Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жаңа нәрсені көру үшін жаңа нәрсе ойлап табу керек.




Зерттеушілікке оқыту – баланың қоршаған ортасын өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құрылған оқытудың негізгі тәсілі. Зерттеушілікке оқытудың негізгі мақсаты – оқушының адамзаттық мәдениеттің қай саласында болмасын өз бетімен шығармашылық жаңа іс-әрекет тәсілдерін игеруге дайындығы мен қабілетін қалыптастыру.

Зерттеудің жобалаудан айырмашылығы мынада. Зерттеу алдын ала жоспарланған нысанды құруды көздемейді. Ол- белгісізді іздеу, жаңа білімді іздеу процесі. Бұл –адамның танымдық әрекеттерінің бірі.

Осылайша, жобалау мен зерттеу – басынан –ақ әрекет түрлерінің бағыттары, мәні мен мазмұны жағынан түрліше.

Жобалаудың зерттеуден айырмашылығы – жобалау тәжірибеге бағдарланған. Жобаны жүзеге асырушы адам жаңаны ғана емес, өзінің алдында тұрған нақты проблеманы шешеді.

Жобаны әзірлеу- әдетте шығармашылық іс, бірақ шығармашылық ақиқатты іздеу міндеттерінен тыс түрлі сыртқы жағдайларға байланысты болады. Теориялық жобаны дайын алгоритмдер мен сызбалардың көмегімен орындауға естен шығармаған жөн.

Жобалаудың проблеманы шешу жолына қарай шегі болғанымен, зерттеу сияқты тереңдей береді.

Зерттеу мен жобалау мүмкіндіктерін бағалай келе, баламен жұмыс барысында жобалау әдістері мен зерттеушілікке оқыту әдістерінің пайдасын түсіне білу керек. Жобалаумен қатар, зерттеушілік жұмыстарды орындауға болады. Әдістемелік тұрғыда жобалау әдісі бойынша жүргізілетін зерттеудің шынайы болжам жасаудың, олардың нәтижелерін жоспарға сәйкес тексерудің нақты жоспарын құруды көздейтінін ескеру қажет.

Ал зеттеушілік еркін, белгілі бір сыртқы жағдайлармен шектеусіз жүргізілуі тиіс.

Нәтижесі туралы сөз болғанда ескеретін жағдай, зерттеу жұмысының барлық кезеңдеріндегі негізгі күтілетін нәтиже- баланың жаңадан алған білімін шығармашылықпен игеру қабілетін; алынған материалдарды өңдеу және зерттеушілік әдебінің дағдыларын дамыту. Оның кішкентай ғана зерттеу нәтижесін басқалармен шатастыруға болмайды.

Мұғалім үшін нәтиже- баланың қолдан жасаған макеті немесе суреті емес, оның өз бетінше алған ең құнды шығармашылық зерттеу жұмысы, жаңа білімі мен білігі, жай орындаушы ғана емес, анық шығармашылық психикалық жаңа көзқарасы.

 

Оқушының зерттеушілік әрекетінің жетекшісі төмендегі ережені сақтауы тиіс:

1) оқушылардың өз бетінше әрекет етуге үйрету;

2) нақты нұсқауларға қарағанда баланың ұсынысына көңіл аудару.

3) Талқылау кезінде баға беруге асықпау.

4) Білім алу барысында балаларға көмектесу:

- өз бетінше проблеманы шығару;

- проблеманы өз бетінше шешу дағдыларын қалыптастыру;

- пәндер мен құбылыстар арасындағы байланысты бақылау;

- ақпаратты талдау, талқылау, жүйелеу, топтау және жинақтау;

- өзіндік пікірін ешбір қорқынышсыз ұсыну.

5) Оқушыларды өз идеяларын ұсына білуге және қате пікірінен бас тартуға, шыдамдылық танытуға үйрету.

Оқушының зерттеу әрекеті процесін мынадай бірізділікте көруге болады:

1) зерттеу проблемасы мен бағытын анықтау;

2) зерттеу тақырыбын таңдау (зерттеу міндеттерін анықтау);

3) зерттеу әдістерін таңдау;

4) зерттеуді жүргізу (ақпараттарды жинау және өңдеу, бақылау, эксперимент, т.б.);

5) алынған материалды талдау және тарату (алынған материалды белгілі ережелер мен тәсілдерді қолдана отырып құру);

6) қорытындылау. Есеп беруге дайындалу (негізгі түсініктерге анықтама беру, зерттеу нәтижелері бойынша хабарлама жасау, т.б.);

7) презентацияны жариялау (қорғау және сұрақтарға жауап беру);

8) аяқталған жұмыс қорытындысын талқылау. Рефлекция.

Сонымен, оқушының шығармашылық қабілетін дамытудың құралдары мен түрлі жолдарының арасында оқушының өзіндік зерттеу тәжірибесі өте тиімді болып табылады.

Зерттеушілік білігі мен дағдылары бүгінгі күні ғылыммен айналысатын адамдарға ғана тән емес, түрлі саладағы әрбір адамның әрекетіне қажет. Шығармашылық зерттеушілік –ізденіс кез келген кәсіптің ажырамас бөлігі. Осыған байланысты баланы зерттеу әрекетіне дайындау, оның зерттеушілік ізденіс білігі мен дағдыларын қалыптастыру қазіргі білім беру ісінің маңызды міндеті болып есептеледі.

Зерттеу негіздері бағдарламасының жобасы жасалды. Зерттеуге оқыту пәні бойынша 1-4 сыныптар аралығында күнтізбелік жоспар жасалды. Мектепішілік (мен зерттеуші боламын) тақырыбында 10 оқушы жұмысын қорғап, мақтау қағаздарымен марапатталды. Аудан көлемінде 4 оқушы жұмысын қорғап, бас жүлде, І-ІІ орындарды иеленді.

Ал енді «Портфолио дегеніміз не?» деген сұрақтың басын ашып алуымыз керек.

 

Бастауыш сынып портфолиосын жүргізудің негізгі мақсаттары мен міндеттері:

· Әр оқушы үшін табысты жағдай жасау, өзін-өзі бағалау, өзіне сенімділігін жоғарлату;

· Әр баланың жеке қабілетін ең жоғары шегінде ашу;

· Өз бетінше танымдыққа дайындығын қалыптастыру және оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту;

· Шығармашылық іскерлікке қалыптастыру және дамыту;

· Жеке тұлғаның рухани және адамгершілік қасиетін қалыптастыру;

· Рефлексия біліктерін білу, қызығушылығын, бейімділігін, шеберлігін қалыптастыру және ұштастыру;

· Өмірлік идеяларды қалыптастыру, өзін-өзі кемелдендіруге ынталандыру.

 

Портфолио тұжырымдамасы

 

· Портфолио- болашақта белгілі бір оқушының оқудағы жетістіктерін жинақтау ретінде тұрақты және ұзақ уақыт білім алудың нәтижесін байқатады.

· Мектеп бітірушінің портфолиосы біріңғай емтиханның нәтижесіне немесе жоғары оқу орнына түсудегі емтиханға толықтыру қызметін атқара алады, себебі абитуриент туралы ақпараттың аздығын толығымен жабады.

· Портфолио материалы бір жыл емес, барлық оқыту кезінде жинақталады.

· Портфолио оқушының оқу шығармашылығының әлеуметтік және басқа іс-шараның барысында жасаған өнімі бойынша білім беру нәтижесінің аутентикалық бағалау түрі болып табылады.

 

Құжаттар портфолиосы

Портфолио түрлері Жұмыс портфолиосы

Пікірлер портфолиосы

 

 

Бұның бәрі не үшін қажет?

· Қызығушылығын артырады

· Бағалау дағдыларын дамытады.

· Мақсат қояды, жоспарлайды және оқу ісін ұйымдастырады.

· Табысты мамандандыру үшін толықтыру құжаты болып табылады.

 

Сыныбымызда оқушыларға арналған «Оқушы портфолиосы» жасалды. Сол портфолио бойынша жұмыс жүргізілуде.

Болашақ 12 жылдық мектептегі білім сапасы –экономикасы дамыған демократиялық қоғам жағдайында әр түрлі салада мәселені өздігінше шешуге мүмкіндік жасай алатын оқушылардың білім алу нәтижесінде жеткен жетістігі деп түсінеміз.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 95; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты