Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Бап. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi




Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган мынадай өкiлеттiктердi орындайды:
1) азаматтардың бiлiм беру саласындағы конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз етедi;
2) бiлiм беру саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асырады, салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады, бiлiм беру және ғылым саласындағы мақсатты және халықаралық бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады;
2-1) магистратурада және докторантурада мамандықтар бойынша жоғары бiлiмi бар мамандарды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бөлудi бекiтедi;
3) бiлiм берудi дамытудың жай-күйi туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама әзiрлеу және жариялау арқылы қоғам мен мемлекеттi бiлiм беру жүйесiнiң жай-күйi және оның қызметiнiң тиiмдiлiгi туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз етедi;
4) бiлiм берудi басқару жүйесiнiң бiлiм беру мониторингiн және оны ақпараттық қамтамасыз етудi жүзеге асырады, бiлiм берудiң бiрыңғай ақпараттық жүйесiн ұйымдастыру және оның жұмыс iстеу ережелерiн бекiтедi;
5) бiлiм беру сапасын басқаруды, бiлiм беру ұйымдары ұсынатын бiлiм беру қызметiн әдiстемелiк және әдiснамалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
6) бiлiм берудiң тиiстi деңгейлерiнiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарын әзiрлеудi ұйымдастырады, бiлiм берудiң барлық деңгейiнiң үлгiлiк бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын және үлгiлiк оқу жоспарларын бекiтедi;
6-1) медициналық, фармацевтiк және әскери бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарын келiседi;
7) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
7-1) балалар музыка мектептерiнiң, балалар көркемөнер мектептерiнiң және балалар өнер мектептерiнiң үлгiлiк оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеудi ұйымдастырады және бекiтедi;
8) бiлiм беру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияларды және (немесе) қосымшаларды:
бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғаларға;
техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң, оның iшiнде кәсiптер мен мамандықтар бойынша кәсiптiк бағдарламаларды iске асыратын заңды тұлғаларға;
орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары, жоғары бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң, оның iшiнде мамандықтар бойынша кәсiптiк бағдарламаларды iске асыратын заңды тұлғаларға;
рухани бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғаларға бередi;
9) меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мыналарды:
мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң
арнайы және мамандандырылған бiлiм берудiң
балаларға арналған қосымша бiлiм берудiң
балалар мен жасөспiрiмдерге арналған спорт бойынша қосымша бiлiм берудiң
техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң
жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң (медициналық және фармацевтiк бiлiм берудi қоспағанда) бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттаудан өткiзедi;
9-1) инновациялық қызметтi жүзеге асыратын және ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн өндiрiске енгiзетiн базалық жоғары оқу орындарын айқындайды;
10) аккредиттеу органдарына, оның iшiнде шетелдiк аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және оларды танудың тәртiбiн белгiлейдi және танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген бiлiм беру ұйымдарының және бiлiм беретiн оқу бағдарламаларының тiзiлiмiн қалыптастырады;
11) бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгiлiк ережелерiн әзiрлейдi;
12) Ұлттық бiрыңғай тестiлеудi және кешендi тестiлеудi өткiзу қағидаларын әзiрлейдi және бекiтедi;
13) мүдделi министрлiктермен, өзге де орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушiлермен және басқа да әлеуметтiк әрiптестермен өзара iс-қимыл жасай отырып, кәсiптiк оқу бағдарламаларының түрлерi бойынша кадрлар даярлау үшiн кәсiптер мен мамандықтар тiзбесiн айқындайды және кәсiптер мен мамандықтардың сыныптауыштарын бекiтедi;
14) меншiк нысандарына және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан, бiлiм беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзiмiн айқындайды;
15) сырттай, кешкi нысандарда және экстернат нысанында бiлiм алуға жол берiлмейтiн кәсiптер мен мамандықтардың тiзбесiн белгiлейдi және жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат бередi;
16) бiлiм алушыларды бiлiм беру ұйымдарының үлгiсi бойынша ауыстырудың және қайта қабылдаудың ережелерiн әзiрлейдi;
17) бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларға академиялық демалыстар берудiң тәртiбiн әзiрлейдi;
18) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
19) бiлiм алушылардың үлгерiмiне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткiзудiң үлгiлiк ережелерiн бекiтедi;
20) кәсiптiк даярлық деңгейiн бағалау және техникалық және қызмет көрсететiн еңбек кәсiптерi (мамандықтар) бойынша бiлiктiлiктi беру қағидаларын әзiрлейдi және бекiтедi;
21) бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау тәртiбiн белгiлейдi;
22) бiлiм және (немесе) бiлiктiлiк туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу және беру және олармен жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағыныстағы бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз ету жөнiндегi қағидаларды әзiрлейдi және бекiтедi және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
23) бiлiм беру ұйымдары бiлiм беру қызметiнде пайдаланатын қатаң есептiлiктегi құжаттардың нысанын әзiрлейдi және бекiтедi, бiлiм туралы құжаттарды ресiмдеуге қойылатын талаптарды айқындайды; бiлiм алуды аяқтамаған адамдарға берiлетiн анықтама нысанын бекiтедi;
24) бiлiм беру қызметтерiн көрсетудiң үлгiлiк шартының және кәсiптiк практикадан өткiзуге арналған үлгiлiк шарт нысандарын бекiтедi;
25) оқу-әдiстемелiк және ғылыми-әдiстемелiк жұмысқа басшылықты жүзеге асырады және жүргiзудi үйлестiредi, оқу-әдiстемелiк және ғылыми-әдiстемелiк жұмысты ұйымдастырудың және жүзеге асырудың ережелерiн, оқытудың кредиттiк технологиясы бойынша оқу процесiн ұйымдастырудың қағидаларын бекiтедi және қашықтықтан бiлiм беру технологиялары бойынша оқу процесiн ұйымдастырудың қағидаларын әзiрлейдi;
25-1) Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлiмдерiнiң қызметiн ұйымдастыру қағидаларын әзiрлейдi және бекiтедi;
25-2) жоғары оқу орындарының жанынан ұқсас мамандық топтары бойынша оқу-әдiстемелiк бiрлестiктер құрады және олардың қызметтерi туралы ереженi бекiтедi;
26) республикалық орта бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық келiсiмдерге сәйкес шетелдiк мектептерде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдiстемелiк кешендермен қамтамасыз етедi;
26-1) мектепке дейiнгi, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын әзiрлеудi ұйымдастырады және бекiтедi;
27) оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендерi мен оқу-әдiстемелiк құралдарын әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткiзу және мониторинг жүргiзу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзiрлейдi әрi бекiтедi және осы жұмысты ұйымдастырады;
27-1) бiлiм беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етiлген оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердiң, оның iшiнде электрондық жеткiзгiштердегi тiзбесiн қалыптастырады және бекiтедi;
28) республикалық маңызы бар мектептен тыс iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
29) жаратылыстану-математика циклы пәндерi бойынша Президенттiк олимпиаданы, жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсiби шеберлiк конкурстарын ұйымдастыру және өткiзу қағидаларын әзiрлейдi және бекiтедi;
29-1) жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсiби шеберлiк конкурстарының және спорттық жарыстардың тiзбесiн қалыптастырады және бекiтедi;
30) ведомостволық бағынысты ұйымдарды белгiленген тәртiппен бюджет қаражаты есебiнен қаржыландыруды жүзеге асырады;
31) ведомстволық бағыныстағы бiлiм беру мекемелерiнiң жарғыларын бекiтедi;
32) бiлiм беру ұйымдарында меншiк нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасының және нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдардағы бюджеттiк және қаржылық тәртiптiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуына мемлекеттiк бақылау жасауды жүзеге асырады;
33) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
34) педагог қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген адамдар лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларын әзiрлейдi және бекiтедi;
35) мемлекеттiк орта бiлiм беру мекемелерiнiң басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларын әзiрлейдi және бекiтедi;
36) жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерiн лауазымдарға конкурстық тағайындау ережелерiн әзiрлейдi;
36-1) жоғары оқу орнының және ғылыми ұйымдардың қолдаухаты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын бередi;
37) педагог қызметкерлердi аттестаттау ережелерiн бекiтедi;
38) педагог кадрларды қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
39) салалық көтермелеу жүйесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
40) шетелдiк әрiптестермен келiссөздер жүргiзедi және өз құзыретi шегiнде бiлiм беру саласында, сондай-ақ ғылыми қызметте халықаралық шарттарға (келiсiмдерге) және бағдарламаларға қол қояды; бiлiм беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастық ұйымдарының ережелерiн белгiлейдi және осы жұмысты үйлестiредi;
41) шетелге, оның iшiнде академиялық оралымдылық шеңберiнде оқытуға жiберу тәртiбiн әзiрлейдi, бекiтедi және белгiлейдi;
42) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
43) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлiмдерiне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын әзiрлейдi және бекiтедi;
44) Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгiленген мерзiмде жою туралы орындалуы мiндеттi жазбаша нұсқамалар бередi;
44-1) бiлiм беру ұйымдарында эксперимент режимiнде iске асырылатын бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын әзiрлеу, сынақтан өткiзу және енгiзу қағидаларын әзiрлейдi және бекiтедi;
44-2) бiлiм беру жүйесiн басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
44-3) бiрыңғай ақпараттық бiлiм беру жүйесiн ұйымдастыру және оның жұмыс iстеу қағидаларын әзiрлеудi ұйымдастырады және бекiтедi;
44-4) "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгiлiк шарттарды бекiтедi;
44-5) бiлiм беру ұйымы түрлерiнiң номенклатурасын және олардың қызметiнiң, оның iшiнде шағын жинақталған мектептердегiқызметтiң үлгiлiк қағидаларын бекiтедi;
44-6) мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудiң тiзбесiн қалыптастырады және бекiтедi;
45) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;
45-1) орта бiлiм беру ұйымдарында психологиялық қызметтiң жұмыс iстеу қағидаларын әзiрлеудi ұйымдастырады және бекiтедi;
45-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiндегi мәлiметтердi алады;
45-3) бiлiм беру ұйымдарының iшкi тәртiбiнiң үлгiлiк қағидаларын әзiрлейдi және бекiтедi;
46) кәмелетке толмағандарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтарында ұстаудың тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi;
46-1) орта, техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң жан басына шаққандағы нормативтiк қаржыландыру әдiстемесiн әзiрлеудi ұйымдастырады және бекiтедi;
46-2) орта, техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидаларын әзiрлеудi ұйымдастырады және бекiтедi;
46-3) бiлiктiлiктi арттырудың ваучерлiк-модульдiк жүйесiнiң әдiстемесiн әзiрлеудi ұйымдастырады және бекiтедi;
46-4) бiлiктiлiктi қашықтықтан арттыруды қамтамасыз етудiң қағидаларын әзiрлеудi ұйымдастырады және бекiтедi;
46-5) педагогтардың бiлiктiлiк деңгейiн растау қағидаларын әзiрлейдi және бекiтедi;
46-6) базалық жоғары оқу орындарында магистрлер мен PhD докторларын нысаналы даярлау тетiгiн әзiрлейдi және бекiтедi;
46-7) мемлекеттiк жоғары оқу орындарының ректорларын тағайындау қағидаларын әзiрлейдi және бекiтедi;
46-8) университеттiк интернет-ресустарға қойылатын талаптарды айқындайды және бекiтедi;
46-9) мектеп-интернаттарға, бейiндiк мектептерге қойылатын техникалық талаптарды әзiрлеудi ұйымдастырады және бекiтедi;
47) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Ескерту. 5-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.07.17 N 188-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.10.24 № 487-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 62; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты