құжатты инкассо - коммерциялық құжаттармен (мысалға; шот, көлік және сақтандыру құжаттары) бірге жүретін қаржылық құжаттар инкассосы, сондай-ақ тек қана коммерциялық құжаттар инкассосы.

Л.

ЛОРО-КОНТО (лоро шоты) - 1) (сіздің біздегі шотыңыз) -коммерциялық банктің тапсырмасы бойынша барлық жасалған операциялар көрсетілетін, корреспондент банкінің ашқан корроспонденттік шоты.

ЛИБОР (ағыл. LIBOR, London Interbank offered Rate) - өзге бірінші класстық банктерде депозит түрінде Лондон банктерінің орналастырған (әдетте 3-6 ай мерзімге) қысқа мерзімдік несиелер бойынша мөлшерлемесі; банктердің несие үшін пайыз мөлшерлемесін белгілеуде қызмет етеін базалық мөлшерлеме. Шетел валютасында алған қарыздары бойынша банктер пайыздарын есепке алған кезде ЛИБОР мөлшерлемесінен 3 пункте жоғары шамада белгілейді.

 

Н

Несие(кредит лат. credit – сенім) - қайтару шартымен, белгілі бір мерзімге қарызды пайдаланғаны үшін қарыз алушыға берген ақшалай немесе тауар нысанындағы қарыз.

Несие процессі - несиелік операцияны ұйымдастыру ерекшелігін анықтайтын, банктен қабылдаған белгілі бір ретпен орналасқан несиелік қатынастарды іске асыру нысаны, яғни әдістері мен тәсілдері.

Несиелік желі – келісілген лимит шегіндегі белгілі бір уақыт ішіндегі қарыз алушығы несие беріп отыруға несиелік мекеменің оған берген заңды түрде рәсімделген міндеттемесі.

Несиелік саясат - ішкі және сыртқы несиелерді беру шарты мен әдістерін, несилеу ауқымын; несие үшін ақы алуды; жеңілдікпен несиелер беруді; несиелердің толық бағдарламаларын қамтитын, мемлекеттің, үкіметтің және банктердің жүргізетін саясаты.

Несиелік жүйе - несиелік қанынастардың, несие беру нысандары мен әдістерінің, сондай-ақ осы несиелік қатынастарды ұйымдастыратын және несиелік мекемелердің жиынтығы.

Несиелік рейтинг– несиені қайтару ықтималдығы, міндеттемені орындау тұрғысынан қарыз алушының несиені өтеу қабілеттілгін бағалау; мұндай рейтингті банктер немесе мамандандырылған консалтинг агенттіктері анықтайды.

Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған қарызын және оған төлейтін пайызды қайтара алмау қаупі.

Несие беруші - борышқордан берген қарызын қайтаруда немесе дасқа да міндететмелерді талап ету құқы бар (заңды немес жеке тұлға) субьект.

Несиелік қабілет - қарыз алушының банк алдындағы өзінің қарызы бойынша міндеттемесін (негізгі қарызы мен пайызы) бойынша толық және уақытында қайтару мүмкіндігі.

Несиелік шектеу - өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарына несиелерді жалпы қысқарту, өндірісті қысу немесе оның өсу қарқынын тежеуге жол беретін инфляциялық процестер мен банктердің құрдырауын болдырмау, алтын қорларының шетелге кетуіне тиым салу мақсатында коммерциялық банктерге Орталық банктің беретін несиелер көлемін шектеуі.

Несиелік келісімшарт– несие беруші банк немесе басқа несиелік ұйым мен қарыз алушының арасында жасалатын,онда несие беруші мен қарыз алушының міндеттері мен құқықтары толық көрсетілетін заңды құжат.

Несие лимиті– 1) несие берушінің қарыз алушыға беретін несиесі бойынша несиелік қатынастың шекті деңгейі; 2) қарыз алушының өз айналымында несиелік қаражаттарды пайдаланудың ең жоғарғы шегі. Несиелік лимит ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі лимитті несие беруші банктің өзі өзінің қолында бар несиелік ресурс көлеміне және қарыз алушының несие алу мүмкіндігіне қарай белгілейді.

Несие қоржыны – несиелік тәуекелдің немесе одан қорғану тәсілдерінің әр түрлі факторларына байланысты критерийлері бойынша жіктелген несиелерге байланысты банктің қоятын талаптарының жиынтығы.

Несие тарихы – ұзақ уақыт ішіндегі қарыз алушының банктік несиелерді алу және қайтаруы туралы нақты мәліметтер; қарыз алушының алған несиелерін қайтару тұрғысыннан тұрақтылығын сипаттай отырып, банк тарапынан сол қарыз алушыға несие беру туралы шешім қабылдау барысында пайдаланылады.

Несиелік ісқұжаты– банктің нормативтік құжаттарына сәйкес бекітілген, несиені беруді рәсімдеуге және оған қызмет көрсетуге байланысты несие туралы толық ақпараттарды қамтитын құжаттардың жиынтығы. ҚР-да екінші деңгейдегі банктері несиелік іс-құжаты қалыптасытыруда Қазақстан Ұлттық банк басқармасының қаулысымен бекітілген «Несиелік құжаттарды жүргізу туралы» ережесін тікелей басшылыққа алады.

Несие бойынша сыйақы - берілетін несие сомасына қатысты пайызбен бейнеленетін несиені пайдаланғаны үшін қарыз алушының төлейтін төлемі.

Несиелік өтініш - қарыз алушының банктен несие алу мақсатында толтыратын банктің нормативтік актілеріне сәйкес формасы бектіліген құжат.

Несиелік санкция – қарыз алушының несиелік келісімшартты бұзған жағдайда банк тарапынан қолданылатын шара.

Несиелік скоринг– несиелік келісімшартты бұзу ықтималдығы жағдайын бағалау және әлуетті қарыз алушыларды таңдау процесінде қодданылатын әдіс.

Несиелік саясат – банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары.

Несиелеу стандарты – бұл банкте несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.

Несиелік нұсқаулық(инстркуция кредитования) – несиелеу процедураларын іске асырудың жалпы алгоритімін бекітетін кезектіліктің қадамдарын суреттеуді білдіреді.

Несиелік механизм – нарықтық қатынастарға сай экономикалық тиімді дамуын қамтамасыз ететін несие түрлерінен, несиелеу принциптерінен, несиелеу әдістері мен тәсілдерінен және несиелік тәуекелді басқарудан тұратын экономикалық механизмнің құрамдас бөлігі.

Несиелік желі– келісілген лимит негізінде белгілі бір мерзім ішінде қарыз алушыға несие беріп отыратындығы заңдастырылған, яғни банктің қарыз алушы алдындағы міндеттемесі.

Несиелеу әдістері – ссуданың берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорындардың қаражат айналымының шеберіне қатынасу тәсілдері.

Несиелеу механизмі– несиенің берілу және қайтарылу әдістерін және несиелеу процесін, сондай-ақ несиенің қозғалысына бақылауды қамтитын несиелік механизмнің құрамдас бөлігі.

Несиені авторизациялау– несиелік тәукелді төмендету мақсатында жүргізілетін анықтамалар және тексерулер процесі.

Несиелік мониторинг - несиені берген күннен бастап, оны толық қайтарғанға дейін бақылауды және қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін үнемі талдап отыруды, несие сапасының төмендеуі немесе несиелік келісім-шарттың бұзылуы анықталған жағдайларда тиісті шаралар қолданылуды қамтитын банктің күнделікті жұмысы.

Несиелік қоржынды басқару – бұл банк қабылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды және олардың ең жоғарғы жететін деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі.

М

Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.

Монетаризм –экономиканы реттегіш құралдарын пайдалану арқылы нарықтық экономикаға мемлекеттің араласуын шектеуге негізделген экономика ғылымының бағыты.

Мерзімі өткен қарыз -займ туралы келесімшарттта немесе несиені қайтару кестесінде көрсетілген негізгі қарыз бен оған есептелін сыйақы бойынша мерзімі өткен қарыздар.

Маржа– бағамдар, пайыздар арасындағы, сондай-ақ банктің берген несие сомасы мен несиені қамтамасыз ету сомасының арасындағы айырма.

Мемлекеттік даму банкі – бұл банк экономикалық маңызды салаларында тиімді инвестициялық жобаларды ұзақ мерзімді несиелеуді жүзеге асыруға бағытталған үкіметтің қаржы – несие институты.

Мерзімді депозит – белгілі мерзімі бар және тұрақты пайыз төленетін, сол сияқты алдын ала алуға шек қойылатын салым.

Мерзімін ұзарту (ram.prolongatio-созу, ұзарту) – банкпен қарыз алушының арасындағы келісімге сәйкес, несиені қайтарылу мерзімін созу.

Міндетті резервтер нормасы- коммерциялық банктің жалпы міндеттемелеріне (немесе банктің тартқан ақшалай қаражат сомасына) қатысты белгіленетін, коммерциялық банктің Орталық банкте міндетті түрде сақтауға тиісті міндетт


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 96; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты