Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті




Азақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті

Аналитикалық химия пәні бойынша

Қорытынды бақылаудың тест сұрақтарының қоры

5В072700, 5В072800 мамандықтары үшін

 

1) Химиялық талдау әдістерін көрсет:

- Талдау әдісі

- Тұндыру әдісі

- Химиялық реакция

- Титрлеу әдісі

- Тұндыру, айдау, титрлеу әдістеріне

2) Гравиметриялық талдау әдісі нені өлшеуге негізделген?

- Белгілі бір заттың массасын

- Титранттың көлемін

- Стандартты ерітіндінің көлемін

- Заттың массасы мен титранттың көлемін

- Заттың массасы, титрант пен стандартты ерітіндінің көлемін

3) Гравиметриялық талдау әдісінің теориялық негізі не болады?

- Жәй көлем қатынастар заңы

- Периодтық заң

- Еселік қатынас заңы

- Энергияның сақталу заңы

- Құрам тұрақтылық заңы

4) Тұнба қандай жағдайда түзіледі?

- ЕК мәні төмен болғанда

- ЕК мәні жоғары болғанда

- Эксикаторда суытылғанға дейінгі

- Қыздыра қақтағаннан кейін алынғанда

- Сүзгіде қалатын тұнба

5) Тұнбаның гравиметриялық түрі ол:

- Кептіруге жіберілетін тұнба

- Тұндырылатын қосылыс

- Талдаудың соңғы нәтижесін алу үшін өлшенетін қосылыс

- Қақтағанда ыдырайтын тұнба

- Муфельді пеште қақтағанда ыдырамайтын тұнба

6) Тұнбаның қандай түрлері болады?

- Ірі кристалдық

- Ұсақ кристалды

- Аморфты

- Кристалды және аморфты

- Кристалды, ұсақ кристалды және аморфты

7) Алынатын тұнба түрі қандай шартпен анықталынады?

- Еріткіш табиғатымен және қосылыстың ерігіштігімен

- Қосылыс пен еріткіштің табиғатымен

- Қосылыс табиғатымен және тұнба түзілу жағдайымен

- Еріткіш табиғатымен және тұнба алу жағдайымен

- Еріткіш, қосылыс табиғатымен және шөгінді алу жағдайымен

8) Айдау әдісімен қандай қосылыстарды анықтауға болады?

- Ерітіндіден тұндырумен

- Ұшқыш қосылыстарды

- Тұндырумен және айдаумен

- Ерітіндіні шаюмен

- Айдаумен және шаюмен

9) Қандай заттарды кристаллогидраттар деп атайды?

- cуды сіңіре алатын заттарды

- суды бөліп шығаратын заттарды

- сумен әрекеттесетін заттарды

- өзінің құрамында кристалдық суы бар заттарды

- кристалдық суды сіңіретін заттарды

10) Тұнба толық түсу үшін қажет

- аморфты түйіршіктер

- кристалды түйіршіктер

- ұнтақ түрдегі

- губка түрдегі

- майда түйіршіктер

11) Үш валентті темір тұнбасын алу үшін қандай қосылысты пайдаланады?

- NH4OH

- KOH

- Ca(OH)2

- H2O

- H2SO4

12) Күміс ионын анықтағанда тұндырушы түр ретінде таңдау керек

- AgCI, ЕК=1,6.10-10

- Ag2S, ЕК=1,6.10-49

- Ag3PO4, ЕК =1,8.10-18

- Ag2C2O4; ЕК=1,6.10-11

- AgBr, ЕК =7,7.10-13

13) Жуып шаятын сұйық ретінде пайдаланады

- Дистилденген суды

- Анықталынатын заттан басқа аттас ионы бар дистилденген суды

- Анықталынатын құрамдас ионы бар дистилденген суды

- Қыздырылған тұндырушы ерітіндісін

- Күшті электролит қосылған тұндырушы ерітіндісін

14) Тұнбаға түсіргіш немен анықталады?

- Талданылатын заттың ерігіштігімен

- Шөгінді тұздардың ерігіштігімен

- Тұнба мен талданылатын заттың ерігіштігімен

- Ерігіштік көбейтіндісінің шамасымен

- Түзілетін шөгінді иондардың концентрациясының көбейтіндісімен

15) Тұнбаға түсіргіштің көлемі теориялық есептік мәнінен қанша есе артық болуы керек?

- 2,5 есе

- 1,5 есе

- 3,0 есе

- 3,5 есе

- 4,0 есе

16) Алынған аморфты тұнбаны

- Толық тұндыру үшін қалдыруға керек

- Тұндырушыны баяу қосу керек

- Бірден сүзу үшін

- Дистелденген сумен жақсы шая жуу керек

- Анықталатын ионы бар ерітіндімен жуу керек

17) Қандай жағдайларда тұнбасы бар сүзгішті жууды аяқталды деп санауға болады?

- Сүзгіш қағаз жанып біткенше

- Талданылатын сынаманың түс реңі өзгеруі біткенше

- Гравиметриялық түрі орташа тұрақты массаға жеткенше

- Нұсқалған мерзімі бойынша

- Тұнбаның тұнатын түрі өлшенетін түрге ауысқанша

18) Мыс кристаллогидратындағы суды анықтауды не бойынша аяқтайды?

- CuSO4 5H2O масса өзгеруі

- CuSO4 5H2O түс реңі өзгеруі

- Зат массасы тұрақтылыққа жетуі

- CuSO4 5H2O ыдырауы

- CuSO4 5H2O ыдырау мен судың булануы

19) Екі валентті барий иондарын тұнбаға түсіргенде тұнбаға түсіргіш ретінде қай зат пайдаланады?

- H3PO4

- H2SO4

- HCI

- HNO3

- CH3COOH

20) Қоса шөгу – ол:

- Анықталатын құрамдаспен бірге қоспалардың бірге шөгу процессі

- Анықталатын компоненттермен бірге басқа иондардың қосыла шөгуі

- Шөгінді бетінде қоспалардың химиялық ыдырауы

- Тұндырылатын ионның шөгіндіде ішара орналасуы

- Шөгіндінің ішінара еруі

21) Қоса шөгу қандай процестермен қатар жүреді?

- Адсорбция және акклюзия

- Адсорбция және изоморфизм

- Акклюзия және изоморфизм

- Адсорбция, акклюзия және изоморфизм

- Абсорбция және изоморфизм

22) Адсорбция – ол:

- Адсорбент бетінің қоспаларды электростатикалық ұстауы

- Адсорбент көлемінің қоспаларды жұтуы

- Адсорбент бетімен көлемінің жұтуы

- Адсорбент бетімен шөгіндінің әрекеттесуі

- Адсорбент көлемі мен шөгіндінің әрекеттесуі

23) Окклюзия – ол:

- Кристалдардың еруі

- Кристалдардың түзілуі

- Кристалдану орталықтарының түзілуі

- Кристалдардың түзілу мен еруімен қатар жүру процесі

- Қоспалардың ерітінді ішінен кристалдарға өтуі

24) Изоморфизм – ол ...

- Кристалдағы өзара әрекеттесу

- Кристалдағы бірінің орнын бірі басуы

- Жаңа кристалдардың түзілуі

- Кристалдағы бірінің бірін тартып алуы

- Кристалда заттың еруі

25) Титриметриялық талдау әдістері нені өлшеуге негізделген?

- Тұндырушыны

- Титрленетін ерітіндіні

- Тұндырушының және титрленетін ерітіндінің көлемін

- Тұндырушының және жұмысшы ерітіндінің көлемін

- Әрекеттесуші заттарды өлшеуге

26) Ерітіндінің титрі қандай бірлікте өлшенеді

- г/л

- кг/л

- мг/л

- г/мл

- кг/мл

27) Титриметрияда аналитикалық сигнал не болады?

- Талданатын ерітіндінің аликвоталық бөлік көлемі

- Талданылатын заттың өлшемдік массасы

- Талданылатын ерітіндісі бар өлшеуін анықтайтын көлемі

- Титрлеуге жұмсалған титрант көлемі

- Титрлегенде қолданатын өлшеуіш көлем

28) Стандартты ерітінділер деген не?

- Концентрациясы белгісіз ерітінділер

- Концентрациясы нақты белгілі ерітінділер

- Көлемі дәл ерітінділер

- Сұйытылған ерітінділер

- Арнайы ерітінділер

29) Титриметрияда титрлеудің қандай тәсілдері қолданады?

- Тура титрлеу

- Кері титрлеу

- Орынбасу тәсілін

- Тура, кері әдістері

- Тура, кері және орынбасу әдістері

30) Титрлеу процесі ол

- Дәл өлшемінің берілген концентрациясындағы ерітіндісін дайындау

- Өлшеуіш құтыда титрант өлшендісін еріту

- Титрленетін ерітіндіге титрант ерітіндісін баяу қосу

- Титрленетін ерітінді аликвотасына титранттың дәл көлемін тез қосу

- Талданылатын ерітіндіден аликвота алу

31) Титриметрияда эквиваленттік нүктеге жеткен кезде қолданылатын әділ заң

- энергияның сақталуы заңы

- эквиваленттер заңы

- жай еселік қатынастар

- құрам тұрақтылығы

- Гей-Люссак

32) А ерітіндісінің титрін анықтағанда қандай формуланы қолданады?

- Tа = mа/V

- Tа = mA . 1000/V

- T = Cэ . Mэ / m

- Tа = m / Mа V

- Tа = Mэ V/ m

33) Титриметрияда талданатын заттың концентрациясын есепеу үшін эквиваленттер заңына сәйкес қатынас

- Сэ(1)V(1) = Сэ (2)V(2);

- Сэ(1) V(2) = Сэ(2) V(1);

- T(1)/T(2) = Сэ(1)/ Сэ(2);

- Сэ(1)/ Сэ(2) = V(1)/V(2);

- Сэ(1) = T(1)V(2)/V(1)

34) Ацидиметрия – ол нені анықтау әдісі

- Негізді

- Қышқылды

- Тұздарды және негізді

- Қышқылдарды және негiздердi

- Қышқылдарды, негіздерді және тұздарды

35) Алкалиметрия – ол нені анықтау әдісі

- негізді

- қышқылды

- тұздарды және негізді

- қышқылдарды және негiздердi

- қышқылдарды, негіздерді, тұздарды

36) Қышқылдық-негіздік индикатор деп түсті заттарды атайды:

- бейтарап

- қышқлдық

- сілтілік

- ортаның рН-на тәуелді түсін өзгертетін

- аралық буферлік ортада

37) Эквиваленттік нүкте – ол:

- Титрлеудің стехиометриямен байланысты теориялық соңғы нүктесі.

- Титрлеудің соңы

- Ерітіндінің түсінің өзгеруімен сәйкес келетін нүкте.

- Түрлі-түсті заттардың түзілуімен сәйкес келетін нүкте.

- Ерітіндінің сутектік көрсеткішінің өзгеру нүктесі.

38) Қышқылдық-негіздік реакцияда (бейтараптану реакциясында) эквивалент – ол:

- Реакцияға қатысатын барлық сутек иондарына эквивалентті заттың

шартты бөлігі.

- Реакцияға қатысатын бір гидроксил ионына эквивалентті заттың шартты бөлігі.

- Реакцияға қатысатын бір сутек катионына эквивалентті заттың шартты бөлігі.

- Реакцияға қатысатын барлық гидроксил иондарына эквивалентті заттың шартты бөлігі.

- Реакцияға қатысатын барлық иондарға эквивалентті заттың шартты бөлігі.

39) Тотығу-тотықсыздану реакциясында эквивалент – ол:

- Заттың берілген реакциядағы бір электронға эквивалентті шартты бөлігі.

- Заттың берілген реакциядағы барлық электрондар қосындысына эквивалентті шартты бөлігі.

- Заттың берілген реакциядағы бір сутек ионына эквивалентті шартты бөлігі.

- Заттың берілген реакциядағы бір су молекуласына эквивалентті шартты бөлігі.

- Заттың берілген реакциядағы бір гидроксил ионына эквивалентті шартты бөлігі.

40) Эквивалент факторы (f экв) деп аталады:

- Бөлшектің ( молекуланың, атомның, ионның ) берілген реакцияда бір сутек ионына немесе бір электронға эквивалентті шартты бөлігі.

- Бөлшектің берілген реакцияда барлық сутек иондарына эквивалентті шартты бөлігі.

- Бөлшектің берілген реакцияда барлық электрондарға эквивалентті шартты бөлігі.

- Бөлшектің берілген реакцияда бір су молекуласына эквивалентті шартты бөлігі.

- Бөлшектің берілген реакцияда барлық иондарға және бір су молекуласына эквивалентті шартты бөлігі.

41) Қандай ерітіндіні стандартты деп аталады ?

- Өлшендінің жуық массасын ертіндінің дәл көлемінде еріту арқылы дайындалған ерітіндіні.

- Өлшендінің дәл массасын ертіндінің дәл көлемінде еріту арқылы дайындалған ерітіндіні.

- Титрі анықталатын ерітіндіні.

- Ұзақ сақталғанда титрі өзгеретін ерітіндіні.

- Бір молярлы ерітіндіні.

42) Қандай ерітінділер стандартталған деп аталады ?

- Бір молярлы ерітінділер.

- Өлшендінің дәл массасын еріту арқылы дайындалған ерітінділер

- Өлшендінің жуық массасын еріту арқылы дайындалған ерітінділер.

- Титрі стандартты ерітінді бойынша анықталатын ерітінділер.

- Децимолярлы ерітінділер.

43) Эквиваленттік нүкте рН = 9 болса, титрлеудің соңын анықтау үшін қандай индикатор пайдаланылады ?

- Метилоранж.

- Метилқызыл.

- Лакмус.

- Фенолфталеин.

- Крахмал.

44) Эквиваленттік нүкте рН = 4 болса, титрлеудің соңын анықтау үшін қандай индикатор пайдаланылады ?

- Метил қызыл.

- Метилоранж.

- Фенолфталеин.

- Хромоген қара.

- Индикатор қолданылмайды.

45) Мына реакциялардың қайсысының эквиваленттік нүктесі рН = 7 болады ?

- НCOOH + NaOH

- CH3COOH + KOH

- KOH + HCl

- HCN +LiOH

- H2C2O4 + KOH

46) Сүттің қышқылдығын қай әдіспен анықтауйды ?

- Перманганатометрия.

- Иодометрия.

- Алкалиметрия

- Комплексонометрия.

- Ацидиметрия

47) Судың уақытша (бикарбонатты) кермектілігін қай әдіспен анықтауйды ?

- Перманганатометрия.

- Иодометрия.

- Алкалиметрия

- Комплексонометрия.

- Ацидиметрия

48) Мор тұзының құрамындағы темірді қай әдіспен анықтауйды ?

- Перманганатометрия.

- Иодометрия.

- Алкалиметрия

- Комплексонометрия

- Ацидиметрия

49) Қышқылдық-негіздік титрлеудің соңғы нүктесі-ол рН мәнінде болатын

- титрлеуді жүргізеді

- титрлеуді аяқтайды

- индикатор бояуы өзгергенде

- шөгінді тұнбаға түскенде

- шөгінді ерігенде

50) Индикаторды таңдау үшін қышқылды-негіздік титрлеудің қисығын тұрғызатын координат

- pH – V

- E – V

- CЭ(ок) – V

- C(вост) – V

- DE/DV – V

51) NaOH стандартты ерітіндісін неліктен дайындамайды:

- NaOH күшті электролит

- Күшті сілтілік ортасы бар

- NaOH тұрақсыз зат

- Қатты түрдегі NaOH ауада ағып кетеді

- рН > 7

52) HCI стандарттағанда тұрақтандырушы болатын зат:

- Na2B4O7 10H2O

- NaCI

- H2C2O4 2H2O

- CaCI2

- K2Cr2O7

53) Титрлеу секіруі дегеніміз не?

- титрлеу процесіндегі ортаның рН баяу төмендеуі

- титрлеу процесіндегң ортаның рН жоғарылауы

- титранттың соңғы тамшысының қосылуы нәтижесінде рН мәнінің тез өзгеруі

- титрлеу қисығындағы рН минимальді мәні

- титрлеу қисығындағы рН макисмальды мәні

54) NaOH ерітіндісіменн қандай қышқылды титрлегенде ең үлкен секіруі байқалады?

- CH3COOH

- HNO2

- HCOOH

- HCI

- H2CO3

55) Ерітіндінің иондық күшін ескермегенде тотыққан және тотықсызданған түрлердің концентрациясының тотығу-тотықсыздану потенциалының тәуелділігі нернст теңдуімен өрнектелінеді

- Е = Е0 +nF/RT ln C(ok) C(вост)

- Е = Е0 +0,059/n lg C(ok) / C(вост)

- Е = Е0 + RT/nF ln C(ok) /C(вост)

- Е = Е0 + RT/nF lnC(вост) /C(ок)

- Е = Е0 + RT/F ln C(ок) /C(вост)

56) Егер жай иондар қатынасы алатын ТТР оксидиметрияда қолдануға болатын болса, онда:

- Е = Е0(ок) – Е0(вост) > 0

- Е = Е0(вост)– Е0(ок) > 0

- Е = Е0(ок) – Е0(вост) < 0

- Е = Е0(вост)– Е0(ок) < 0

- Е = Е0(ок) – Е0(вост) = 0

57) ТТР-ғы қатысатын қосылыстың эквиваленттілігінің санын немен анықтайды:

- қабылданған және берген электрондар санымен

- протондар санымен

- иондар зарядымен

- иондар зарядымен көбейтіндісімен

- ядроның зарядымен

58) Тотығу-тотықсыздану титрлеудің қисықтары тұрғызылатын координат:

- pH – V

- E – V

- CЭ(ok) – V

- Cэ(вост ) – V

- DE /DV– V

59) Калий перманганатының ерітіндісін стандарттағанда тұрақтандырушы зат ретінде қолданатын ерітінді:

- Тұз қышқылы

- Калий гидроксиді

- Күкірт қышқылы

- Қымыздық қышқыл

- Натрий гидроксиді

60) Калий перманганатының ең күшті тотықтырушы қабілеті

- сілтілік ортада

- күшті қышқылдық ортада

- бейтарап ортада

- әлсіз қышқылдық ортада

- әлсіз сілтілік ортада

61) Тотықсыздандырушыларды анықтауда перманганатометриялық титрлеудің жүргізетін әдісі:

- кері титрлеу

- тура титрлеу

- қалдық бойынша

- орынбасу титрлеу

- артық мөлшері бойынша

62) Тура перманганатометриялық титрлеу әдісімен анықтауға болады

- кез-келген тотықтырғышты

- кез-келген тотықсыздандырғышты

- перманганатпен салыстырғанда электродтық потенциалының алгебралық қосынды шамасынан үлкен тотықсыздандырушыны

- перманганатпен салыстырғанда электродтық потенциалының алгебралық қосындысының шамасы кіші тотықсыздандырғышты

- электродтық потенциал мәндері тең тотықсыздандырушыны

63) Перманганатометрияда қышқылдық орта жасау үшін қолданылатын ерітінді:

- азот қышықылымен

- қымыздық қышқылымен

- тұз қышқылымен

- күкірт қышықылы

- фосфор қышқылмен

64) Перманганатометриядағы титрлеудің соңын қалай анықтайды:

- индикаторлардың бояу өзгерісі бойынша

- марганец оксидінің қоңыр шөгіндісі пайда болу бойынша

- калий перманганатының әлсіз қызыл бояуы бойынша

- калий манганатының жасыл бояуы пайда болу бойынша

- ерітіндінің қызыл бояуы жоғалғанша

65) Перманганатометриялық титрлеу кезіндегі титрлеудің соңғы нүктесін анықтайды:

- металл индикаторды пайдаланады

- титрлеуді индикаторсыз жүргізеді

- арнайы индикаторды қолданады

- фенофталеинды пайдаланады

- лакмусты қолданады

66) Иодометриялық әдістің әмбебаптылығы-ол:

- тотықтырғышты да, тотықсыздандырғышты да анықтауға болады

- кез-келген тотықтырғышты анықтауға болады

- белгілі орта жасауға керек емес

- арнайы индикаторды қолдану

- кез-келген тотықсыздандырушыны анықтауға болады

67) Натрий тиосульфатын стандарттау үшін қолданатын заттың ерітіндісі

- калий бихроматы

- натрий тиосульфаты

- калий перманганаты

- қымыздық қышқылы

- натрий тетрабораты

68) Иодометриялық титрлеуді қандай жағдайда жүргізеді?

- рН>7 қалыпты температурада

- рН<7 салқындау температурада

- рН >7 қыздырғанда

- рН = 7 қалыпты температурада

- рН >7 қыздырғанда

69) Иодометриялік титрлеумен тотықтырғыштарды анықтағанда эквиваленттік нүктесін қалай бекітеді?

- бекіту мұмкін емес

- крахмалдың көк бояуы бойынша

- иодтың сары бояуы жоғалуы бойынша

- титрлеу соңында қосылатын иодпен крахмалдың жойылатын көк бояуы бойынша

- ақ түсті мыс иодиді шөгіндісінің түзілуі бойынша

70) Иодометрияда индикатор ретінде қолданылады:

- фенолфталейн

- метилді қызыл

- лакмус

- қара эрихром

- крахмал

71) Мыс купоросындағы мыстың мөлшерін анықтайтау кезінде иодометрия титрлеудің қандай тәсілін қолданады:

- тура титрлеу

- жанама титрлеу

- реверсивті титрлеу

- индикатормен

- индикаторсыз

72) Трилон Б-немесе комплексон-3-ол:

- этилендиаминтетрасірке қышқылының натрий тұзы

- этилендиаминтетрасірке қышқылының динатрий тұзы

- этилендиаминтетрасірке қышқылының тринатрий тұзы

- этилендиаминтетрасірке қышқылының тетранатрий тұзы

- аминсірке қышқылы

73) Металл индикаторға жатады:

- метилді қызғылт сары

- крахмал

- дифениламин

- қара-эрихром

- лакмус

74) Комплексонометриялық әдіспен нені анықтайды:

- галогенид иондарын

- кез-келген аниондарды

- сілтілік металл катиондарын

- жер-сілтілік және ауыспалы металлдардың катиондарын

- тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштарды

75) Қандай реакция кешенді комплексті қосылыстың түзілуіне әкеліп соғады?

- H2SO4 +NH4OH ®

- CuSO4 + NH4OH ®

- H2SO4 + KOH ®

- CuSO4 + KOH ®

- Na2SO4 + NH4OH ®

76) Комплексонометрия – бұл титрлеу әдісі, онда титрант ретінде нені қолданады?

- Құрамында анықталынатын құрамдасы бар кешенді қосылыс түзілетін зат

- Сілтінің стандартты ерітіндісі

- Қышықылдың стандартты ерітіндісі

- Трилон-Б тұзының стандартты ерітіндісі

- K4[Fe(CN)6] тұзының стандартты ерітіндісі

77) Физика-химиялық әдістерге негізделген өзгерістер:

- Заттың концентрациясымен байланысқан физико-химиялық параметрлері

- Заттың концентрациясымен байланысқан физикалық параметрлері

- Заттың концентрациясымен байланысқан оптикалық параметрлері

- Заттың концентрациясымен байланысқан электрохимиялық параметрлері

- Заттың концентрациясымен байланысқан физико-химиялық параметрлері

78) Физика-химиялық әдістердегі аналитикалық сигнал – ол:

- Анықталынатын компоненттің концентрациясымен байланысты кез-келген химиялық және физикалық қасиеттердің байқалуы

- Заттардың құрамымен және құрылымымен байланысқан олардың физикалық қасиеттері

- Заттардың құрамымен және құрылымымен байланысқан олардың химиялық қасиеттері

- Заттардың құрамымен және құрылымымен байланысқан олардың электрохимиялық қасиеттері

- Заттардың құрамымен және құрылымымен байланысқан олардың оптикалық қасиеттері

79) Тура өлшеу әдісіндегі физика-химиялық талдау әдісіне қажетті жағдайы (I – аналитикалық сигналдың интенсивтілігі):

- I = f(T)

- I = k c

- I = k /c

- I = f(V)

- ЗI = f(pH)

80) Физика-химиялық талдау әдістеріндегі тура өлшеу әдісінің аналитикалық сигналын не үшін қолданады:

- градуирленген қисықты тұрғызу үшін

- титрлеу қисығын алу үшін

- титрлеу секіруінің шамасын есептеуге

- эквиваленттік нүктені анықтауға

- электродтық потенциалды есептеу үшін

81) Физика-химиялық талдау әдісінде титрлеу әдісі қолданылады, егер титрлеу қисығының:

- Сыну нүктесі болса

- Түзу сызықтық болса

- Тура пропорционалдық болса

- Кері пропорционалдық та болса

- Мах. немесе міn. байқалса

82) Фотометриядағы аналитикалық сигнал не болады:

- Сыну коэффициенті

- Жарық жұтылуы

- Жұтудың молярлық коэффициенті

- Поляризация жазығының айналу бұрышы

- Лайық коэффициенті

83) Фотометриялық әдіс нені өлшеуге негізделген:

- Спектрдің инфрақызыл аймағындағы сигналдың интенсивтілігі

- Спектрдің ультракүлгін аймағындағы жұтылуы

- Рентгендік сәуле шығарудың интенсивтілігі

- Спектрдің көріну аймағындағы электромагниттік шағылысудың жұтылуы

- Спектрдің инфрақызыл ультракүлгін аймағындағы сигналдың интенсивтілігі

84) Келтірілген амалдардың қайсысы тура фотометрияда пайдаланбайды:

- Реттеуші сызба график амалы

- Молярлық қасиет әдісі

- Қосымша қосу әдісі

- Сызбаны калибрлеу-реттеу әдісі

- Титрлеу қисығын тұрғызу

85) Ерітінділерді талдау үшін фотометрияны қолданады:

- лайлы

- мөлдір

- тұтқыр

- боялған мөлдір ерітінділер

- гетерогенді

86) Фотометрия әдісін қандай ерітінділерді талдау үшін қолданады:

- Көрініп тұрған бояуы жоқ

- Бояу интенсивтілігі концентрацияға тура пропорционал болса

- Бояу қанық интенсивті болғанда

- Бояу интенсивтілігі концентрацияға кері пропорционал-сыбағалы болғанда

- Тек қызыл бояу болғанда

87) Фотометрияның негізгі заңы дұрыс деп есептелінеді, егер жарық жұтушы орталық:

- Ерітіндіде болатын барлық иондар болса

- Aнықталатын компоненттің ионы болса

- Ауыспалы металдардың катиондары болса

- Талданатын заттар

- Ерітіндіде жүзгіндер боласа

88) Жарық жұту заңын өрнектейтін теңдеу кімдікі?

- Бугер -Ламберт -Беер

- Лорентц-Лоренц

- Релей

- Илькович

- Нернст

89) Жұтылу - деген сауалға қандай теңдеу сәйкес келеді:

- A = c l

- A = E l

- A = E c l

- A = lgI0

- A = lgIt

90) Бугер-Ламберт-Бер теңдеуіндегі молярлық жұту коэфицциенті тәуелді:

- Заттың концентрациясына

- Талданатын заттың табиғатына

- Түсетін берілген жарық интенсивтілігіне

- Шашыраған жарық ынталылығына

- Ерітінді жұтқан жарықтың интенсивтілігіне

91) Фотоколориметрияда светофильтрді неліктен қолданды?

- Талдау дәлдігін жоғарылату үшін

- Жарық ағымын әлсіретуге

- Жарық ағымын жұтуға

- Талдау сезімталдығын жоғарылатуға

- Ең үлкен жарық жұтатын бөлігі бар спектрді бөліп алу үшін

92) Фотоэлементте онда-

- жарық энергиясы электр энергиясына ауысады

- электр энергиясы жарық энергиясына түрленеді

- фототок шамасы күшейеді

- жарық энергиясы интенсивтілік бойынша өзгереді

- жарық ағымының энергиясы пайдаланады

93) Фотометриядағы объективті қателікке себеп болатындар, ол-

- Құрылғының ақаулығы

- Кешен түзуші құрамдас жеткіліксіз мөлшерде қосылған

- Прибордың дұрыс жұмыс істемеуі

- Байқаушы көруінің, көзінің кемшілігі

- Химиялық ыдыс таза еместігі

94) Нефелометриялық талдаудың әдісі қандай жарық мөлшерін өлшеуге негізделген:

- суспензия бөлшектері шашыратқан

- жүзгін бөлшектері жұтқан

- жүзгін бөлшектері шығарған

- жүзгін бөлшектері шашыратқан және жұтқан

- жүзгін бөлшектері жұтқан және шығарған

95) Турбидиметрия әдісінде не өлшенеді:

- Жұтылған жарық ағымының интенсивтілігі

- Шағылысқан жарық ағымының интенсивтілігі

- Жұтылған және шашыраған жарық ағымының интенсивтілігі

- Ерітінді арқылы өткен ағымының интенсивтілігі

- Ерітінді арқылы өткен жарық ағымының әлсіреуі

96) Нефелометриялық талдаудың әдісіндегі жарық ағымы интенсивтілігінің төмендеуі Релей теңдеуімен өрнектеледі:

- Ir = I0 – It

- It = I0 10-kcl

- I0/It = kcl/NV2l4

- It = I0 10-Ecl

- I = I0k NV2/l4

97) Турбидиметрияда қандай теңдеуді пайдаланады:

- It = I0 10-Ecl

- I = I0k NV2/l4

- It = I0 10-kcl

- I0 = AEc

- A = Ecl

98) Рефрактометриялық талдаудың әдісіндегі аналитикалық сигнал:

- Сыну көрсеткіші

- Молярлық рефракция

- Меншікті рефракция

- Атомдық рефракция

- Топтық рефракция

99) Бір оптикалық ортадан басқа ортаға ауысқандағы жарықтың түзу сызықты таралу өзгерісі қалай аталады:

- поляризация

- дисперсия

- рефракция

- оптикалық тығыздық

- аддитвтілік-бірегейлік

100) Рефрактометриялық талдаудың әдісі талданатын ерітіндінің концентрациянсын нені өлшеу арқылы анықтауға негізделген:

- оптикалық тығыздығы

- жарық жұтуды

- сыну көрсеткішті

- поляризация жазықтығының айналу бұрышын

- молярлық рефракция

101) Талданатын заттың салыстырмалы сыну көрсеткіші немен анықталады:

- түсетін жарық сәулесінің толқын ұзындығы

- Еріткіш молекуласының табиғатын

- Талданатын заттың симметриясыздығын

- Талданатын заттың молекуласының табиғатымен

- Жарық дисперсиясын

102) Түскен жарықтың толқын ұзындығының сыну көрсеткішке тәуелділігі не деп аталады?

- сынудың шекті бұрышы

- рефракция

- дисперсия

- монохраматизация

- ішкі шағылу бұрышы

103) Меншікті рефракцияның эксперименттік жолмен анықтау арқылы нені айқындайды:

- Заттың құрылымын және табиғатын

- Заттың тығыздығын

- Заттың концентрациясын

- Заттың тығыздығы мен құрылымын

- Заттың концентрациясы мен тығыздығын

104) Салыстырмалы сыну көрсеткіші ненің неге қатынасын көрсетеді

- Түсу бұрышы синусынының сыну бұрышы синусына

- Түсу бұрышы косинусының сыну бұрышы косинусына

- Түсу бұрышы синусының сыну бұрышы косинусына

- Түсу бұрышы косинусының сыну бұрышы синусына

- Түсу бұрышы синусының шағылу бұрышы синусына

105) Аддитивтілік заңына сәйкес заттың молярлық рефракциясы ненің қосындыларына тең:

- Жекеленген құрамдастар рефракциясын

- Атомдар рефракциясы

- Байланыстар рефракциясы

- Топтық рефракциялар

- Функционалды топтардың атомдық рефракцияларына немесе байланыстардық рефракцияларына

106) Молярлық рефракция қандай формуламен анықталынатын қатынас:

- R = n2 - 1 / n2 + 2 . M/p

- R = n2 - 1 / n2 – 2 . M/p

- R = n2 - 1 / n2 +1 . M/p

- R = n2 - 1 / n2 – 2 . M/p

- R = n2 + 1 / n2 - 2 . M/p

107) Рефрактометриялық фактор қай теңдеумен анықталады:

- F = n/c

- F = n2-n1/c2-c1

- F = n2-n1/c2 - c1

- F = n2-n12 -c1

- F = n2 -n1/c2-c1

108) Поляриметрияда аналитикалық сигнал не болады:

- Жарық сәулесінің жұтылуы

- Сыну көрсеткіші

- Поляризация жазықтығының меншікті айналуы

- Поляризация жазықтығының айналу бұрышы

- Мольдік рефракция

109) Поляриметриялық талдаудың әдісі нені зерттеуге негізделген:

- Шағылған жарықты

- Жұтылған жарықты

- Поляризацияланған жарықты

- Поляризацияланған және шағылысқан жарықты

- Поляризацияланған және жұтылған жарықты

110) Поляриметрлік әдіс келесі заттарды зерттеу үшін қолданады:

- Оптикалық активті заттарды

- Оптикалық активті емес заттарды

- Оптикалық бейтарап затарды

- Бетік активтілік заттарды

- Биологиялық активті заттарды

111) Поляриметриядағы негізгі талап, талданатын заттар қандай болу керек:

- оптикалық активті

- дисперстік

- мөлдір

- боялған

- құрылымдық формуласы симметриялы заттар

112) Сұйық заттың немесе оның ерітінділерінің оптикалық активтілігі неге байланысты:

- Заттың табиғаты

- Заттың құрылымдық формуласының симметриялық еместігімен

- Кристалдық тор ерекшелігімен

- Затта изомерия немесе татомерия түрінің боуымен

- Структуралық формуланың симметриялығымен

113) Поляризация жазықтығының айналу бұрышын есептейтін қай теңдеу:

- b = a с/l

- b = a с l

- b = с l/ a

- b = a l/ с

- b = a с l/10

114) Поляризация жазықтығының айналу бұрышын өлшейтін приборлар:

- рефрактометрия

- рН-метр

- нефелометр

- поляриметр

- микроскоп

115) Электродтық потенциалдың өлшем бірлігі не?

- Ампер

- Сименс

- Вольт

- Ватт

- Кулон

116) Потенциометрияда қандай электродтарды қолданады?

- Екі салыстырмалы

- Екі индикаторлы

- Екі ионоселективті

- Индикаторлы және салыстырмалы электрод

- Екі металды электрод

117) Анықталатын заттың концентрациясын анықтайтын электрод

- Салыстырмалы

- Индикаторлы

- Ионоселективті

- Кешентүзу

- Нормальды

118) Ионның концентрациясының өзгеруіне потенциалы тәуелсіз болатын электрод қалай аталады?

- Салыстырмалы

- Индикаторлы

- Ионоселективті

- Кешенді

- Реальді

119) Потенциометриялық титрлеу әдісінде эквиваленттік нүктені қандай электродтың потенциал биіктігімен анықтайды?

- Салыстырмалы электрод көмегімен

- Индикаторлы электрод көмегімен

- Контактты электрод көмегімен

- Ионселективті электрод көмегімен

- Стандартты электрод көмегімен

120) Салыстырмалы электродқа қандай электрод жатады?

- Шыны электроды

- Платина электроды

- Графитті электрод

- Хлоркүміс электроды

- Сынап электроды

121) Ионоселективті электродқа қандай электрод жатады?

- Коломельді

- Хлоркүмісті

- Сутекті

- Шыны

- Металдық

122) Потенциометриялық анализ әдісінде анықталынатын заттың концентрациясын өлшегенде салыстырмалы электродтың потенциалы қалай өзгереді?

- Өседі

- Кемиді

- Максимумнан өтеді

- Минимумнан өтеді

- Өзгермейді

123) Сутекті электродтың потенциалы неге тең?

- 0,22 В

- 0,24 В

- 0,3 В

- нольден жоғары

- нольден кем

124) Потенциометриялық талдау әдісінде қандай электрод индикаторлық электрод деп аталады:

- Потенциалы 0-ден жоғары электродты

- Потенциалы 0-ден төмен электродты

- Потенциалы 0-ге тең электродты

- Талданатын ионның концентрациясы оның потенциалы бойынша анықтайтын электрод

- Потенциалы бойынша ЕҚК өлшейтін электродтар

125) Нернст теңдеуіне сәйкес нақтылы электродтық потенциал неге тәуелді болады?

- Температураға

- Электрондар санына

- Талданылатын ионның концентрациясына

- Температура мен электрондар санына

- Талданылатын ионның концентрациясына, электрондар санына және температураға

126) Салыстыру электродының потенциалынан салыстырмалы тұрғыда өлшенген электродтың потенциалы қалай атайды?

- Электродтық потенциал

- Салыстыру электродының потенциалы

- Стандартты электродтың потенциалы

- Индикаторлық электродтың потенциал

- Қалыпты электродтың потенциалы

127) Потенциометриялық титрлеуде эквиваленттік нүктені қандай электродтың потенциалының секіруі бойынша анықтайды:

- Индикаторлық электродтың

- Салыстыру электродының

- Түйісу контактық электродының

- Индикаторлық электродтың және салыстыру электродының

- Сутектік және хлоркүмісті электродының

128) Талдаудың потенциометриялық әдісі қандай электродтардың арасындағы ЕҚК өлшеуге негізделген:

- Индикаторлық электрод пен талданатын ерітіндінің

- Салыстыру электроды мен талданатын ерітіндінің

- Салыстыру электроды мен индикаторлық электродтың

- Индикаторлық электрод пен еріткіштің

- Салыстыру электроды мен еріткіштің

129) Талдаудың потенциометриялық әдісінде анықталатын ионның концентрациясының өзгеруіне сәйкес салыстырмалы электродтың потенциалы қалай өзгереді:

- Жоғарылайды

- Төмендейді

- Максимум арқылы өтеді

- Минимум арқылы өтеді

- Өзгермейді

130) Тура потенциометрия мынаған негізделген:

- Нернст теңдеуін тікелей қолдануға

- Титрлеу процесінде талданылатын ерітіндінің рН өлшеуге

- Ерітіндідегі иондар мен электрод арасындағы потенциалды өлшеуге

- Талдау нәтижесі бойынша эквивалентік нүктені анықтауға

- Талдау нәтижесі бойынша титрлеу секірісін анықтауға

131) Тура потенциометрияны не үшін қолданады:

- Ерітіндідегі иондар концентрациясын анықтауда

- Стандартты потенциалды өлшеуге

- Эквивалентті нүктені бекітуге

- Индикаторды таңдап алу үшін

- Индикатордағы электордтың потенциал секірісін байқауға

132) Қышқылдық-негіздік потенциометриялық титрлеу әдісіндегі аналитикалық сигнал не болады:

- I

- рН

- Е

- ЭҚК

- V

133) Қышқылдық-негіздік потенциометриялық титрлеудің қисығын тұрғызатын координаты:

- рН – титрант көлемі

- рН – ерітіндінің концентрациясы

- рН – қышқыл концентрациясы

- рН – сілті концентрациясы

- рН – индикаторлық электродтың потенциалы

134) Потенциометрияда салыстырмалы электроды ретінде не қолданылады:

- Платиналық электрод

- Хлоркүміс электроды

- Шыны электроды

- Көмір графиттік электрод

- Сынап электроды

135) Сутек ионына қандай электрод ионселективті болады:

- каломельды

- платиналық

- шыны

- графиттік

- сутектік

136) Электроанализ - ол:

- Қатты түрдегі электродтағы заттың бөлінуі

- Анодта заттың тотығуы

- Тоқ әсерінен электродта заттың химиялық ыдырауы

- Катодта заттың тотықсыздануы

- Заттың құраушы құрамдасқа ыдырауы

137) Электрогравиметрияда анықталынатын зат электродта қандай түрде бөлінеді?

- Электродта бөлінбейді

- Электродта ыдырайды

- Электродта тотығады немесе тотықсызданвады

- Тұнбаға түседі

- Қатты түрде бөлінеді

138) Электрогравиметриялық талдау әдісінің негізі ретінде қандай құбылыс алынған:

- электрофорез

- электроосмос

- электролиз

- электролиз және электроосмос

- электроосмос және электрофорез

139) Фарадей заңын қандай өрнек көрсетеді:

- m = I t Mэ

- m = I t/F

- m = Q Mэ/F

- m = Q Mэ F/n

- m = Q F/I t

140) Фарадей заңы бойынша электролиз кезінде бөлінетін заттың массасы неге тәуелді:

- электрлік санына

- заттың эквиваленттік массасына

- тоқ күшіне, уақытқа, заттың эквивалентіне

- электролиз өнімдерінің концентрациясына

- тоқ күшіне, уақытқа, талданылатын заттың концентрациясына

141) Электрогравиметриядағы талдау нәтижесін есептеу үшін алынатын өлшемдік:

- Тоқ шамасы

- Электродта бөлінген тұнбаның массасы

- Ыдырау кернеуі

- Жұмсалған электр саны

- Электролизді жүргізу уақыты

142) Электрогравиметрияда қандай реакциялар қолданады?

- анықталатын зат электродта ыдырамайтын реакциялар

- анықталатын зат электродта ыдырайтын реакциялар

- анықталатын зат электродта тотыңатын және тотықсызданатын реакциялар

- анықталатын зат электродта тұнатын реакциялар

- анықталатын зат электродта қатты күйде бөлінетін реакциялар

143) Ыдырау потенциалы – ол …………… басталуына сәйкес келетін кіші кернеу:

- Анодта метал бөліне

- Катодта метал бөліне

- Тотығу процесі

- Тотықсыздану процесі

- Ыдырау процесі

144) Электрогравиметриялық анықтау кезіндегі шөгінді қандай түрде болуы керек:

- Ірі кристаллды

- Ұсақ кристалды

- Ұнтаққа ұқсас

- Кеуекті

- Аморфты

145) Электролиз басталу үшін электродтарға қандай кернеу беру қажет:

- Е = Еa0 – Еk0

- Е = (Еa – Еk) - IR

- Е = (Еa – Еk) - П

- Е = (Еa – Еk) - IR - П

- Е = (Еa – Еk) – IR - П

146) Егер электрдың бірдей мөлшерін НС1, CuCI2, AgNO3 ерітінділері арқылы өткізсе, онда катодта қандай заттың бөлінетін саны көп болады:

- Сутектің

- Бірдей электрохимиялық эквиваленті заттар

- Мыстың

- Күмістің

- Оттектің

147) Кулонометриядағы аналитикалық сигнал не болады?

- Анодтағы бөлінген заттың массасы

- Катодтағы бөлінген заттың массасы

- Анодтағы және катодтағы бөлінген заттың массасы

- Талданылатын ерітінді арқылы өткен электр саны

- Талданылатын заттың шөгуіне жұмсалған электр саны

148) Кулонометриялық талдау – ол қандай талдаудың түрі:

- Потенциометрияның

- Кондуктометрияның

- Электроталдаудың

- Вольтамперометрияның

- Полярографияның

149) Электр санын өлшейтін өлшем бірлік, ол:

- Ампер

- Вольт

- Кулон

- Ом

- Ватт

150) Кулонометриядағы электр санын есептеуді мына заңға сәйкес жүргізеді:

- Фарадей

- Ом

- Илькович

- Нернст

- Гейровский

151) Вольтамперометриялық әдіс нені өлшеуге негізделген:

- Электродтық потенциалды

- Электрөткізгіштікті

- Тоқтың кернеуден тәуелділігін

- Электлік санын

- Кернеудің электр санына тәуелділігін

152) Илькович теңдеуіндегі (Iдиф=kс) тұрақты шама неге тәуелді:

- Талданылатын заттың табиғатына

- Электродтың табиғатына

- Талдауды жүргізу жағдайына

- Талданылатын заттың және жлектродтың табиғатына

- Электродтың табиғатына және талдауды жүргізу жағдайына

153) Полярографиядағы индикаторлық электрод не болады:

- Платиналық

- Сутектік

- Хлор күміс электроды

- Шыны электроды

- Тамшымалы сынап электроды

154) Поляризациялық қисық немесе полярографиялық толқын – ол қандай тәуелділік:

- Тоқөткізгіштік – кернеу

- Тоқ күші – кернеу

- Тоқ күші – көлем

- Кернеу – көлем

- Тоқ күші - кедергі

155) Полярографиядағы сапалы сипаттама - ол:

- Жарты толқын потенциалы

- Процесс басталуының потенциалы

- Шекті тоққа сәйкес потенциал

- Стандартты электродтық потенциал

- Процесс соныңын потенциалы

156) Вольтампереметриядағы сандық сипаттама - ол:

- Тоқ

- Жарты толқын потенциалы

- Электрохимиялық процесс басталуының потенциалы

- Диффузиялық шекті тоқ

- Электрохимиялық процестің аяқталуының потенциалы

157) Диффузиялық тоқтың шамасы неге тәуелді:

- Титрант көлеміне

- Жартытолқын потенциалына

- Анықталынатын ионның концентрациясына

- Потенциал жаймалауының жылдамдығына

- Талданатын ионның диссоциациялық тұрақтысына

158) Амперометриялық титрлеудің міндетті шарты:

- Тоқтың концентрациядан тура пропорционалды тәуелділігі

- Тоқтың кернеуден тура пропорционалды тәуелділігі

- Реакцияға қатынасушылар біреуінің электрохимиялық белсенділігі

- I=f(V) сызбасының сызықша графиктік түзу сызықтылығы

- Титрантың үлесті қосылуы

159) Жарты толқын потенциалы дегеніміз не:

- Полярографиялық толқын биіктігі

- Толқының сыну нүктесіне сәйкес болатын тоқтың мәні

- Толқының сыну (майысу) нүктесіне сәйкес болатын потенциал

- Толқын биіктігіне тең болатын шеткі тоқ мәні

- Шеткі тоққа сәйкес болатын потенциал

160) Амперометриялық титрлегенде кұрт өзгеріс жүреді, ол қандай өзгеріс:

- Ерітіндінің концентрациясынан потенциалдың өзгеруі

- Эквивалентік нүктедегі титрант көлемінен электроөткізгіштіктің өзгеруі

- Титрант көлемінен кернеудің өзгеруі

- Эквивалентік нүктедегі титрант көлемінен тоқтың өзгеруі

- Титрант көлемінен анықталынатын құрамдас концентрациясының өзгеруі

161) Кондуктометриялық талдаудың әдісі нені өлшеуге негізделген:

- Ерітіндінің тоқ күшін

- Ерітіндінің диффузиялық тоғын

- Ерітіндінің электрөткізгіштігін

- Тоқ күшін және ерітіндінің диффузиялық тоғын

- Тоқ күші, диффузиялық тоқ және ерітіндінің электөткізгіштігін

162) Кондуктометрияда аналитикалық сигнал не болады:

- Меншікті электроөткізгіштік

- Шекті тоқ

- Иондардың қозғалғыштығы

- Электрқозғаушы күш

- Электродтық потенциал

163) Электроөткізгіштік шамасы неге байланысты:

- Талданылатын ерітіндінің бояуымен

- Талданылатын ерітіндінің шөгіндісімен

- Электродта тотығуға немесе тотықсыздануға қабілетті электрохимиялық белсенді бөлшектермен

- Ерітіндідегі зарядталған бөлшектеріне яғни иондарға байланысты

- Белсенді металл иондарымен

164) Электролит ерітіндісінің меншікті электроөткізгіштігі аналитикалық химияда қандай өрнекпен анықталады?

- x = р l/s

- x =1/R

- x =R л c

- x =л c/1000

- x =л c/R

165) Эквиваленттік электрөткізгіштік ол:

- л = х/n

- л = (л(-) - л(-)) Mэ

- л = (л(-) - л(-) ) (c(-) - c(-) )

- л = л(-) - л(-)

- л = (л(-) / л(-))×Mэ

166) Ерітіндінің меншікті электр өткізгіштігі деп нені айтады?

- Заттың бір молінде болатын ерітінді көлемі

- Шексіз сұйылтқанда

- Қалыңдығы бір сантиметр болатын электролит қабаты

- Меншікті кедергіге кері мәні меншікті электроөткізгіштік деп аталады

- Ара қашықтығы бір сантиметр екі электрод арасындағы заттың бір мольінде болатын ерітінді көлемі

167) Тура кондуктометрия әдісі кең қолданыс тапқан жоқ, оның себебі?

- Әдістің селективтілігінің төменділігінен

- Күрделі аппаратураның қолданылуы

- Әдістің дәлдігі тӨмен болғандықтан

- Әдістің тек кіші концентрациялы ерітіндіні талдау үшін ғана пайдалануы

- Әдістің тек үлкен концентрациялы ерітіндіні талдау үшін ғана пайдалануы

168) Кондуктометриялық титрлеудің негізінде қандай тәуелдік бар

- х – V

- х – pH

- х – R

- х – E

- х – л

169) Кондуктометриялық титрлеудегі эквиваленттік нүктені не бойынша анықтайды

- Концентрациядан меншікті электр өткізгіштің күрт өзгерісі

- Титрант көлемімен меншікті электр өткізгіштің қисығындағы сыну

- Концентрациядан электродтық потенциал қисығындағы сыну

- Тоқтың күрт өзгерісі

- Титрант көлемінен меншікті электр өткізгіштіктің қисығындағы максимум

170) Кодуктометрияда еріткіш ретінде не пайдаланады:

- Электролит ерітіндісін

- Қышқылдың судағы ерітіндісін

- Сілтінің судағы ерітіндісін

- Бейэлектролит ерітіндісін

- Дистилденген суды

171) Ерітіндінің эквивалентті электроөткізгіштігі қандай қозғалатын иондардың қосындысына тең?

- Катиондар

- Аниондар

- Кешенді

- Катиондар мен аниондар

- Металдар

172) Электроанализ әдісінің негізінде қандай процесс жатыр?

- Адсорбция

- Электролиз

- Экстакция

- Ыдырау

- Десорбция

173) Анықтаудың абсолюті қателігі деген не:

- Нақты мәні мен алынған нәтиже арасындағы айырмашылық

- Нақты мәні мен күтілген нәтижесе арасындағы айырмашылық

- Нақты мәні мен салыстырмалы қателік арасындағы айырмашылық

- Нақты мәні мен абсолюті қателік арасындағы айырмашылық

- Абсолюті және салыстырмалы қателіктер арасындағы айырмашылық

174) Дисперсия деген не:

- Абсолюті ауытқу квадраты

- Салыстырмалы ауытқу квадраты

- Орта арифметикалық ауытқу квадраты

- Стандартты ауытқу квадраты

- Абсолюті және салыстырмалы ауытқу квадраты

175) Жүйелік қате дегеніміз не?

- Әртүрлі жағдаймен пайда болған теріс таңбалы қате

- Әртүрлі жағдаймен пайда болған оң таңбалы қате

- Әртүрлі жағдаймен пайда болған оң және теріс таңбалы қате

- Белгілі жағдайлармен пайда ьолған әртүрлі таңбалы қате

- Белгілі жағдайлармен пайда болған таңбалары бірдей қате

176) Кездейсоқ қате дегеніміз не?

- Қатенің мәніне қарай анықтау

- Қатенің таңбасына қарай анықтау

- Қатенің мәнімен анықталмаған

- Қатенің таңбасымен анықталмаған

- Қатенің мәні мен таңбасы анықталмаған

177) Заттың молярлық массасы қандай бірлікпен өлшенеді?

- кг

- г

- моль/л

- моль/мл

- г/моль

178) Еріген заттың массалық үлесі дегеніміз не?

- 1000 г ерігіндегі еріген зат массасы

- 500 г ерігіндегі еріген зат массасы

- 100 г ерітіндідегі еріген заттың массасы

- 10 г ерігіндегі еріген зат массасы

- 1 г ерігіндегі еріген зат массасы

179) Қышқылдық-негіздік титрлеу әдісінде эквиваленттік нүктені қалай анықтайды?

- ерітіндінің рН-ын өлшеу

- Индикатордың көмегімен

- Күшті қышқыл мен негізді титрлеумен

- Күшті қышқылды әлсіз негізбен титрлеумен

- Әлсіз қышқылды күшті негізбен титрлеумен

180) Хромофорлар дегеніміз не?

- Ерітінді түсінің тасымалдаған атомдар тобы

- Ерітінді түсінің интенсивтілігін арттыратын ОН тобы

- Ерітінді түсінң интенсивтілігін кемітетін NH2 тобы

- Түс өзгертетін органикалық қосылыстар

- Түс өзгертетін неорганикалық қосылыстар

181) Редоксометрия әдісі қандай реакцияға негізделген

- Тотығу-тотықсыздану реакциясына

- Қышқылдық-негіздік реакцияға

- Орынбасу реакциясына

- Алмасу реакциясына

- Кешен түзу реакциясына

182) Ванадометрия әдісіндегі жx


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 323; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты