Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Бап. Бiлiм беру ұйымдарының құзыретi




1. Бiлiм беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында, тиiстi үлгiдегi бiлiм беру ұйымдарының қызметi туралы үлгiлiк ережелер мен бiлiм беру ұйымдарының жарғыларында белгiленген шектерде оқу-тәрбие процесiн жүзеге асыруда, кадрларды iрiктеу мен орналастыруда ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметте дербес болады.

2. Бiлiм беру ұйымдары өз қызметiн жария түрде жүзеге асырады, жұртшылықты оқу, ғылыми-зерттеу және қаржы қызметi туралы хабардар етедi.

3. Бiлiм беру ұйымдарының құзыретiне мынадай функциялар:

1) iшкi тәртiп ережелерiн әзiрлеу және бекiту;

2) әскери мамандықтар және арнаулы мемлекеттiк органдар оқу орындарының мамандықтары бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын бекiтуден басқа, жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыстық оқу бағдарламаларын әзiрлеу және бекiту;

2-1) қысқартылған оқыту мерзiмiмен бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын әзiрлеу және бекiту;

3) егер осы Заңда және қабылдаудың Үлгiлiк ережесiнде өзгеше көзделмесе бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына берiлген лицензияға сәйкес бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң контингентiн қалыптастыру;

4) оқытудың жаңа технологияларын, оның iшiнде оқытудың кредиттiк технологиясын және қашықтықтан бiлiм беру технологияларын енгiзу;

5) ұлттық бiрыңғай тестiлеу мен техникалық және қызмет көрсету еңбегiнiң кәсiптерi (мамандықтары) бойынша бiлiктiлiктi берудi қоспағанда, бiлiм алушылардың үлгерiмiн ағымдық бақылауды, аралық және қорытынды аттестатталуын жүргiзу;

6) өз қаржы қаражаттары шектерiнде мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарындағы қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лауазымдық айлықақылар (ставкалар), қосымша ақылар, үстеме ақылар және өзге де ынталандыратын төлемдер белгiлеу;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету;

8) бiлiм беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жарақтандыру мен жабдықтау;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ақылы негiзде тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) ұсыну;

10) жарғылық қызметтi жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қосымша қаржылық және материалдық қаражат көздерiн тарту;

11) бiлiм алушыларды тамақпен және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету, бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ету;

12) бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша жеңiлдiктер материалдық қамсыздандыру түрлерiнiң уақтылы берiлуiн қамтамасыз ету;

13) бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi асырау және олардың тiршiлiк ету жағдайларының белгiленген нормалардан төмен болмауын қамтамасыз ету;

14) қоғамдық өзiн-өзi басқару органдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiне жәрдемдесу;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаржылық есептiлiктi табыс ету;

16) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

17) жоғары оқу орындарында бiлiм алушыларға "бакалавр" және "магистр" академиялық дәрежелерiн беру;

18) кадрларды кәсiптiк даярлаудың қазiргi заманғы нысандарын енгiзу жатады.

4. Ерекше мәртебесi бар бiлiм беру ұйымы бiлiм беру қызметтерiн көрсету шартының нысанын өз бетiнше бекiтедi.

5. Ерекше мәртебесi бар бiлiм беру ұйымдары бiлiм беру қызметiн өз бетiнше әзiрлеген бiлiм беретiн оқу бағдарламалары, бiлiм алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамның арақатынасы, оқу жүктемесiнiң нормалары, еңбекақы төлеу нысандары мен мөлшерiнiң негiзiнде жүзеге асырады.
Ескерту. 43-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 60; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты