Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Бап. Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесi




1. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айқындалады.
Жеке меншiк бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың құрылтайшылары немесе оған уәкiлеттi адам айқындайды.

2. Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiне жалақыны есептеу ережесiн еңбек саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.

3. Бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың педагог қызметкерлерiнiң лауазымдық айлықақысы, қосымша ақылар мен үстеме ақылар, сондай-ақ ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.

4. Бiлiм беру ұйымдарының қызметкерлерiне ауылдық жерде жұмыс iстегенi үшiн, сынып жетекшiлiгi үшiн, дәптердi, жазу жұмыстарын тексергенi үшiн, оқу кабинеттерiне меңгерушiлiк еткенi, пәндердi тереңдетiп оқытқаны үшiн, эксперимент режимiнде жұмыс iстегенi үшiн, мүмкiндiгi шектеулi балалармен жұмыс iстегенi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қосымша ақы және басқа да төлемдер төлеу жүргiзiледi.

5. Ерекше мәртебесi бар мемлекеттiк жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен басшы қызметкерлерiнiң лауазымдық айлықақысы арттырылып отыратын коэффициенттi ескере отырып айқындалады.

6. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерiне тиiстi дипломы бар болған кезде негiзгi жұмыс орны бойынша:
философия докторы (РhD) және бейiнi бойынша доктор дәрежесi үшiн бiр айлық ең төменгi жалақы мөлшерiнде;
ғылым кандидаты дәрежесi үшiн бiр айлық ең төменгi жалақы және ғылым докторы дәрежесi үшiн екi айлық ең төменгi жалақы мөлшерiнде қосымша ақы белгiленедi.

7. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесiн тiкелей жүзеге асыратын педагог қызметкерлерге айлық жалақыны есептеу үшiн аптасына нормативтiк оқу жүктемесi:

1) 18 сағат:
бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдары үшiн;
бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге қосымша бiлiм беру ұйымдары үшiн;
мамандандырылған және арнайы бiлiм беру ұйымдары үшiн;

2) 24 сағат:
мектепке дейiнгi ұйымдар және мектепке дейiнгi тәрбие берудiң мектепалды топтары және бiлiм беру ұйымдарының мектеп алды сыныптары үшiн;
балалар мен жасөспiрiмдердiң спорттық бiлiм беру ұйымдары үшiн;

3) 30 сағат интернаттық ұйымдардың, демалыс лагерьлерiнiң, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдары жатақханаларының тәрбиешiлерi үшiн;

4) 25 сағат арнайы бiлiм беру ұйымдары және жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының тәрбиелеушiлерi үшiн белгiленедi.
Нормативтiк оқу жүктемесi белгiленбеген бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгiленедi.
Жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамының жылдық оқу жүктемесi жұмыс уақытының жылдық нормасының шегiнде белгiленедi және ғылыми кеңестiң шешiмi негiзiнде жоғары оқу орнының басшысы бекiтедi.

8. Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын айқындау кезiнде мемлекеттiк жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны мынадай орташа арақатынасты негiзге ала отырып есептеледi:

1) студенттер мен оқытушылар (бiр оқытушыға шаққандағы студенттердiң орташа саны) тиiсiнше:
күндiзгi оқу нысаны үшiн - 8:1 (медициналық жоғары оқу орындары үшiн - 6:1);
кешкi оқу нысаны үшiн - 16:1;
сырттай оқу нысаны үшiн - 32:1;

2) магистранттар және оқытушылар - 4:1;

3) докторанттар және оқытушылар - 3:1.
Ескерту. 52-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.10.24 № 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 51; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты