Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Бап. Техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламалары




1. Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру орта бiлiм беру деңгейiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады және қоғамдық-пайдалы кәсiптiк қызметтiң негiзгi бағыттары бойынша бiлiктi қызметкерлер мен орта буын мамандарды даярлауға бағытталған.

2. Техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламалары олардың мазмұнына және бiлiм алушылардың даярлық бiлiктiлiгiнiң деңгейiне қарай мынадай бiлiм беретiн оқу бағдарламалары болып бөлiнедi:

1) техникалық және қызмет көрсету еңбегiнiң бұқаралық кәсiптерi бойынша кадрлар даярлауды көздейтiн.
Бiлiм беретiн оқу бағдарламаларының мазмұны:
жалпы кәсiптiк және арнайы пәндердi меңгеру үшiн бейiндеушi болып табылатын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша интеграцияланған курстарды зерделеудi, кәсiптiк дағдыларды меңгеру бойынша өндiрiстiк оқудан және кәсiптiк практикадан өтудi;
бiлiм алушыларға нақты кәсiп бойынша кәсiптiк бiлiктiлiктiң белгiленген деңгейiн (разряд, сынып, санат) берудi көздейдi;

2) экономиканың барлық салаларында жоғары технологиялармен және кәсiптiк қызметпен байланысты жұмыстарды орындаудың күрделi (аралас) кәсiптерi мен практикалық дағдыларын меңгерудi көздейтiн.
Бiлiм беретiн оқу бағдарламаларының мазмұны:
жалпы бiлiм беретiн, жалпы гуманитарлық, экономикалық, жалпы кәсiптiк, арнайы пәндердi зерделеудi, кәсiптiк дағдыларды игеру және бекiту бойынша өндiрiстiк оқудан және кәсiптiк практикадан өтудi;
бiлiм алушыларға нақты мамандық бойынша кәсiптiк бiлiктiлiктiң жоғары деңгейiн берудi көздейдi;

3) орта буын мамандарды даярлауды қамтамасыз ететiн.
Бiлiм беретiн оқу бағдарламаларының мазмұны техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң интеграцияланған бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын жоғары оқу орындарының 1-2-курстарының бiлiм беретiн оқу бағдарламаларымен қоса зерделеудi көздейдi.
Аралық аттестаттау қорытындысы бойынша (оқытудың әрбiр курсынан кейiн) бiлiм алушыларға нақты мамандық бойынша кәсiптiк бiлiктiлiктiң қол жеткiзген деңгейi (разряды, сыныбы, санаты) берiледi.
Оқытудың толық курсын аяқтағаннан және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейiн бiлiм алушыларға орта буын маманы бiлiктiлiгi берiледi.

3. Мәдениет және өнер мамандықтары бойынша техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламалары көрсетiлген мамандықтар бойынша бiлiм алушылардың ерте мамандануы қағидаты мен даярлау ерекшелiктерi ескерiле отырып әзiрленедi. Оқыту ұзақтығы оқу бағдарламаларының күрделiлiгi мен берiлетiн бiлiктiлiк деңгейiне байланысты және ол тиiстi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартымен айқындалады.

4. Жалпы орта бiлiмi бар азаматтар үшiн техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламалары жалпы кәсiптiк, экономикалық, арнайы пәндердi зерделеудi және таңдаған мамандығы бойынша болашақ кәсiптiк қызметiн айқындайтын оқу-өндiрiстiк жұмыстарды орындауды көздейдi.

5. Техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламалары теориялық және өндiрiстiк оқыту бағдарламаларынан және кәсiптiк практикадан тұрады.
Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 67; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты