Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Бап. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк кепiлдiктер




1. Мемлекет бiлiм алу құқығын бiлiм беру жүйесiн дамыту, оның жұмыс iстеуiнiң құқықтық негiзiн жетiлдiру және Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес бiлiм алу үшiн қажеттi әлеуметтiк-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етедi.
Бiлiм беру сапасын мемлекеттiк бақылау бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесiн жасау және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекет Қазақстан Республикасы азаматтарының тегiн мектепалды, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм алуын, сондай-ақ, арнаулы мемлекеттiк органдардың оқу орындарын қоспағанда, егер азамат осы деңгейлердiң әр қайсысында бiрiншi рет бiлiм алатын болса, мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сәйкес конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм алуын қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасына отбасына қосылу мақсатында келген шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей мектепалды, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм алуға құқығы бар.
Әскери оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы деңгейлердiң әрқайсысында бiрiншi рет бiлiм алатын болса, мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сәйкес конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм алуға құқық берiледi.
Шетелдiктердiң мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сәйкес конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм алуға құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

3. Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм алуға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк емес бiлiм беру кредиттерiн дамыту үшiн жағдайлар жасалады.
Мемлекет қаржылық ұйымдар беретiн бiлiм беру кредиттерiнiң кепiлдiк жүйесiн құру жөнiнде шаралар қабылдайды.

4. Мемлекет әлеуметтiк көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын олардың бiлiм алуы кезеңiнде қаржылау шығыстарын толық немесе iшiнара өтейдi.
Әлеуметтiк көмек көрсетiлетiн Қазақстан Республикасы азаматтарының санатына:
1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар, мүгедектер және бала кезiнен мүгедектер, мүгедек балалар;
3) көп балалы отбасылардың балалары;
4) кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарындағы балалар;
5) жалпы және санаторийлiк үлгiдегi мектеп-интернаттарында, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар;
6) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық бiлiм беру ұйымдарында тәрбиеленетiн және бiлiм алатын балалар;
7) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушiлерi;
8) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;
9) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтiру емiн және медициналық оңалту көрсететiн ұйымдарда оқитын балалар;
10) Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын өзге де санаттағы азаматтар жатады.

5. Денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беретiн ұйымдарға бара алмайтын азаматтар үшiн үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтiру емiн және медициналық оңалту көрсететiн ұйымдарда тегiн жеке оқыту ұйымдастырылады. V0

6. Мемлекет инклюзивтi бiлiм берудiң мақсатын iске асыра отырып, бiлiм берудiң барлық деңгейiнде даму мүмкiндiктерi шектеулi азаматтарға олардың бiлiм алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуiне және әлеуметтiк бейiмделуiне арнайы жағдайлар жасауды қамтамасыз етедi.

7. Мемлекет тұрғындар саны аз елдi мекендерде тұратын балалардың бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм алу құқықтарын қамтамасыз ету үшiн шағын жинақты мектептер мен интернат ұйымдарының жұмыс iстеуiне кепiлдiк бередi.

8. Мемлекет Қазақстан Республикасының дарынды азаматтарының элиталық бiлiм, оның iшiнде шетелде бiлiм алуына қажеттi жағдай жасайды.
Ескерту. 8-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 101; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.061 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты