Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Бап. Бiлiм беретiн оқу бағдарламалары




1. Бiлiм беретiн оқу бағдарламалары мазмұны мен бағыттарына (мiндеттерiне) қатысты:

1) жалпы бiлiм беретiн (үлгiлiк, жұмыстық);

2) кәсiптiк (үлгiлiк, жұмыстық);

3) қосымша болып бөлiнедi.
Үлгiлiк оқу бағдарламалары мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының талаптарына сәйкес әзiрленедi.
Жұмыстық оқу бағдарламалары тиiстi үлгiлiк оқу жоспарлары мен үлгiлiк оқу бағдарламаларының негiзiнде әзiрленедi.

2. Жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары жеке адамның жалпы мәдениетiн қалыптастырудың, жеке адамды қоғамдағы өмiрге бейiмдеудiң мiндеттерiн шешуге, кәсiптi, мамандықты саналы түрде таңдау мен меңгеру үшiн негiз жасауға бағытталған.
Жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары мазмұнына қарай мынадай оқу бағдарламаларына:

1) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту;

2) бастауыш бiлiм беру;

3) негiзгi орта бiлiм беру;

4) жалпы орта бiлiм беру болып бөлiнедi.
Дарынды адамдардың әлеуеттi мүмкiндiктерiн неғұрлым толық дамыту үшiн оқу бағдарламасының жекелеген пәндерiн тереңдетiп оқытуды көздейтiн мамандандырылған бiлiм беретiн оқу бағдарламалары әзiрленедi.
Адамдардың жекелеген санаттары үшiн психологиялық-медициналық-педагогтiк консультациялардың ұсынымдары ескерiле отырып айқындалатын, бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң даму және әлеуеттiк мүмкiндiктерiнiң ерекшелiктерi ескерiлетiн арнайы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары әзiрленедi.

3. Кәсiптiк оқу бағдарламалары экономика салаларындағы кәсiптiк қызметтердiң бағыттары бойынша техникалық, қызмет көрсету және басқару еңбегi мамандарын даярлауға, жеке адамның кәсiптiк және жалпы бiлiм деңгейiн жүйелi арттыруға бағытталған.
Кәсiптiк оқу бағдарламалары мазмұнына қарай:

1) техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн;

2) орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беретiн;

3) жоғары бiлiм беретiн;

4) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беретiн оқу бағдарламаларына бөлiнедi.

4. Қосымша бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бiлiм алушылардың өзiн-өзi билеуiн, шығармашылығын дамыту, олардың қабiлеттерiн iске асыру, қоғам өмiрiне бейiмделуi, азаматтық сана-сезiмiн, жалпы мәдениетiн, салауатты өмiр салтын қалыптастыру, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшiн жағдайлар жасауды көздейдi.

5. Оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткiзу, бiлiм берудiң жаңа мазмұнын енгiзу үшiн эксперимент режимiнде (эксперименттiк алаңдарда) жұмыс iстейтiн бiлiм беру ұйымдарында iске асырылатын эксперименттiк бiлiм беретiн оқу бағдарламалары әзiрленедi.

6. Интеграцияланған бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын бiлiм беру ұйымдары бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша әзiрлейдi. Интеграцияланған бiлiм беретiн оқу бағдарламалары пәнаралық және деңгейаралық, жоғары оқу орындары аралық және халықаралық болуы мүмкiн.

7. Әскери мамандықтар бойынша үлгiлiк оқу бағдарламаларын бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша тиiстi мемлекеттiк органның басшысы бекiтедi.

8. Медициналық және фармацевтiк мамандықтар бойынша үлгiлiк оқу бағдарламаларын бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.

9. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бiлiм беру ұйымы лицензиясы болған жағдайда әртүрлi деңгейдегi оқыту бағдарламаларын iске асыруға құқылы.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 63; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты