Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сократ.




Жылдық білім берудің ерекшеліктері.

Диханбаева Жанаркул Шабденбекқызы-бастауыш мектеп мұғалімі,

Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясы,

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы

«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай»

Сократ.

 

Қазіргі ғаламдану заманында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, индустрияның қарыштап өсуі, әлемдік деңгейге көтеріліуге бет бұруы кезеңіндегі ұлттық мәдени- тарихи, рухани құндылықтарымызды бойына сіңірген азаматтарға қоғамның сұранысының өсуі мектептерде жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, білім жетістіктерін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру қажеттілігін алға тартады.

Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында- Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі- деп атап көрсетілген. Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуға жастарға білім берудің маңызы ерекше. Осыған орай оқушылардың білім жетістігін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру, нәтижеге бағдарлап оқыту, ұлттық құндылықтарды оқушылар бойында қалыптастыру, білім беруді ізгілендіру, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру, фундаметальді білім беру, қазіргі оқыту технологиясын жетілдіру және т.б. басым бағыттарды 12 жылдық мектептің бастауыш сатысындағы пәндер бойынша мемлекеттік міндетті білім стандартын, оқу бағдарламасын жетілдіруде басшылыққа алудың қажеттілігі туындап отыр.

Қазір өркениетті елдерде білім берудің аяқталған сипатынан үздіксіз білім беруге көшу қалыптасуда, қоғамның дамуына сәйкес мектептің бастауыш сатысында тұрғаны дамыту, оның жеке мүмкіндіктерін толық пайдалану қажеттігі туындауда.

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интелектуалды деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.

Тәрбиенің сан-салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп.

Бастауыш саты- білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алумен кез-келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жүзеге аспақ. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығармашылық қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті- жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға- Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады. Халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға», «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады», деп айтқан ұлы Абай. Ал чехтің педагогі Я.А.Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі»,- деп, ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.

Әрбір бала- бір тұлға, оны көре білу сол бір әлемге жол табу әр ұстаздың міндеті. Мектептегі сынып жетекшілер алдындағы (проблема) міндеті: халықтық педогиканы пайдалана отырып, өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу болып табылады.

Егемен елімізде жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу саясаты қоғам өмірінің барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізуде. Күн тәртібінде қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістердің бірі- 12 жылдық оқыту моделі. Осы бағытта ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеу саласында 12 жылдық оқыту бағдарламасы бойынша, біздің Ғани Мұратбаев мектеп-гимназиясында Бұйрық № 151 § 2 07.07. 2003-2004 жылы эсперимент сыныбы ашылды. Қазір олар 8-ші сыныпта дәріс алуда, білім сапасы мен тәрбиесі жақсы. 6 жасар мен 7 жасар балалардың айырмашылығы , 6 жастағы балалар айтқанды тез ұғады және тез ұмытады.Бірақ білім алуға деген құштарлықтары зор.Мұғалім- мектептегі басты тұлға. Ол өз ісімен өзгеге үлгі болып, жетекші болады. Білімі терең, әдістемелік шеберлігі мол, мақсаты айқын, үнемі ізденіс үстінде жүреді.

Мұғалім жұмысындағы, әсіресе сабақ беруіндегі басты ерекшеліктері:

  1. Ақпараттық – коммуникативтік мәдениетін,
  2. Зерттеушілік мәдениетін,
  3. Өмірлік білімнен өмір бойы білім алуын,
  4. Техникалық мәдениетін қалыптастыруыды қажет етеді.

Еліміздің егемендік алғаннан бері білім беру саласында елеулі өзгерістер болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып өзгерді. Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі- білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы. Бұл педагогикадағы тұтас педагогикалық үрдістегі өзгерулермен тығыз байланысты.

Дегенмен де адам психикасын дамытудағы ең қажетті құрылым- оқыту болса, кез келген оқыту есте сақтау мен білімді дамытады. Ал оқыту мен дамыту өз алдына жеке үрдіс бола алмайды, өйткені екеуі де жеке тұлғаның дамуына әсер етді.

Жаңа технология мен жаңа ақпарат көздерін күнделікті сабағыма енгізіп отырып, алдыма мынадай мақсат қойған едім. Біріншіден, оқушының жас ерекшелігін ескеру, екіншіден, оқушылардың қабілет деңгейін анықтай отырып, өз бетімен жұмыс жасауға үйрету, ойлау қабілеттерін арттыра түсу, ата-анасымен байланысты нығайту арқылы әр оқушы стандарт көлемінде тиянақты білім алып шығуға көңіл бөлу. Қабілетті оқушылардың даму деңгейін шығармашылыққа ұштастыру.

1-ші сыныптан бастап математика, әдебиеттік оқу, қазақ тілі, қоршаған дүние пәндерінде дамыта оқыту технологияларын қолдандым. Бұл технологияны сабақта қолдана отырып, мынадай тиімді жақтарын барын байқадым:

1. Оқушы өз бетімен жұмыс жүргізуге дағдыланады.

2. Жеке дара қабілеттері айқындалады.

3. Оқушылар нақты өз деңгейінде бағаланады.

4. Сабаққа деген қызығушылығы артады.

5. Шығармашылық жұмыстар топпен, жұппен, жеке дара жүргізуге дағдыланады және т.б.

Қорыта айтқанда, қазіргі таңдағы мұғалім тек білім беруші емес, білім алуды ұйымдастырушы болып танылады.

Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі- әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар:

дені сау

шығармашыл

Мен жеке тұлғамын белсенді

жоғары интелекті

терең білімді.

кәсіби сауатты

 

Осыған байланысты мектеп баланың дамуында негізгі рөл атқарады. Баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы мен ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында қаланады. Онда жан-жақты дамып, өз ой-пікірін еркін жеткізе алатын болады.

Сонымен қатар, қазақстандық білім беру үрдісінде соңғы уақытта, көбінесе, оқушының жалпы білім, білік, дағдысын қалыптастыру ғана басты назарда болып келеді. Оқу –тәрбие процесі баланың жеке ерекшелігі ескерілмей құрылады.

Қазіргі білім беруде біршама өзгерістер болуда. Оның кейбір тұстары ғана емес, оқыту мен тәрбиелеу жүйесі түбірімен өзгеруде. Жоғарыда аталған мәселені шешу мен қайшылықтарды жоюдың тиімді жолдарының бірі-білім беруде оқушының жеке және кәсіби дамуын қамтамасыз ететін тұлғаға бағдарланған тәсілдің дүниеге келуі.

Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың тұжырымдамасы баланы жан-жақты дамытумен бірге, жеке және жас ерекшеліктеріне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қалыптастырады.

Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту проблемалары бағыттағы шығармашылық сипатқа ие бола отырып, жаңа білімді іздену арқылы тәжірибеде қолдана білуге ықпал етеді, мұндағы басты міндет- баланың жалпы және өзіне өзіне ғана тән қабілеттерінің даму мүмкіндігі мен білім, білік, дағдыларын қалыптастыру және қолдану. Бала оқу үрдісінде субъектіге айнала отырып, қабілеті мен қажеттілігіне байланысты қарқынмен дамуға мүмкіндік алады. Педагог оқыту мен тәрбиелеу ісін ұйымдастырушы ғана емес, балаға серік, дос, сырлас, кеңесші қызметін де атқарады. Нәтижесінде жеке тұлғаның өзіндік пікірі, қоршаған ортасына құрметпен қарау көзқарасы қалыптасып, таным қабілеті ашылады.

Жаңа білім сапасының жетістігі оқушының жемісті іс-әрекетіндегі әлеуметтендірудің құралы болып табылады. Ғылыми және жоғары технологиялық өндіріс жағдайында жастардың ғылыми, технологиялық, гуманитарлық дайындығына қойылатын талап жоғарылап отыр. Танымдық қабілеттер мен жалпы оқу білім, білік дағдыларын дамытудың негізі болатын орта білім берудің маңызы артуда. Орта білім берудің құрылымын жаңарту оқушының қызығушылығын, қажеттілігі мен мүмкіндігін кеңірек ескертуге, оқыту деңгейі бойынша оқу материалын ұтымды бөлуге, білім мазмұнының құрамдас бөліктерінде кездесетін кейбір қарама-қайшылықтарды жоюға, жеке оқытуға жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Сондықтан 12 жылдық білім беруге көшу қазақстандық білім жүйесін реформалауды, шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен» «білім әркімге өмір бойы» үлгісінде сапалы түрде көшуді және әлемдік білім кеңестігіне жедел енуді қамтамасыз етеді.

12 жылдық жалпы білім беру мектебі «Жеке тұлға жетістігі» негізгі идеасы үлгісімен таңдалынып алынды.

12 жылдық оқытудағы негізгі әдістер: оқушының жеке бас ерекшелігін, ішкі қажеттіліктерін ескере отырып жеке тұлғаға бағдарлап оқыту мен тәрбиелеу.

12 жылдық оқытудағы басты мақсат - қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру.

2003 жылы эксперимент сыныбы ашылды.

Бала мектепке 6 жастан барады

«Алматыкітап баспасынан шыққан

оқулықпен оқиды. Жеңілден ауырға

принципі бойынша жасалған .

12 жыл оқиды.1 сыныпта сабақ 5 күндік,

12 жылдық білім берудің баға қойылмайды, ауызша бағаланады

ерекшеліктері Денсаулығын сақтау (сергіту сәті,психолог,

медбикелердің жұмысы)

Шығармашыл (зерттеуге оқыту пәні)

Өз бетінше білім алу(зерттеу пәнінің әдістері)

Бағалау өз бетінше бағалау

өзін -өзі бағалау

портфолио

12 балдық жүйе

Білім мазмұнының жаңаруы

(зерттеу, авторлық бағдарлама)

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 82; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты