Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ОРЫТЫНДЫ




Осы курстық жұмысты қорытындылайық. Жоғарыда аталып кеткендей, ақша айналымы - тауарлар мен қызметтерді қолма – қол және қолма – қол емес формада жүзеге асыратын, мемлекеттің ішкі экономикалық айналымындағы ақшалардың қозғалысы.

Ақша айналымы екі бөліктен тұрады: қолма – қол ақша айналымы және қолма – қол емес ақша айналымы.

Ақша айналысы – белгілі бір мезгілде қолма – қол ақшамен өтеліп, ақша айналымының бөлігі болып табылады. Ал ақша айналымы қолма – қол және қолма – қол емес ақша белгілерін қамтамасыз ететін ақшаның қызметі.

Ақша айналысының заңы, яғни оның мәні – ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысын ақша өлшемінің айналым соңына бөлген кезде оның теңесуі ақша айналысының құралы қызметін орындау үшін қажет.

Сонымен қатар, ақша айналысына әсер ететін жағдайлар қарастырылған болатын. Соның бірі – ол несиенің даму деңгейі. Егер тауардың көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа сонша мөлшерде кем ақща қажет және тағы басқалар. Сондай – ақ, ақша коммерциялық банктердің төлем – кассалық бөлімдерінен клиенттер арқылы айналысқа түсіп, белгілі бір мерзімнен кейін клиенттердің кассасы арқылы айналыстан шығады. Сөйтіп, қолма – қол ақшаның қайталама айналысы аяқталады.

Ақша айналымын жеделдету үшін электрондық төлем жүйесі қолданылады. Ол сонымен бірге айналыс шығындарын азайтуға, есеп айырысуды тездетуге, айналыстағы қолма – қол ақшаны азайтуға кең жол ашады.

Қолма – қол емес ақша айналымы ( төлем айналымы ) – ол банктегі шот иесінің жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе ақшаның төлем құралы ретінде қызметтің атқарылуы. Қолма – қол емес ақшаның төлем айналымын екі тобқа бөлуге болады: тауарлы операциялар бойынша және қаржылық міндеттемелері бойынша төлем айналымы.

Қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақша айналымдары өзара тығыз байланысты және бір – біріне тәуелді.

Ақша массасы – бұл жеке тұлғаларға, кәсіпорындар мен мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы. Ақша массасының компоненттерін анықтаудың әр түрлі концепциялары бар. Оның құрамы сол елдегі несие – ақша жүйесімен анықталады.

Белгілі бір мерзім аралығында және белгілі бір күнге ақша айналымындағы сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс - шаралар жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады. Ондай көрсеткіштер ақша агрегаттары деп аталады.

Қазақстан Республикасындағы ақша агрегаттары келесідей:

М0 – айналыстағы қолма – қол ақша немесе банк жүйесінен тыс ақша;

М1 – М0 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың теңгедегі аудармалы депозиттері;

М2 – М1 + теңгедегі басқа да депозиттер және банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы аудармалы депозиттері;

М3 – М2 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы басқа да депозиттері;

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қолма – қол ақша айналымын реттеудегі басты қызметтерінің бірі - экономика субъектілерінің қажеттілігін ұлттық валюта ақша белгілерімен дер кезінде және тұтас қанағаттандыруы.

Осы жұмыстарға байланысты Ұлттық Банкінің филиалдарының эмиссия – кассалық реттеуімен екінші деңгейдегі банктердің кассалық жұмысы, купюралық құрылымды жақсарту, ұлттық валютаның ақшалай белгілерінің саудасын қолдау, айналымнан ескі үлгілерді алып тастау жүргізіледі.

Ұлттық Банкінің ақша – несие саясатының шарттарына байланысты Республикада экономикалық жағдай жағымды қалыптасуда, өнеркәсіптер мен халықтың мемлекет саясатына сенімнің артуы мемлекеттегі ақша ұсынымына оң әсер тигізеді.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 68; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты